Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

8 Газдардың құрамын анықтау. Судың және будың сапасын бақылау

8.1 Газдардың құрамын сараптау туралы жалпы мәліметтер

Жылу электрлік станцияларда органикалық отындар жағу барысында жану процесін бақылау үшін және қажетті артық ауа көлемін анықтау үшін автоматты газанализаторлар қолданылады. Олар газдар қоспасындағы т.б. құрамдық элементтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Жану режимі дұрыс жүру үшін бу генераторының немесе пештің жану камерасына берілген отынның мөлшері мен ауаның қатынасы белгілі бір шамада болуы керек:

- ауа жеткіліксіз болса, отын толық жанбай қалады да, жанып бітпеген

өнім құбырға шығып кетеді;

- ауаның артық болуы отынның толық жануын қамтамасыз етеді, бірақ

ауаның қосымша көлемін қыздыру үшін артық отын шығыны орын алады.

Екі жағдайда да пештің пайдалы жылу беруі кемиді. Сондықтан отын-ауа қатынасын үнемі қадағалап отыру керек. Бұл қатынас әртүрлі факторларға тәуелді, соның ішінде ең негізгісі: отынның түрі. Әрбір отынның түрі үшін қондырғыға тиімді жұмыс істеу үшін α – артық ауа коэффициенті тағайындалған.

Газанализаторлар көлемнің проценті, және бойынша градуирленеді. Көлемнің проценті бойынша градуирлеу ыңғайлы, себебі бөлек компоненттердің жалпы көлемдегі проценттік үлесі қысым мен температура өзгергенде де, өзгеріссіз қалады.

Газ қоспасындағы компоненттердің концентрациясын өлшеу бірліктері аттестацияланған эталондық газ қоспасы көмегімен қалпына келтіріледі.

8.2 Газанализаторлардың түрлері

Газанализаторлар газ қоспасының белгілі бір компоненттерінің концентрациясын өлшеу негізіне тіреу болатын физика-химиялық қасиеттері бойынша классификацияланады.

Газанализатор дегеніміз құрамында өлшеу түрлендіргіші – қабылдағыштан басқа да, қажетті сынама газ көлемін жинақтайтын, даярлайтын, тасымалдайтын тетіктері бар қондырғы. Сонымен газанализаторлар екі топ құралдарынан тұрады: бірінші топқа өлшеу құралдары жатады, екінші топқа газдың ағып шығуын қадағалайтын индикаторлар, сигнализаторлар, детекторлар кіреді.

8.2.1 Химиялық газанализаторлар.

Химиялық газанализатор механикалық құралдар қатарына жатады. Оның жұмыс істеу қағидасы жинақталған сынама газ құрамынан сарапталып жатқан газ алынғаннан кейін көлемінің кемуін өлшеуге негізделген. Сарапталып жатқан компоненті таңдамалы жұтылу әдісімен, катализдік қышқылдандыру әдісімен немесе анықталып жатқан компонентті жағу әдісімен бөлініп алынады. Мысалы, сынама газ көлемінен көмір қышқыл газы ( ) калийдің су ерітіндісі арқылы таңдамалы жұтылып алынады

. (8.1)

Газдың жұтылмай қалған бөлігі өлшеу құралына келіп түседі. Ондағы көлемнің кемуі жұтылған көлеміне сәйкес келеді.

газын да сілтілер ерітіндісі арқылы жұту әдісімен анықтайды

. (8.2)

Сутегі ( ) мен көміртек қышқылын (СО) жұту үшін мыстың жартылай хлорлы сілтілік ерітіндісі қолданылады.

Оттегіні ( ) жұту үшін пирогаллолдың сілтілік ерітіндісі қолданылады.

Шекті емес көмірсутектер бромды сумен жұтылады. Сутегі мен шекті көмірсутектер қоспадан жағу арқылы бөлінеді, ал көміртек қышқылы катализдік қышқылдандыру әдісімен бөлініп алынады.

Химиялық әдіс тасымалданбалы қолдан іске қосылатын ГХП-2, ГХП-3 (ОРС) құралдарында және автоматты газанализаторларда қолданылады.

Әдістің қателігі кеміген көлемді өлшеу қателігімен анықталады. Сондықтан сынама газдың бастапқы және соңғы көлемдері бірдей температура мен бірдей қысымда алынуы керек.

8.1 суретте ГХП-2 сұлбасы келтірілген. ГХП-2 газ қоспасының екі компонентін: көмір қышқыл газы ( ) және оттегіні ( ) өлшеуге қолданылады.