Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

7.4 Электромагниттік, тахометрлік және ультрадыбыстық шығын өлшеуіштер

7.4.1 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.

Сұйықтың шығынын өлшейтін электромагниттік шығын өлшеуіштердің сезімтал элементі ортамен тікелей контактіде болмайды. Сондықтан оларды агрессив орталардағы өлшеулерге қолдануға болады. Бұл

шығын өлшеуіштің жұмыс і стеу қағидасы

электромагниттік индукция заңына

негізделген. Ол заң бойынша магнит өрісінде

орнатылған ток өткізгіш сұйықтың ішінде

сұйықтың қозғалыс жылдамдығына пропор-

ционал болатын ЭҚК–і индукцияланады.

Сыртқы магниті бар электромагниттік

шығын өлшеуіштің қағидалық сұлбасы 7.3

суретте келтірілген.

7.3 Сурет – Сыртқы магниті бар шығын өлшеуіштің сұлбасы

N-S тұрақты магнит өрісінде 1 – магниттік

материалдан жасалған түрлендіргіш

орнатылған. 2 – резина немесе фторопласттан жасалған электрлік изоляция. 3 – электродтар (құбырдың диаметрі бойымен енгізіледі, сұйықпен электрлік контактіде болады). ИП - өлшеу аспабы.

, (7.27)

мұндағы В –магнит өрісінің индукциясы, Тл;

υ – сұйықтың орташа жылдамдығы, м/с;

D – құбырдың диаметрі (электродтар арасындағы қашықтық), м;

боғандықтан,

, (7.28)

демек, ЭҚК-ің мәні көлемдік шығынның мәніне тура пропорционал. Шығынды өлшеу осы қағидаға негізделіп орындалады.

7.4.2 Тахометрлік шығын өлшеуіштер.

Тахометрлік шығын өлшеуіштер жұмыстық дененің қозғалу жылдамдығының өлшеніп жатқан ортаның көлемдік шығынына тура пропорционалдығына негізделген. Жұмыстық дене – шығын түрлендіргіш (шарик) ағынның әсерінен айналады. Тахометрлік шығын өлшеуіштер турбиналық, шариктік, камералық болып жасалады. Мысалы, турбиналық түрлендіргіші бар шығын өлшеуіштер сұйықтардың (мұнай өнімдерінің) көлемдік шығынын өлшейді. Кейбіреулері өте лас сұйықтар үшін қолданылады.

Тахометрлік шығын өлшеуіштер сезімтал

элементтің айналу жиілігін электрлік

сигналға түрлендіретін электротахо-

метрлік түрлендіргіштерден тұрады.

Шығысында алынған электрлік сигнал

көрсеткіш аспаппен өлшенеді.