Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

2.6 Сурет – Термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасына түзетуді автоматты түрде енгізу қондарғысымен термо-эқк өлшеу

Егер термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасы 0°С - қа тең болса, 2.6 суреттегі көпір тепе-теңдік күйде болады. Егер термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасы 0°С - қа тең болмаса, а және в төбелерінің арасында – потенциалдар айырмасы пайда болады. Осы түзету болып табылады. – резистор сигналын коррекциялауға және қажет болса өзгертуге (мысалы бір градуировкадан екіншісіне өткенде) арналған.

Автоматты түзету қондырғысы термоэлектрлік термометрге тізбектей қосылады, демек түзету термо-ЭҚК мәніне қосылады.

. (2.28)

Өлшеу аспабына сигналы түзетіліп беріледі, бірақ милливольтметрдің ұштарындағы потенциалдар айырмасы .

. (2.29)

мұндағы I – термометр - милливольтметр тізбегіндегі ток күші;

– милливольтметрдің ішкі кедергісі;

– сыртқы кедергі.

Осы сәйкессіздікке байланысты пайда болатын қателікті және температураның өзгеруінің кең диапазонында мен мәндерінің сәйкессіздігінен болатын қателікті де ескеру керек. Себебі температураның өзгеруіне байланысты көпір төбелеріндегі потенциалдар айырмасы термометрдің градуирлік сипаттамасын идеал түрде өндіре алмайды.

2.7 Термо-эқк-ті өлшеудің компенсациялық әдісі

Бұл әдіс өлшеніп жатқан ЭҚК-ті мәнін анықтауға болатын кернеумен теңестіру тәсіліне негізделген. 2.7 суретте термо-ЭҚК-ті өлшеудің компенсациялық әдісінің қарапайым нұсқасы келтірілген.

– термо-ЭҚК көзі кернеу

бөлгіш - резисторына

қосылған. Ал – резисторы

Е– кернеу көзінен қоректенеді.

Сондықтан бөлгішке түсетін

кернеуі –термоЭҚК

көзіне қарама-қарсы қосылған.

Бөлгіштің жылжымалы тетігін

қозғай отырып, =

болатын күйіне келтіруге

болады.

Термо-ЭҚК кернеуімен теңесті, демек, төменгі термо-ЭҚК көзінің тізбегінде ток жоқ. Бұл кезде өте сезімтал НГ – нөлгальванометр нөлді көрсетеді.

Термо-ЭҚК-ті анықтау үшін кернеуін есептеу керек. Мұндағы I – жұмыстық контурдан ағып жатқан ток күші. Оны мА – миллиамперметрдің көрсетуінен алуға болады.

Термо-ЭҚК-ті өлшеудің компенсациялық әдісінің артықшылығы: өлшеу нәтижесі термоэлектрлік термометр тізбегінің кернеуіне тәуелді емес. Ал термо-ЭҚК-і милливольтметрмен өлшеу кезінде өлшеу нәтижесі тізбектің толық кедергісі арқылы анықталатын.

Компенсациялық әдіс басқа әдістерден қолайлырақ, бірақ өлшеу дәлдігі төмен. Себебі жұмыстық токты өлшейтін миллиамперметр мен милливольтметрлердің дәлдік кластары бірдей. Компенсациялық әдісті тиімділікпен қолдану үшін жұмыстық токтың анықталу дәлдігін арттыру қажет.