
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
«Көркемдік сурет салуға қысқаша басшылық немесе негізделген ережелер»
еңбегі жарыққа шықты. Прейслердің бұл құралын замандастары жоғары
бағалап, оны шет елдерде және Ресейде бірнеше қайта бастырды.
Прейслер жүйесімен оқыту түзу және қисық сызықтарды сызуға
үйретуден басталды, геометриялық денелер мен көлемді денелерді бейнелеу
бойынша жалғастырылады. Мұнан соң оқушы адам денесінің бөлшектерін
салудан бастау алып, онан соң басын және адамның тұтас фигурасын салу
жолынан өтті. Басқа суретші-педагогтар сияқты Прейслер де сурет салудың
негізі геометрия мен нұсқаға қарап сурет салу деп түсінеді. Олар геометрия
салушыға форманың құрылымын көруге, түсінуге жәрдемдеседі, сонымен қатар
ол, форманы жазықтық бетінде бейнелеу процесін жеңілдететіндігін айтқан.
Ресейдің көркемсурет Академиясы 18 ғасырдың екінші жартысы мен 19
ғасырдың бірінші жартысында суреттің озық мектебіне айналды. Ол Ресейдегі
әдістемелік жұмыстардың орталығы болды. Көркемсурет Академиясында оқу
орындардың тұтас жүйесіне арналған суретті салуды оқытудың жаңа әдістері
пайда болып, олар бекітіліп тұрды, сондай-ақ олар осы жерде тәжірибеге
енгізілді. Көркемсурет Академиясындағы көркемдік білім беру құрылымы
арнаулы көркем сурет мектептерімен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі
суретті оқыту әдістемесінің дамуына игі ықпал етті.
1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
орыс суретшісі жазған жалпы білім беретін оқу орындарына арналған бірінші
оқулық болды.Бұл оқулық 1889 жылға дейін бірнеше рет қайта басылып
шығарылды.
А.П.Сапожниковтың оқыту жүйесі бойынша оқушыларды әр түрлі
сызықтарды сызуға, онан соң бұрыштарды таныстырудан бастап, әр түрлі
геометриялық фигураларды салуды меңгеруге ауысады. Сурет салудың
алдында Сапожников арнаулы модельдің көмегімен перспектива заңдарын
демонстрация жасап көрсетеді. Мұнан соң тағы да сызықтардан бастап, әр түрлі
жазықтықтарды бейнелеуге, онан кейін геометриялық денелерді бейнелеуге
үйретілді.
Қашан геометриялық денелерді бейнелеу меңгерілген соң
А.П.Сапожников күрделі денелерді салуға көшуді ұсынады. Бұл жағдайда,
бірінші геометриялық денелер тобын бейнелеуге үйретіліп, онан соң біртіндеп,
тапсырмалар гипстен жасалған басты бейнелеуге дейін жеткізілген. Адам
басының көрінісін бейнелеуді жеңілдету үшін А.П. Сапожников сымтемірден
жасалған көрнекілікті ұсынды.
Бұл модель гипстен жасалған адам бас формасын салғанда соның қасына
қойылатын болған, бас бұрылыстарын өзгертіп салғанда модельдің бұрылысын
өзгертіп отырған.17
«Сурет курсының» екінші бөлімі адам фигурасын бейнелеуге оқыту мен
кейбір композиция ережелеріне арналады. Сапожниковтың әдісінің
құныдылығы оның суретті нұсқаға қарап салуға негізделгенінде. Сапожников
нұсқаға қарап сурет салу барысында сурет салушыны ойлауға, талдауға,
нысанды ой елегінен өткізуге үйрету мақсатын көздейді. Осы мақсатқа жету
үшін ол сымтемір мен картоннан жасалған модельдерді пайдалану арқылы зат
формасы құрылысын, негізгі конструкциясы мен оның перспективалық
өзгертуді түсіндіруге болатындығын айқындаған.
Сапожниковтың ұсынған суретті оқыту әдісі оқу-тәрбие жұмысында жаңа
бетбұрыс жасады. Оның кітабының жарыққа шыққанына дейін, жалпы білім
беретін оқу орындарында оригинал үлгілерінен көшіру үстемдік құрды.
Нұсқаға қарап сурет салуға оқытылған жоқ, суреттің реалистік қағидаларын
оқыту барысында қолдануға ешкім көңіл бөлген жоқ.
Сапожников балаға сурет салу барысында, зат формасын дұрыс құра
білуді ұтымды әдіс ретінде, сурет салудың алғашқы кезеңінде ықшамдау әдісін
қолдануды ұсынған. Бұл әдіс бойынша оқушы заттың қандай геометриялық
денелерге ұқсайтындығын айқындап алады да, онан соң оларды біртіндеп
нақтылап көрсететін болған. Сапожников педагогке баланың суретін түзетумен
қатар, оның қатесін түсіндіруге кеңес берген.
Суретті оқыту әдістемесінің тарихын зерттеу барысында Г.А.Гиппиустың
еңбектерімен танысудың орны ерекше. 1844 жылы «Жалпы оқу пән ретіндегі
сурет салудың теориясы» атты оның еңбегі жарық көрді. Бұл суреті оқыту
әдістемесі бойынша жазылған бірінші еңбек болды. Мұнда сол кездегі
педагогиканың алдыңғы қатарлы идеялары біріктірілген болды.
Кітап теориялық және практикалық бөлімдерден құралады. Теориялық
бөлімде педагогика мен бейнелеу өнерінің негізгі қағидалары баяндалып,
практикалық бөлімде оқыту әдістемесі ашып көрсетіледі.
Кітаптың кіріспе бөлімінде автор суретті жылпы білім беру пәні ретінде
көркемсурет мектептеріндегідей етіп оқытуға болмайтындығын айтқан.
Гиппиус сурет салуды сурет салуды оқытудың әрбір қағидасын теориялық
негіздеуге ұмтылды. Сурет салуға үйрену, ойлауға үйрену бұл барлық адамға
керек, ал ойлау дағдысын дамыту, баланың жас шағынан бастау керек деп
есептеген. Сонымен қатар Гиппиус мұғалім көп нәрсені біліп, көп нәрсеге
икемді болумен қатар, балалар алдында сөйлеуге актер сияқты шебер болуға
кеңес береді.
Суретті оқыту әдістемесінің дамуына көрнекті суретші-педагог Павел
Петрович Чистяков (1832-1919) үлкен ықпал етті. Ол өнердің мақсаты мен
міндетіне, көркемсурет мектебіне деген көзқарастары 19 ғасырдың 60-шы
жылдарынан бастап қалыптаса бастады.
Көркемсурет Академиясының адьюнкт профессоры (1872-1892) ретіндегі
Чистяковтың жиырма жылдық қызметі, оның өміріндегі ең жемісті жылдар
болды. Осы уақытта ол жаңа оқыту әдістемесін жасап шығарып, өзінің
педагогикалық жүйесін практикада тексеруден өткізді.
Чистяков академиялық жүйеге қарсы емес, өнерді оқытудағы белгілі
бағыттың болуы үшін күресті. Ол оқытудың басында болсын, жоғары 18
стадиясында болсын, ол біртұтас принциптер негізінде, ғылыми негізге сүйене
отырып жүргізілуі тиіс деп есептеді.
Чистяков «Сурет салуға үйрену, нақты айтқанда нұсқадан басталып,
нұсқамен аяқталуы тиіс; бізді нұсқа дегеніміз, адамды қоршаған әр түрлі
заттар» деп көрсетті.
Ол көшіру әдісін үзілді-кесілді теріске шығарды. Орта мектептегі суретке
ол жалпы білім беретін пән ретінде қарады. Уездік училищелер мен
гимназиялардағы сурет салу міндетті түрде басқа пәндердің қатарында болуға
тиіс деп есептеді.
Ол көшіріп салу әдісінің басты қателігі үнемі оригиналдардан (дайын
суреттерден) көшіруінде, мұнда оқушы саналы жұмыс істемейді, кейде қажеті
жоқ оригиналдарды пайдасыз көшіруге, көп уақыт жұмсалады деп көрсетті.
Оқытудың бірізділігі туралы Чистяков: «Сызу мен сурет проболка
сызықтарды, бұрыштарды, геометриялық денелерді салудан басталады, онан
соң картон мен ағаштан және гипстен жасалған ою-өрнектерді салу жалғасады,
сонымен қатар архитектуралық ордерлер туралы түсінік беріледі. Суретке
үйрету бастың маскасының бөліктерін, тұтас басты салудан басталып,
анатомиясымен (ет, сүйек), пейзаж бен перспективаны салумен аяқталады-деп
көрсетеді.»
Жалпы білім беретін мектепте біз суретшілер дайындамасақ та, суретті
оқыту өнердің барлық ережелері мен заңдылығы бойынша өтілуге тиістігіне
көңіл бөледі. Ол геометриялық денелерді бейнелеу барысында сызықтық
перспектива теориясының шарттарын орындауды талап етеді.
Оқушылардан техникалық ептейлілік немесе геометриялық және өрнекті
формаларды білу және одан шығатын байқампаздық, шығармашылық қиял,
табиғат пен қоршаған ортаның жағдайына форма мен бояу туралы елестету
талап етілді, суреттің басқа пәндермен байланысын қамтамасыз етуге көңіл
бөлінді, қорыта айтқанда сурет адамның бір серігіне айналуына күш салынды.
Суреттің мектептегі бағдарламасы өмір сұраныстарына сәйкес
құрастырылды. Оның шеңберіне нұсқаға қарап сурет салу тәсілдері, жапсыру,
сызу, иллюстрация жасау жаттығулары, сәндік сурет жаттығуларын және өнер
туралы мәліметтер кірді.
Мектептегі тәрбие мамандары балалар шығармашылығымен, балалар
психологиясымен, эксперименттік педагогикамен айналыса бастады. Балалар
суретін зерттеу сурет мұғалімдерін ғана емес, суретшілерді, өнертанушыларды,
психологтарды, социологтарды қызықтыра бастады Балалар шығармашылығын
зерттеудегі ғылыми бағыт үлкен болашағы бар екендігін көрсетті.
Мұндай кең көлемдегі, балалар шығармашылығымен шұғылдану
жұмыстары өзінің жағымды жақтарын көрсетті. Ең алдымен суретті оқыту
әдістемесі ғылыми-теориялық жағынан негіздемесін алды, балалардың
бейнелеу еңбегіне деген көзқарас дұрысталды, ал мектептегі суретке маңызды
оқу-тәрбиелік пән ретінде қарай бастады. Сонымен қатар шет ел мамандарымен
ортақтасқан «еркін тәрбие» идеясы бұл кезеңде кең көлемде таралды. Мұның
кейбір пайдалы жақтарымен қатар, көптеген зиянды жақтары да болды. Бұл
бәрінен бұрын мұғалімнің бақылаушы ретіндегі ролін дәріптеу балалардың 19
қара дүрсін суретіне артық басиушілік, ересектердің оқыту мен тәрбиелеу
ықпалын жоққа шығару болды.
Еркін тәрбиеге байланысты концепцияның басты кемшілігі ондағы
әдістемелік қағидалар ғылыми негіздемесіз, кездейсоқ авторлардың
субъективтік пікірлері бойынша кездейсоқтыққа құрылды.