Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына

бастады. Бұл Қазақстан еңбеккерлері үшін де елеулі оқиға болды. Жолды

салуға көптеген жумысшылар қатысты. Ол салынып болған соң, бұрын атпен,

түйемен бір күн жүретін жерге поезбен бірнеше сағатта жететін жағдай туды.

Осы темір жол бойымен қазірде халыққа қажетті товарлар тасылуда. Сонымен,

бұл жол қазақ, халқының ерлік, ерен еңбегінің жемісі ретінде тарихта қалды.

Суретші Ә. Қастаевтің «Түрксіб» картинасы осы тарихи окиғаның бір эпизодын

көз алдымызға әкеледі.

Шығарманың композициялық ортасында поезд, алдыңғы көріністе оны

қарсы алушы ауыл адамдары бейнеленген. Бұл көрініс халықтың жаңа

тұрмысын білдіреді.

Картинадағы бояулар түстері әр түрлі. Жылы түсті бояулар алдыңғы

көріністе көбірек қолданылған. Орталық көріністе қызыл және көк түстер

үйлесімді пайдаланылған. Түстер құрамы көктем гүлін елестеткендей. Суретші

бұл арқылы кейіпкерлердің көңіл күйін көктем гүлімен, жаңа өмірді көктеммен

теңейді. Ол ауа перспективасын өте шебер берген. Алдыңғы көріністегі

бейнелер анық соңғы көріністегі бейнелер бұлыңғыр.

Автор ойын картина көмегімен жеткізе келе, ол туралы баяндау ба-

рысында перспектива және суретшінің оны беру техникасы туралы оқу-

шылардың түсініктерін байыта түсеміз. Жалпы алғанда, «Түрксіб» кар-тинасы

бізді Қазақстандағы алғашқы ірі құрылыстармен, еңбекшілердің ерлік

істерімен таныстырады. Осы сияқты қазақ халықының ерлік жолдарын

бейнелейтін В. Крыловтың «Шахтерлерды майданға шығарып салу»,

Т.Тоғысбаевтың «Дала балладасы», Ә.Исмайловтың «Бетпақ даладағы тоған»,

Ә.Сыдыхановтың «Еңбек» атты картиналарының мазмұны, көркемдік

ерекшелігі, суретшінің шеберлігі мен картинаны салу техникасы жайлы да

өткізілген осы сабақта тартымды әңгімеленеді. Картиналарды талдап болған

соң, сұрақ-жауап әдісімен сабақ қорытындыланады. Қорыта айтқанда, бұл

әңгіменің оқушыларды республика халқының ерлік жолдарымен таныстырып,

олардың бейнелеу өнері туралы түсініктерін молайтуға көмегі тиді.

Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі

сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады.Бейнелеу өнерінің 187

мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан жұмыс жүйесі мынандай түрлерге

бөлінеді:

1.Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының

репродукциясып қолдану арқылы әңгіме сабақ өткізу.

2. Бейнелеу өнері мен таңдаулы өнер шығармаларының көркемдік

ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру мақсатын көздейтін сыныптан тыс

әңгіме сабақтарын өткізу.

3. Сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру

мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау.

4. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болып табылатын, таңдаулы

өнер шеберлеріменен кездесулер ұйымдастыру.

5. Оқушының өзі тұратын ауылдағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге,

мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті үгіт жұмыстарына

экскурсия жасату.

6. Суретшілердің көшпелі көрмесіне, жеке суретшілердің есеп беру

көрмесіне экскурсия жасау.

7. Суретшімен бейнелеу өнері сабағында кездесу өткізу.

8. Өнер шығармаларының репродукциясынан, оқушылардың бейнелеу

жұмыстарынан, суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған

бейнелеу өнері көрмесін мектеп көлемінде ұйымдастыру.

9. Оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктер шеңберін арттыру

үшін бейнелеу өнерінің терминдерінен құралған иллюстрациялардан қүралған

монтаж ұйымдастыру.

10. Мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы кеш өткізу.

11. Ірі қалалардағы бейнелеу музейлері мен сурет галереясына саяхат

жасау.

12. Өлкедегі архитектуралық құрылыстардың көркемдік ерекшелігін

таныстыру мақсатын көздейтін экскурсиялар ұйымдастыру.

13. Бейнелеу өнері мен суретшілер туралы видеофильмдер мен

кинофильмдер көрсету.

Бейнелеу өнерінің шығармаларын мұғалімнің жұмыс жүйесінде қолдану

мынандай міндеттерді жүктейді:

- оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру;- саналылық пен

белеенділік қабілеттерін тәрбиелеу;

- еңбекке халық мұрасына деген оң қатынасын тәрбиелеу;- эстетикалық

мәдениет негіздерін тәрбиелеп, көркемдік талғам мен қабілетін дамыту;

- қоғамдық өмір шындығындағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу;

- өнер шығармаларын қоғам қажеттігі тұррысынан бағалай білуге үйрету;

- патриоттық және елжандылық тәрбиесін беру.

- еңбек, өнер адамдары, ғалымдар туралы түсініктерін кеңейту, талант пен

еңбек туралы түсініктерін дамыту;

- суретшілер өмірі мен қызметі үлгісінде оқушыларға тәрбие беру;

- оқушылардың бір бірін сыйлауы, оқушы ұжымындағы мүшелердің

өзара қатынастағы адамгершілік қатынетарын қалыптастыру; 188

- оқушыларды Қазақстан қарулы күштерінің Қазақстанның ерлік пен

еңбек дәстүрінетәрбиелеу;

- мектеп мұғалімдеріне, суретші мамандығына деген сүйіспеншілік

сезімін тәрбиелеу;

Бейнелеу өнері шығармаларын тәрбие жұмысында қолданудың

ұтымдылығы көп. Солардың бір түрі тәрбие жұмысының барысында өнер

туындыларын орынды қолдану, мұғалімнің жиі қолданатын жұмыс формасы.

Бейнелеу өнерінің шығармаларының көлемді рспродукцияларын тәрбие

сағаттарында оқушыларға көрсету арқылы мұғалім эстетикалық тәрбиемен

қатар адамгершілік тәрбиесін беру жұмыстарын жүргізуіне болатындығына

тәжірибе көрсетуде.

Бейнелеу өнері шығармаларын сыныптан тыс оқушыларға таныстыру

үшін мұғалім мынандай жұмыстар атқарады:

1. Бейнелеу өнері туралы альбомдардан, журналдар мен көркемдік

ерекшеліктері жоғары кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер мүсін

шығармаларының репродукцияларын таңдап алады.

2. Бейнелеу өнерінің әрбір шығармасының мазмұны, композициялық

құрылысы, боя түстері, орындалу техникасып талдау сабақтарына дайындық

жүргізеді.

3. Шығармалардың репродукцияларын оқу мен тәрбие мақсатын шешуге

қолайлы тақырыптарға біріктіреді.

Жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері

арқылы өткізілетін тәрбие жұмыстарын мынандай тақырыптарға бөлуге

болады:

1. Бейнелеу өнеріндегі ана образы.

2. Бейбітшілік және бейнелеу өнері.

3. Революцияға дейінгі ел өмірі бейнелеу өнерінде.

4. Суретшілер шығармаларындағы Ұ лыОтан соғысы тақырыбы.

5. Бейнелеу өнеріндегі еліміздің ерлік жолдары.

6. Бейбіт еңбек және бейнелеу өнері.

7. Бейнелеу өнеріндегі Жамбыл образы.

8. Суретші Ә. Қастеев шығармашылығы.

9. Суретші А. Черкасекийдің шығармашылығы.

10. Живописші Қ. Телжановтың шығармашылығы.

11. График В. Айтошенко – Леоновтың шығармашылығы.

12. Мүсінші X. Наурызбаевтің шығармашылығы.

13. Сәндік қолданбалы өнер шебірі Ғ.Иляевтің шығармашылығы.

14. Ш. Уәлихановтың графикалық суреттері.

15. Қазақ гербі мен жалауы.

16. Символдық белгі – символдық тіл.

Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының

мәнін оқушыларға ұғындыру мақсатын көздейтін тәрбие жұмысы структуралық

құрылысы үш кезеңнен түрады.

Бірінші кезең мұғалімнің кіріспе сөзі. Мұғалім өзінің кіріспе сөзінде,

әдебиет пен өпердің басқа түрі сияқты бейнелеу өнерінің де өмірдегі көріністер 189

мен құбылысты бейнелейтіндігіне, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерінің

мазмұнымен байланысын тоқталады. Қазақ суретшілерінің қоғам өмірін, тарихи

кезеңдерді, еліміздің ерлік жолдарын өнер тілінде көрсету әдістерін

әңгімелейді.

Екінші кезең–оқушылардың сөзі. Бұл кезеңде оқушылар педагогтың

дайындаған тапсырмасы бойынша өнер шеберлерінің, өмірі мен қызметі, оның

көрнекті шығармасы туралы өз ойларын айтады.

Ү шінші кезеңде – мұғалім- қорытынды сөз сөйлейді.

Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін мұғалімнің тәрбие

жұмыстарын өткізу әдістеріне мыналар жатады:

- мұғалім әңгімесі және оқушылардың өнер туындыларын талдауы;

- мұғалімнің кіріспе, қосалқы толықтыру, қорытынды сөздері, дөңгелек

столдағы әңгіме, әңгіме диспут, сұрақ-жауап әдісі, суретшілермен кездесу

өткізу, бейнелеу өнері туралы сұрақтарға жауап қайтару конкурсы;

- сынып сағаты немесе басқа тәрбие жұмысына тәрбие жұмысындағы

сөздерді музыкамен байыту.

Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы орындалатын көркемдік білім

беру мен әстетикалық тәрбие беру жұмыстарына дайындық кезеңінде

мынандай жұмыстар орындалады: 1. Сыныптық қабырға газетін шығару; 2.

Сабақ тақырыбына байланысты ұлағатты сөздерді даярлап, жазу, қабырғаға ілу;

3. Плакаттар даярлау; 4. Шығрмалардың репродукцияларын жинау; 5. Ұ лы

Отан соғысына қатысушыларды, еңбек озаттарын, суретшілерді шақыру; 6.

Тәрбие жұмысының тақырыбына лайық әндердің громзаписін таңдап алу: 7.

Оқушыларды тақырып мазмұнына байланысты сөйлеуге дайындау; 8.

Шығармалар репродукцияларынан жиналған көрме ұйымдастыру; 9. Музейге,

қаладағы монументтік өнер туындыларын көруге арналған экскурсияның

жоспарын жасау; 10. Шығармаларды көрсететін техникалық құралдар даярлау;

11.Сабақ немесе тәрбие жұмысының жоспарын дайындау.

Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыларға

көркемдік білім беру, әсемдік тәрбиесін берумен қатар ұлттық тәрбие беру

міндеттері ұтымды шешіледі. Бейнелеу өнеріндегі дара тұлғалар образын

мектеп оқушыларына таныстыру барысында олардың өмірбаянын айтып, мінез-

құлқын, іс әрекетін бейбіт өмір жолындағы табанды күресін әңгімелеп береді.

Бейбітшілік үшін күрес адамзат болашағы үшін күрес. Бейнелеу өнері

шығармаларында бейбітшілік тақырыбына жазылған сан алуан шығармалар

бар. Мұндай шығармаларды балаға көрсету ісінде,мұғалім жас ұрпақты өз

Отанын шексіз сүюге, достық сезімге тәрбиелейді.

Бейнелеу өнерінде халқымыздың ерлік жолдарын бейнелеген көптеген

шығармалар мазмұнын білім беру ісінде қолданудың ұтымдылығы шексіз.

Сондықтан бейнелеу өнері шығармаларының көптеген түрлерін халық өмірін

жас ұрпакқа көрнекті көрсету үшін пайдалану орынды. Сонымен қатар

бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы балалар өмірін айқын көріністерімен

жүйелі әңгімелеу орынды.

Қазақ елінің дамуына басшылық көрсеткен көптеген жалынды

қайраткерлердің бейнесі өнер мүмкіндіктерімен образдарға айналған. Бейнелеу 190

өнеріндегі ел басшылардың бейнесі жас ұрпаққа патриоттық, елжандылық

тәрбие берудің сенімді құралы екендігін тәжірибе нәтижелері көрсетуде.

Бейнелеу өнеріндегі Ұ лы Отан соғысының бейнесі, аға ұрпақтың ерлік

жолдарын көрсетуге арналады. Соғыстың басталуы, соғыс кезеңдері,

жауынгерлер ерлігінің асқақ көріністерін композиция мүмкүндіктері арқылы

ұтымды шешкен тақырыптық шығармалар мен портреттер баланың патриоттық

ой сезімдеріне қозғау салып, ерлік істерге жігерлендіреді.

Әдебиет пен өнердің басқа салалары сияқты бейнелеу өнері

шығармаларында да мәңгілік жыр арқауы ана образы жасалған. Мұндай

шығармалар жас ұрпақтың бойында патриоттық интернационалдық сезімін

оятуға игі әсер етеді.

Бейнелеу өнері шығармалары арқылы оқушыларға қоғамдағы

өзгерістерді, қоғамның дамуын, деректі көріністердің жәрдемімен қызғылықты

әңгімелеуге болады. «Бейнелеу өнеріндегі халық өмірі» деген тақырып

бойынша оқушыларға Ә. Қастеевтің «Шевчснко қазақтар арасында», Н.

Хлудовтың «Жер жырту», «Тоқымашылар», Л. Аманжоловтың «Ақтабан

шұбырынды», М. Калымовтың «Исатай - Махамбет», Т. Шевченконың

«Қайыршы балалар», «Киіз үйдегі қазақтар», деген картиналардың мазмұны

мен көркемдік ерекшеліктері көрсетіледі.

Бұл тақырыпқа біріккен шығармалардың мазмұнын әңгімелеу барысында

шаруалар мен кедейдің ауыр еңбегі мен тұрмысы, әділетсіздікке қарсы күресі,

таптардың қайшылығын көрсетудегі өнер тілінің сипаты анықталады. Әңгіме

барысында тарихи әңгімелер, әдеби шығармалардан үзінділер оқылады, тарихи

өлкетану музейлерінен алынған деректер колданылады.

Қазақ суретшілерінің азамат соғысының бейнесін көрсететін көптеген

азаматтық, елжандылық сарында жазылған даңқты шығармалар бар. Бейнелеу

өнеріндегі азамат соғысы тақырыбы бойынша сабақ өткізу барысында мұғалім

суретшілер Н. Нұрмұхаммедовтың «Даладағы өрт», «Тоқаш Бокин отряды», К.

Шаяхметовтің «Интериацноналды шырқаушылар», М. Кенбаевтің «Ә.

Жангелдин отряды», С. Романовтың «Жер туралы декрет», Ә. Қастеевтің

«Амангелді сарбаздары», «Амангелді Имановтың портреті», В. Антошенко -

Оленовтің «Әлібн Жангелдин портреті», Т. Тоғысбасвтың «Дала балдадалары»

жайында әңгімс қозғалады.

Ұ лы Отан соғысының жеңісі күніне арнап өткізілетін тәрбие жұмысы

мазмұны суретшілер В. Крыловтың «Шахтерлерді майданға шығарып салу», Т.

Әбуовтің «Бәрі де майдан үшін» атты картиналарды көрсетумен толыға түседі.

Кескіндеме шебері Н. Насадкиннің «Қазақстандықтар Панфи-ловшыларда

қонақта», графикші И. Исабаевтің «Ленинградтық өренім» айтулы шебер В.

Чуйковтың «Жамбылдың батасы», Ү . Әжиевтің «Ленинград 1941 жыл,

декабрь» картиналарындағы соғыстың ауыр күндері сөз болады.

Бейнелеу өнері жайлы лекция және оның мазмұны

Бейнелеу өнері жайлы лекция көбіне жоғары сынып оқушыларына

оқылады. Лекцияныц мақсаты–оқушылардың бейнелеу өнері жайлы 191

түсініктерін тереңдетіп, өнер шеберлерімен, озық ойлы туындылармен

таиыстыру. Мектеп оқушыларының әсемдік талғамын дамыту, шығармашылық

белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Мұғалім лекция өткізу үшін техникалық

құралдарды өнер шеберлерінің ұлағатты сөздерін көрнекілік ретінде

қолданады.

Орта мектептің оныншы сынып оқушыларына «Қазақ бейнелеу өнері»

тақырыбы бойынша лекция көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру

мақсатында оқылады. Лекция кезінде өнер шығармаларының репродукциялары

көрсетіліп отырды. Кейбіреулерін лекция оқу барысында оқушыларға таратып

берілді.

Көп ұлтты бейнелеу өнерінің жалпы дамуында Қазақстан бейнелеу өнері

де белгілі орын алады. Қазан революциясына дейін әсіресе сәндік қолданбалы

өнер қазақ жерінде барынша кең түрде дамыды. Республикамыздағы алғашқы

жұмыс істеген профессионал суретшілер Н. Хлудов, Ф. Волков, А.

Бортников, Н.Крутильниковтер болды. Қазақстанда бірінші бейнелеу өнерінің

көрмесі 1928 жылы Семей қаласында ұйымдастырылып, кейін көшпелі көрмеге

айналдырылып, республиканың барлық жерінде көрсетілді.

Отызыншы жылдарды бейнелеу өнері көрмелерінен Ә. Қастеевтің, Ә.

Исмаиловтың, ағайынды Ходжиқовтардың шығармалары көріне бастады. Бұл

суретшілердің туындыларында кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдері көрініс

тапты. 1933 жылы Қазақстан суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті

ашылды.

1934 жылы Москвадағы шығыс мәдениетінің Мемлекеттік музейінде

қазақ суретшілерінің бірінші көрмесі болды. 1935 жылы Алматыда

«Қазақстандағы кеңес үкіметіне 15 жыл» деген атпен мерекелік көрме ашылды.

Көрмедегі таңдаулы жұмыстар Қазақстан бейнелеу өнері көрмесінің алғашқы

шығармалары ретінде танылды. Республика суретшілерінің шығармаларын

жинау, зерттеу, көпшілікке таныстыру, халыққа жаңадан таныс бола бастаған

станоктың бейнелеу өнерінің дамуына жол ашты.

30-40 жылдардағы бейнелеу өнерінің дамуына В. Антощенко - Оленов, В.

Теляковский, А. Ненашев, Л. Леонтьев, А. Черкасский, М. Лизагуб, Р.

Великанов сияқты орыс суретшілерінің ықпалы көп болды. Олар өздерінің

шығармашылық еңбектерін Қазақстан жеңістеріне арнады. Суретшілер

шығармаларының басты тақырыбы, адам, оның еңбегі және еліміздің кеңестік

кезеңдегі алғашқы жеңістері болды.

Ұ лы Отан соғысы басталғанда Қазақстандағы әрбір төртінші адам

майданға аттанды. Майдангерлердің ішінде суретшілер де болды. Тылда қалған

суретшілер үгіт-көркемдеу жұмыстарын орындау арқылы халықты екпінді

еңбек пен жеңісті тездетуге жұмылдырғаны лекцияда айтылады.

Соғыстан соңғы жылдары Қазақстан бейнелеу өнерінің ішінде кескіндеме

алдыңғы орынға шықты. Қазақстан кескіндемесінің мұндай қарқынды дамуы

Москва, Ленинград, Харьков қалаларьшдағы көркем-сурет институттарын

бітіріп келген А.Ғалымбаева, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев, Н. Нурмухаммедов, М.

Кенбаев, Г. Исмаилова, С. Романов, К. Шаяхметов т.б. суретшілердің мәдени

өмірге етене араласуы себеп болды. Суретшілер, аға ұрпақ өкілдерімен 192

қосылып әділдік, әлеуметтік өмірді жырлайтын алдыңғы қатарлы

шығармашылық күшке айналды.

Сонымен аға буын суретшілер таза академиялық формада еңбек етті.

Олардың шығармаларынық шабыты шалқар, өмір жайлы түсінігі кең, тынысы

эпикалық. Бұл стильді суретшілер өз дәрежесінде меңгерді. Сондықтан да

олардың шығармашылығында жарқын бетбұрыстарға, жетістіктерге жол

ашылды.

Орта буын суретшілер өкілінің бірі Салехадин Айтбаевтың «Бақыт» атты

кең тынысты, күрделі протреті көрермендерге кеңінен таныс. Шығарманың

колориті бай, лирикалық сарында жазылған. Кейіпкерлер мен жер табиғаты ән

әуеніне ұласып тұрғандай.

«Басқа планетаға», «Жұлдызды аспан», «Юрий Гагарин», «Жер

планетасының адамы» атты картиналарымен Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген

қайраткер А. Степанов бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік тақырыбына қомақты

үлес қосты.

График суретшілер И. Исабаев, М. Қисамаддинов, Ә. Рахмановтар

форманы пластикалық түрде бейнелеу стилін батыл дамытты. Бұл

суретшілердің шығармаларының композициялық құрылымында басқаларға

қарағанда көп өзгешеліктер бар. Суретшілер С. Айтбаев, М. Сыдыханов, Б.

Тәбиев, И. Исабаев туындылары ой толғаныстарының тереңдігімен,

композиция мүмкіндіктерімен өмір құбылыстарын жан-жақты көрсетуі басым

түседі.

Шығарма мазмұнының күрделілігіменен ерекше көз тартатын суретшінің

бірі -- Т. Тоғысбаев. Шығармаларының түстері, ырғағы және формасына қарап,

сүретшінің халық өнеріне деген ерекше ықыласын аңғарамыз. Ол аға ұрпақ

суретшілерінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, халықтық мәдениеттің терең

құбылыстарына бойлаудың жолын ашқанын айтқан жөн. Суретші

шығармаларында халықтың сәндік өнерінің дәстүрі мен бірінеше сюжет желісі

астасып күрделі образдар жүйесіне біріктіретін композицияның көркем

байланысы бар. Бұл сөзімізге мысал болатын шығарма — «Дала балдадасы».

Шығарма мазмұны кең, көркемдік орындау стилі, ою-өрнектермен

жасалған композиция қүрылысына үқсас келеді. Суретшінің «Жастық», «Әнші

таула», «Күй», «Дала әндерінің нақыштары» атты шығармалары арқылы өмір

шындығын халықтың талғамы, сезімі, көзқарасы негізінде көрсетеді.

Республиканың жас суретіпілерінің шығармаларында соңғы уақытта

айқын бетбұрыс аңғарылып кследі. Бұл жайлы алпысыншы жылдардың екінші

жартысында көріне бастаған бір топ суретшілерімізді айтуға болады.

Снмволикалық көріністерге жиірек бой ұру, мен кең ұғымды шығармалар

жетпісінші жылдардың орта шеніне тән ерекшеліктер. Жас суретшілер өнердегі

өз жолын, өз бояуын табуға талпынды. Кейіпкерлерді еңбек үстінде бейнелеп,

әрбір детальді шығарма мазмұнын ашуға қатысты алып отырды.

Суретші Б. Тулкеевтің «Тау әні», «Дала шежіресі», «1941 жылдың июні»,

«Хабар» картиналары кейіпкерлердің жан дүниесін мейілінше терең аша

отырып, қоғамдық кезеңдердің көрінісін тап басып көрсетеді. Адам болашағы

жайлы өміршең ой толғаныстарына барады. Суретшілер А. Ақанаевтің 193

«Операция столында», А. Нақысбековтің «Балалықтың шынары», атты

кескіндемелері В. Халатовтың «Тыныштық саған туған жер», «Біздің планета

біреу ғана» деп аталатын плакаттары, К. Молдашевтің «Уақыт пен жер» атты

картиналарында аға дәстүрін жалғастыру мен композиция кұрылысындағы

жаңалық сипаты айқын байқалады.

Суретші А. Нақысбековтің шығармаларының негізгі арқауы– әдептілік,

сыйтластық, туған жерге деген махаббат. Суретшінің «Балалық шақ», «Күн

атар сәттегі дала» картиналары бақытты балалық шақ, туған ауыл көріністері

арқылы өмірдегі әсем көріністердің көркем образын жасаған.

Суретші Е. Төлепбаев шығармаларында кейіпкерлер жан дүниесін

көрерменге шебер жеткізе біледі. Бояулар реңіне көп еркіндік бере бермей,

табиғи қалпына сай орынды пайдаланып отырады. «Маңғыстау бүгіні»

«Зымыраған жастық» шығармаларында табиғат пен еңбек адамдары әр түрлі

қырынан кәрінеді.