Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

2.5 Сурет – Термоэлектрлік

термометрді милливольметрге қосу

өзінің кедергісінің өзгеруінен

пайда болады.

Осы әсерлерді кеміту үшін термометрдің, қосқыш өткізгіштердің кедергілерін азайту керек. Ол үшін термометрдің термоэлектродтары диаметрі 2-3 мм өткізгіштерден жасалады, ал ұзартқыш және қосқыш өткізгіштердің көлденең қимасының ауданы 2-2,5 мм шамасында болуы қажет. Милливольтметр температурасының тербелісі аз бөлмеде орналасуы керек, себебі оның ішкі температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді өзгеруі мүмкін. Бірақ милливольтметрдің температуралық коэффициентінің мәні манганиннен жасалған қосымша кедергі қосу арқылы төмендетілген. Соның арқасында термометр – милливольтметр тізбегінің кедергісінің температураға тәуелді өзгеруі өте аз.

Термометр-милливольтметр тізбегінің кедергісінің градуирлік мәнге қатысты өзгеруі салдарынан милливольтметрдің көрсетуінің өзгеруін анықтауға болады. Градуирлеу кезінде бүкіл тізбек кедергісі , ал эксплуатациялау кезінде - болса, градуирлеу кезіндегі көрсету:

, (2.24)

ал, эксплуатациялау кезіндегі көрсету

. (2.25)

Сонда милливольтметрдің нағыз көрсетуі

, (2.26)

салыстырмалы көрсетуі

. (2.27)

Бұл өрнектер көрсетудің өзгеруін мВ бірлігінде береді, ал температуралық өлшем бірліктерге өткізген кезде термо-ЭҚК-ң температураға тәуелділігінің сызықсыздығын ескеру керек.

Милливольтметрдің көрсетулеріне өлшеу тізбегінің кедергілерінен басқа мына факторлар да әсер етеді:

- аспап шынысына жинақталатын электростатикалық заряд;

- басқа аспаптардың және ферромагниттік қорғанның сыртқы магнит өрістері;

- аспаптың еңкею бұрышының техникалық шарттарда аталған шамадан ауытқуы.

Термоэлектрлік термометр-милливольтметр өлшеу тізбегінде үлкен қателіктің пайда болу себебі термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасының градуирлік мәнге сәйкес келмегендігінен де болуы мүмкін.

Термоэлектрлік термометрлердің градуирлік сипаттамалары 0°С үшін жасалған. Егер термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасы 0°С – қа тең болмаса, онда аспап көрсетуіне түзету енгізу керек. Әдетте, термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарын температура аз өзгеретін жерге орналастырады. Термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасына түзету енгізуді милливольтметрдің тілшесін корректордың көмегімен қажетті белгіге орнату арқылы жүзеге асырады.

2.6.3 Еркін ұштар температурасына автоматты түрде түзету енгізу.

Еркін ұштар температурасына түзету енгізудің автоматты қондырғысы тұрақты ток көзінен қоректенетін көпірлік сұлбадан тұрады. 2.6 суреттегі көпірдің иіндері манганиннен жасалады, ал мыстан жасалады, оның кедергісі температураға тәуелді өзгереді.

өлшеу аспабына

в

а

а

в