Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

6.3 Гидростатикалық деңгей өлшеуіштер

Бұл деңгей өлшеуіштерде ρ тығыздығы тұрақты сұйықтың Н деңгейін өлшеу сұйық туғызатын гидростатикалық р қысымды өлшеу арқылы жүзеге асады.

. (6.2)

Сұйықтың гидростатикалық қысымы дифманометрмен өлшенетін гидростатикалық деңгейөлшеуіштер дифманометрлік деңгей өлшеуіштер деп

аталады. 6.2 суретте дифманометрдің атмосфералық қысым астында тұрған ашық резервуарға қосылу сұлбасы келтірілген.

Дифманометрдің екі импульстік түтікшесі бақыланып жатқан (агрессив емес) сұйықпен толтырылады. Дифманометр қысымдар айырмаларын өлшейді.

; .

Сонымен дифманометр өлшенетін қысымдар құламасы бақыланушы

деңгей Н арқылы былай өрнектеледі

,

егер және болса,

онда

. (6.3)

Бұдан көрініп тұрғандай,

дифманометрлік деңгейөлшегіштер

«салмақтық» деңгейді өлшейді,

яғни бақыланып жатқан ортаның

6.2 Сурет – Ашық резервуарда деңгей өлшеу

үшін дифманометрді қосу сұлбасы

тығыздығы өзгерген сайын

көрсеткіштер де өзгеріп отырады.

Қателіктің пайда болуына импульстік түтіктердегі сұйықтардың тығыздықтарының тең болмауы себеп болады. Бұл қателікті жою үшін импульстік түтіктер бір-біріне жақын қатар орнатылады. Бақыланушы деңгей Н өзгерген күнде де, «минустық» импульстік түтіктегі деңгей тұрақты болуы керек. Мұны қамтамасыз ету үшін «минустық» импульстік түтіктің үстіне теңестіруші ыдыс орнатылады. Ыдыс пен түтікше деңгейөлшегіш шкаласының бастапқы белгісі 00 деңгейге дейін сұйықпен толтырылады. Теңестіруші ыдысты орнату қажеттігін теңестіретін ыдысы жоқ деңгейөлшегіш келтірілген 6.3 суреттен байқауға болады.

Өлшеніп жатқан Н деңгейдің нөлдік мәнінде «минустық» импульстік түтіктегі деңгей 00 сызығына сәйкес келеді деп есептейік. Н артқан кезде дифманометрдің плюстік камерасындағы қысым артатын болады да, плюстік мембраналық камера сығылады. Дифманометрдің жұмыс істеу қағидасына сәйкес бұл жағдай минустық камераның көлемінің ұлғаюына алып келеді.

Жоғарғы камерадан импульстік сызыққа сонша көлемдегі сұйық ағып өтеді де, ондағы деңгей -қа көтеріледі. Бұл кезде дифманометрге әсер ететін қысымдар құламасы болады. болғандықтан, деңгейөлшегіш көрсеткіші төменірек болады. Өлшеудің абсолют қателігі

бақыланушы Н деңгей артқан сайын өсе түседі.

Диаметрі үлкен теңестіруші

ыдыс орнату -ты азайтуға

болады, себебі дифманометрдің

минустық камерасынан

ығыстырылып шығарылған

сұйықтың бірдей көлемдері кең

ыдыста деңгейін

тар импульстік түтіктегіге қарағанда

аз өзгертеді.

Агрессив сұйықтың деңгейін

өлшеу үшін импульстік сызықтарда

бөлгіш қондырғылар орнатылады.