
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
және суретті оқыту әдістерін жаңаша анықтады. Оның негізіне нұсқаға қарап
сурет салу алынды. Онымен қатар бағдарламада тақырып бойынша сурет салу
және сәндік сурет салу орын алды. Өнер туралы әңгімеге маңызды орын
берілді. Әңгіме оқушыларды бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыруға
тиіс болды.
Кеңес дәуірінде суретті оқыту әдістемесі бірқалыпты дамып отырды, ол
үнемі тартыста болды. Осы кезде, балалардың дамуы биологиялық және
әлеуметтік факторларға, тұқымқуалаушылыққа тәуелді екендігін дәлелдеуге
тырысатын педгогтардың теориясы кең көлемде таралды. Бұл да істі сурет салу
ережелерін балаларға үйретудің қажеті жоқ дегенге әкеліп тіреді. Олардың
ойынша баланың туған-туыстары немесе ата-анасының ішінде өнерге қабілетті
адам болмаса, оны оқыту тек қана уақыт өткізу деп есептеді. Осындай күрес
жағдайында суретті оқытудың жаңа әдістемесі туындады.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму барысында 1933 жылы
ұйымдастырылған «балаларға көркемдік тәрбие берудің орталық үйінің», оның
ішінде «Көркемдік-әдістемелік кеңестің» ролі ерекше болды. БКТБОҮ
негізінен сыныптан, мектептен тыс жұмыстар мәселелерімен
айналысқаныменен, ол балалардың көркемдік тәрбиесінің барлық мәселелерін
қарастыратын жалғыз ғана ғылыми-әдістемелік орталық болып табылды.
Жалпы білім беретін мектептердегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына
ерекше үлес қосқан белгілі суретші-педагог Д.Н.Кардовский (1866-1943) және
К.Ф.Юн (1875-1958) болды. Д.Н.Кардовский жоғарғы оқу орындарында сурет
мұғалімдерін дайындауды бастаушы ретінде танылды. Д.Н.Кардовский мен
оның шәкірттері 1939 жылы бірінші Мұғалімдер институтының жанын, 1942
жылы В.П.Патомкин атындағы Москва қалалық педагогикалық институтынан
ашылған көркем-графика факультетінің негізін қалаушылар болды. 1955 жылға
дейін бұл көркемсурет – графика факультеті Кеңестер Одағындағы бейнелеу
өнері мен сызу мұғалімдерін дайындайтын жалғыз факультет болды.
Бұл факультетте көркемдік білім беру жүйесі Д.Н.Кардовскийдің
педагогикалық принциптері мен әдістері бойынша алынды. Бұл жүйені оның
шәкірттері мен ізбасарлары, сонымен қатар көркем графика факультеттеріндегі
оқытушылар жалғастырды.
Кеңес сурет мектебінің көрнекті өкілі Д.Н Кардовский даңықты П.П.
Чистяковтың академиялық сурет мектебінен өтті, Мюнхенде белгілі суретші-21
педагог Антон Ашбеден дәріс алды, сөйтіп орыс және европа сурет
мектептерінің таңдаулы тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік алды.
Д.Н.Кардовский педагог ретінде реалистік өнер позициясын ұстанып,
жастарды формализм ықпалынан қорғады. Қатал сенім мен өзі жасаған суретті
оқыту жүйесінің өміршеңдігі арқасында Д.Н.Кардовскийдің шәкірттері мен
ізбасарлары көп болды.
Кардовский сурет салу барысында көз бен қолдың жаттығуына зор мән
берді, оқушылардың көркемдік мәдениетін көтеруге күш салды. Ол реалистік
суреттің мәнін дұрыс түсіндіріп, табиғат пен өнерге деген сүйіспеншілікті
тәрбиеледі, ғылыми білімді құрметтеді. Ол ұстазы Чистяковтан үйренген
суреттегі көлемді форманы тану, құрастыру және талдау әдістерін өз
шәкірттеріне жеткізді.
Д.Н.Кардовский өзіне дейінгі суретті оқыту әдістерін жинақтап, өзінің
әдістерін өткеннің сапалы дәстүрлеріне сүйене отырып жасады.
Д.Н.Кардовскийдің өзінің суретті оқыту әдісінің негізіне заттардың күрделі
формаларын, қарапайым етіп қысқартуға дейін жеткізуі алынған. Өзінің көп
жылдық педагогикалық қызметінің нәтижесінде Кардовский, жаңадан сурет
салушыға заттың күрделі формасын бейнелеу қиынға соғады, сондықтан сурет
салу алдында оқушыға тапсырманы жеңілдету керек, форманы қарапайым етіп
түсіндіре білу қажет, сонда ғана бала заттың құрылымдық негізін түсінеді,
осыдан соң оған нақтылауға көшуге рұқсат беру керек деп түсінді. Ол тірі
модельді салғанның өзінде оны шар мен кубты салғандағыдай
қарапайымдылық пен нақтылыққа жеткізу қажеттігін көрсетеді. Заттың күрделі
формасын оқушы ең алдымен майда жазықтықтарға бөлуі тиіс. Мысалы,
мұрынның суретін салу үшін, ойша оны төрт жазқытыққа бөліп көрсетеді.
Мұнан соң оны форма ерекшелігіне қарап, біртіндіп ол қажетті ұқсастыққа
жеткізіледі.
Д.Н.Кардовский ұсынған суретті оқыту әдістемесінің қағидаларын
көркемсурет, педагогикалық, жалпы білім беретін мектептің сурет мұғалімдері
дамытып, отырды. Жалпы білім беретін мектептің сурет мұғалімдерін
дайындауда Кардовский жүйесінен, қағидаларынан бастау алды.
Жалпы білім беретін мектептерде сурет салу әдістерінің дамуына
Константин Федорович Юон белгілі үлес қосты. Юон көркемсурет
мектептеріндегі суретті оқыту әдістемесі мәселелеріне зор көңіл бөле отырып,
ол белгілі дәрежеде жалпы білім беретін мектептерде суретті оқытуға қызыға
қарады.
«Мен осы тамаша пәнге осы кезге дейін дұрыс баға берілмей келе жатыр
деп айтқым келеді. Егер оған көбірек уақыт беріп, оның оқыту әдістемесінің
талдауларын дайындаса, онда басқа пәндердегі білімдерді қабылдауды
жеңілдетер еді және бұл пәндерді өзара байланыстыру звеносы қызметін
атқарар еді, сурет қоршаған дүниені дұрыс түсініп, жеке тұлғаны дамытуға
жәрдемдеседі» деп жазған (Юон К.Ф. Об искусстве М, 1959,-297 с.).
Ол «менің негізгі тезисім үнемі, бұлтарыссыз көру әлемінің заңдылығын
оқыту» деп есептеген. Сонымен қатар ол перспектива туралы, горизонт сызығы
туралы негізгі түсінікті бере білу керектігін, мысалдар келтіру арқылы 22
горизонт сызығы туралы түсіндіруге болатындығын көрсеткен.Оқушылар
бояумен жұмыс істеу барысында, оларға спектр туралы, бояулардың өзара әсері
туралы түсініктер беруге кеңес берген.
Оқыту әдістерін ғылыми негіздеуге мән бере отырып, Юон сурет салудың
техникалық мәселелерінің өз ғылыми таным тұрғысынан қарауға көңіл
бөледі.Ол «Менің өнер мен ғылымның байланысы туралы бірқатар сөз айтқым
келеді» бұл екі жақты байланыс, деп көрсеткен. Бірінші жағынан, өнер, сурет
география, тарих, жаратылыстану ғылымдары–зоология, ботаника, геология,
сондай-ақ, физика, химия, математика ғылымдарын оқыту әдістемесімен
байланысты болса, екінші жағынан, фактура сияқты ғылымның белгілі бір
саласындағы құбылысты, ғылыми танымды айтқым келеді. Фактураның өзі әр
түрлі. Бірі–табиғатта, екіншісі–суретте болады деп көрсетті.
Табиғатта фактура өзінің материалдарымен байланысты (бархат-бір
фактура, жүн-басқа фактура). Бұл фактуралардың әр түрлі қасиеттері болады,
және олар жарық құбылысын әр түрлі қабылдайды деп көрсеткен.
Мұнан соң ол «сурет фактурасы, сурет техникасы туралы айту қажет. Бұл
салада да айтып отырғанымыз көркемдік құбылысқа жатады. Ғылыми дүниеге
қатысты жеке құбылыстарды да ғылыми тұрғыдан ашып көрсету маңызды» деп
ойлаған. (Юон К.Ф. Об искустве т.1. 302с).