
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
архитектурасының үлгісіндегі құрылыстар да бар. Осынау тарихи сәулет
құрылыстарынан көптеген ғасырлар бойғы халық сәулетшілерінің тәжірибесін,
әсемдік туралы халық түсініктерінің жиынтық бейнесін көреміз.
Көне дәуір мен орта ғасырда өмір сүрген көшпелі халықтың өз мәде-
ниеті, өнері болды. Халық басынан кешірген ауыр замана оқиғалары ежелгі
өнер туындыларының қайталанбас үлгілерінін жойылып кетуіне себепші
болды. Олардың бізге жеткен кейбір үлгілері, музейлерде қойылған, халықтық
қолданбалы өңер туындылары бабаларымыздың әсемдік сезімдерінің,
талғамдарының, көзқарастарының өте жоғары деңгейде болғандығын көрсетеді.
Халық өнері қоғамның дамуы мен байланысты өсіп, өркендейді. Ерте
және орта ғасырларда сәндік қолдалбалы өнермен қатар сурет пен кескіндеме
үлгілері, де болуы мүмкін, бірақ - олар қатты материалдарда
орындалмағандықтан, бізге жеткен жоқ.
Қазақстан территориясында ежелгі қалалардың пайда болуына
байланысты керуен сарайы, мешіт, мавзолей, монша т.б. қатты матер-
иалдармен орындалатын сәулет өнері құрылыстарының сол кездегі жаңа
үлгілері пайда болды.
Архитектуралық құрылыстардың әсем болуы қажеттігінен, құрылыс-тың
жаңа конструкциялары мен формаларының түрлері, интерьерлер мен
экстерьлер көріністерін сәндік көркем безендірудің тәсілдері пайда болды.
Көркемдеу элементтері халық өнері туындыларымен синтездік байланыста
дамыды. Ою-өрнектер архитектуралық құрылыстық фасадын, ішкі бөлмелерін
көркем безендіруге қолданылды. Ежелгі құрылыс күмбездері пішінінің киіз үй
шаңырағымен ұқсастығы болды.178
Сәулет өнерінде әр түрлі форманың пайда болуы сол кездегі өнді-рістің
дамуы мен құрылыс материалдарыныц шығуына байланысты еді. Қазіргі кезде
құрылыста темірбетон қолданылуына орай архитектураның сипаты өзгеріп, әр
алуан формалары пайда болуда.
Мысалы, қорған, керуен сарайы, мавзолей, мазарлар пайдаланылу
қажеттігіне қарай, олардың көлемдері мен ішкі-сыртқы нобайлары әр
қилы.Архитектуралық құрылыстардың қарапайым бірнеше формалары бел-гілі
бір композициялық жүйеге біріктіріліп, күрделі архитектуралық ансамбль
құрайды.
Архитектурадағы фасад формасын композициядағы негізгі элемент деп
қарасақ, ал қабырғалары, күмбездері ішкі бөлмелерінің түрліше формалары
қосалқы элемент ретінде көрінеді.
Көне архитектуралық құрылыста симметриялық орналастыру заңы қатал
сақталады. Бұл айтқанымызға минареттердің бұрыштарға, бөл-мелердің есіктер
мен терезелердің өзінше орналасуының, сипаты мысал бола алады.
Көне архитектуралық құрылыстардың кеңістіктегі орналасуы әр түрлі
болып келеді. Олардың кейбірін биік төбе басына орналастыру арқылы алыстан
керсетуге мән берілген. Кейбір құрылыстарға табиғат түстеріне сәйкес бояу
түстерін таңдап алу арқылы қоршаған ортадан бөлектемей, тұтастай
гармониялық үйлесім жасауға ерекше көңіл бөлінген.
Сондай-ақ ертедегі сәулет өнері шеберлері архитектуралық кұры
лыстарды жасағанда жарық пен көленкенің үйлесімділігіне көп мән берген.
Халықтық сәулет өнері туындыларының бәріне ортақ көркемді ерекшеліктер –
оқушылардың әсемдік сезімдерін, талғамдары мен көз-қарастарын дамытуға
негіз болатын ерекше мүмкіндіктер.
Сәулет өнерінің туындыларын оқу шыларға таныстырудың ұтымды жолы
– балаларды экскурсияға апару, сол кезде ғимараттарды суретке түсіріп немесе
слайдаға айналдырып сабақ кезінде көрсету. Экскурсия немесе сабақта
архитектуралық ескерткіштерді таныстыру мына бағытта жүргізілгені жөн:
ескерткіштің аты, көлемі, салынған уақыты туралы мәліметтер беру;
құрылыстың нобайына талдау жасау (қандай табиғат заттарын ұқсастығы бар,
қандай геометрниялық дене жиынтығына ұқсас); көркемдеу элементтері
қандай.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі – 1389-1395
жылдары салынған тарихн материалдық алып құрылыс. Құрылыстың бөліктері
мен күмбезі өрнекті керамикалық плиталармен қапталған. Сәулет өнер
туындысы күмбез, минарет, арқа сияқты конпознциялық көлемді элементтердің
жүйесінен тұрады. Мавзолей күмбезді порталдық құрылыстар қатарына
жатады. Ішкі бөлмелеріндегі сәндік безендіру элементтері сол кездегі көркемдік
талғамның озық үлгісін көрсетеді. Сәулет өнерінің ертеден келе жатқан бұл
озық туындысында Орта Азия мен Қазақстандағы көне ескерткіштердегі форма
жасау дәстүрі сақталғанын арқаларының күмбездері мен безендіру
элементтерінің ұқсастықтары дәлелдейді.179
Республикадағы архитектуралық көне ескерткіштерге бай орын – Сайрам
селосы. Мұндағы кеңістіктегі көлемді компознцнялық форма ретінде ерекше
назар аударатын Қарашаш-Ана мавзолейі. Жалпы көлемі 7х6,5х
х 9,3 (метр). Алыстан қарағанда төбесінде орналасқан жарты шар бей-несіндегі
кумбез құрылыстың басқа да жеке бөліктерімен үйлесім тауып тұр. Күн сәулесі
түскенде құрылыстағы жеке-дара пішіндер айқындала түсіп, өзара унлесім
табады.
Сайрамдағы Ыбырайым ата мавзолейі де кеңістіктегі композициялық
құрылысы жағынан Қарашаш-Ана мавзолейіне ұқсас, екі порталдан тұрады.
Бірақ кейінгі жөндеу жұмыстарында күмбездің темір қаңылтырмен қапталуы
құрылыстың әделкі пішінің өзгертіп жіберді.
Селодағы өзіндік ерекшелігі бар архитектуралық құрылыстардын, бірі –
Абдель Азиз-баба мавзолейі. Құрылыс негізінен төрт бұрыш пен жарты шар
формаларының жиынтығын еске түсіреді. Сәулет өнерінің бұл туындысы
кеңістіктегі көлемді формалар композициясының үйлесімді орналасу үлгісін
көрсетеді.
Селоның орталық бөлігінде орналасқан кеңістіктегі бейнесімен қор-
шаған ортаға ерекше сәң беріп тұрған архитектуралық көне құрылыс— Хызар
мұнарасы. Құрылыс күйген кірпіштен салынған. Пішіні цилиндрге ұқсас,
төменнен жоғары қарай цилиндр шеңберінің диаметрі кішірейе түседі, бірақ
жақыннан айқын байқала бермейді. Биіктігі 6 метр. Мұнаранық жоғары бөлігін
– айналдыра екі қатар кірпіштерді орналастыра қалау арқылы өрнектер
жүргізілген. Қазір минареттің үштен екі бөлігінен де аз көлемі сақталған.
Оңтүстіктің Отырар ауданы, территориясында Арыстан-баба
архитектуралық құрылысы орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 30x13
(метр). Ол ежелгі Отырар қаласына жақын жерде салынған. Архитектуралық
құрылысқа фасадынан қарағанда көлденені созылыңқы орналасқан.
Алдыңғы екі бұрышындағы мұнара басқа қабырғаларын жалғастыру
міндетін атқарумен қатар көркем-дік бөлік ретінде кеқістіктегі көлемді
композицияға сән береді. Құрылыстағы басқа формалармен қатар төбеде
орналасқан күмбез архитектуралық бөліктердің басқа түрінен өзгеше.
Архитектуралык, ескерткіштің қабырғалары – тор бұрыш, бұрыштағы
мұнаралары – цилиндр, күмбезі – жарты шар формасын елестетеді. Ғимараттың
жеке бөліктері қарапайым геометриялық формалардық жиынтығына ұқсас,
сондай-ақ олардың кеңістіктегі көлемдік композицнялық орналасумен өзара
байланысы көрініс байлығын арттыра түседі.
Осы көрсетілген талдау үлгілерімен сабақ барысында оқушыларғы
Тұрбат аулындағы Қошқар-ата, Ысмайыл-ата, Ысқақ-ата мавзолейлері, Созақ
аулындағы Қара-бура мавзолейі және Қасқасу, Бірінші мамыр ауылындағы
орыс сәулет өнері үлгісінде салынған құрылыстардың формалары
таныстырылды.
Көрсетілген үлгіде өткізілген сабақтардың нәтижесінде оқушылары
форманың жасалуы, күрделі формалардың бірнеше жеке формалардың
жиынтығынан тұратындығы туралы тусініктер алды. Сәулет өнеріне қатысты
күмбез, мұнара, фасад, симметрия сөздерінің мағынасынан түсінуге 180
жәрдемдесті. Мұндай сабақтардың нәтижесінде оқушыларға көркемдік білім
мен эстетикалық тәрбиені ұштастыра берудің ұтымды жолдары айқындалды.
Өнер шығармаларымен таныстыру әдістері
Мектеп оқушыларын қазақ халқының ерлік жолдарын бейнелейтін өнер
шығармаларымен, ондағы көркем бейнелермен таныстыруда сыныптан тыс
уақытта олармен әңгіме өткізудің айтарлықтай маңызы бар. Біз бейнелеу өнер
туралы әңгімесабақтар өткізу барысында мына шарттарды ескердік:
а). Оқушылардың ой-өрісіне, түсіну қабілетінің дәрежесіне қарай жо-
ғары идеялы өнер шығармаларын таңдап алу. Шығармаларды мазмұнына,
көркемдік ерекшіліктеріне қарап белгілі бір рет бойынша таңдау. Оқушыларды
алдымен түсінуге жеңіл картиналармен таныстырып, онан әрі қарай біртіндеп
мазмұны күрделі шығармаларға оқыту қажет. Картина мазмұны мен идеясының
бүгінгі өмір талабымен тығыз байланысты, таныстыратын образдары айқын
ойды білдіретіндей және нанымды болуын ескерген жөн. Мысалы,
Е.Сидоркиннің «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» атты картинасының мазмұны
төртінші сынып оқушыларының, шамасына ауыр болар еді. Өйткені бұлардың
идеялық мазмұны аталған сынып оқушылары үшін өте күрделі, балалардың
эмоциялық сезімін оятуға аурлық туғазуы мүмкүн.
ә). Қартиналарды таныстыру барысында әңгімеге оқушыларды да
қатыстыру. Оқушылардың картннаны талдауға қатысуы, ой жүйелеуі, пікір
таластыруы олардың талғамын қалыптастырады, шығармаларды бір-бірімен
салыстырып, ой тұжырымдауға, олардың мазмұнын тереңірек түсінуге
үйретеді. Бейнелеу өнері туралы кластан тыс әңгіме негізгі және қосалқы ойды
білдірудегі көркемдік бейнелердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.
б). Оқушылардың картинадағы көркемдік ерекшеліктерді қабылдау, көру
қабілеттерін дамытуда оларға эмоциялық әсер ететіндей, барлык, ойды сол
объектіге аударатындай көркем тілмен баяндаудың ерекше маңызы барын
ескеру. Кейде оқушылар картинаға қарап оның көркемдік ерекшеліктерін ұқпай
қалады, ойлары шашыранқы болады. Сондықтан оқушы оның бір бағытқа
бейімдеген дұрыс. Мысалы, суретші И.Е.Репиннің «Бурлактар» картинасының
мазмұнын түсіндіруде кейбір мұғалімдер қайықты сүйреп кележатқан
адамдардың, теңіздің көрінісін әңгімелеумен шектеліп, шығарманың идеялық
мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері. туралы айтпайды. Сондықтан оқушылар
өнер шығармасының мәніне жете көңіл аудармайды, эмоциялық әсер,
эстетикалық ләззат ала алмайды. Бұ-лардан өнер туындыларын оқушыларға
жүйелі талдай таныстыру қажет екендігін аңғарамыз. Оларды қызықты
фактілермен толықтырған дұрыс.
Қандай да бір өнер шығармасын алсақ та оның идеялық мазмұны,
композициялық құрылысы, түстер үйлесімдігі және орындалу техника-сының
ерекшеліктері болады. Бұлардың жиынтығын өнер шығармасының көркемдік
ерекшелігі деп танимыз.181
Біз өнер туындысының көркемдік ерекшелігін жеке-жеке талдау бары-
сында оқушылардың ой-өрісін арттыру, көркемдік білім деңгейін толықтыру
мақсатын көздедік.
Картинаны талдауды мазмұннан бастаған жөн, себебі оныц көркемдік
ерекшелігі мазмұнымен өте тығыз байланысты. Оқушыларға көркемөнер
білімінің негізін үйретуде картинаның композициялық құрылысын талдау аса
қажет. Бұл жағдайда композициялық сюжеттің, негізгі және қосалқы ойды
білдіретін бейнелердің шығарманың мазмұнын ашудағы мәнін түсіндірген жөн.
Мысалы, Ә. Қастеевтің «Түрксіб» картинасында негізгі ойды білдіретін
композициялық элемент –паровоз бейнесі. Ал адамдар бейнесі мен дала
көрінісі осы ойды толықтырады. Бұл шығарма жайлы әңгімелегенде, осыларды
ажырата айту, оқушылардың композиция туралы түсініктері қалыптасуына, ой-
өрісінік кеңеюіне игі әсер етеді.
Оқушыларға таныстыратын картинадағы бояулар түстерінің мәнін ашып
көрсетудің танымдық маңызы бар. Суретші Н.Нұрмұханбетовтың «Тоқаш
Бокин отрюды» деген кескіндеме еңбегінде қызыл түстер басым. Дала көрінісі
де, аттылы адамдар бейнесі де қызыл бояулармен берілген. Шын мәнінде дала
сары немесе жасыл түсті болып келеді. Сондай-ақ шығармада бейнеленген
адамдар, аттар өмірде әртүрлі көріністерден құралады. Бұл жағдайда
картинадағы революция жеңісін, қоғам қайраткерінің - образын ашып
архитектуралык құрылыстың фонында бейнеленсе, «Аден» және «Венеция»
суреттемелерінде архитектуралық құрылыс қоршаған кеңістікті көруге болады.;
Шебердің шығармаларын оқу процесінде пайдалану арқылы өлшемдер
қатынастары туралы мол мағлұматтар беруге болады. Бұл үшін көлемді
полотноларды алу орынды. Мысалы, суретші Қ.Телжановтың «Сабақтан соң»
шығармасында мектеп есігінен жаңа шығып тұрған баланың онан әріректегі
мектепке жақындап келе жатқан балаларға қарағанда өлшемі үлкен етіп
алынған. Сондай-ақ есік алдында тұрған баланың өлшемі әріректе мектепке
балаларын әкеліп турған әже мен атаның өлшемдерінен әлде қайда үлкен. Осы
сияқты құбылысты «Қазақстан 1918 жылы» атты картинадан да көруге болады.
Шығарманың алдыңғы көрінісінде бейнеленген ауыл адамдары алыста келе
жатқан атты әскерлерге қарап тұр. Бұл кемістікте екі түрлі қашықтық өлшемі
бар. Біріншісі – ауыл адамдары, екіншісі – атты әскерлер. Осы көріністердегі
адамдардың өмірдегі өлшемдері бірдей болғанымен суретші кеңістікті білдіру
үшін жақындағы бейне өлшемдерін үлкен, алыстағы көрініс өлшемдерін кіші
етіп көрсеткен. Мұнан шығатын қорытынды суретші белгілі бір көріністің
кеңістіктегі алыс, жақындығын, орналасу ретіне байланысты өлшемдерін
өзгертеді. Бұл ойды суретшінің «Көкпар», «Толқын», «Кеңес» және
«Шабандоздар» картиналары дәлелдей түседі.
Суретшінің кеңістікті көрсетудегі ерекше әдісініц бірі – картина фор-
матының өлшемін таңдап алуы. Мысалы, «Ата-баба жерінде» картнасыныц
форматы көлденеңнен созылыңқы алынған. Шығармада егic даласында келе
жатқан салт атты бейнеленген. Көрініс фонында – таңертеңгі дала. Суретшінің
картинаны өлшемін созылыңқы етіп алу себебі – қазақ даласының кең
екендігін символдық түрде көрсету.182
Суретші кеңістікті бейнелеу үшін жарық пен көлеңкенің, түстердің уақыт
мезгілдерінің мүмкіндігін шебер пайдаланады. Оның «Қыз қуу», «Таң сәріде»
еңбектерінде таңертеңгі мезгіл бейнеленсе, «Ән бастаушы», «Бостандық»,
«Бозаралдың адамдары» шығармаларында – түскі мезгіл, «Домбыра үні»,
«Тыныштық» картиналарында кешкі мезгіл суреттелген. Мұнымен қатар бұл
шығармалармен таныстыру барысында кеңістіктегі жарықтың күн мезгілдеріне
байланысты өзгеруіне, ол езгерістерді көркөм бейнелеу жайында әңгімелейміз.
Суретші шығармаларының көпшілігінде негізгі көріністер аспан мен
жердің фонында бейнеленсе, бірқатарында көрініс фонына аспанды
бейнелемей-ақ жердің өзін керсету арқылы кеңістікті жеткізе білген. Мұндай
шығармалар қатарына «Бозаралдың адамдары» триптихы, «Жылқышылар»,
«Ашық аспаи астында» және «Женіс» туындылары жатады. Бұл шығармаларды
көрсету арқылы мұғалім оқушыларға белгілі сюжетке құрылған картиналардың
фонына аспанды бейнелемей-ақ белгілі ойды білдіруге болатынына көз
жеткізеді. Суретші шығармаларын таныстыру арқылы кеңістікті бейнелеудің
бірқатар техникалық орындау әдістерін көрсетеміз. Мысалы, «Көкпар»,
«Домбыра үні», «Ата-баба жерінде» полотноларында жақындағы керіністердің
түсі сыртқы контур сызығы айқын бейнеленсе, алыстағы түстер мен контур
сызықтар бұлыңғыр.
Сондай-ақ суретші кеңістіктегі көрініс немесе белгілі бір құбылыстың
қимылын білдіру үшін де осындай әдісті жиі қолданады.
Өнер шығармаларындағы кеңістіктін бейнеленуін таныстыру бары-сында
сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларды әңгімеге араластырып отыру қажет.
Әңгімеден соң бірнеше шығармалардың репродукцияларын қатар қойып,
олардағы горизонт сызығын, көрініс пен фонды перспективалық құбылыстың
сипатын өздеріне талдатып үйреткен жөн. Мұндай пысықтау жұмысынан соң
балалар кеңістік туралы бірқатар сұрақтарға жауап беруге үйренетін болады.
Кеңістік туралы жоғарыда аталған перспектива құбылысына бай-ланысты
түстср мен өлшемдердің пропорциялық қатынастарының меңгеруі, кеңістікті
құратын жазықтықтар (мысалы аспан мен жер т.б.), горизонт сызығы мен
көріністің горизонт сызығынан жоғары немесе төмен болуы туралы
түсініктерді оқушылардың білуі – кеңістік туралы жалпы ұғымның
қалыптасуының негіз салады.
Баланың кеңістік туралы дағдыларды меңгеруі нұсқаға қарап сурет салу
мен тақырып бойыпша сурет салу шеберліктерінің артуына едәуір әсерін
тигізеді. Сондықтан нұсқаға қарап сурет салу мен тақырыптық сурет салу
сабақтарының алдында кескіндеме шығармаларындағы кеңістіктің бейнеленуін
көрсету ете ұтымды.
Өнер шығармаларындағы кеңістіктің бейнеленуін түсіндіруге ар-налған
репродукциялар көлемінің үлкен болғаны дұрыс. Олар алыстан жақсы көрінеді.
Сондықтан бейнелеу өнері кабинетіне репродукциялар қорын жинау орынды.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында кеңістік ұғымын қалыптастыру - әліде
жете мән берілмей келе жатқан оқу мәселелердің бірі. Оқушылардың бейнелеу
жұмыстарындағы кездесетін қателіктердің көпшілігі қағаз бетінде белгілі
құрылысты немесе заттың кеңістіктегі сипатын дұрыс көрсете білмеуінен. Бұл 183
кемшілікті болдырмау үшін шығармадағы кеңістіктің бейнеленуін талдауға
көп мән беру қажет. Себебі баланың жеке жұмыс жасау барысында жіберген
қатесін ауызша айтып жеткізу, ұғындыру нақты көздеген нәтижеге жеткізе
бермейді.
Мұндай жағдайда өнер шеберлері шығармаларының үлгісін көрсетсек,
оқушыға өз қатесін жете түсіндіруге мүмкіндік туады. Кеңістік ұғымын дамыту
әңгіме – сабақта ғана емес, нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу
және сәндік сурет салу сабақтарында да жүзеге асады.
Халық суретшісі, Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі,
Қазақ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанапия Телжановтың
шығармашылымен таныстыру, арқылы оқушыларға кеңістік пен оның түрлері,
кеңістіктегі горизонт сызығы, кеңістікті құрайтын жазықтықтар туралы кең
көлемде түсінік беруге қолайлы жағдай туындайды.
Кеністіктің бейнеленуін түсіндіруге суретшінің «Жамал» (1955) шы-
ғармасының орнын ерекше атауға болады. Полотнонын ортасынан жо-ғарылау
орналасқан горизонт сызығы көрушігеайқын байқалады. Кар-тинаның алдыңғы
көрінісінде суретші қазақ әйелінің бейнесін суреттеген. Алыстан алдында бір
отар қойы бар шопан бейнесі бұлдырап көрінеді. Картинада әйел бейнесінің
өлшемі алыстағы шопан бейнесі өлшемінен әлде қайда үлкен алынған. Бұл
суреттен өнер шеберінің кеңістік түкпірінде орналасқан заттарды картина
жазықтығының жоғары және төменгі бөлігіне де орналастырылғанын анық
байқаймыз.
Суретшінің «Жамал» атты шығармасынан дала кеңістігін көретін болсақ
«Әжесі мен немересі» еңбегінен бөлме ішіндегі кеңістіктік сипаты айқын
байқалады. Шығармада киіз үйдің ішінде отырған қарт пен оның кішкене
немересі бейнеленген. Мұндағы кеңістік жер мен киіз үйдің қабырғасы арқылы
берілген. Көріністерге жары көзінің түсу бағытына қарап зат түстерінің өз
түстерінен қараңғы болып өзгеруінен белгілі бір бөлме ішіндегі кеңістік
екендігі байқалады. Түстерді ұтымды пайдалану арқылы суретші «Жамал»
картинасын өмірдегі құбылыстың ашық кеңістікте екенін, «Әже мен немересі
шығармасында белгілі бір жабық кеңістік екенін көрсетеді.
Шебердік «Күн сәулелі өлкеде» полотносындағы кеңістікті бейнелеу
шешімі бұларға қарағанда өзгеше. Қартинадағы алдыңғы көрікісте киіз үйдін,
есігі алдында кітап оқып отырған кішкене қыз бейнеленген. Картинада
негізінен үйдің іші бейнеленгенімен есіктен дала бейнесі де көрінеді. Ү йдің
ішіндегі түстер қоңырқай, дала жарық ашық түстерге біріктірілген. Сурешінің
«Тұңғыш рет», «Әңгіме» «Ильич тапсырмасы» картиналарынан бөлме ішіндегі
кеңістікті бейнелеудің әр түрлі шешімдерін көруге болады.
Талдау барысында бірнеше шығармаларды топтастырып, немесе
салыстырып көрсету арқылы түсінік беру қолайлы. Мысалы, компо-зициялық
көріністің горизонт сызығынан жоғары бейнеленуін «Кеш», «Көкпар», «Ән
бастаушы», «Октябрь» триптихы, «Қыз қуу», «Алакөлде» және «Революция
күзетінде» картиналарынан көруге болады. Горизонт сызығы аспан мен жердің
шекарасын білдіреді. Бұл картиналарда форматтың жоғары жағынан аспанды
көрсетуге көп орын қалдырған да, төменгі жағынан жерді бейнелеуге аз орын 184
қалдырылған. Мұның себебі негізгі ойды білдіретін композициялык
элементтердің горизонт сызығының жоғары жағында болуында.
Қеңістіктегі форма мен фон туралы түсінік беру үшін суретшінің
«Құрбылар» полотносынан мысал келтіруге болады. Бұл шығармада көп
қабатты биік үйдің алдында әңгімелесіп тұрған екі әйел бейнеленген.
Полотнодағы негізгі бейне - әйелдер де, оныц фонына көп қабатты үйдің
көрінісін алған. Шығарманыц мұның алдындағы талданған картиналардан
ерекшслігі – негізгі көріністің фонында аспан емес, белгілі бір көріністің
алынуы.
Суретшінің бірқатар еңбектерінен кеңістіктің архитектуралық құ-
рылыстармен байланысты шешілуін керуге болады. «Құрбылар» атты
еңбектерінде негізгі композициядық көріністер көрсету мақсатында суретші
шығарма колоритін қызыл түстердің байланысына біріктірген. Бұл – салта-
натты, коғамдық құрылыс жеңістерін бейнелейтін, символдық түс. Мұнан
суретшінің бояулар түстері мүмкіндіктерін пайдаланып, шығарма мазмұнын
толықтырғанын көреміз. Оқушыларға шығарма мазмұны мен бояулар
түстерінін, өте тығыз байланыстылығын осы тұрғыдан ұғындырамыз. Осындай
талдаулар нәтижесінде оларға туындының көркемдік ерекшеліктерін өздігінен
табуды үйретеміз және бағыт береміз, балалардың өнер туралы түсініктерін
қалыптастырамыз.
Көркемөнер туындысын оқушыларға таныстыруда суретшінің орындау
техникасы туралы айта кету қажет. Суретші белгілі бір туындыны, образды
жасау үшін әр түрлі материалдарды, әр түрлі техникалық әдістерді
пайдаланады. Мысалы, мүсін шығармалары тастан, ағаштан және т.б.
материалдардан жасалады. Графикалық жұмыстарды линолеумге, тасқа, ағашқа
ойып, сурет салып, оны бояу арқылы қағаз бетіне түсіреді. Кескіндеме
туындылары кенепке майлы бояумен жазу арқылы орындалады.
Е.Сидоркиннің қазақ эпостарына жасаған «Жыршы» атты, сериялық
картиналарынан суретшінің орындау техникасының ерекшелігі айқын көрінеді.
Олар линогравюра техникасымен орындалған. Сурет линолеум - материалына
арнайы құралдармен ойып салынған, ойылған сурет бетіне бояу жағылып,
көрініс түсірілген. Бұл картинадағы бейнелер сызықтарды үйлесімді
қолданумен орындалған. Осы суретші М.Әуезовтың «Абай жолы» романына
жасаған иллюстрацияларын басқа техникалық жолмен яғни тушпен орындаған.
Ол «Күй» атты графикалық жұмыста жарық пен көлеңкені нүктелер арқылы
берген. Бейнедегі жарық деңгейі нүктелердің ара қашықтығына, нүкте
ауданының үлкен немесе кіші болуына байланысты өзгеріп отырады, суретші
бұл жағдайда тұтас сызықтарды қолданбайды, бейненің пластикалық қасиетін
(қатты, жұмсақ немесе, майысқақ және т.б.) нүктелер арқылы шебер бере
білген.
Қорыта айтқанда, картинаның композициялық құрылысы, бояулар
түстері, орындалу техникасы оның идеялық мазмұнымен өте тығыз бай-
ланысты. Сондықтан олар туралы ұғыныңқы, әсерлі баяндау қажет. Шәкірт,
суретші ойын ұғып, қолданған көркемдік құралдарын біліп, аңдағанда ғана
образдық бейнелеуге түсінеді, эстетикалык ләззат алады, оның эмоциялық 185
сезімі оянады. Енді осы талаптарды ескере, «Республика еңбеккерлерінің ерлік
жолдары бейнелеу өнерінде» тақырыбына әңгіме сабақ өткізу әдістерін
қарастырамыз. Мұнда республика еңбеккерлерінің ерлік жолдарын бейнелеу
өнері шығармалары көмегімен таныстыруды, шығарманың көркемдік
ерекшеліктерін оның идеялық мазмұнымен байланысын түсіндіру арқылы
оқушылардың бейиелеу өнері туралы негізгі түсініктерін қалыптастыруды
мақсат етілді. Әңгіме барысында шығармалардың түрлі-түсті
иллюстрациялары, эпидиаскоп пайдаланылды.
Қазақстанда совет өкіметінің орнауы, Турксіб темір жолының салы-нуы,
Ұ лы Отан соғысы және тыңайған жерлерді игеру, ірі өнеркәсіптің дамуы
сияқты Қазақстан халқының тарихи ерлік істері бірқатар суретшілердің
шығармаларына негізгі арқау болды. Мысалы, С.Романов «Жер туралы декрет»
атты шығармасында Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан
алғашқы үгітшілердің образын жасады. Картинада қазақ ауылында жер туралы
декретін насихаттап тұрған қызыл армияшы жігіт бейнеленген. Алдыңғы
көріністе оның сөзін тыңдап отырған бір топ адам көрінеді. Бұлардың бәрі де –
жаңа өмірге араласушылар. Композициядағы бұл көріністер олардың бір үлкен
мәселе жайында кеңесіп отырғанын білдіреді. Қалған көріністер осыны
толықтыра түседі.
Шығармадағы бояулар түстері әр түрлі. Әсіресе, алдыңғы көрінісдегі
түстер жиынтығы ортаңғы көріністегі адам портреті ілінген киіз үй түсімен
ерекше үйлесім тапқан. Картинада басымырақ кездесетін қызыл түстер қазақ
жеріндегі революция жеңісінің қанат жайып, өсуін білдіреді.
Шығарма майлы бояумен жазылған. Картина авторы – кескіндеме
жұмыстарын жазумен қатар, графикалық және кино суреттерін салатын маман
суретші.
Мұнан соң суретші М.Кенбаевтың «1918 жылғы Ә. Жанкелдин отряды»
картинасының иллюстрациясын эпигдиаскоп жәрдемімен экранға түсіріп, оны
талдай бастаймыз. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін шетел басқыншыларына
қарсы күресуге қажетті қару-жарақ жеткіліксіз еді. Сондықтан Ә. Жанкелдин
бастаған отряд Россиядан Қазақстанға қару-жарақ әкелді. Суретте осы
отрядтың жол үстіндегі демалыс сәті бейнеленген.
Шығарманыц композициялық ортасынан жол картасына қарап тұрған
отряд басшысы - Әліби Жанкелдиннің бейнесін көреміз. Жанындағы отряд
адамдары оның сөзін зейін сала тыңдап қалған. Картинаның соңғы көрінісінде
түйеге артқан жүкті түсіріп жатқан және ат суарып тұрған адамдар
бейнеленген. Онан әріде аттылы кісі бір топ түйе көруенін бастап келеді.
Шығарманың композициялық құрылысы шебер берілген. Көріністер бір-
бірімен өте тығыз байланысқан. Шығарма композициясында соңғы көрініс
берілмесе, автор ойы толық ашылмас еді. Өйткені алдыңғы көріністегі жеке
топтарға қарап оның отряд екенін білу қиын. Сондықтан суретші Ә.Жанкелдин
бейнесімен сонғы көріністегі бейнелер арқылы мұның отряд екенін көз
алдымызға елестеткізе білген. Сонымен картина мазмұнын көрерменге түсінікті
етіп жеткізу үшін суретші көріністерді белгілі композициялық ретпен 186
орналастырады. Бұл жұмыста негізгі бейне алдыңғы көріністе, қосалқы
бейнелер отрыңғы және соңғы көріністе берілген.
Картинадан уақыттың түс мезгілі екені анық байқалады. Өйткені
көлеңкелер қысқа. Мұнда жылы түстер басым. Құм, дала түстері табиғаттағы өз
түстерімен сәйкес. Бұл – картинаның өмірде болған тарихи оқиғаны
бейнелейтіндігінің белгісі. Адамдардың бет пішіні, дене құрылысы, киімдерінің
түсі де суретші шеберлігін танытқандай.
Жалпы алғанда, картинада суретші шетел басқыншыларына қарсы
Ә.Жанкелдин отрядының ғана емес, бүкіл еліміздің күрес жолының белгілі бір
үзіндісін бейнелеген.