Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геомет d.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150.12 Кб
Скачать

Беттік модельдеу

Беттік моделдеу жүйелерінде визуалдық модельдің математикалық сипаттамасының құрамына түзулер мен олардың соңғы нүктелерінің сипттамалары ғана емес, сонымен қатар беттік мәліметтер де кіреді. Каркасты модельдеуге қарағанда бұл модельдеудің кемшілігі едәуір аз, өйткені ол үш өлшемді объектінің өзіндік «сыртқы қабығын» анықтауға мүмкіндік береді. Беттік негіздегі геометриялық модель сапалы визуализацияны, қабықтардың қиылысу сызықтарының анықталуын, сызбалық проекциялардың генерациялануын, керекті функциялар қатарын, яғни кеңістіктік түйіндердің, қиылысулардың құрылуын қамтамасыз етеді.

Беттік модельдеу жүйелері күрделі беттері бар модельдердің жасалуы барысында қолданылады, өйткені визуалды модель объектінің сыртқы көрінісін бейнелейді, ал математикалық сипаттамалар қоғалыс траекториясының нақты есептерінің программаларын құрастыруға мүмкіндік береді.

2-сурет. Буран ғарыш кемесінің беттік моделі

Қатты денелік модельдеу

Беттік модельдеудің қолданыс аясы кең болғанымен, оның АЖЖ- де қолданылуында белгілі бір кемшіліктер бар, олар: объектінің массасын, көлемін және инерция моментін есептеу мүмкін емес; оларға буль операциясын (азайту, қосу, бөлу) қолданылмайды. Мұндай проблемаларды қатты денелік модельдеу шешеді. Қатты денелік модельдеу дегеніміз CAD/CAM/CAE жүйелерінде объетінің 3D моделі жасалады.

Аз бейнелі модельдеу

Азбейнелі моделдеу каркасты, беткі, қаттыденелі және ұялы моделдерді бір уақытта және сол моделдеу ортасында қол жетімді модел диапозонын кеңейте отырып қолдануға мүмкіндік береді.

Геометриялық модельдеудің тапсырмалары

Типтік позициялық тапсырмаларға жатады:

– тұйықталған контурлармен шектелген жазықтыққа нүктенің тиістілігін анықтау;

– түзудің қисық сызықты контурмен немесе бетпен қиылысу нүктесінің координатын анықтау;

– жазықтықтың немесе кеңістіктің өзара орналасуын анықтау;

Типтік позициялық тапсырмалары бойынша келесі құрылымдық тапсырмалар шешіледі:

– қозғалмалы бөлшектердің соқтығысуы немесе жанасу деректерін анықтау;

– бөлшектерді қондыру деректерін анықтау;

– бөлшектер арасындағы саңылауды тексеру;

– контур мен станок бөлшектерін өңдеу қателіктерін бағалау;

Метрикалық тапсырмаларға жатады:

– қима ұзындығын есептеу;

– жазықтықтың және кеңістіктің периметрі мен ауданын есептеу

– жазық контур мен көлемді денелердің массалар центрін анықтау;

– массаны, инерция моментін және кедергі моментін анықтау;

– кернеу мен деформацияны анықтау;

2. Геометриялық синтез тапсырмалары

Геометриялық объектті (ГО) синтездеу тапсырмалары берілген құрылымның қарапайым ГО –тен күрделі ГО қалыптастырудан тұрады. Мұндай тапсырма, мысалы, бөлшек сызбаларында туындайды.

Геометриялық синтездің негізгі критерийі ГО –тің талап етілген формасын (қалпын) нақты келтіру.

Бұйымның формасын (нұсқа) синтездеу тапсырмалары жобалау объектісінің қызмет ету сапасына әсер ететін бөлшектердің , тораптардың немесе агрегаттардың оңтайлы және тиімді формаларын алуды қамтамасыз етеді. Мұндай тапсырмалар жобалаудың бастапқы сатыларында туындайды, мысалы, автомобиль,кеме, ұшу аппараттары денелерінің конфигурациясын анықтау кезінде.