
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесінің дамуы, оқушыларға ұлттық білім мен тәрбие беруге арналған
бейнелеу өнері пәнінің оқыту бағдарламаларының жарық көруімен, көркемдік
білім беру мен эстетикалық тәрбие беру қызметінің теориялық мәселелерін
зерттеудің басталуымен, педагогикалық институттардағы көркемсурет графика 26
факультеттерінің оқытушыларын КСРО педагогика ғылымдары Академиясына,
Мәскеудегі мемлекеттік педагогикалық институтындағы көркемсурет-графика
факультетіне болашақ суретші педагогтарды дайындайтын оқытушы-
профессорлар құрамының білімін-жетілдіру курстарына, аспирантураға,
стажировкаға жіберумен сипатталады.
1977 жылдан бастап Қазақстанның жоғарғы жоғарғы оқу орындарындағы
оқытушылар Мәскеудің жоғарғы оқу орындарына білімін көтеруге жіберу
бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуындағы елеулі оқиға боды. Аталған
оқу орындарында суретші-педагог ғалымдар дайындала бастады. Олар КСРО
педагогика ғылымдары академиясының академиктері педагогика
ғылымдарының докторлары, профессорлар Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин,
өнертану ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Суздалев, педагогика
ғылымдарының докторлары, профессорлар Б.П.Юсов, Е,В,Шорохов,
Т.Я.Шпикаловтардан дәріс алып өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының
тақырыптарын анықтады.
80 жылдары Қазақ ССР Оқу Министрлігі бекіткен бейнелеу өнері пәнінің
жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасы (авторы
Ә.Қамақов, М.Кенбаев) жарық көрді. Бағдарламада оқу материалдары
жазықтықта бейнелеу, композиция, жапсыру, сәндік сурет салу, өнерді
қабылдау сияқты оқу мәселелері айқындалды. Оқу материалдары әрбір
сыныпқа бөлініп, әрбір сыныптағы оқушының меңгеретін білімдері, іскерлік
пен дағдыларының көлемі айқындалады. Бағдарламаға қосымша ретінде
сабақтардың үлгі тақырыптары мен жоспарлары берілді.
Бағдарламада қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін және ұлттық
бейнелеу өнері шығармаларын оқу-тәрбие мақсатында сабақта қолдану
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Осы кезеңде мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаларда сурет
өнеріне баулу мақсатын көздейтін бағдарлама (авторы Ұ .Ибрагимов) жарық
көрді. Бағдарламада жазықтықта бейнелеу, жапсыру, аппликация,
шығармашылық іс-әрекет түрлеріне үйретудің тапсырмалары берілді.
Бағдарламада балаларға шығармашылық іс-әрекетті меңгерту, безендіру
қызметін үйрету, өнерді қабылдау, табиғат пен өнердегі әсемдікті түсіне білуге
үйрету міндеттері қойылды. Бұл суретті оқыту әдістемесінің дамуындағы,
балабақшаларда балаларды сурет өнеріне үйретуге арналған ұлттық көркемдік
талғамға оқушыларды тәрбиелеуге арналған бағдарлама болуымен сипатталды.
80-90 жылдардағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен
дамуында ғалым пелагогтардың бейнелеу өнерін оқытудың психологиялық –
педагогикалық мәселелерін зерттеуге баса көңіл бөлумен ерекшеленеді.
80-90 жылдар аралығындағы педагог – ғалымдар Ә.Қамақов, Қ.Ералин,
Ж.Балкенов, Қ.Әміргазин, Б.Әлмухамбетов, У.Ибрагимов, Р.Мизанбаев,
Е.Асылханов, Д.Садығалиев, М.Жанаевтардың бейнелеу өнерін оқыту
саласында түрлі оқу мәселелерін зерттеу нәтижелері Қазақстанда бейнелеу
өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуына қомақты үлес болып қосылды.
Осы жылдардағы суретші-ғалым Ә.Қамақовтың қазақ халқының сәндік
қолданбалы өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану арқылы 27
оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытудың әдіс-тәсілдерін көрсеткен
еңбегі, оқыту барысында тәрбие мәселелері тыңғылықты шешуге
болатындығын теория жүзінде дәлелдеп, практикада көрсете білген еңбек
болды.
Ғалым-педагог Қ.Ералиннің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың
кеңестікті елестетуін қалыптастырудың теориясы мен практикасын айқындауға
арналған зерттеулерінің нәтижесінде, оқушыларды кеңістікті бейнелеуге
үйретудің бағдарламасы мен әдістемесін ұсынды. Оқушылардың кеңістікті
елестетуін қалыптастырудағы қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларын
таныстырудың, кеңістіктің түрлері, перспектива, композиция, жарық пен
көлеңкеге тұстануға қатысты терминдер мен ұғымдарды оқытудың әдіс-
тәсілдерін айқындаған еңбек болды.
Ғалым педагог Ж.Балкеновтың қазақ халқының ою-өрнектерін салу
жолдарын оқушыларға үйрету барысында бейнелеу ептіліктері мен дағдыларын
қалыптастыру мәселесін зерттеу нәтижелерінде оқушыларға көркемдік білім
мен эстетикалық тәрбие берудің жаңа мазмұнын, формалары мен әдістерін
ұсынды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің Қазақстанда дамуындағы елеулі
кезең Ұ .Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаев, Б.А.Әлмұхамбетов,
З.Ш.Айдаровалардың авторлық тобының жазған тұңғыш рет «Бейнелеу
өнерінің» 1 сыныпқа арналған оқулығы Қазақстан Республикасы, Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде бекітіліп, «Атамұра»
баспасынан 1997 жылы жарық көруі болды. Осы авторлар тобы жазған 2-4
сыныптарға арналған «Бейнелеу өнерінің» оқулықтары 1998-2000 жылдар
аралығында жарыққа шықты.