Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған

суретшілердің бірі Украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченко. Суретші Т.

Г. Шевченко қазақ жерінде он жыл айдауда болды. Суретшіні патша үкіметі

Украин жерін қазақ жеріне жер аударған болатын. Бұл кезде қазақтардың

тұрмысын, салт-дәстүрін, балалардың өмірін, табиғат көріністерін бейнелейтін

суреттерін Маңғыстау мен Арал өңірінде болған жылдарында салды.

Суретшінің «Автопортрет», «Жетім балалар», «Қазақтар киіз үйде» деп

аталатын картиналары қазақ даласының сол кездегі өмірінен хабар беретін

шығармалар.

Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармаларымен

оқушыларды таныстыру әдістері

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен

таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстырудың

көркемдік білім беріп, олардың өнертанымдарын қалыптастырудағы орнын

тану орынды.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтың шығармашылыға ерекше

орын алады.Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы

республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем

образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж

және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің

шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1924 жылы

Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә.

Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек

көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған.

Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына

өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә,Қастеевтің таланты Қазан

ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т.

Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 156

30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір

киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті»,

«Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің

әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен

тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды

кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы

киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып

көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке

танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан –

Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың

сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар

көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат

көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пезажы», «Медеу

келбеті» картиналары осыларға қосылады.

Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан

кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына

мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы»,

«Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы»,

«Колхоз тойы», «Колхоз қырманы».

Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз

шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына «А.Имановтың

портреті», «Амангелдінің шабуылы» атты композициялары жасады.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Ысымайлов шығармашылығы көрнекті

орын алады.Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы,

қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол

кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып

жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен

туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен

салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер

өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары («Теңіздің ар жағынан»,

«Жарылып кетті») терең мағыналы сынға құрылған.

Ұ лы Отан соғысы жылдары (1941-45) қазақ суретшілері Қазақстанға келген

орыс суретшілерімен бірлесе отырып соғыс жанры және тарихи тақырыптарда

картиналар жазып, халықтың қажымас ерлігі мен соғыс қаһармандарының,

тылдағы еңбек ерлерінің бейнелерін жасауға белсене қатысты.

Соғыстан кейінгі жылдары суретшілердің профессионалдық шеберлігі

өсіп, өз шығармаларында халық өмірін терең әрі мазмұнды қамтыды.

А.И.Черкасскийдің «Дина мен Жамбыл» картинасы, В. Антошенко –

Оленовтың «Сәкен Сейфуллин», «Ілияс Жансүгуров», Х. Наурызбаевтің

«Жамбыл», «Құрманғазы», Ә. Қастеев пен И.Леонтьевтің «Қазақстан

кілемшелері» шығармаларында қазақ адамдарының рухани жан дүниесінің

тазалығы, жан-жақты көрініс тапты.

Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші

А.Галымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ

әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград 157

көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер

ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А.Ғалымбаева «Дастархан»,

«Қостанай перамидалары» картиналарын жазды.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ.Т.Телжанов. Қанапия

Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында

туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО

Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967).

1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін

және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге

оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді.

1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы,

1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, қызметтерін

атқарды.

Қ. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және

тарихи тақырыптағы «Жамал» (1955), «Бейбітшілік оттары» (1961, екеуі де

Третьяков гал, Москва), «Домбыра әуендері», «Атамекен» (1958), «Кокпар»

(1960), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1964), «Қыз қуу» (1966) атты

шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі

қанық бояулы триптихтардың («Жол басы» 1966-70, Октябрь, 1970,

«Бозаралдықтар» 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ

бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. Суретші Ш. Уәлиханов

атындағы Мемлекет сыйлығының лауреаты (1967). Еңбек Қызыл Ту және

«Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Оның негізгі еңбектері

Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.

Қазақтың профессионал мүсін өнерін қалыптастырушылардың бірі

Хакімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Октябрь

селосында туған. Оған 1969 жылы Қазақстанның Халық суретшісі атағы

берілді. 1960 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол

1951 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан 1966

жылға дейін Алматы қөркемсурет училищесінде ұстаз болды. 1985 жылдан

қазақ мемлекеттік өнер академиясында ұстаздық етеді.

1950-60 жылдары «Бала Жамбыл», «Амангелді Иманов», «Құрманғазы»,

«Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты тарихи тұлғалардың мүсіндерін

жасап, кейіпкерлердің жан дүниесін ашуға, психологизмге бейімділігін

танытты.

Х. Наурызбаев 60-80 жылдар арасында ақын М. Хакімжанованың, еңбек

ері К. Дөнентаеваның, батыр қыз М. Мәметованың, еңбек ері Ы. Жақаевтің

мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын ішкі жан дүниесімен тығыз

байланыста көрсете білді.

Мүсіншінің шәкірттері Т. Досмағанбетов, Б. Төлеков, Е. Мергенов қазіргі

кезде кең көлемде танылған шеберлер. Мүсінші шығармашылығы лайықты

бағаланып Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше

медальдармен наградталған.158

Қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алатын дара тұлға А.Ғалымбаева.