Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков

атындағы көркемсурет институтына түсіп жалғастырады. Бұл институтты

бітірерде М. Кенбаев «Жангельдин отряды» деген тақырыпқа диплом жұмысын

жазған.

Суретші М. Кенбаевтың тақырыптық картиналары қазақ даласымен тығыз

байланысты болып келеді. Суретші «Әңгіме» (1957), «Қашағанды ұстау»

(1967), «Сары-Арқа», «Құрманғазы», «Киіз басушылар» атты картиналарында

кейіпкерлер образын жасаумен қатар, қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін

ашуға баса көңіл бөледі.

Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Асауды ұстау»

картинасы. Картина қазақ жігіттерінің батылдығы мен шеберлік өнерінің

шексіздігін көрсететін көркем туынды. Көлденеңінен сызылыңқы етіп алынған

картина форматы, қазақ даласының кеңдігін, адамдардың болашаққа қарай

ұмтылысын символды түрде көрсетеді. Суретшінің «Асауды ұстау» картинасы

Москвадағы Мемлекеттік Третьяков галереясындағы кеңес өнері көрмесіне

қойылған.

М. Кенбаевтың озық туындыларының бірі – қазақ халқының даңқты сазгері

Құрманғазы бейнесін көрсететін «Сары-Арқа» картинасы. 1958 жылы

Құрманғазы образын жасауға арналған жабық конкурста осы картина үшін М.

Кенбаев бірінші сыйлықты жеңіп алды. Картинада ат жетектеген

Құрманғазының бейнесі көрсетілген. Шығарма бояулары қоңыр, сары, қызғыш

түстердің жиынтығына біріктірілген. Картинаның «Сарыарқа» деп аталуы

Құрманғазының даңқты – Сарыарқа күйінің сарынымен байланысты. М. 160

Кенбаев бұл картинаны жазу барысында ақын Хамит Ерғалиевпен жиі

пікірлесіп, оның «Құрманғазы» поэмасының мазмұнымен танысты. Сонымен

қатар бұл жұмысты жазу кезеңдерінде ғалым, зерттеуші әрі композитор Ахмет

Жұбанов мұқият бақылау жасап, пайдалы кеңестер беріп отырған.

Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Киіз басу». Бұл

картина түстердің әуенділігімен және ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады.

Шығарма мазмұны халық шеберлерінің еңбегін көрсету.

М. Кенбаев шығармашылығы – қазақ халқының өмірін бейнелік-поэзиялық

тілде көрсету. Соңғы жылдар М. Кенбаев басқа да суретшілермен қосыла

отырып монументалдық өнер саласында өнімді еңбек етуде.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме шығармаларымен танылған

ерекше тұлға С.Мамбеев. Сабыр Мәмбеев Шымкент облысы, Келес ауданы

Абайбазар селосында 1928 жылы туған. Сабыр Мәмбеев Қазақстанның Халық

суретшісі, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер. С. Мәмбеев 1946 жылы

Алматы көркемсурет училищесін, 1953 жылы Санг – Петербургтегі И. Е. Репин

атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген. 1952-62

жылдары және 1968-82 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы

қызметін атқарған.

С. Мәмбеевтің шығармашылығындағы негізгі тақырыптар – замандастар

өмірі, туған жердің табиғаты және еңбек адамдары. Суретшінің «Сұқбат»,

«Тауда» деп аталатын картиналары Москвадағы Третьяков галереясында,

«Қоныс аудару», «Көктем» шығармалары Москвадағы шығыс халықтары

өнерінің музейінде сақтаулы. «Киіз үйде», «Терезе алдындағы қыз», «Жастар»,

«М. О. Әуезов» картиналарын суретші 50-60 жылдары жазды.

С. Мәмбеев 1970-80 жылдары қазақ халқының өткені мен бүгінгісін

көрсететін сериялық суреттер салды. Шығармаларының көпшілігі қазақтың

көркемсурет музейінде сақтаулы. Суретші шығармашылығы уақытында

лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі ордендерімен

марапатталған.

Қазақтың кино суретшісі, графигі, кескіндемешісі Сахи Романов 1926

жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған