
- •Жылутехникалық өлшеулер және бақылау оқу құралы
- •1 Өлшеу әдістері мен құралдары
- •1.1 Өлшеулер туралы жалпы ұғым
- •1.2 Құбылысты зерттеудің ғылыми әдістері
- •1.3 Өлшеулердің негізгі сипаттамалары
- •1.4 Ықтималдықтар теориясының негіздері
- •1.5 Кездейсоқ шама
- •1.6 Үлестірілу функциялары және кездейсоқ шама ықтималдықтарының тығыздығы
- •1.1 Cурет – Үлестірілу функцияларының графиктері
- •1.7 Математикалық үміт және кездейсоқ шаманың дисперсиясы
- •1.8 Кездейсоқ шамалардың (қателіктердің) үлестірілулерінің түрлері
- •1.9 Жылутехникалық өлшеулердің классификациясы
- •1.10 Бақылау нәтижелерінің дәлдігін бағалау
- •1.11 Өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалау
- •1.12 Өлшеу құралының статикалық сипаттамасы
- •1 А) б) в) .9 cурет – Өлшеу құралының статикалық сипаттамасы
- •1.13 Өлшеу құралдарының динамикалық сипаттамалары
- •1.10 Cурет – Өлшеу құралының динамикалық сипаттамалары
- •1.14 Техникалық өлшеулер және олардың қателіктерін бағалау
- •Өлшеу құралдары туралы жалпы мәліметтер
- •1.16 Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
- •1.17 Өлшеу құралдарының құрылымдық сұлбалары
- •1.13 Сурет – Өлшеу құралының буындары мен элементтерін тізбектей қосу
- •1.14 Сурет – Өлшеу құралының буындары мен элементтерін параллель қосу
- •1.15 Сурет – Өлшеу құралының буындары мен элементтерін
- •1.7 Сурет - Сигналды теңестіретін өлшеу сұлбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Температураны өлшеу
- •2.1 Температура туралы негізгі мәліметтер
- •2.2 Температуралық шкалалар
- •2.3 Температураны өлшеу әдістерінің және температураны өлшеу құралдарының классификациясы
- •2.4 Температураны өлшеудің термоэлектрлік әдісі
- •2.2 Сурет – Өлшеу аспабын термопараға өткізгіштермен қосу
- •2.5 Термоэлектрлік материалдар
- •2.6 Термо-эқк-ті өлшеудің тура әдісі
- •2.5 Сурет – Термоэлектрлік
- •2.6 Сурет – Термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасына түзетуді автоматты түрде енгізу қондарғысымен термо-эқк өлшеу
- •2.7 Термо-эқк-ті өлшеудің компенсациялық әдісі
- •2.8 Автоматты потенциометрлер
- •2.9 Сурет – автоматты потенциометрлердің
- •3 Кедергілік термометрлер
- •3.1 Кедергілік термометрлер туралы жалпы мәліметтер
- •3.2 Термометрлердің кедергілерін өлшеу әдістері және оларды қосу тәсілдері
- •3.3 Сурет – Кедергілік термометрлерді өлшеу аспаптарына қосу сұлбалары
- •3.4 Сурет
- •3.5 Сурет – Көпірдің қағидалық
- •3.6 Сурет – Термометрді қосудың үшөткізгіштік сұлбасы бар автоматты теңестірілген көпір
- •3.3 Логометрлер
- •3.8 Сурет – Магнитоэлектрлік логометрдің сұлбасы демек
- •3.4 Термометрлердің кедергілерін өлшеудің компенсациялық әдісі
- •3.5 Түйістіру өлшеу құралдарымен температураны анықтау әдістемесі және қателіктері
- •4 Дененің температурасын жылулық сәуле шығаруы бойынша өлшеу
- •4.1 Пирометрлер туралы жалпы мәліметтер
- •4.2 Дененің сәуле шығаруы бойынша температурасын өлшеу теориясы
- •4.3 Дененің сәуле шығаруы бойынша температурасын өлшеу тәсілдері және пирометрлердің түрлері
- •4.1 Сурет
- •5 Қысымды және қысым айырмасын өлшеу әдістері мен құралдары
- •5.1 Қысым және оның өлшем бірліктері туралы жалпы мәліметтер
- •5.2 Қысымды өлшейтін құралдардың классификациясы
- •5.3 Сұйықтық манометрлер
- •5.1 Сурет - Екі түтікті (u-
- •5.2 Сурет - Бір түтікті манометрдің сұлбасы
- •5.3 Сурет - Микроманометрдің сұлбасы
- •5.4 Деформациялық және дифференциалдық манометрлер
- •5.4 Сурет - Серпімді сезімтал элементтер
- •6 Сұйықтың және сусымалы заттардың деңгейін өлшеу
- •6.1 Деңгейді өлшеу туралы жалпы мәліметтер
- •6.2 Көзге көрінетін санақ шкаласы бар деңгей өлшеуіштер
- •6.1 Сурет - Көзге көрінетін санақ шкаласы бар деңгей өлшеуіш
- •6.3 Гидростатикалық деңгей өлшеуіштер
- •6.2 Сурет – Ашық резервуарда деңгей өлшеу
- •6.3 Сурет – Теңестіруші ыдысы жоқ деңгей
- •6.4 Сурет - Біркамералы теңестіруші ыдысы бар деңгей өлшеуіштің сұлбасы
- •7 Тарылту қондырғысында қысым құламасы бойынша сұйықтардың, газдардың және будың шығыны мен зат мөлшерін өлшеу
- •7.1 Шығын және оны өлшеу туралы жалпы мәліметтер
- •7.2 Тарылту қондырғылары бар шығын өлшеуіштер
- •7.3 Тұрақты қысым құламасы бойынша шығын өлшеу құралдары
- •7.4 Электромагниттік, тахометрлік және ультрадыбыстық шығын өлшеуіштер
- •7.3 Сурет – Сыртқы магниті бар шығын өлшеуіштің сұлбасы
- •7.4 Сурет - Турбиналық шығын
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Газдардың құрамын анықтау. Судың және будың сапасын бақылау
- •8.1 Газдардың құрамын сараптау туралы жалпы мәліметтер
- •8.2 Газанализаторлардың түрлері
- •8.1 Сурет – гхп-2 газанализаторының сұлбасы
- •8.2 Сурет – Сыртқы магниттік конвекциялы оттегі өлшеуіштің сезімтал элементінің сұлбасы
- •8.3 Сурет – мн типті автоматты магниттік
- •8.4 Сурет – оа типті автоматты оптика-акустикалық газанализатордың сұлбасы
- •8.3 Газдардың құрамын өлшеудің электрохимиялық әдісі.
- •8.5 Сурет - Көпканалды хроматографтың сыртқы көрінісі
- •8.6 Сурет - Хроматографтың қағидалық сұлбасы
- •8.4 Су ерітінділерінің концентрациясын анықтау әдістері
- •8.5 Судағы оттегі мен сутегін сараптайтын анализаторлар
- •9 Жылутехникалық бақылау жүйелері
- •9.1 Жылутехникалық процестің параметрлері
- •9.2 Жылутехникалық процестің параметрлерін өлшеу қағидалары
- •9.3 Жылутехникалық бақылауды автоматты реттеу
- •9.1 Сурет – Су ысытушы қазандықтың жүктемесін реттеудің қағидалық сұлбасы
- •9.2 Сурет – Отын-ауа каналындағы ауаны реттеудің құрылымдық сұлбасы
- •9.3 Сурет – Сиретуді реттеудің құрылымдық сұлбасы
- •Зертханалық жұмыстар №1 зертханалық жұмыс
- •1.1 Сурет – Қондырғының қағидалық сұлбасы
- •2.1 Сурет 2.2 сурет
- •2.3 Сурет 2.4 сурет
- •3.1 Сурет – Қондырғының қағидалық сұлбасы
- •3.2 Сурет
- •1 Өлшеу әдістері мен құралдары 3
- •1.1 Өлшеулер туралы жалпы ұғым 4
1.3 Өлшеулердің негізгі сипаттамалары
Өлшеу қағидасы – өлшеудің негізіне алынған физикалық құбылыс, немесе физикалық құбылыстар жиынтығы.
Өлшеу әдісі – өлшеу қағидасы мен өлшеу құралдарын қолдану жолдарының жиынтығы.
Өлшеу құралдары – қалыптандырылған метрологиялық қасиеттері бар, зертеуге қолданылатын техникалық құралдар.
Өлшеу дұрыстығы – нәтиженің жүйелі қателіктерін жоққа шығаратын өлшеу сапасы.
Өлшеудің сенімділігі – шын мәннен ауытқулардың ықтималдық сипаттамаларының белгілігі. Өлшеу сенімділігі белгісіз нәтижесінің құндылығы жоқ, ондай нәтиже кейде дезинформацияға әкеліп соқтырады.
Өлшеудің дәлділігі – нәтиженің шын мәнге жақын екенін көрсететін өлшеудің сипаттамасы, оны құралдың дәлдігі және әдістің дәлдігі деп екіге ажыратады. Өлшеу құралының дәлдігі оның көрсетулерінің өлшеніп жатқан шаманың шын мәніне жақындау дәрежесімен анықталады. Өлшеу әдісінің дәлдігі осы әдіс негізделген физикалық құбылысқа тәуелді.
Өлшеу қателігі – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың шын мәнінен ауытқуы. Мұның себебі, өлшенетін шаманың шын мәнінің орнына нақты мәні қолданылатындықтан, физикалық шамаларды өлшеу нәтижесінде олардың тек қана жуық мәні табылады.
Абсолют қателік
Δ= X - A (1.3)
мұндағы Х - өлшеу нәтижесі;
A - өлшенетін шаманың шын мәні.
Салыстырмалы қателік
,
(%). (1.4)
Өлшеу құралдарының қателігін алдын-ала ескеру түзету енгізу арқылы жасалады. Түзету қарама-қарсы таңбамен алынған абсолют қателікке тең
П = - Δ.
Өлшеу қателіктері екі құраушыдан тұрады:
а) жүйелі қателік;
ә) кездейсоқ қателік.
Жүйелі қателік деп белгілі бір шаманы қайталап өлшегенде тұрақты болатын, немесе белгілі заңдылықпен өзгеретін қателіктерді айтады. Мысалы, аспап шкаласын бөліктеу, яғни аспап шкаласына бөлік сызықтарын түсіру кезінде жіберілген қателікті атауға болады. Ондай қателікті анықтап, түзету енгізу арқылы жоюға болады. Қоршаған ортаның параметрлерінің, мысалы, температураның, қысымның, кернеудің өзгеруі жүйелі қателіктің пайда болуына себеп болады.
Кездейсоқ қателіктер деп белгілі бір шаманы қайталап өлшегенде, кездейсоқ өзгеріп отыратын қателіктерді айтады. Оларды тәжірибе жүзінде анықтап, жою мүмкін емес. Мұндай қателіктердің пайда болу себебі де кездейсоқ болады. Мысалы, өлшеу құралдарының қозғалмалы бөліктері мен тіректерінің үйкелісі нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
1.4 Ықтималдықтар теориясының негіздері
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика – жоғары математиканың біртектес бөлімдері. Екеуі де өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің бірден-бір инструменті болып табылады.
Ықтималдықтар теориясы физикалық құбылыстардың математикалық сипатын көрсетеді және олардың арасындағы қарым-қатынасты зерттейді.
Математикалық статистика көп қайталанылатын өлшеулер мен бақылаулардың нәтижелерінің шашырауы байқалатын жағдайларда оларды өңдеу әдістерін көрсетеді.
Ықтималдықтар теориясында қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
- А оқиғасы – сыртқы жағдай шарттарын өзгертпей, бірнеше қайтара өлшене алатын қандай да бір шаманы бақылау нәтижесі;
- нақты орындалатын оқиға – берілген шарттар комплексінде міндетті түрде орындалатын оқиға;
- мүмкін болмайтын оқиға – берілген шарттар комплексінде орындалмайтын оқиға;
- кездейсоқ оқиға – орындалуы да, орындалмауы да мүмкін оқиға.
Мысалы: тиын жоғары лақтырылды, оның құлауы – нақты орындалатын оқиға, ал “герб” немесе “решка” түсуі – кездейсоқ оқиға.
Р (А)=1 – нақты оқиға,
Р (А)=0 – мүмкін емес оқиға,
0≤ Р (А) ≤1 – кездейсоқ оқиға, (1.5)
Р
(А)=
,
(1.6)
Р
(А)≈
мұндағы nA – А оқиғасы пайда болған сынақтар саны;
n – жалпы сынақтар саны.
(1.6) өрнек ықтималдықтың статистикалық тұрғыдан түсініктемесі болып табылады.