Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына

түсті. Суретті оқытудың дұрыс принциптері мен оны оқытудың әдістері

бекіді.Оқулық суреттің мәселелерін терең ғылыми негізде шешу қажеттігі

көріне бастады.

Жалпы білім беретін мектептегі суретті оқыту әдістемесінің әрі қарай

дамуына жаңадан ашылған РСФСР педагогика ғылымдарының Академиясы

(1943) және КСРО Көркемсурет Академиясы (1947) үлкен ықпал етті. 1944

жылы РСФСР педагогика ғылымдары Академиясы жанындағы педагогика

теориясы мен тарихы институты жанынан эстетикалық тәрбиенің арнайы

кабинеті құрылды. Кейінен (1947)ос кабинет негізінде көркемдік тәрбиенің

ғылыми-зерттеу институты ашылды. Бұл институттың қызметкерлері балалар

шығармашылығын ғылыми зерттеумен айналысты.Олар мектептерге арналған

оқу бағдарламасын жасап, мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулар дайындады.

Суретті оқыту әдістемесінің теориялық мәселелерімен көптеген мамандар

айналыса бастады. 1951 жылы «Өнер» баспасынан Е.С.Кондахчанның «Орта

мектепте суретті оқыту әдістемесі» жарыққа шықты. Бұл кітаптың жарыққа

шығуын, азғана сын айтылғанымен мұғалімдер мен мамандар жақсы қарсы

алды. Кітап кемшіліксіз болмағанымен Е.С.Кондахчанның принциптік

ұстанымдары дұрыс болды. Бұған сурет мұғалімінің реалистік өнерге бағыт

ұстауының, өткендегілердің мұраларын оқып үйренуі қажеттігіне көңіл бөлуін

айтуға болады. Кондахчан суретті оқыту нұсқаға қарап сурет салуға, бақылауға,

өмір шындығын оқып үйренуге негізделуі тиіс екендігін көрсеткен. Ол сонымен

қатар балаларды, заттар мен реалдық өмір шындығын дұрыс көре білу мен оны

дұрыс бейнелеу қажеттігіне баса көңіл аударған. Ол қоршаған ортаны танып

білу негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып олардың тәрбиесі

мен дамуына игі ықпал ететіндігін көрсеткен.23

20 ғасырдың 50-60 жылдары оқыту әдістемесінің теориясын байыта

түсетін бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстары пайда болды. Бұл жұмыстар сурет

әдіскерлеріне өз мәселелерін дұрыс шешуге жол көрсетті.

Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ретке келтіру мақсатында 50

жылдары суреттің арнаулы оқулығын жасау идеясы туындады. Бұған дейін

орта мектептерге арналған суреттің оқулығы Ресейде, де шет елдерде де болған

жоқ.

1957 жылы алғаш рет бірінші және екінші сыныптарға арналған, 1961

жылы үшінші және төртінші сыныптарға арналған Н.Н. Ростовцевтің

оқулықтары жарыққа шықты. Бұл оқулықтардың негізіне оқытудың алғашқы

басқышында, балаларды нұсқаға қарап сурет салуға үйрететін

П.П.Чистяковтың оқыту жүйесі алынды.

Осы кезден бастап – 60 жылдардың басында суреттің эксперименттік

оқулықтары жұйелі түрде шыға бастады. Олардың авторлары

В.В.Колокольников, Е.Е.Рожкова, Е.Л.Херсоньская, С.А.Федоров,

М.Н.Семенова, Л.Л.Макоед, т.б. болды. Осы жылдары мектептегі бейнелеу

өнерін оқыту әдістемесінің теориялық мәселелеріне арналған

В.В.Алексееваның «Мектептегі бейнелеу өнері»; В.С.Шербаковтың «Бейнелеу

өнері – оқыту және шығармашылық»; А.Г.Шиманскаяның «Мектептегі

перспективалық сурет»; Г.И.Орловскийдің «Сурет мұғаліміне көркемдік білім

беру» атты еңбектері жарық көрді.

1966 жылы РСФСР ағарту министрлігі жанынан бейнелеу өнерін оқыту

әдістемесін зерттеу бағытындағы арнаулы лабороториясы бар, Мектепті

ғылыми – зерттеу институты ашылды.

1959 жылдан бастап КСРО бойынша педагогикалық институттардағы

көркемсурет-графика факультеттерінің жүйесі кеңейе түсті. Бұл институттарда,

көркемсурет академиясында, КСРО педагогика ғылымдарының Академиясында

мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында суретті оқыту әдістемесінің

талдаулары жасала бастады.

Суретті оқытудың әдістемелік талдауларын жасау мен оның дамуына

деген, бай мүмкіндік жалпы білім беретін мектептер тарихында болған емес.

Жалпы білім беретін мектептердегі суретті оқыту әдістемесінің өзінің

дамуында қарқындап алға жылжуымен сипатталады, ол жылма жыл

жетілдіріліп, ғылыми-теориялық негіздеме ала бастады.

1970 жылы бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттері

айқындалған, оқу материалдарының мазмұны анықталған, жаңа оқу

бағдарламасы толықтырылып қайта бекітілді. Бағдарламада эстетикалық тәрбие

беру белгілі кеңес суретшілері мен бұрынғы ұлы суретшілердің

шығармашылығымен таныстыру міндеттерімен кеңейтілгендігіне байланысты

бұрынғы «сурет» пәнінің орнына жаңа оқу пәні «бейнелеу өнері» пәні пайда

болды.

Бастауыш сынып төрт жылдық білім беруден, үш жылдыққа көшірілді,

жеке пәндерді тереңдетіп оқыту мақсатында факультативтік курстарды оның

ішінде бейнелеу өнері бойынша ұйымдастыру сияқты жалпы білім беретін

мектептердің жалпы жүйесіне көптеген жаңалықтар ендірілді.24

Мұның бәрі мұғалімнен оқыту әдістемесі мен педагогиканың жалпы

қағидаларынан білімдерін арттырып, тыңғылықты және терең дайындықты

қажет ететін болды.

1.4 Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.

Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуы, 20 ғасырдың

60 жылдарында педагогикалық институттардан «бейнелеу өнері және сызу»

пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы Абай

атындағы Қазақ мемлекеттік педпгогика институтында, республикада алғаш рет

«бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл

1969 жылға дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін

дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы,

көшбасшы қызметін атқарып, көлемді әдістемелік іс – шараларды атқаруымен

бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты.

Бұл оқу орнының алғашқы түлектері, Қазақстанның басқа қалаларындағы

педагогикалық институттарынан «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің

мұғалімдерін дайындау үшін арнайы кафедра ашудың инициаторлары болып,

бейнелеу өнері мен сызу пәнінің болашақ мұғалімдерін дайындауға кең

көлемде үлес қосты.

Мұнан соң 1969 жылдардан бастап Шымкент, Семей, Тараз

педагогикалық институтарынан ашылған көркемсурет және графика

факультеттерінің түлектері Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің

дамуына мол ықпал етті.