Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

2.3 Температураны өлшеу әдістерінің және температураны өлшеу құралдарының классификациясы

Қазақстанда температураны өлшеу жұмыстары СТ РК 2.25-2001 «ҚР өлшеулердің біртектілігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Температураны өлшеу құралдарының мемлекеттік эталондары мен мемлекеттік тексеру сұлбалары» деген стандарт бойынша жүзеге асырылады.

Термометр – сигналды бақылаушының қабылдауына ыңғайлы, автоматты басқару жүйелерінде өңдеуге, таратуға, қолдануға жарамды түрде өндіруге арналған температураны өлшеу құралы. Термометрлер өлшеу әдісіне және заттардың физикалық қасиеттерінің қолданылуына байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.

Температураны өлшеудің екі әдісі белгілі: түйістіру арқылы және түйісусіз өлшеу.

Температураны түйістіру әдісімен өлшеу үшін қолданылатын термометрлер төмендегілер:

1 Ұлғаю термометрлері (Сұйықтық термометрлер – температураны сұйықтардың жылулық тепе-теңдігі бойынша өлшейтін термометрлер, дилатометрлік немесе биметалдық термометрлер – қатты денелердің жылулық тепе-теңдігі бойынша өлшейтін термометрлер).

2 Манометрлік термометрлер (Газдық термометрлер – температураны газ қысымының температураға тәуелділігі бойынша өлшейтін термометрлер, конденсациялық термометрлер – сұйықтың қаныққан буының қысымының температураға тәуелділігі бойынша өлшейтін термометрлер, сұйықтық термометрлер – жабық терможүйе көлемінің температураға тәуелділігі бойынша өлшейтін термометрлер).

3 Термоэлектрлік термометрлер. Бұлардың жұмыс істеу принципі әртекті өткізгіштерден тұратын термопарада өндірілетін жылулық электр қозғаушы күшті (Термо-ЭҚК) өлшеуге негізделген.

4 Кедергілік термометрлер. Мұнда температураны өлшеу заттың электрлік кедергісінің температураға тәуелділігіне негізделген.

Температураны түйісусіз әдіспен өлшеу үшін пирометрлік термометрлер қолданылады:

1 Жарықтық пирометрлер температураны қызған дененің көрінетін жарық толқын ұзындығы диапазонында сәуле шығару жарықтылығы бойынша өлшейді.

2 Радиациялық пирометрлермен температураны өлшеу қызған дененің толық сәуле шығаруының жылулық әсеріне негізделген (толқын ұзындықтарының барлық диапазонында).

3 Түстік пирометрлердің жұмыс істеу принципі дененің әртүрлі спектрлік диапазондардағы сәуле шығару интенсивтіліктерінің қатынасын анықтауға негізделген.

2.1 к е с т е – Температураны өлшеу құралдарының қолданылу шектері

Өлшеу құралының типі

Өлшеу құралының түрі

Қолданылу шегі, °С

Төменгі

Жоғарғы

1

Ұлғаю термометрлері

Сұйықтық, шыны

-200

600

Манометрлік

-200 (-272)

1000

2

Кедергілік термометрлер

Металдық (өткізгіштік)

-260

1100

Жартылай өткізгіштік

-272

600

3

Термоэлектрлік термометрлер

Термоэлектрлік

-200 (-272)

2200

(2800)

4

Пирометрлер

Квазимонохроматтық

700

6000

(100 000)

Спектралдық қатынас пирометрлері

300

2800

Толық сәуле шығару пирометрі

-50

3500

Бақылау сұрақтары

1 Халықаралық температуралық шкала қалай қалпына келтіріледі?

2 Температураны өлшеудің қандай бірліктерін білесіздер?

3 Температураны өлшеудің қандай қандай әдістерін білесіздер?

4 Түйістіру әдісімен температураны өлшейтін қандай құралдарды білесіздер? Олар температураның қандай диапазонын өлшеуге қолданылады?

5 Түйісусіз әдісімен температураны өлшейтін қандай құралдарды білесіздер? Олар температураның қандай диапазонын өлшеуге қолданылады?

6 Қазақстанда температураны өлшеу жұмыстары қандай стандарт бойынша жүзеге асырылады?