Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

8.1 Сурет – гхп-2 газанализаторының сұлбасы

ГХП-2 құрылысы: 1 - өлшеу бюреткасы 2 – тармақпен және 3,4 –жұтылу ыдыстарымен қосылған. 3-ыдыс калий ерітіндісімен толтырылған ( -ні жұтады). 4-ыдыс пирогаллолдың сілтілік ерітіндісімен толырылған (ол -ні жұтады). Соңғы ерітінді -ні де жұтады, сондықтан алдымен -ні сараптап алып, соңынан -ні анықтау керек. өлшеу бюреткасының ішінде ауамен қатынас 5 – түтікше бар. Ол қажетті компоненттер жұтылып болған соң сынама газ қысымын өлшеу үшін керек. Өлшеу бюреткасы термостаттық болып жасалған. Сынама газды жинақтау және оны құрал арқылы айдап өткізу 6 – резеңке қорап көмегімен жүзеге асады. Бұл кезде 8 – кран суретте көрсетілгендей күйде болады. Ішінде жапқыш сұйығы бар 7 – қысымдық ыдыс төмен түсірілген кезде 5 – түтікше арқылы газ ауаға шығарылады. 7 – ыдысты жоғары көтергенде, ішіндегі сұйық 5 – түтіктің түбіне жетеді де, ауадан қажетті сынама газ көлемін ( ) бөліп алады. 8 – кранның басқа екі күйлерінде өлшеу бюреткасындағы сынама газ 3,4 – ыдыстармен қатынасады. 10 – сүзгі газды тазартады. 7 – ыдыстағы жапқыш сұйық ретінде сарапталып жатқан газдарды жұтпайтын сұйық алынады. Мысалы, ас тұзының немесе хлорлы кальцийдің қаныққан ерітінділері.

8.2.2 Жылулық газанализаторлар.

Жылулық газанализаторлардың көмегімен анықталып жатқан компоненттің концентрациясын өлшеу газ қоспасының осы концентрацияға тәуелді жылулық сипаттамаларын өлшеуге негізделген. Олардың ең көп тараған түрі – қоспаның жылу өткізгіштігін өлшеуге негізделген жылукондуктометрлік газанализатор. Мұнда қоспаның жылу өткізгіштігі мына өрнекпен анықталады

, (8.3)

мұндағы λ - қоспаның жылу өткізгіштігі;

- қоспаға кіретін n компоненттің әрқайсысының жылу өткізгіштігі;

- қоспаға кіретін n компоненттің әрқайсысының концентрациясы.

Газ қоспасының жылу өткізгіштігін өлшеу үшін зерттеліп жатқан қоспаның ішінде орналасқан, токпен қыздырылатын өткізгіш қолданылады.

Жылухимиялық газанализаторларда анықталып жатқан компоненттің концентрациясын өлшеу анықталып жатқан компоненттің катализдік қышқылдануы кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшерін өлшеуге негізделген.

8.2.3 Магниттік газанализаторлар.

Магниттік газанализаторларда анықталып жатқан компоненттің концентрациясын өлшеу газ қоспасының магниттік сипаттамаларын өлшеуге негізделген.

Магнит өтімділігі бойынша газдар парамагнетиктер және диамагнетиктер болып бөлінеді. Парамагнетиктер магнит өрісіне тартылады. Оларға оттегі, ауа, азот қышқылы, азоттың қос қышқылы сияқты газдар жатады. Диамагнетиктер магнит өрісінен тебіледі. Оларға метан, сутегі, азот, көмір қышқыл газы, аммияк және су буы сияқты газдар жатады.

Магниттік сипаттама χ – газдың көлемдік магнит өтімділігінің μ – меншікті магнит өтімділігі мен ρ – газдың тығыздығына тәуелділігі былай анықталады

. (8.4)

және болғандықтан,

, (8.5)

мұндағы С – Кюри тұрақтысы;

Р,Т – молекулалық массасы М газдың абсолют қысымы мен температурасы;

R – газ тұрақтысы.

Сонымен оттегі сияқты газдардың магниттік өтімділігі қысым артқанда артады, ал температура артқанда, - қа пропорционал кемиді.

Газдар қоспасының көлемдік магнит өтімділігі

,

мұндаға , - газ қоспасының компоненттерінің көлемдік концентрациялары және олардың көлемдік магниттік өтімділігі;

, - оттегінің көлемдік концентрациясы және оларның көлемдік магниттік өтімділігі;

- анықталмаған белгісіз компаненттердің орташа магниттік өтімділігі.

« болғандықтан, газдар қоспасының көлемдік магнит өтімділігінің өзгерісі температура мен қысым тұрақты болған жағдайда тек оттегінің концентрациясымен анықталады.

а)

Газдар қоспасының магниттік өтімділігін өлшейтін бірнеше әдістердің ішінде ең көп тарағаны -

термомагниттік конвекция құбылысын қолданумен байланысты әдіс.