
Құрылымдық құжаттаманы жасау тапсырмалары
Мәтіндік құрылымдық құжаттама тұрады:
– сипатталатын бөлім (бұйымның арналуы);
– тораптар мен агрегаттардың мінездемесі және төлқұжаты;
– бұйымды дайындау, жинау , жөндеу және пайдалану;
– спецификациялар мен экспликациялар.
Графикалық құрылымдық құжаттамаға жатады:
– бөлшектеу және құрастыру сызбалары;
–құрылымдық, функционалдық және принципиалдық схемалар (электрлік,электрондық,пневматикалық және гидравликалық);
– кинематикалық тізбек торларының құрылымдық графиктері;
– циклограммалар және агрегаттар мен құрылғылардың жұмыс режимдерінің параметрлерін таңдауға арналған тәуелділіктер.
Геометриялық жобалау есептерінің арасында графикалық құжаттауды ерекше қарастырып өту керек. Графикалық құжаттау кезінде бағдарламалық қамтамасыздандыру графоқұрастырушыға қарап бағыт алады және мультфильмдеу құрылғысы графикалық құрылғыны форматтауға мүмкіндік береді, оларды рамкалармен және штамптармен түрлендіріп, сандармен өрнектеуге, мәтінмен толықтыруға, жеке қолдану үшін машиналық тасымалдаушыға жазуға мүмкіндік береді.Негізінен, гистограмманы сызу кезінде программалар болу қажет, графикалық функциялар, аудандарды штрихтау, электрлік көріністерді іске қосу, логикалық және топологиялық элементтер т.с.с болып табылады. Ең қажетті ақпараттарды парақтарға графикалық есептер бойынша бөлу болып табылады, яғни өлшемдік сызықтың жазылуы т.с.с.
АЖЖ-нің негізгі құрама бөлігі машиналық графика болып табылады – құралдардың және әдістердің құрамы, осылардың көмегімен ДК-ге енгізу, өзгерту, шығару жүзеге асырылады. Машиналық графика – жаңа, соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан есептеуші техника құралдарының қолданылу аймағы. “Машиналық графика” термині ДК-де графикалық ақпаратты өңдеу дегенді, және де нәтижелерді әр түрлі графикалық сурет ретінде енгізуді білдіреді. Графикалық ақпарат ең сыйымдылығы үлкен және ақпараттың үлкен көлемділігінің көрінісі, алайда, машиналық графиканың практика жүзінде қолданылуы керекті жабдықтардың және математикалық қамтамасыздандырудың жоқ болуының себебінен ұзақ уақыт бойы тоқтатылып тұрды. Автоматты жобалау жүйесінің ДК базасында дамуына байланысты машиналық графикаға деген қызығушылық пайда бола бастады. Олар қазір тек қана машина жасау, аспап жасау, радиоэлектроника салаларында ғана емес сонымен қатар тоқымалық өнеркәсіп және басқа да салаларда қарқынды әзірленуде.
Графикалық ақпарат конструкторлық және жобалық құжаттардың негізгі көлемін құрайды, сол үшін бұл жұмыстарды ДК-де машиналық графиканы қолдана отырып автоматтандыру, жобалаушы мен құрастырушының жұмысын жеңілдетеді және олардың еңбегінің өнімділігін барынша арттырады.
Машиналық графиканың техникалық құрамына графикалық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары кіреді.
Графикалық енгізу құрылғысы (ГЕҚ) графикалық ақпаратты ДК-дің сандық кодына түрлендіру үшін арналған. Бұндай құрылғылырдың түрлі конструкциялары кездеседі, олардың жұмыс істеу принциптері атақты физикалық құбылыстарға негізделген. Графикалық ақпаратты кодтау кезінде адамның қатысуының дәрежесіне байланысты ГЕҚ автоматты және жартылай автоматты болып бөлінеді.
Автоматты ГЕҚ-ын жұмыс істеу принципі бойынша екіге бөлеміз- сканерлейтін және бақылайтын. Сканерлейтін құрылғылыр графикалық ақпаратты теледидарлық түтіктегідей айналдырушы жүйелер көмегімен жолдап енгізеді. Бақылайтын ГЕҚ сызба сызықтарын іздеп табады, сызықтың өзгеруін болжайды. ГЕҚ екі түрінің жұмыс істеу принципі фотоэлектірлік эффектті қолдануға негізделген.
Графикалық ақпаратты адам көмегінсіз де енгізе алатын болса да, автоматты ГЕҚ кемшіліктеріне байланысты кең қолданысқа ие болған жоқ. Бұл жүйелердің кемшілігіне құралдармен жұмыс істеуге керекті ДК шұғыл жадысының үлкен болуы, және де енгізілетін графикалық ақпарат сапасына деген жоғары талаптар, бағасының жоғарылығы жатады.
Практика жүзінде жартылай автоматты ГЕҚ көп қолданысқа ие болды. Түрлі физикалық эффекттерге негізделген жартылай автоматты ГЕҚ-ның толықтай бір бөлімі әзірленген.
Жартылай автоматтандырылған құрылғыларда қолданушы-оператор сызбаны анализдейді, машина жадысына енгізетін элементтерді белгілейді, осыдан кейін оның командасы бойынша ДК нүктелер координатасын анықтайды және оларды сандық код ретінде көрсетеді.
Қазіргі уақытта дискретті сыйымдылықты жартылай автоматты ГЕҚ кең қолданысқа ие. Кодирленуі керек сызба планшетте орналасады. Планшетте сызба астында координаталық тор орналасқан, ол перпендикуляр оналасқан өткізгіштердің екі жүйсі арқылы пайда болған. Жұмыс істеу барысында оператор арнайы құрал арқылы өткізгіштерде қысқа импульстар түрінде электрлік потенциал туғызады. Импульстың өткізгіште өту уақыты қашықтыққа байланысты болады, сол себепті уақыттың аумағы нүкте координатасын сипаттайды. Бұған қарамастан өлшеу қателігі миллиметрдің ондық бөлігін құрайды.
Графикалық ақпаратты қорытындылау құрылғысына графотұрғызушы және графикалық дисплейлер қатысады.
Графотұрғызушылар, сонымен қатар сызба автоматы деп аталады, ЭЕМ-да қорытындылау кезінде санды кодтарды кодтаудан алу және сызбада графикалық және мәтінді ақпарат түрінде бейнелеу үшін арналған. Суретті алу үшін қолданылатын физикалық қағида тәуелділігінде сызба автоматтары электронды, электрхимиялық, электрмеханикалық және т.б. түрге бөлінеді.
Көбінесе АЖЖ-де жоғары нақтылықты және сурет сапасын, сонымен қатар үлкен өлшемді сызбаны алу мүмкіндігін сипаттайтын электрмеханикалық сызба автоматтары қарастырылады.
Электрмеханикалық сызба графикалық автоматтары (СГА) планшетті және орамды болып бөлінеді. Планшет түріндегі сызба автоматы бағыттауыш сызғыштардан тұрады, оның Х осі бойынша траверса орын ауыстырса, ал Ү осі бойынша жазушы түйін кареткасы орналасады. Сонымен қатар қағаздар қозғалмайтын болып қалады. Ережедегідей жазушы түйіні сызықтың әртүрлі қалыңдығын және түсін суреттеу үшін 3 өздігінен жазушыға ие. Траверса мен каретканы ауыстыру СГА басқару блогынан импульс түсетін адымдық электрқозғалтқыш көмегімен орындалады. Сызықты алу өзімен траверса және каретканың қосынды қозғалтқыш траекториясын ұсынады.
Планшет түріндегі СГА-пен салыстырғанда орамды сызба автоматында Ү координаты бойынша жазушы түйіні бар каретка болса, ал Х координаты бойынша реверсивті барабан көмегімен қозғалысқа келетін арнайы перфариленген қағаз орналасады. Барабанның айналу қозғалысы қорытындысында барабанның қайта жасалған кареткасында осы немесе басқа бағытта және қайтармалы-ілгерілемелі ауыстыруда белгіленген траектория сызығы алынады. Графотұрғызушылар екі режимде жұмыс істейді: автономды және орталықтандырылған. Автономды режиммен жұмыс кезінде графикалық ақпарат ЭЕМ-нан арадағы тасымалдаушыға шығарылады, ал одан кейін графотұрғызушыға енгізіледі. Автономды режим егер графотұрғызушы ЭЕМ-нан бірталай қашықтықта орналасқан жағдайда қолданылады.
Магнитті лентаға ақпаратты қорытындылау графотұрғызушыға сызбаны сызбалауға қарағанда едәуір жылдамырақ болады. Сондықтан тіпті ЭЕМ-сы графотұрғызушымен жасақталған болса да, кейді уақытты үнемдеу мақсатында автономды режим қолданылады.
Жұмыстың орталықтандырылған режимі графотұрғызушы канал байланысы арқылы ЭЕМ-на тікелей жалғанған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда осы немесе басқа тапсырманы шешу шегінде кейбір сызбаны алуда оперативті мүмкіндік туады. Жүнді графотұрғызушының жетіспеушілігі болып графикалық ақпараттың қатысты жоғары емес жылдамдық табылады. Электрлі расстрлік графотұрғызушы қағаз аймағына электрлі заряд жағады. Қағаз үстіне заряд жағылған дұрыс зарядталған бояғыш зат себіледі. Мұндай графотұрғызушының жетіспеушілінен суреттің сапасының төмендеуі болады.
Графикалық шығару-енгізу құрылғысына графикалық дисплей жатады. Графикалық дисплей экранға мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару мүмкіндігі болғандықтан әмбебап болып табылады. Графикалық дисплей жарықтық перо көмегімен суретті экранға шығарудың түзету мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар әртүрлі графикалық ақпаратты (бұру, жылжыту, масштабтау) қайта жасауды орындауға мүмкіндік туады. Қазіргі уақытта бір құрылғыда алфавитті-сандық және графикалық дисплейді топтастыратын жоғарысапалы расстрлі дисплей пайда болды.
Диалогты графикалық кешендер автоматтандырылған жобалауда әр түрлі тапсырманы шешу үшін арналған. Олардың құрамына мини- және микро- ЭЕМ-сы және дайындау, енгізу, бейнелеу, құжаттау және мәліметті сақтау құрылғысының жиынтығы кіреді. Кешен автономды және басқа ЭЕМ-мен байланыс режимінде жұмыс істеуі мүмкін.
Автономды жүйеде – жадының көп көлемін талап етпейтін тапсырманы шешу үшін. Байланыс режимінде – ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді талап ететін тапсырманы шешу үшін. Кешеннің құрылымы және құрамы функционалды тағайындалған және шешілген тапсырма классымен анықталады.