Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

2.4 Температураны өлшеудің термоэлектрлік әдісі

Бұл әдіс термоэлектрлік термометрдің сезімтал элементі – әртекті өткізгіштерден жасалған термопараның Термо-ЭҚК-ң температураға қатал тәуелділігінің негізінде 1821 жылы Зеебек ашқан термоэлектрлік құбылыстарға сүйене отырып құрылған.

Екі әртекті өткізгіштердің (термоэлектродтардың) ұштарының дәнекерленген қосылыстарында сезімтал элемент – термопара түзіледі. Қосылу аймағында сол нүктенің температурасына тәуелді термо-ЭҚК өндіріледі.

Алғашқы өлшеу түрлендіргішінің құрамына мына элементтер кіреді:

- ұзына бойы оқшауланған, бір-бірімен дәнекерленіп қосылған екі термоэлектродтан тұратын термоэлектрлік термометр;

- қорғаныш қабы;

- линияға қосу қысқыштары бар ұштары.

Термоэлектрлік термометрмен бірге жұмыс істейтін екінші реттік құралдар:

- магнитоэлектрлік милливольтметр;

- потенциометрлер;

- қалыптандырғыш түрлендіргіштер.

Энергетикалық қондырғыларда термоэлектрлік термометрлерді өте қызған будың, түтіндік газдардың, қазан агрегаттарының металл құбырларының температураларын өлшеу үшін қолданады.

Термоэлектрлік термометрлердің артықшылығы:

- өлшеудің үлкен диапазонын қамтитындығы;

- жоғарғы сезімталдығы;

- жылдам іске қосылатындығы;

- бөгде ток көздерін керек етпейтіндігі;

- дистанциялық басқаруды жүзеге асыру мүмкіндігі.

2.4.1 Термоэлектрлік термометрлердің жұмыс істеу қағидасы.

А және В әртекті (мысалы Cu және Pt) термоэлектрлік өткізгіштер 1 және 2 нүктелерде дәнекерленіп қосылған (2.1 сурет). 1-нүкте қызғанда, тізбекте электр тогы пайда болады. Токтың бағыты қызған 1-нүктеде , ал суық 2-нүктеде бағытталады. 2-нүктені қыздырғанда кері бағытта ток пайда болады. Бұл ток темроэлектрлік ток деп аталады. Ал мұнда өндірілетін электр қозғаушы күш (ЭҚК-і) термо-ЭҚК-і деп аталады. Термо-ЭҚК-нің пайда болу табиғаты екі жолмен түсіндіріледі:

- Электрондық теория бойынша металдағы еркін электрондар коцентрациясы температураға тәуелді. Температуралар айырмасы болған кезде, өткізгіште электрондар диффузиясы орын алады. Ол электр өрісін тудырады.

- Әртекті металдардың Ферми деңгейлерінің әртүрлілігінің салдарынан жанасу бетінде контактілік потенциалдар айырмасы пайда болады.

Сонымен, термо-ЭҚК термопараның контактілеріндегі потенциалдар айырмаларының қосындысына тең, ал потенциалдар айырмасы электрондар диффузиясына және металдың тегіне және оның температурасына тәуелді

. (2.6)

Егер температура t > болса, термоток пайда болады да, қорытынды термо-ЭҚК мына өрнекпен айқындалады:

, (2.7)

болғандықтан,

. (2.8)

Вольт заңы бойынша болған кезде .

1-ші дәнекерлеу нүктесі – термопараның жұмыстық

ұшы деп аталады, ол жұмыстық ортаға батырылады.

2- ші дәнекерлеу нүктесі - термопараның еркін ұшы

өлшеу құралына қосылады. Бойынан ток жұмыстық 2.1 сурет – Термопара

ұшынан еркін ұшына қарай ағатын электродты оң (+) термоэлектрод деп есептейді. Термо-ЭҚК-ті өлшеу үшін өлшеу аспабын термопараға с - өткізгіштермен қосады (2.2 сурет).