Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нурия зерт жумыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.23 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

Политехникалық факультет

«Машиналарды пайдалану және өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы

«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің Ғылыми жұмыстары жөніндегі

проректоры _________ Н.Х. Сергалиев

жетекшісі _________ А.М. Мукаева «____» _____________ 2014 ж. «____» _____________ 2014 ж.

Зерттеу жұмыс бағдарламасы

Магистранттың аты-жөні: Хамиева Нұрия Сансызбайқызы

Мамандығы: 6М070300 ̶ Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің

қауіпсіздігі

Мамандандыру: Қоршаған ортаны инженерлік қорғау

Дайындау бағыты: ғылыми және педагогикалық

Магистратурада оқу мерзімі: 2014 - 2016 ж.ж.

Ғылыми жетекші: Кубашева Ж.К., т.ғ.к., доцент., Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

политехникалық факультетінің «Машиналарды пайдалану және өмір тіршілігінің

қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі

Магистерлік диссертация тақырыбы: «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жағдайында

қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және еңбекті қорғаудың тиімділігін

арттыру.

Магистерлік диссертацияны аяқтау мерзімі: маусым, 2016 ж.

Орал – 2014 ж.

Зерттеу жұмыс бағдарламасын толтыру нұсқауы

1. Зерттеу жұмыс бағдарламасы және жұмыс жорналы (тәжірибе жорналы) - ғылыми жетекшінің басшылығымен толтырылатын, магистранттың жүргізетін ғылыми (экспериментальды) зерттеулерінің (тәжірибелерінің) нақты сипаттамасынан тұратын алғашқы құжаттары болып табылады.

2. Магистранттың алғашқы құжаттарды уақытылы толтыруын бақылау ғылыми жетекшісіне жүктеледі.

3. Зерттеу жұмыс бағдарламасына кірістіріледі:

1. Зерттеу бағдарламасының негіздемесі;

2. Зерттеу әдістемесі;

3. Күтілетін зерттеу нәтижелері;

4. Жоспарланған ғылыми зерттеу нәтижелері жарияланатын негізгі баспа жұмыстары;

5. Зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспары;

6. Күнтізбелік жылға арналған қажетті заттарға сұраныс.

4. Алғашқы құжат беттері нөмірленіп, тігілуі қажет. Зерттеу жұмыс бағдарламасы мен жұмыс жорналының беттерін жыртуға және орнына бет қосуға болмайды. Қажет болған жағдайда ғана оларға қосымша нөмірленген беттер және түзетулер мен өзгертулер енгізіледі. Қосымша құжатта енгізілген мәліметтер мен өзгертулердің қашан және қандай себеппен түзетілгені магистранттың ғылыми жетекшісінің қолымен куәландырылады.

5. Зерттеу жұмыс бағдарламасын түсіндіру:

- 1 бөлімде: Зерттеу бағдарламасының негіздемесі келесілерден тұрады: тақырыптың өзектілігі; зерттеу мақсаты; зерттеу міндеттері; ғылыми жаңашылдығы; зерттеу жұмыстарының теориялық және практикалық мәні.

- 2 бөлімде: Қажет болған жағдайда тәжірибе жүргізу сызбасы көрсетіледі.

Күтілетін зерттеу нәтижелері барлық зерттеу аралығындағы қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы қажет. Магистерлік диссертацияның негізгі нәтижелері 2 мақаладан кем емес, оның ішінде диссертация тақырыбы бойынша бір мақаладан кем емес ғылыми жорналдарда, сонымен қатар бір мақаладан кем емес халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда жариялануы қажет.

-3 бөлімде: Жыл сайын 15 қазанға дейін магистранттың ғылыми жетекшісінің өзі күнтізбелік жылға магистранттың ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті заттарға сұраныс дайындап, кафедра меңгерушілеріне ұсынылады.

Кафедра меңгерушісі жыл сайын 20 қазанға дейін университеттің ҒЗИ-ның директорына кафедраның магистранттарының ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне қажетті заттарға қорытынды сұраныс дайындап, ұсынады.

Қажетті заттарға толтырылған сұраныс көшірмесі жұмыс бағдарламасыны тігілуі қажет.

6. Магистранттың зерттеу жұмыс бағдарламасы бітіруші кафедра отырысында талқыланып, ЖООКБББ жетекшісімен келісіліп, ҒЖЖ проректорымен бекітіледі.

7. Магистрлік диссертацияны қорғау кезінде магистрант зерттеу жұмыс жорналы мен тәжірибе жорналын МАК мүшелеріне ұсынады. Зерттеу жұмыс бағдарламасы және жұмыс жорналы болмаған жағдайда магистрант диссертацияны қорғауға жіберілмейді.