Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

3.2 Термометрлердің кедергілерін өлшеу әдістері және оларды қосу тәсілдері

Температураны кедергілік термометрлермен өлшеу кезінде термометрдің кедергісін өлшеу қажеттігі туындайды. Термометр өлшеу аспабына қосқыш сымдармен қосылады. Сондықтан өлшеу аспабына қосылған жалпы кедергі термометрдің кедергісінен артық. Қосымша кедергінің өлшеу нәтижесіне әсерін азайту үшін термометрді қосу тәсіліне, өлшеу әдісіне, өлшеу аспабының сұлбасына тәуелді болатын әртүрлі тәсілдер қолданады. Кетіру кедергісінің көмегімен қосқыш сымдардың кедергілері аспап градуировкасы жүргізілген кедергінің мәніне дейін келтірілу керек. Қосқыш сымдардың кедергілерінің градуирлік мәндері оның паспортында беріледі.

Кедергілік термометрлерді өлшеу аспабына қосудың екі-, үш-, төртөткізгіштік сұлбалары қарастырылады. Екіөткізгіштік сұлбада (3.3а сурет) кедергілік термометр мен қосқыш сымдардың кедергісі өлшеу сұлбасының бір тармағына тізбектей қосылған.

Өлшеу аспаптарына

а)

в)

б)

3.3 Сурет – Кедергілік термометрлерді өлшеу аспаптарына қосу сұлбалары

Қ

Өлшеу аспаптарына

3.4 Сурет

осқыш сымдардың кедергілерін аспап градуировкасы жүргізілген кедергінің мәніне дейін келтіру үшін кедергілік термометр мен қосқыш сымдардың кедергісіне тізбектей - келтіру катушкасы және - эквивалент кедергі қосылады. Эквивалент кедергінің мәні термометр кедергісінің белгілі бір температураға сәйкес келетін мәніне теңестіріліп алынады. Термометр клеммаларын қысқаша тұйықтайды, сонда өлшеу сұлбасының тармағы нақты - қосқыш сымдар кедергілерінен, белгілі бір температурада термометр кедергісін кейіптейтін эквивалент кедергіден және келтіру кедергісінен тұратын болады (3.4б сурет). Енді өлшеу сұлбасын қосып, аспап шкаласы эквивалент кедергі есептеліп алынған температураға сәйкес белгіге келгенге дейін кедергісін өлшей

береді. Содан кейін эквивалент кедергі алынып тасталады, немесе, қысқаша тұйықталады. Ал термометр клеммаларынан қысқаша тұйықталу алынады. Осылай термометрдің қосқыш сымдарының кедергісін есептік (градуирлік) мәніне дейін келтіреді. Келтіру дұрыс жасалмаса, немесе эксплуатация барысында кедергі температураға тәуелді өзгеретін болса, қателік туындайды. Оны

(3.4)

өрнегімен анықтайды. Мұндағы S – термометрдің өлшеу диапазонындағы түрлендіру коэффициенті, Ом/К.

Келтіру кезінде пайда болатын қателікті кеміту үшін үшөткізгіштік сұлба қолданылады (3.3б сурет).

Ал кедергіні өлшеудің компенсациялық әдісі қолданылса, төртөткізгіштік сұлбаны (3.3в сурет) қарастырған қолайлы. Мұнда қосқыш сымдардың кедергісінің өзгерісінің аспап көрсетуіне әсері толығымен жойылған.

Термометр кедергісін өлшеу ерекшеклігінің бір жағы: өлшеу кезінде термометрден ток жүруі керек. Ал Джоуль-Ленц заңы бойынша бөлінетін жылу термометрді өлшеніп жатқан ортаның температурасынан жоғарырық қыздырады. Сондықтан термометр кедергісі де өзгеруі мүмкін.

Өндірістік жағдайларда ток шамасын қателік - бастапқы кедергінің 0,1% - інен артпайтындай етіп есептеліп алынады.

3.2.1 Кедергіні өлшеудің көпірлік сұлбасы.

Термометрлердің кедергілерін өлшеу үшін қолданылатын әдістер мен сұлбалар төмендегідей:

- біркөпірлік сұлбалар;

- екікөпірлік сұлбалар (теңестірілген, теңестірілмеген);

- логометрлерді қолдану;

- компенсациялық әдіс.

3.5 суретте келтірілген өлшеу көпірі a-b қоректену диагоналына қосылған

U кернеу көзінен қоректенетін

резисторларынан тұрады. Көпірдің c-d

өлшеу диагоналына кедергісі бар

өлшеу аспабы қосылған. Эквивалент

генератор туралы теорема бойынша

өлшеу тогын зая жүріс кернеуін ( )

жалпы кедергіге бөлу арқылы табуға