
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
«Селолық сурет галереясын»етіп ашып берді. Музей үйінің үлкен екі залы
менің салған картиналарымның галереясына айналды. Отыз жылдан астам
уақыт еңбектеніп келген картиналарым енді тар да, қараңғы екі бөлмеден
жарыққа шықты. Менің өмір бойғы арманым еді бұл. Енді менің еңбектерімнің
ондаған, жүздеген көрермендері болатыны есіме түскенде кеудемді ерекше бір
қуаныш сезімі биленді. Сонымен қатар шығармашылығымды жалғастыруыма
және балаларымның жақсы жағдайда тұруына қамқорлық жасап, колхоз
есебінен бес бөлмелі жаңа үй салып берді.
Сұрақ: Кейбір шығармаларыңыздың көркемдік ерекшеліктері туралы
айтсаңыз?
— Мен қазір жаңа ізденіс үстіндемін. Өзім тұратын колхозда
шаруашылық науқанына көмек ете жүріп, шығармашылық жұмысымды
жалғастырудамын. Менің шығармашылығыма арналған галерея залынан еңбек
адамдарының портреттерімен бірге шығармашылық адамының да бейнелерін
көруге болады. Бір картинамда белгілі ақын Омарбай Малқаров пен сатира
сарбазы Садықбек Адамбековтың ат үстінде әңгімелесіп бара жатқан
картинасын бейнеледім. Бұлар соңғы кездегі сәтті туындыларымның бірі
дерлік. Сондай-ақ суреттерімнің әлі бояуы кеппеген жаңа туындыларымның
бірі — «Біз де жас болғанбыз» деген картинамда тағы табиғат байлығын кең
жазықтықта демалыс уақытында тыныстап отыр-ған аға буын өкілдері мен
қатар оларға әңгімелесуге келген жастар. Бұл бояулы картинамды да аяқтауға
жақынмын.
Осы «Туған ауыл» және «Автопортрет» аталған картиналарым 1977
жылы Лондонда өткен «КССРО халықтары шығармашылығының»
халықаралық көрмесіне қатысып, лауреат деген атаққа ие болдым. Алтын
медаль алдым. 1975-1977 жылдары өткізілген Бүкілодақтық фестивальдың
лауреаты атандым. Москвада кеңес халқының Ұ лы Отан соғысындағы Же-
ңісінің 40 жылдығына арналып әуесқой суретшілердің Бүкілодақтық көрмесі
ашылды. Осы көрмеге екі еңбегім қойылды. Олар «Мейірбан жан» және
«Майданнан келген соңғы хат» деп аталады. Мұның екеуі де соғыс кезіндегі
тылдағы әйелдер ерлігін көрсетуге арналған. Мұның біріншісінде соғыс ке-
зінде эвакуациямен әкелінген панасыз қалған балалардың, екіншісі оларға ана
болған әйелдердің жиынтық бейнесі көрсетілген, соғысқа кеткен боздағынан
айырылған ананын мәңгі айықпас қайғы-азасы бейнеленген.
Бұл еңбектер көрмеге келушілер мен сарапшылар алқасы тарапынан
жоғары бағаланды және аталмыш көрменің лауреаты деген атақ берілді.
Бүкілодақтық әуесқой суретшілер көрмесінде мұндай жоғары атаққа осымен
екінші рет ие болдым.
Суретшінің әңгімесінен соң оқушылар жеке шығармалардың идеялық
мазмұны, композициялық құрылысы, колориті және орындалу техникасы
туралы өздері әңгімелеп берді.
1-оқушы: «Жана жердегі көктем» атты майлы бояумен салынған суретші
картинасы өлкеміздің тың игерушілеріне арналған. Алғашқы тың игеру 199
кезіндегі қиыншылықтарға патриоттық бастама көрсеткен жас отбасының бітім
болмысы, жастық пен махаббаттары суретші көзімен ғана байқалатын өрлік пен
ерлікке толы поэма деп қарауға тұратын туынды.
2-оқушы: «Танысу» атты суреттің де өзіндік шертер сыры бар. Мұнда
малшы ауылдың жастары бейнеленген. Әскер қатарындағы қызметтен соң
шопан болған жас жігіт көк майсалы қия беткейде қой жайып жүріп, көркі көз
тартар бір сүйкімді қызға кездеседі. Қыз жігіт көйлегіндегі түйменің үзілгенін
көреді. Бірақ таныстығы жоқ жігіттен ұялады. Балғасын тастамайтын жақсы
ұста сияқты бұл қыз да кестесі мен ине жібін тастамайды екен. Әңгіме үстінде
танысқан соң жігіт көйлегінің түймесін қадауға кірісті. Екеуі де сыр білдіргісі
келмейді. Алайда бірі екіншісінен өз бақытын табатындай сезімде. Екеуінің де
бүкіл тұлғасынан уәдеге берік, адал жандар екенін байқайсың. Оларға еріксіз
бақыт тілейсің.
Қорыта айтқанда автор бұл сурет арқылы шынайы махаббат пен асқақ,
адамгершілікті дәріптейді. Иә, махаббат пен адамгершілік қатар жүрсе, мұнан
асқан сұлу да жарасымды өмір жоқ.
3-оқушы: «Сауыншы» атты майлы бояу мен салынған картинасы
сауыншылардың қимылын және іс-әрекеттерін бейнелеген: Қайсібірі сауынға
кірісер алдында қолын, шелегін таудың таза суына жуып, ақ сүлгімен ұқыптап,
қайта-қайта сүртеді. Қыл қалам туындысында жасыл көк, ақ түстер басым,
Олар көктемнің түсі. Бұл жаңа бастаманың жастықтың символындай.
Туындыда түстердің гармониялық қайталануы, үйлесімділігі арқылы халықтың
өмірі, жаңа тұрмысы бояулар тілімен көрерменге аса шебер жеткізілген.
4-оқушы: «Сауыншы», «Автопортрет» деген картинасы әуесқой
суретшілердің облыстық байқауында үздік бағаланып, республикалық көрмеге
жолдама алды. Онда алтын медальға иемденеді.
Экскурсия барысында балалардың назарын суретші шығармашылығы
жайлы пікірлер жазылған кітапқа аударып, оның кейбірі оқып берілді.
Қ.Жұбасова пікір кітабына былай деп жазыпты: «Өнер игілікті әсер етеді, өнер
тәрбиелейді. Селолық көркем-сурет галереясын жасаудын инициаторларына
шын жүректен алғыс айтамыз. Молдакең Бүкілодақтық фестивальға дейін
«Менің ауылым», «Сауыншы», және «Автопортрет» суреттерін ғана салған еді.
Ал содан бері бес жыл ішінде іске асқан мынадай көп еңбекке көз сала отырып,
еріксіз таңданасың. Молдакеңнің алға қойған мақсатқа жету жолындағы
табандылығын қиынылыққа тайсалмай қарайтын қайсарлығын, шаршап
шалдығуды білмейтін қажыр қайратын айтпай-ақ аңғарасың».
Көркем сурет галерсясындағы экскурсия ксзінде оқушыларға өнер
шеберлері Ф. Потехин, Б. Талқанбаев, Б. Байменов, У. Көшкінбаев, А. Оспанов,
Ю. Евсеевтердің суретшіге сыйлаған енбектері таныстырылды. Мұнан соң
балаларды қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілетін
залға апарып, ою-өрнектердің тұрмыс заттарын әсемдеуге колдану жолдары,
халықтың әсемдік талғамы, жайлы әңгіме қозғалды.
Кездесу соңында мұғалім: суретші шығармаларда туған ауылын бейнелей
келе халықтың өмірін, тұрмысын көрсетіп, оны кейінгі ұрпақтың көз алдына
елестете білген, еңбек адамдарынын шынайы образын жасағандығы туралы 200
айтты. Балалар, біз өзінің қымбат уақытын бөліп кездесуге келіп, өнер жайлы
қызықты әңгімесін айтқан Молдағали ағаға көп-көп рахмет айта отырып, зор
денсаулық, шығармашық табыс тілейміз деп аяқтады.Сабақтыңың соңында
оқушылар суретшіге алғыстарын айтып, өз шамаларынша шағын концерт
көрсетті.
Суретшілер шеберханаларында кездесу өткізу
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің керкем өнер білімдерін
меңгертудің, білімді өмірмен байланыстыра жүргізудің жолдары мен әдістері
жылдан жылға дами түсуде. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеуді онан әрі жетілдіру мектеп мұғалімдеріне жаңа талаптар
қойып отыр. Мұны жүзеге асыруда бейнелеу өнері туралы сыныптан тыс
әңгімелесу, өнер туралы кештер өткізу, өнер адамдарымен кездесу,
оқушыларды сурет көрмесімен музейлерге апарып, орайы келгенде суретшілер
шеберханасында болу аса маңызды.
Мұндай жұмыстарға оқушылар қызыға қатысады. Осы орайда
Суретшілер одағының мүшесі, ою-өрнектер салудың шебері Ғани Иляевтің
шеберханасында өткен кездесуді айтқан орынды. Кездесу барысында суретші
өзінің өмірінен қызықты әңгімелер айтып, салған ою-өрнектерінің тарихына
тоқталып, шығармашылығының қалыптасу кезеңдерін көрсетті. Халық қол
өнерінің тұрмысымызда алатын орнын айтып түсіндірді. Халық шеберлері
жайлы әңгімеледі.
- Мен жасымнан халық өнерін сүйіп өстім, анам кілем тоқитын, нағашым
күміс белдік, білезік, тұмарша, сырға жасайтын айтулы шебер болатын. Кейін
мен де қол өнер бұйымдарының, ою-өрнектерінің үлгілерін жинап, өз
еңбегімнің алғашқы нұсқаларын жасай бастадым. Ойымды жеткізетін
мазмұнды суреттер салумен шұғылданып, онда ескі мен жаңаның үндесуіне
назар аудардым, - дейді Ғани Иляев. Айтса айтқандай. Суретші бейнелеген
«Космонавт бейнесі», «Біржан мен Сараның айтысы», «Шопан», «Қысқы
пейзаж» туындылары оқушыларға айтарлықтай әсер қалдырды. Бұл
оқушылардың әсемдік сезімінің дамуына ықпал етті. Кездесуде оқушылар
сәндік қолданбалы өнер туралы көптеген мағлұматтар алып, өнерпаздың
архивінде бес мыңнан астам ою-өрнектердің үлгісі бар екендігін, еңбектері
республикалық, одақтық, әлемдік көрмелерде жүлделі орын алғандарын білді.
Оқушыларды суретшілер шеберханасына экскурсияға апарудың
тәрбиелік мәні зор екендігін ескерген мұғалім К. Мошкалов оқушыларын одақ
көлеміне танымал мүсінші Рысбек Ахметовтың шеберханасына апарды.
Мүсінші оқушыларды республикамыздың үкпір түкпіріне қойылған
ескерткіштерінің эскизімен таныстырып, Ғани Мұратбаев пен Қарсыбай
Сыпатаевтың ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктерін түсіндірді.
— Мен сурет салуды бала шағымнан ұнатамын, — деді ол. Саз
балшықтан әр түрлі ойыншықтар жасап, малдардың, адамдардын бейнелерін
жасауға талаптанатынмын. Мұнан соң мектептегі қабырға газеттеріне арнап 201
сурет салдым. Менің өнер жолымның қалыптасуына өнер қайраткері Филипп
Иванович Грищенко зор еңбек сіңірді.
Р. Ахметов Ташкенттегі көркемөнер институтының скульптура бөлімін