Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер

адамдары оның шығармашылығынан ерекше орын алады. Суреткердің бұл бет

алысы институт бітірердегі дипломдық жұмысы – Құрманғазы бейнесін

салудан басталды. Сонан бері салған жеке адамдардың мүсіндері идеялық

мазмұнымен композициялық ерекшелігімен, шеберлігімен айрықшаланады.

Өмірдеті таныс көріністер өнерпаздың шеберханасында жаңа мазмұнға ие

болуы оқушыларды қатты қызықтырды. Мүсінші оқушылардың сұрақтарына

жауап беріп, өз ойын жүзеге асыруда техникалық құралдарды қалай пайдалану

қажеттігін көрсетті. Рысбек өнерді сүйген, білімді еңбекқор жан. Қазір ол

шығармашылық кемел шағында.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде Рысбектің «Сүйінші» атты

туындысын ерекше атауға болады. Ұ лы Отан соғысында бүкіл кеңес халқымен

қатар Қазақстан жауынгерлері де асқан ерлік көрсетті. Халықтың осындай

табандылығы мен жанқиярлық тылдағы еңбегінің нәтижесінде соғыс жеңіспен

аяқталды. Халық бұл күнді асыға күтті. Соғыс бітті деген хабар жетісімен жас

бала сүйінші сұрап ауылға шауып келді де, ат тізгінін тартып жауымыздың

жеңілгендігін хабарлады. Мен бұл еңбегімде қазақ жеріндегі жеңістің

хабаршысын бейнелеуге талпындым, — деді.

Бұл ескерткіш фонына қос жарты шеңбер салынған. Оның біріндегі

бейнелер жауынгерлердің майдандағы ерлігін көрсетсе, екіншісінде тылдағы

халықтың еңбегін жыр етеді. Ал шеңбердің ішкі бетіне: Туған жерді азат еткен,

Тыныштықты қорғап қалған. Ерлігімен маздап өткен, Елде бақыт орнатқандар.

Біз сіздерді мәңгілік паш еттік! — деген сөздер жазылған. Шеңбердің ортасына

мәңгілік от жанып радио торабынан Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлері

орындалып тұратын болады, -- дейді мүсінші.

Әңгімесінің соңында одақтық және халықаралық көрмелерде көрсетілген

«Ағайындылар», «Қонақжайлылық», «Ақсақалдар», «Дала бояулары»,

«Келіншектер» атты шығармаларының ерекшеліктеріне тоқталды. Мұнан соң

оқушылар мүсіншіге алғыстарын айтты. Мектептегі бейнелеу өнері үйірмесінің

жұмысын жетілдіру – жас өспірім талантын ашудың ұтымды жолдарының бірі.

Сондықтан бейнелеу өнері туралы сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс

ұйымдастыру, оқушылар арасынан шығатын болашақ А. Қастеев, К. Телжанов,

X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол

ашылды.

Суретшілер шығармаларымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру

көркемдік тәрбие берудің ерекше мүмкіндіктерінің бірі болып табылады.

Мұндай шығармалар оқушылардың өмірді түсінуіне, өмірдегі сұлулықты көре

білуге үйретеді. Көркем шығармаларды қабылдау мен оларды бағалай білуі –

оқушылардың мәдени рухани деңгейін көтереді. Жүйелі таныстыру негізінде

картиналарды жәй қараудан бастап, оның мазмұны мен көркемдеу

мүмкіндіктерін түсінуге дейін білім деңгейі мен дағдылары дами түседі.202

Көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасау әдістері

Оқушылардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, мұратын

қалыптастыруда қоршаған ортадағы көрнекті үгіт жұмыстарымен

таныстырудың орны ерекше. Қазіргі кезде ауыл болсын, село болсын сәндік

көркемдеу жұмыстарын жиі кездестіреміз. Солардың ішінде бала сезіміне

ерекше қозғау салатыны сәндік монументальдық өнер туындылары. Бұл өнер

шығармалары көлемділігімен де қоршаған ортадағы үйлесімділігімен де кімнің

болса назарынан тыс қалмайды. Сондықтан мұндай жұмыстарды тәрбие беру

жұмысында орынды пайдаланған жөн.

Шымкент қаласы – үлкен өнеркәсіп пен мәдениет орталығы. Қала көркі

соңғы кезде әсем безендірілген көрнекті үгіт насихат жұмыстарымен толығып

келеді. Көшелерде тұрақты орнатылған көркемдеу жұмыстары ерекше көз

тартады. «Халықтар достығы», «Ешемен Қазақстан» атты көрнекті безендіру

жұмыстарымен қала гүлдене түсуде. Мұғалім осындай бағыттағы әңгімеден

соң оқушыларды қала көшелеріне алып шығып өнер туындыларына мынадай

жоспарда әңгіме өткізеді.

Монументалдық көркемдеу жұмыстарының бір түрі — мозайкалық

туындылар қала архитектурасымен үйлесім тауып ерекше сән түзейді. Темір

жол вокзалы ауданындағы түрғын үйдің сыртқы қабырғасында тұтастай

салынған көсем мен теміржолшылардың мозайкадан жасалған бейнелері

Юбилейный проспектісіне ерекше сән беріп түр. Ә. Жангелдин көшесіндегі оқу

өндірісті комбинатының көше жақ бетіндегі қабырғасына тұтастай салынған

мозайкалық шығарма осы оқу орнының қызметін көркем тілмен айтып

тұрғандай. Бұл мозайкалық шығарманың мазмұны мен композицмнлық

құрылысы архитектуралық құрылыстың өзімен ғана емес көше табиғатымен

лайықты үйлесім тауып көрермендерге әсемдік сезімін туғызады. Қаланың

оңтүстік бөлігінде орналасқан Шымкент - Ташкент автомобиль жолының

бойында орналасқан «Электр энергиясы өндірістік бірлестігі үйінің»

қабырғасына бейнеленген мозайкалық туынды идеялық мазмұннымен де,

композициялық орналасуымен де ұтымды шыққан туындылардың бірі.

Қаланы көркемдеу жұмысына соңғы кезде архитекторлар белсенді үлес

қосып келе жатыр. Олардың қазіргі колданып жүрген әдістері — ою өрнектерді

архитектурада көркемдеу элементі ретінде қолдану. Халық өнерінін негізгі

элементінің архитектурада қолданылуы қазіргі кала көрінісіне ерекше сән

береді.

Осыған байланысты қаладағы көптеген құрылыстарды көркемдеу

элементі ретінде ою-өрнектер кең түрде қолданылып жүр. «Қазақстан»

кинотеатрының іші сыртқы қабырғаларынан, темір жол вокзалы мен аэропорт

үйінің кабырғаларынан мүйіз формалы ою өрнектерден құралған

композицияны жиі көреміз.

Көркемдеу жұмыстарының бір түрі — монументалдық стенділер болып

табылады. Мұндай көркемдеу жұмыстары Әл-Фараби және Ордабасы

алаңдарында Дулати, Жангелдии, А.Асқаров көшелер, Республика және Тәуке

хан проспектілерінде орналасқан. Монументалдық өнер саласына кіретін 203

монументалдық портреттер соңғы кезде сәнді көркемдеу және көрнекті үгіт

жұмысы ретінде архитектуралық құрылыстың алдыңғы көрінісін көркемдеуге

қолданылып жүр. Тәуке хан проспектісінде университет және медицина

академиясының үйінің фасадындағы безендіру суреттерінің орындалуы,

қоршаған ортамен үйлесуімен және көрнектілігімен алыстан еріксіз көз

тартады.

Қалада монументалдық скульптура көптеп саналады. Олардың ішінде

көлемді мүсін өнеріне кіретін Б.Момышұлы, Әл-Фараби, Абай,

Мұратбаевтардың ескерткіштері бар. Экскурсия кезінде сынып оқушылары,

жетекшілерімен бірге ескерткіштерге гүл қояды. Сондай-ақ С. Сейфуллин

атындағы кинотеатрдың, Ж.Шанин атындағы драма театрдың, Шымкент қонақ

үйі мен Абай паркінде орналасқан Ұ лы Отан соғысында қаза тапқандарға арнап

орнатылған релефтері архитектуралық комплексті әсемдеумен қатар көше

көркін арттыра түседі.

Қазақ халқының тұрмысында қолданатын бұйымдарын безендіру

сәндік көркемдеу жұмыстарының бір түріне жатады. Мұндай халық мұрасын

облыстық өлке тану музейінен көруге болады. Киіз үймен оның жасау

жиһаздарын жәіне зергерлік бұйымдарды олардың әсемдеу үлгілерімен

оқушыларды таныстыру эстетикалық тәрбиеберудегі маңызы зор.

Көркемдеу жұмыстарының бір түрі — қаланың көшелерін мерекелік

көркемдеу болып табылады. Қала көшелерінде мереке алдында мерекеден

кейінгі уақыттарда мерзімдік көркемдеу жұмыстарын өте жиі көруге болады.

Мұндай көрнекті үгіт жұмыстарын балаға көрсетудің мақсаты көркемдік білім

және эстетикалық тәрбие беру. Оқушыларға көркемдік білім менэстетикалық

тәрбие беру ісінде мектептің ішкі және сыртқы көріністерін әсем безендірудің

маңызы зор. Баланы қоршаған ортаның бірі — мектеп. Сондықтан мектептің

сыртқы кіре беріс бетін, коридор, фоэ, акті залы және кабинеттерін сәндік

көркемдеу жұмысы әр уақытта бала назарын аударып, әсемдік сезіміне қозғау

салады. Мектептердегі көркемдеу жұмыстары тақырыптарының әр

алуандығымен интерьердегі лайықты орналасуымен орындау техникасының

сапалылығымен назар аударатын үлгілері өте көп. Сондықтан оқушыларға өзі

оқитын мектептің өнерімен таныстыру өте орынды.

Экскурсия кезінде монументальдық стендіні көрсету арқылы

монументальдық, өнердің түрлерімен оның қоршаған әсемдік байланысы

туралы берген түсінігі оқушылардың өнер ұғымдарын арттырып,

қызығушылығын туғызды.

Оқушыларды өзін қоршаған ортаның өнерімен таныстыруды белгілі

жоспар арқылы өткізіледі Әрбір экскурсияның жоспарын жасап, өнер

туындыларын таныстыру барысындағы әңгіменің талдауларының конснектісін

алдын ала дайындалады.

Қоршаған ортаның керкемдеу жұмыстарын балаларға таныстыруда

олардың жас ерекшеліктерін үнемі ескеріп отырылады. Бастауыш сыныптарда

өзі оқитын мектептің, төртінші, бесінші сыныптарда мектеп жанындағы

көшелерді, мәдени орындарды, алтыншы сыныптарда оқушыларды өндіріс

орындарының көркемдеу жұмыстарын таныстыру жоспарланады. Көркемдеу 204

жұмыстарын балаларға таныстыру барысында олардың мазмұнынын көркемдік

ерекшеліктерімен өте тығыз болатындығына назар аударылады.

Көркемдеу жұмысының түрлерімен, орындалу техникасын жоғарғы

сынып оқушыларыпа тереңірек таныстырып, олардың өздерін мектептің

көркемдеу жұмысына қатыстыру орынды. Себебі балаға көркемдеу жұмысын

көрсетумен қатар оларды көркемдеудің практикалық іс әрекетіне

қатыстырудың білім мен тәрбие берудегі ұтымды жақтары көп.

Көркемдік безендіру жұмысы қоршаған ортаны әсемдеумен қатар

қоғамдағы маңызды мәселелерді насихаттап, көрнекті үгітке айналады. Бұл

жағдай мектеп оқушыларына эстетикалық ықпал етумен қатар көркемдік білім

негіздерін, бейнелеу өнері ұғымдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Өлкетану музейіне экскурсия жасау

Мектеп оқушылары өмірінде эстетикалъіқ тәрбиенің алатын орны

ерекше. Бүгінгі таңда бұл мәселе кең көлемде зерттеліп, баланы әсемдік әсері

арқылы тәрбиелеудің әдістерімен толыға түсуде. Бұл орайда оқушылардың

өнер шығармаларын қабылдап, түйсінуі мен әсемдік талғамын

қалыптастырудың маңызы үлкен. Оның ішінде халық өнерінің ерекшеліктері

мен мүмкіндіктерін оқып үйренудің мәні айырықша зор. Мұндай мақсатты

көздеп өлкетану музейіне оқушылармен экскурсия жасау орынды.

Өлкетану музейіне экскурсия жасау барысында мұғалім мынандай

бағыттар бойынша әңгіме козғайды: Әрбір халық, тайпа өнеріндегі өзіндік

ерекшеліктері арқылы әлемдік мәдениетке белгілі дәрежеде үлес қосып

отырады. Әрине, мәдениет пен өнердің гүлденуі кезеңі материалдық өндіргіш

күштердің дамуы мен әлеуметтік саяси қатынастарға байланысты болатыны

сөзсіз.

Халық тұрмысында жиі кездесетін сәндік қолданбалы өнер жақсы өсіп

дамыған болатын. Оның түп тамыры сонау ғасырлар төрінен басталады. Осы

сөзіміздің куәсін Айша биби, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлерінің сәулеті мен

археологиялық қазба нәтижесінде табылған тұрмыстық бұйымдардан көруге

болады.

Халық өнерінің негізінде жасалған заттар қазіргі тұрмысымызда жиі

қолданылып келеді. Мәселен, ежелгі ою-өрнек өнерінің үлгілері бүгінгі

архитектуралық құрылыстармен күнделікті тұтыну заттарын әсемдеуге кеңінен

пайдаланылып отыр. Сәндік өнер туындыларының өзіндік ерекшелігі туралы

айтар болсақ, оида ол біріншіден тұрмыста қолданылады, екіншіден көлемі

аумақты болады, үшіншіден ол халықтың көркем мұрасы. Шеберлер мен

зергерлер жасаған құмыра, кесе, басқұр, киіз, алаша, білезік, сәукеле, алқа

сияқты тағы басқа бұйымдар халық суреткерлерінің нәзік талғамын аңғартады.

Мұндай әңгімеден соң мұғалім балаларға, жоспарлы түрде киімдерді, ыдыс-

аяқтарды, ат-тұрманды, киіз үйдің әшекейін, батырдың киімдерін, әйелдердің

түрлі безендіру бұйымдарын көрсетеді.

Музейдегі күнделікті тұтыну бұйымдардың көне үлгілерін көзі көрген

жасөспірімдер мен балалар олардың көркемдік ерекшеліктеріне назар аудармай 205

қала алмайды. Бұдан сон «өте жақсы жасалған екен», «оюының әдемісін-ай»,

деген өз пікірлерін түйіндейді. Осылайша әсемдікті сезіну арқылы баланың

талғамы қалыптаса бастайды. Әдетте өнер дегеніміздің өзі адам еңбегінің бір

түрі болып табылады. Ал дені сау адам еңбексіз тұра алмайды. Бала

психологиясында бұл қажеттілік ерте бастан қалыптасады. Мұны байқау қиын

емес. Мәселен, әсем затты көріп таңыркаған әрбір бала сондай бұйым жасауға

әрекеттенеді.

Бейнелеу өнері сабақтарында және жалпы тәрбие жұмысында халық

өнерімен таныстыру мұғалімнің педагогикалық тәжірибесіне кеңінен енуі

қажет. Қандай өнер шығармасы болмасын ол баланың ой сезіміне әсер етпей

коймайды. Кейбіріне таң қалса енді кей біріне соншалықты қызығады. Нақ

осындай «бәрін көрсем, бәрін білсем деген талпыныс кезінде оларға әлгі әсем

туындылардың мәнімен көркемдігін балаға жүйелі түрде түсіндірудің, талдап

салыстырудың пайдасы аса көп. Бұл шақта балалардың көру арқылы есте

сақтау қабілеті өте зерек, зерделі болғандықтан, ақыл-кеңесті қабылдауы

жеңілдейді. Бұдан ұстаз да шәкірт те ұтады. Сондай сұлу бұйымды

жасөспірімнің өзім де жасасам деген шығармашылық талпынысы оянады.

Осылайша олардың қоршаған ортаны танып білуде, көркемдік идеалдары

қалыптасады.

Музейдегі сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын тәрбие қүралы ретінде

пайдалануда оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беру керек. Өйткені,

олардың қабылдау сезімі жас деңгейіне байланысты әр түрлі сатыда дамиды.

Мысалы, тым күрделі композициялы ою-өрнектерді бастауыш сынып оқу-

шыларының кабылдауы едәуір қиынға түседі. Сондықтан бұл кезеңде оларға

ою-өрнектердің, қарапайым элементтері үйретілуі керек. Яғни, бейнелеу өнерін

балаға таныстыруды қарапайым заттар мен бұйымдардан бастасақ ұтарымыз

көп.

Оқушыларға көркемдік тәрбие беру процесін екі кезеңге бөлінеді.

Біріншісі — сәндік қолданбалы өнер туындыларымен таныстыру. Екіншісі --

баланың өз бетінше жұмыс жасауына басшылық жасау. Ол үшін әңгімелеу,

талдап түсіндіру, сүрақ-жауап әдістері колданылады. Одан соңғы тапсырма

бейнелеудің қарапайым негіздерін меңгеру. Қарандашты дұрыс ұстау, қағаз

бетіне заттың беннесін композициялық жағынан дұрыс орналастыру,

бұйымның құрылысын сауатты жасау сияқты тұстарда ұстаз көмегі әбден

қажет. Суреттің қайткенде дұрыс салынатындығын ауызша түсіндірудің

ұтымдылығы аз, сондықтан қалай бейнелеу керектігін тікелей салып көрсетудің

орны бөлек.

Музейге экскурсия жасау кезінде мұғалім сәндік қолданбалы өнер

бұйымдарының көркемдік сапасын талдау барысында мынандай

ерекшеліктеріне назар аударған жөн: 1. форманың құрылысын талдау, мысалы:

(құмыраның түбі шарға, ал аузы қиық конусқа ұқсас болуы мүмкін). 2. Ою-

орнектердің композициялық орналасуын үғындыру, (мысалы: түйе табан

құмыраның жоғарғы бөлігінде түзу сызық бойымен түссе, ал төменгі бөлігінде

шеңбер бойымен тартылады). 3. бояу түстерін айыра білу (құмыраның түсі қара

қоңыр болған соң ою-өрнектер оған қарама қарсы ақ не көк түстерден беріледі). 206