
- •Жылутехникалық өлшеулер және бақылау оқу құралы
- •1 Өлшеу әдістері мен құралдары
- •1.1 Өлшеулер туралы жалпы ұғым
- •1.2 Құбылысты зерттеудің ғылыми әдістері
- •1.3 Өлшеулердің негізгі сипаттамалары
- •1.4 Ықтималдықтар теориясының негіздері
- •1.5 Кездейсоқ шама
- •1.6 Үлестірілу функциялары және кездейсоқ шама ықтималдықтарының тығыздығы
- •1.1 Cурет – Үлестірілу функцияларының графиктері
- •1.7 Математикалық үміт және кездейсоқ шаманың дисперсиясы
- •1.8 Кездейсоқ шамалардың (қателіктердің) үлестірілулерінің түрлері
- •1.9 Жылутехникалық өлшеулердің классификациясы
- •1.10 Бақылау нәтижелерінің дәлдігін бағалау
- •1.11 Өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалау
- •1.12 Өлшеу құралының статикалық сипаттамасы
- •1 А) б) в) .9 cурет – Өлшеу құралының статикалық сипаттамасы
- •1.13 Өлшеу құралдарының динамикалық сипаттамалары
- •1.10 Cурет – Өлшеу құралының динамикалық сипаттамалары
- •1.14 Техникалық өлшеулер және олардың қателіктерін бағалау
- •Өлшеу құралдары туралы жалпы мәліметтер
- •1.16 Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
- •1.17 Өлшеу құралдарының құрылымдық сұлбалары
- •1.13 Сурет – Өлшеу құралының буындары мен элементтерін тізбектей қосу
- •1.14 Сурет – Өлшеу құралының буындары мен элементтерін параллель қосу
- •1.15 Сурет – Өлшеу құралының буындары мен элементтерін
- •1.7 Сурет - Сигналды теңестіретін өлшеу сұлбасы
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Температураны өлшеу
- •2.1 Температура туралы негізгі мәліметтер
- •2.2 Температуралық шкалалар
- •2.3 Температураны өлшеу әдістерінің және температураны өлшеу құралдарының классификациясы
- •2.4 Температураны өлшеудің термоэлектрлік әдісі
- •2.2 Сурет – Өлшеу аспабын термопараға өткізгіштермен қосу
- •2.5 Термоэлектрлік материалдар
- •2.6 Термо-эқк-ті өлшеудің тура әдісі
- •2.5 Сурет – Термоэлектрлік
- •2.6 Сурет – Термоэлектрлік термометрдің еркін ұштарының температурасына түзетуді автоматты түрде енгізу қондарғысымен термо-эқк өлшеу
- •2.7 Термо-эқк-ті өлшеудің компенсациялық әдісі
- •2.8 Автоматты потенциометрлер
- •2.9 Сурет – автоматты потенциометрлердің
- •3 Кедергілік термометрлер
- •3.1 Кедергілік термометрлер туралы жалпы мәліметтер
- •3.2 Термометрлердің кедергілерін өлшеу әдістері және оларды қосу тәсілдері
- •3.3 Сурет – Кедергілік термометрлерді өлшеу аспаптарына қосу сұлбалары
- •3.4 Сурет
- •3.5 Сурет – Көпірдің қағидалық
- •3.6 Сурет – Термометрді қосудың үшөткізгіштік сұлбасы бар автоматты теңестірілген көпір
- •3.3 Логометрлер
- •3.8 Сурет – Магнитоэлектрлік логометрдің сұлбасы демек
- •3.4 Термометрлердің кедергілерін өлшеудің компенсациялық әдісі
- •3.5 Түйістіру өлшеу құралдарымен температураны анықтау әдістемесі және қателіктері
- •4 Дененің температурасын жылулық сәуле шығаруы бойынша өлшеу
- •4.1 Пирометрлер туралы жалпы мәліметтер
- •4.2 Дененің сәуле шығаруы бойынша температурасын өлшеу теориясы
- •4.3 Дененің сәуле шығаруы бойынша температурасын өлшеу тәсілдері және пирометрлердің түрлері
- •4.1 Сурет
- •5 Қысымды және қысым айырмасын өлшеу әдістері мен құралдары
- •5.1 Қысым және оның өлшем бірліктері туралы жалпы мәліметтер
- •5.2 Қысымды өлшейтін құралдардың классификациясы
- •5.3 Сұйықтық манометрлер
- •5.1 Сурет - Екі түтікті (u-
- •5.2 Сурет - Бір түтікті манометрдің сұлбасы
- •5.3 Сурет - Микроманометрдің сұлбасы
- •5.4 Деформациялық және дифференциалдық манометрлер
- •5.4 Сурет - Серпімді сезімтал элементтер
- •6 Сұйықтың және сусымалы заттардың деңгейін өлшеу
- •6.1 Деңгейді өлшеу туралы жалпы мәліметтер
- •6.2 Көзге көрінетін санақ шкаласы бар деңгей өлшеуіштер
- •6.1 Сурет - Көзге көрінетін санақ шкаласы бар деңгей өлшеуіш
- •6.3 Гидростатикалық деңгей өлшеуіштер
- •6.2 Сурет – Ашық резервуарда деңгей өлшеу
- •6.3 Сурет – Теңестіруші ыдысы жоқ деңгей
- •6.4 Сурет - Біркамералы теңестіруші ыдысы бар деңгей өлшеуіштің сұлбасы
- •7 Тарылту қондырғысында қысым құламасы бойынша сұйықтардың, газдардың және будың шығыны мен зат мөлшерін өлшеу
- •7.1 Шығын және оны өлшеу туралы жалпы мәліметтер
- •7.2 Тарылту қондырғылары бар шығын өлшеуіштер
- •7.3 Тұрақты қысым құламасы бойынша шығын өлшеу құралдары
- •7.4 Электромагниттік, тахометрлік және ультрадыбыстық шығын өлшеуіштер
- •7.3 Сурет – Сыртқы магниті бар шығын өлшеуіштің сұлбасы
- •7.4 Сурет - Турбиналық шығын
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Газдардың құрамын анықтау. Судың және будың сапасын бақылау
- •8.1 Газдардың құрамын сараптау туралы жалпы мәліметтер
- •8.2 Газанализаторлардың түрлері
- •8.1 Сурет – гхп-2 газанализаторының сұлбасы
- •8.2 Сурет – Сыртқы магниттік конвекциялы оттегі өлшеуіштің сезімтал элементінің сұлбасы
- •8.3 Сурет – мн типті автоматты магниттік
- •8.4 Сурет – оа типті автоматты оптика-акустикалық газанализатордың сұлбасы
- •8.3 Газдардың құрамын өлшеудің электрохимиялық әдісі.
- •8.5 Сурет - Көпканалды хроматографтың сыртқы көрінісі
- •8.6 Сурет - Хроматографтың қағидалық сұлбасы
- •8.4 Су ерітінділерінің концентрациясын анықтау әдістері
- •8.5 Судағы оттегі мен сутегін сараптайтын анализаторлар
- •9 Жылутехникалық бақылау жүйелері
- •9.1 Жылутехникалық процестің параметрлері
- •9.2 Жылутехникалық процестің параметрлерін өлшеу қағидалары
- •9.3 Жылутехникалық бақылауды автоматты реттеу
- •9.1 Сурет – Су ысытушы қазандықтың жүктемесін реттеудің қағидалық сұлбасы
- •9.2 Сурет – Отын-ауа каналындағы ауаны реттеудің құрылымдық сұлбасы
- •9.3 Сурет – Сиретуді реттеудің құрылымдық сұлбасы
- •Зертханалық жұмыстар №1 зертханалық жұмыс
- •1.1 Сурет – Қондырғының қағидалық сұлбасы
- •2.1 Сурет 2.2 сурет
- •2.3 Сурет 2.4 сурет
- •3.1 Сурет – Қондырғының қағидалық сұлбасы
- •3.2 Сурет
- •1 Өлшеу әдістері мен құралдары 3
- •1.1 Өлшеулер туралы жалпы ұғым 4
Жылутехникалық өлшеулер және бақылау оқу құралы
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы технологиялық процесті бақылаудың автоматты жүйелері өлшеу информациясын жинақтауға, түрлендіруге, өңдеуге және дистанциялық жеткізуге ыңғайлы түрдегі сигналдар өндіруді қамтамасыз ететін көптеген алуан түрлі өлшеу құралдарын қолдануды талап етеді.
Өлшеулер – табиғатты танып білудің негізгі әдісі ретінде жаңа ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуына және оларды өндіріске ендіруге ықпал жасап, технологиялық процестерді бақылауды, құрал саймандардың сенімді жұмыс істеуін, өндірістің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аспаптар жүйесінің өлшеу құралдары ең қарапайым қондырғылардан бастап, күрделі өндірістерге дейін технологиялық процестерді информациялық есептеу техникасын қолдана отырып, бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жылутехникалық өлшеулер дәлдігін бағалау әдістері өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларына негізделеді. Ол сипаттамалар аспаптың мүмкін болатын негізгі және қосымша қателіктері түрінде қалыптандырылады. Сондықтан курсты бастар алдында «Метрология, стандарттау және сапаны басқару» курсында өткен кейбір тақырыптарды қайталау қажет.
1 Өлшеу әдістері мен құралдары
1.1 Өлшеулер туралы жалпы ұғым
Өлшеу – арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шаманың мәнін анықтау процесі. Көп жағдайда өлшеу процесі кезінде өлшеніп жатқан шаманы өлшем бірлігіне тең сан мәні берілген физикалық шамамен салыстыру жүзеге асады. Оны физикалық шаманың бірлігі немесе өлшем бірлігі деп атайды. Өлшеу нәтижесі – шаманың сан мәні, яғни өлшеу арқылы, мысалы шаманы өлшем бірлігімен салыстыру арқылы, алынған сан мәні. Өлшеу нәтижесі мынадай өрнекпен берілуі мүмкін
,
(1.1)
мұндағы Q - өлшеніп жатқан физикалық шама;
q - физикалық шаманың бірлігі, немесе өлшем бірлігі;
R - өлшеу нәтижесі, немесе өлшеніп жатқан шаманың сан мәні.
Өлшеніп жатқан шаманың сан мәнін алу тәсілі бойынша барлық техникалық өлшеулерді тура және жанама өлшеулер деп бөледі. Зертханалық және ғылыми зерттеулер кезінде жалпы және бірлескен өлшеулер де орын алады.
Тура өлшеулер деп шаманың ізделіп жатқан мәні тікелей тәжирибеден алынатын өлшеулерді атайды. Мысалы, температураны - термометрмен, қысымды манометрмен өлшеу.
Жанама өлшеулер кезінде өлшеніп жатқан шаманың сан мәнін сол шамамен белгілі тәуелділіктермен байланысқан шамаларды тура өлшеу негізінде алады.
,
(1.2)
мұндағы y - өлшеніп жатқан шаманың мәні;
-
тура тәсілмен өлшенген шамалардың сан
мәндері.
Жанама өлшеулердің мысалы ретінде масса мен көлемді өлшеу арқылы дене тығыздығын өлшеуді, кедергісін, ұзындығын, көлденең қимасының ауданын өлшеу арқылы өткізгіштің меншікті кедергісін анықтауды келтіруге болады.
1.2 Құбылысты зерттеудің ғылыми әдістері
Құбылысты зерттеудің ғылыми әдістеріне мыналар жатады:
- бақылау – өлшеудің бірлік көрсетуін алу;
- эксперимент (тәжірибе) – өзгермейтін сыртқы шарттар жағдайында өлшеулерді бірнеше рет қайталау.
Құбылыстарды физикалық зерттеу төмендегідей сатымен жүргізіледі:
а) жаңа құбылысты алғаш рет бақылау;
ә) белгілі шарттарды орындай отырып, құбылысты көп қайтара зерттеу;
б) құбылыстың моделін (теориясын) құру;
в) ұсынылған теорияны бірнеше қайтара тәжірибе жүзінде тексеру.
Физикалық зерттеулер физикалық объекті мен онда жүріп жатқан процестердің жалпы қасиеттерін зерттеуге негізделген. Бұл қасиеттер сандық жағынан физикалық шамалармен сипатталады.
Өлшеулерді өңдеу барысында екі ұғымды нақты бөліп қарастыру керек: физикалық шаманың шын мәнін және оның эмпирикалық көрінісі – өлшеу нәтижесін.
Физикалық шаманың шын мәні – берілген объектінің қасиеттерін сандық та, сапалық та жағынан идеал көрсететін шама (абсолют шындық).
Өлшеу нәтижесі – адамның сана-сезімінің өнімі.
Физикилық шаманың нақты мәні – бұл тәжірибе жүзінде дәлдік класы жеткілікті өлшеу құралының көмегімен табылған мәні, оның шын мәнге жақындығы соншалықты, кейде шын мәннің орнына алынады.
Өлшеу – метрологияның негізгі ұғымы. Өлшеу дегеніміз физикалық шамалардың мөлшерін тәжірибе жүзінде арнайы техникалық құралдар көмегімен анықтау. Өлшеу – өлшеніп жатқан шаманы оның өлшем бірлігі ретінде алынған эталонмен салыстыру процесі. Өлшеулер жалпыға бірдей өлшем бірлігімен жүргізілуі тиіс.
Өлшеулер келесі критерийлер бойынша былай бөлінеді:
а) өлшеніп жатқан шаманың өлшеу уақытына тәуелділігінің сипаты бойынша – статикалық және динамикалық;
ә) өлшеу нәтижелерін алу әдісі бойынша – түзү, жанама, ортақ, жалпы;
б) нәтиженің дәлдігі бойынша – максимал дәл өлшеулер, бақылау өлшеулері, техникалық өлшеулер;
в) нәтижені көрсету әдісі бойынша – абсолют және салыстырмалы.