
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірді. Сол жылдардан бастап
А.Степанов Алматыда тұрып шығармашылық жұмыстармен айналыса бастады.
Алексей Степановқа 1969 жылы «Қазақстанға еңбек сіңірген өнер
қайраткері» атағы берілді. Суретші «Бейбіт дала» (1965), «Көктемгі Алатау»
(1969), «Бейбіт Алматы» (1980) пейзаждарын жазды. Сонымен қатар «Раушан
гүлдер» (1955), «Күз» атты натюрморт салды. 50-60 жылдары
«Р.В.Валиканованың», «Раушанның», «Л.Лотушкиноның» портреттерін жазды.
А.Степанов «Қазақстан Магниткасы», «Еңбек күндері», «Күміс Еңлікгүл»,
«Медеудегі жексенбі» атты кескіндеме шығармаларын 70-жылдары жазды. 162
Суретші айналадағы өмірді, дүние поэзиясын, замандастардың рухани келбетін
бейнелеуде асқан шеберлік көрсетті.
Кескіндеме шебері Алексей Степановтың шығармашылығындағы ерекше
тақырып–космосты игеру. Ол 1960-1980 жылдар аралығында космос
тақырыбына байланысты «Жұлдыздарға», «Жер планетасынан келген адам»,
«Жұлдызды аспан», «Космосқа», «Біз Байқоңырданбыз» атты картиналарын
жазып, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көркемсурет
көрмелеріне ұдайы қатысып тұрды.
Қазақстанға белгілі кескіндемеші Әбдірашит Аронұлы Сыдыханов қазіргі
Атырау облысы, Индер ауданы, Кулагино селдосында 1937 жылы 12 тамызда
дүниеге келді.Ол 1967 жылы КСРО суретшілер одағына, 1985 жылы
Киномотографистер одағының мүшелігіне қабылданды. Ә.Сыдыханов 1966
жылы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, шығармашылық қызметін
«Қазақфильм» киностудиясында бастады. Суретші 1967-1986 жылдар арасында
қоюшы-суретші ретінде «Қараш-Қараш», «Құлагер», «Кездеспей кеткен бір
бейне», «Өрнек», «Жусан» фильмдерін түсіруге қатысты.
1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
эскиздері бойынша көрме ұйымдастырылды. Суретші 1960-1979 жылдар
аралығында «1916 жыл», «Ақындар даусы», «Ереуілшілер», «Жеңілгендер»,
«Маңғыстау мұнайшылары» атты триптихтарды «Қазақстан туралы поэма»
панносын, бригадир П.Казакованың портреттерін жазды.
Ә.Сыдыхановтың шығармашылық еңбектері 1987 жылы Москва
қаласында, 1979 жылы Польша мен Болгарияда өткен халықаралық көрмелерге
қатысты. 1986 жылы «Шоқан Уалиханов» атты телевизиялық фильмді
көркемдегені үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тоқыма суретшісі, сәндік қолданбалы
өнердің кәсіпқой суретшісі, қазақ гобеленінің негізін салушылардың бірі
Қ.Тыныбеков болды. Құрас Тыныбеков – 1947 жылы 7 сәуірде қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы Амангелді атындағы колхозда
дүниеге келді. Құрас Тыныбеков 1976 жылы КСРО суретшілер одағына
мүшелікке қабылданды. Ол 1966 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1971
жылы Украинадағы Львов қаласындағы Мемлекеттік сәндік қолданбалы өнер
институтын бітірді.
Сәндік қолданбалы өнер шебері Қ.Тыныбеков 1971-78 жылдары Алматы
көркемсурет училищесінде, 1978-80 жылдары Алматы Мемлекеттік театр-
көркемсурет институтында оқытушылық, шығармашылық жұмыста болды.
Құрас Тыныбеков 1970-80 жылдар аралығында «Шоқан», «Дала
балладасы», «Тау мен дала аңызы», «Әлем», «Өмір ағашы», «Тың парады»,
«Байқоңыр ырғақтары», «Медеу», «Байқоңыр», «Теңіз симфониясы»
гобелендерін тоқыды.
Суретші 1976-80 жылы шетелдермен достық және мәдени
байланыстарының қазақ қоғамы, Қазақстан Суретшілер Одағы
Президиумының мүшесі болды. Қ.Тыныбеков 1981 жылы (қайтыс болғаннан
кейін) «Қазақстан» гобелені үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты атанды.163
Қазақ бейнелеу өнерінде пейзаж жанрымен ерекше танылған суретші
Ж.Шарденов болды.Шарденов Жаңатай 1927 жылы 4 сәуірде қазіргі Ақмола
облысы, Мариновка ауданы, Ковылевка селосында туған. Оған 1981 жылы
Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері деген құрметті атақ берілді. Ж.
Шарденов 1961 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшелігіне
қабылданды. Суретші Ж.Шарденов 1949 жылы Алматы көркемсурет
училищесін бітірді. 1953-55 жылдары Ленинградтағы кескіндеме, мүсін және
архитектура институтында оқыды.
Ж.Шарденов республикадағы пейзаж өнерінің жетекші маманы ретінде
көпке танымал. Суретшіның шығармаларында туған ел табиғаты поэзияға толы
өрнектермен астарланып, лирикалық көркем бейнелер көрініс тапқан.
Ж.Шарденовтың «Ағаш түбіндегі шағын үй», «Жас қайыңдар», «Қапшағай
теңізі», «Алма арасан сайы, «Тауда», «Медеуге апаратын жол», «Кешкі әуен»
шығармалары табиғат әсемдігін жырлаған. Суретшінің «Талас даласында»,
«Алатау бөктерінде» және «Көктөбе» картиналарында адам мен табиғат ерекше
үндестік тауып, бояу түстерін шығарма мазмұнын аша түседі. Шебердің
«Кезек», «Алматы жылу электр станциясы», «Теміртаудағы завод» атты
индустриалдық пейзаждары көрерменге әсерлі, ырғақты, әрі көркем
туындылар.
Ж.Шарденов шығармашылығында пейзаж бен қатар «Сары гүлдер»,
«Капуста» деп аталатын натюрморттары бар. Суретші салған жазушы
С.Бегалин, батыр Т.Бигелдинов портреттері республикалық көрмелерге
қатынасқан.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме саласында белгілі тұлға
А.Аханаев. Суретші Амандос Ақанаев 1949 жылы 1 мартта Алматы
облысында туған. 1968 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1978
жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1970 жылдан бастап
республикалық, шетелдік көрмелерге қатысып келеді.
Суретшінің «Кешкі автобус», «Бұлақ», «Жоқтау», «Ат арба»
композициялық-тақырыптық картиналарында құбылыстардың ішкі мәнін ашуға
тырысады. «Тасжарған», «Өзен мен ағаш», «Тікен ішіндегі түлкі»
шығармалары табиғат сырын ашуға арналады. Суретші А.Ақанаев ғалым
А.Жұбановтың, суретші К.Дүйсенбиевтің, хирург Т.Кукеевтің, ақын
О.Сүлейменовтың портретін салды.
Суретші А.Ақанаевтың сүйікті тақырыптарының бірі тарихи оқиғалар.
Олардың қатарында «Аспарух ханның қалыңдығы», «Алтыбақан», «Мәңгілік
туралы поэма», «Тынымсыз өмір» атты тарихи іздер қазіргі заман көріністері
бейнеленген шығармалар бар.
Суретші К.Дүйсенбиев 1942 жылы 25 октябрьде Оңтүстік Қазақстан
облысы Абай селосында туған. 1972 жылы Н.Островский атындағы Ташкенттің
театр-көркемсурет институтын бітірген. 1975 жылдан Қазақстан суретшілер
одағының мүшесі. 1964 жылдан бастап республикалық, шетелдік көрмелерге
қатынасқан.
Суретші К.Дүйсебиев «Тандыры бар натюрморт», «Пейзаж қосылған
натюрморт» атты ұлттық заттарды бейнелеген шығармалар жазған. Бұлармен 164
қатар суретші табиғат көріністері бейнеленген «Паркте», «Таңертең»,
«Ауылда», «Күз», «Көл жағасында», «Кешқұрым», «Түскі мезгіл»
шығармалары бар.
К. Дүйсебиев ұлттық колориттегі, салт-дәстүр бағытындағы «Ата мен
немере», «Ү міт», «Далада әйелдері», «Сушылар», «Тауда», «Аулада» атты
композициялық картиналары қазақ даласының, оның адамдарының өмір
тіршілігін көрсетеді.
Кескіндеме шебері Бахтияр Табиев 1940 жылы 14 майда Қытай Халық
Республикасының Құлжа қаласында туған. 1967 жылғы В.Суриков атындағы
Москва көркемсурет институтын бітірген. 1970 жылы Қазақстан суретшілер
одағына мүше. 1961 жылдан бастап республикалық, шетелдік, халықаралық
көрмелерге қатысқан. 1988 жылы суретшіге «Қазақстан республикасына еңбек
сіңірген өнер қайраткері» деген құрметті атақ берілді.
Суретші Б.Табиевтің «Майданнан келген хат», «Бала емізген ана»,
«Сақыманшылар», «Кездесу», «Бала көтерген ана», «Самаурын жанында»,
«Жанұя», «Таудағы таң», «Даладағы кеш» картиналары бар. Б.Табиевтің
шығармалары ұлттық өзіндік ерекшеліктерін тұрмыс салтын, табиғатын,
шаруашылығын, дәстүрін, этнографиялық белгілерін көрсетпесе де қазіргі өмір
жағдайындағы сипатымен суреттейді. Суретші шығармаларында аттылы адам,
киіз үй, түйелі ауыл, қазан ошақ, үй жихаздары, ұлттық киім, қазіргі ауыл
көріністері молынан кездеседі.
Суретші график Қайырбай Закиров 1945 жылы 25 февральда Қызылорда
облысы Арал қаласында туған. 1965 жылы Алматы көркемсурет училищесін
бітірген. 1976 жылдан Қазақстан суретшілер одағына мүше. 1968 жылдан
бастап республикалық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан. 1988
жылы суретшіге «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері»
атағы берілген.
Суретші Қ. Зәкіровтың «Дастархан», «Ұ лбаланың бақыты», «Теңіз туралы
аңыз», триптихтары бар. «Көше қиылысында», «И.Оразбаевтың өлеңіне
жасаған иллюстрациялары, «Базар жырау», «Жұт», «Жаңғырық», «Күту»
шығармалары қазақ жеріндегі сыр өңірінің өмірі мен ұлттық дәстүр
көріністерін терең суреттеуге арналған графикалық шығармалар. Суретші
туындыларында еңбек ерлері Ы.Жақаевтың, У.Алтайбаеваның көркем
образдары жасалған. Қазақ даласының қазіргі көріністері жаңа тақырыптық-
композициялық шешімдер табылған.
График суретші Василий Тимофеев 1943 жылы 1 январьда Россияның
Новосибирь облысының татарка селосында туған. 1963 жылы Алматы
көркемсурет училищесін бітірген. 1974 жылдан Қазақстанның Суретшілер
одағын мүше. 1963 жылдан бастап республикалық, шетелдік және халықаралық
көрмелерге қатысқан.
Суретші В.Тимофеев «Бейбітшілік туралы сөз», «Тың жол салушылар»,
«Ойлау», «Балхаш балықшылары», «Адамдар мен тағдырлар», «Балхаш
тарихы», «Жыл мезгілдері», «Қазақстанның даңқты адамдары» сериялық
линогравюра суреттер салған. В.Тимофеев В. Шукшиннің, Жамбылдың, Шохан 165
Уәлихановтың, Әл-Фарабидің, А.Афанасьевтің портреттерін жасады. Көптеген
жеке адамдарлың кітаптарына арнап экслибристер салды.
Мүсінші Рыспек Ахметов 1942 жылы 3 январда Шымкент облысы, Абай-
базар селосында туған. 1968 жылы Н.Островский атындағы Ташкент театр-
көркемсурет институтын бітірген. 1969 жылдан Қазақстан суретшілер одағына
мүше. 1968 жылдан бастап республикалық, халықаралық көрмелерге қатысқан.
Мүсінші Р.Ахметовтың «Алдар көсе мен бай», «Аққу биі», «Қобыз үні»,
«Махамбет Өтемісұлы», «Қобыланды батыр», «Құрманғазы Сағырбайұлы»,
«Жастық шақ», «Әл-Фараби», «Абай әндері», «Ана», «Қонақжайлық» атты
кіші формадағы мүсіндер жасаған.
Р.Ахметов шығармашылығындағы ерекшелік шығармаларының ұлттық
формада орындалуы, қазақтың салт-дәстүрін көрсететін, (станоктық) көрмеге
қоюға арналғандай болып келуі сонымен қатар, ауыз әдебиетінің, ғылымның,
қоғам қайраткерлерінің образын жасауға бейілділік ерекшеліктері болып
табылады.
Мүсінші Ескен Сергебаев 1940 жылы 19 майда Алматы қаласында туған.