
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
өнертанымдық негіздері141
Өнертану - өнерді зерттейтін қоғамдық ғылымдар жиынтығы. Өнертану
тұтас алғанда қоғам тудыратын бүкіл көркем мәдениеттің бірін зерттейді және
өнердің әр саласын өзінше жеке-жеке қарастырады, олардың ерекшелігі мен
болмысқа қатынасын тексереді. Өнердің пайда болуын, өркендеу қалыптасу
сатыларын, адамзат тарихынан алатын орнын, атқаратын қызметін, мәдениеттің
және де басқа құбылыстардың арақатынасын нақтылайды, көркем
шығармалардың мазмұн мен түр мәселелерін анықтайды.
Өнертануға әдебиеттану, музыкатану, театр тану, кино тану ілімдері
жатады. Өнертану ғылымы мұнымен бірге көркем өнердің кеңістіктік және
пластикалық түрлері (архитектура, сәндік қолданбалы өнер) кіреді.
Демек, өнертану бейнелеу өнердің, архитектура мәселелерін, сәндік
қолданбалы өнер мен дизайнды зерттейтін ғылым болып табылады. Сонымен
өнертану ғылымы бірімен-бірі тығыз байланысты өнер теорияс, өнер тарихы
және көркем сын деп аталатын негізгі үш саланы қамтиды.
Өнер теориясы дәуір талабын, эстетикалық талғам-тілекті ескере отырып,
қоғамдық пластикалық өнер және оның жеке түрлері жөніндегі әлеуметтік-
философиялық көзқарастарды қорытып әрі дамытып отырады. Ол өнердің
идеялық мазмұны, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу құралы,
өнер техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі т.б. мәселелерді
өзара байланысты күйінде алып зерттейді.
Сонымен қатар өнердің жалпы заңдылықтарын, объективті логикалық
дамуын, қоғаммен ара-қатынасын, ұжым мен жеке адамдарға әсерін жан-жақты
қарастырады.
Өнер тарихы өнердің даму жолын дүние жүзі көлемінде тұтас, не кейбір
елдің немесе жеке дәуірдің өнерін де зерттеп бағалайды, өнердің белгілі бір
түрі немесе бүкіл бір бағыт пен ағымның пайда болу, жетілу-тоғысу себептерін
түсіндіреді. Көркем сын замани көркем өмір құбылыстарын, қазіргі өнердің
жанрлары мен түрлерін, бағытын, оның шеберлерінің шығармашылығы мен
жеке көркем шығармаларды талдайды және бағалайды.
Өнер құбылыстарының өмір мен уақыттың қоғамдық идеалдарымен
қатысын тап мүддесі тұрғысынаналып тексереді. Өнертану зерттеулерінің
нәтижелері теориялық немесе тарихи проблемаларға арналған теориялық
трактат, суреткер парызы жөнінде толғаныс, теориялық немесе тарихи зерттеу,
жалпы немесе арнаулы еңбектер (монографиялар), мақала немесе баяндама,
күнделікті көркем өмірдің аталған немесе басқа да мәселелерін қамтитын шолу-
сын немесе этюд. т.б.болуы мүмкүн. Өнертанудың негізгі салалары мен
жанрлары ретінде айтылмыш міндеттерді жүзеге асыру қызметін атқарады.
Ғылымның жеке бір саласы ретінде өнертану әділ әрі дәл сөйлеу қасиеті
тұрғысынан қоғамдық және нақты ғылымдар тәсілін де қолданады. Бірақ,
негізгі мән артатыны шығармашылық болғандықтан, эстетикалық түйсік пен
талғам және танымға көбірек бой ұрады. Мұның бәрін зерттеуші – ғалым өз
шама-шарқынша дәуір, тап түсінігі деңгейінен көруге күш салады.Өнер сыны,
тарихы, теориясы бір-біріне және эстетикаға тығыз байланысты болып
табылады. Өнертану ғылымының барлық салаларында да көркем шығармаға 142
белгілі бір эстетикалық баға беру үшін оның мазмұны мен түр ерекшеліктерін,
оның біртұтастық сипатын анықтау мақсатында талдау тәсілін қолданады.
Өнер тарихының нақты фактілерін жинап ұқыпты өңдеуге және қорытуда
өнертану ғылымы зор жұмыстар жүгізе алады.
Қазба жұмыстарын жүргізу, және экспедициялар шығару арқылы
қалпына келтіру, өңдеу жұмыстарын ұйымыдастыру, ескерткіштерді анықтау,
оларды тіркеу және жүйеге түсіру, суреткер немесе шығармалар жөнінде
мәліметтер жинау, музейлік және көрмелік каталогтар, өмірбаяндық және басқа
да анықтамалар жасау, суреткердің әдеби мұраларын, мемуарларын, хаттары
мен мақалаларын бастырып шығару т.б. жұмыстар өнертану ғылымының
ғылыми өрісін кеңейте түседі.
Көркемдік идея – шығармады суреттеліп отырған өмір құбылысы туралы
автлрдың айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Идеясыз
өнер шығармасы болмайды. Мазмұны мен түрдің байланысы секілді тақырып
пен идея да әрқашан бірлікте болады. Суретші өмір жиынтығын көркем
образдарға жинақтап, оны өз шығармасының идеялық – тақырыптық негізінде
ғана суреттеп көрсете алады.Әрбір картинадаға көркемдік идеяның құрылымы
сол туындыны жазған суретшінің дүние танымына, әлеуметтік таптың
көзқарасына тығыз байланысты. Көркемдік әдіс белгілі бір дәуірде көптеген
суретшілердің шығармаларында қолданылып, өмір жиынтығын суреттеу
ерекшеліктерін белгілейтін негізгі принцип. Көркем өнердің барлық
салаларында тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның
бейнесін суреттеуде өзгешеліктер байқалады.
Көркемдік әдістер – романтизм, реализм, австракционизм болып
бөлінеді.Романтизм өне шығармалары арқылы адам бойындағы өршіл
қасиеттерді білдірсе, реализм – өнер арқылы өмір шындығын неғұрлым терең,
жан-жақты ашып көрсетуді мақсат тұтады. Социалистік реализм коммунистік
идеяларды уағыздау, өмірді даму үстінде көрсету, ескі мен жаңаның күресі
тұрғысынан сараптау бағытын ұстанады.Австракционизм өмір шындығында
бейнеленген көріністер бола бермейтін, суретшінің киялынан туындаған,
бейнеленген көріністері бергілі бір идеяны білдіретін, суретшінің көркемдік іс
әрекеті ретінде танылады.
Көркемдік өнердің сапасы мен оны жасайтын шығармашылықта
анықтайтын ұғым. “Көркем” деген сөз өте маңызды. Өнер әрқашан көркем,
яғни сәнді шығарма жазуға тиіс. Эстетикалық әсемдіктің өнерге тән ерекше
түрін ажырату мақсатында оған көркемдік ұғымы тағылған. Көркемдік
неғұрлым жоғары болса, өнер шығармашылығының маңызы арта түседі.
Өнердегі көркемдік өмірді шынайы бейнелеуді талап етеді. Шындықты
бұрмалауды көркемдік көтермейді. Көркемдік қоғамның дамып отырған
талабына жауап беруі керек. Өнерге тән нанымдылық пен жағымдылық
көркемдіктің негізі болып табылады.
Көркемдік өнердің барлық жақтарын қамтиды және әрбір элементтеріне
байланысты шындықты бейнелеудегі өнердің басты құрылымы – образ толық
мағынада көркемдік дәрежеге көтерілуі қажет. 143
Шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, тілі мен
әдісі – осының бәрі көркемдік заңына бағынады.Олар жеке алғанда ойға
орамды, сезімге жайлы келіп, гармониялық бірлестікте шығармаға нәр береді,
оны тартымды етеді, көркем дүниеге айналдырады.
Шығарманың мазмұны мен түрі бірлестікте болуы – көркемдік заңы.
Өнер түрлерінің форма мен жанрларының көркемдік ерекшеліктері болады.
Қашан да көркемдік – эстетикалық мөлшерді сақтау.
Көркем бейне өнерде өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, нақты
бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгіс. Көркем бейнеде көпке ортақ сипаттар
мен жекелік сипаттарды ұштастырып, қорытындылап әрі даралап көрсету
ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде ғана көркем образ, көркем
бейне туады, өмірдің көркем суреті жасалады.
Бейнелеу өнерінде адамның көркем бейнесін суретегенде, суретші оның
кескін тұрғысын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін
танытып, типтік сипаттармен қатар өзінің жеке басына тән ерекшеліктерін де
анық байқалатындай етіп көрсетеді.
Адамның типтік бейнесін, типтік мінезін суреттеу қоғамдық өмірді жан-
жақты терең зерттеп, білгенде ғана ұғымды болады. Мысалы: Абай ескерткіші
(Қ.Наурызбаев), Амангелді отряды (Ә.Қастеев), Ж.Қуанышбаев портреті –
мүсін (Б.Төленов) М. Рүстемұлы (Ш.Уәлиханов) портреті озық өнер
туындылары.
Бейнелеу өнері мұғалімінің өнертанушылық педагогтық қызметі
Адамның жеке тұлғасы күрделі де көпқырлы құбылыс. Әрбір жеке адам
жеке қайталанбас тұлға. Өнертанушы педагог жеке тұлға. Сондықтан
өнертанушы педагогтың қоршаған орта адамдарына, табиғат пен қоғам
құбылыстарына, өнерге деген өзіндік көзқарасы болады.
Өнертанушы педагог белгілі бір қоғамдық тарихи жағдайдың өнімі
болып табылады және белгілі бір қоғамдық қатынастардың ортасынды
қалыптасады. Өнертанушы педагогтың жан дүниесі оның ұстаған
бағыттылығымен, мінезімен, қабілетімен, таным, сезімдерімен көзқарасы
арқылы өнертанушы қоғамның әсерімен қалыптасады да, қоғамға өз әсерін
тигізеді. Ол өзі өнерді зерттеу, насихаттау нәтижесінде халықтың әсемдік
талғамын – көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізіп отырады.
Өнер зерттеуші педагогтың қызметінің қозғаушы күші – қажеттілік.
Қажеттілік дегеніміз –адам онсыз өмір сүре алмайтын, ағзаға қажетті зат немес
құбылыс. Адамға қажетті құбылыс әр түрлі. Олар материалдық және рухани
болып бөлінеді. Өнертанушының қажеттілігі өнер шығармалары біріншіден
материалдық сипат алса екіншіден олар рухани эстетикалық – танымдық
сипатқа ие болады.
Қажеттіліктің негізінде қызығушылық пайда болып отырады.
Қызығушылық дегеніміз өнертанушының өнер шығармаларын тануға арналған
ерекше қатынасы. 144
Өнертанушы педагогтың қызығушылығы материалдың (картина, мүсін,
сәндік өнер т.б) және рухани (өнерді тану, өнерге деген көзқерес, талғам т.б.)
болып бөлінеді. Өнертанушының қызығушылығы “ұзақ мерзімді”, “қысқа
мерзімді”, “тұрақты болып бөлінеді” және оның қалыптасуына ықпал етіп
отырады.
Өнертанушы педагогтың қызығушылығы, өнерге деген көзқарасымен
тығыз байланысты. Өнертанушының өнерге деген көзқарасы – оның қоршаған
орта әсемдігіне, табиғатқа, қоғам мен санаға, оның дамуына деген
көзқарастарының жүйесінен құралады. Өнерге деген көзқарас өнер
зерттеушінің ғылыми білімі мен өз жеке тәжірибесі негізінде қалыптасады.
Өнертанушы педагогтың іс әрекетінің бір түрі – көз жеткізу. Көз жеткізу
дегеніміз - өнертану ғылыми немесе өмір тәжірибесі негізінде жинақталған
ережелер мен анықтамалардың негізінде нақты іс нәтижесін көре білу.
Өнертанушы педагогтың ой - әрекетінің ерекше формасы – мұрат.
Өнертанушының іс - әрекетінің, мінез – құлқының, ұмтылысының нәтижесінде
болатын образ немесе оның өмірлік көзқарастарының жиынтығы – мұрат болып
табылады.
Сонымен өнертанушы педагогтың жеке тұлға ретінде қалыптасуында
оның қажеттілігінің, қызығушылығының, көзқарасының, көз жеткізуінің
өмірлік мұратының өзара қатынаста болуы және тұтастай қалыптасуы маңызды
орын алады.
Өнертанушы педагог қызметінде тіл маңызды орын алады. Тіл еңбекпен
бірге адам санасының дамуының негізгі факторы болып табылады. Тілдің
қарым-қатынас құралы ретінде коммунативтік қызмет атқаруы тілдің негізгі
функциясы. Тіл адам психологиясының көрсеткіші. Адам ойы тіл арқылы
көрініс табады.Тіл адамды белгілі қимыл әрекетке де итермелейді.
Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін, жеке адамның дербес
әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу бұл пікір алысу процесінде адамның
белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара
түсінісуді реттестіру үшін, екінші біреуді танып білу оған әсер ету үшін қызмет
етеді.
Өнертанушы педагог сөйлеу арқылы өз тәжірибесін байытып қоймай,
ғасырлар бойғы жинақталған өнер тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндік алады.
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді
дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен ұғыну бір
мезгілде жүріп отырады.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болады. Мұның біріншісі –
сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – сөздің мәнерлігі. Сөйлейтін сөздің
мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің мағыналығы дегеніміз
– екінші біреуге жеткізетін ойдың айқындылығы.
Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын таза болмайды. Сөздің
мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре
алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта білу. Халық нақты сөйлейтін
адамды, “сөзі мірдің оғындай” екен дейді.145
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз
қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс жұмыс істеуін қажет етеді. Сөйлеу әрекеті
мидың жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесінде жүзеге
асады.
Сөйлеу бірнеші түрлерге бөлінеді. Ол алдымен сыртқы сөйлеу және ішкі
сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызекі және жазбаша
сөйлеу болып бөлінеді. Ауызекі сөйлеу диалог және монолог болып бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі түрі болғандықтан сөйлеудің қалған түрлері
де соның төңірегінде құралады. Диалог сөздердің мынадай ерекшіліктері
бар:мұндай сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды
тілемейді. Бұл ылғи сүйемелдеп айтылатын болғандықтан ықшам келеді, ол
әңгімелесуші кісілердің өздеріне ғана түсінікті болады. Диалогтың
қисындылығы (жоспарлығы, біртінділігі, дәлдігі т.б.) кемдеу болады. Диалог
сөз ым-ишарамен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (көздің, қолдың,
ауыздың, қабақтың қозғалысы) толықтырылады.
Монолог бір адамның сөзі. Монологқа тән ерекшеліктер мыналар: ол
белгілі жоспарға құрылады, алдын ала дайындықты тілейді..Бұған логикалық
жағынан қатаң талаптар қойылады. Адамға әсер ететін мәнерлі сөзді көбірек
қажет етеді. Монолог сөздердің құрылымы белгілі жүйеден ауытқымайды.
Жазба сөйлеудің кейбір ерекшеліктері болады, олар: жазған кезде адамның
қасында сүйемелдеушісі болмағандықтан мұнда ешбір ым -–ишара
қолданылмайды. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатты талап
қойылады. Жазуда грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі.
Жазғанына адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті балмалар,
мағыналы сөз тіркестерін іздейді.
Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар негізгі
дауыстамайақ сөйлей алудың көрінісі. Әрбір ұлттың өкілі қандай бір нәрсе
туралы ойласа да алдымен өз тілінде ойлайды. Ішкі сөйлеудің адам өзінің
ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеу өте қысқа,
икемді болып келеді.
Қорыта айтқанда тіл өнертанушы педагогтың басты құралы. Өнертану
тілі, өнер мен көрерменнің қарым – қатынасын арттыратын өнерді тануға
жағдай туғызатын мүмкіндіктің бірі.Бейнелеу өнерінің мұғалімі оқушыларға
нер туындыларын таныстыру барысында ең бір қажеттілік оның өнертану
білімдері мен өнертану тілі болып табылады.
Адамның ойы ақиқатты тануға болмыстың өзара байланысын, қарым –
қатынастарын ашуға бағытталған. Дүниедегі заттар мен құбылыстар еш
уақытта жеке дара ұшырамайды, олар бір – бірімен байланыста болып отырады.
Бірақ осы байланыстар әр уақытта адам санасында сәулелене бермейді.
Егер адамның қабылдауы дүниедегі жеке – жеке нақты заттарды
қабылдайтын болса, ойлаудың негізінде кісі олардың арасындағы қатынастарды
танып біледі.
Ойлау біткеннің барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы
айналасындағы дүниені сәулелендіруде қателесіп отырады. Ақиқат дүниені
объективті түрде сәулеттендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай ойды –146
диалектикалық ой деп атайды. Диалектикалық ой дүниедегі заттарды,
болмыстарды өзгермейді деп санамайды, дүниедегі құбылыстарды даму мен
өздігінен болатын қимылдармен бірге алып қарайды. Диалектикалық ой
өзгертуге, қайта жасауға әрекет етіп отырады.
Басқа психикалық функциялармен салыстырғанда, адамның ойы ерекше
белсенді процес. Ойдың белсенділігі мына төмендегі жағдайларға байланысты:
1. ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша өздігінен
пайда болмайды, ойдың негізгі мақсаты сұраққа жауап беру, мәселені шешу;
2. алға қойған мақсаты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру;
3. мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның жорамалын
белгілеу;
4. ойдың дұрыс – бұрыстығын тәжірибеде сынап көру;
Ой адамның түсінік пен қабылдау арқылы алған нәрселерін жалпылай
қорытып, жанама түрде сәулелендіріп отырады. Егер түйсік пен қабылдау
арқылы адам заттар мен құбылыстарды бейнелесе ой арқылы бірнеше аталас
заттарды, құбылыстарды бір – біріне қосып, топтастырып, жалпылап
сәулелендіреді.
Егер түйсік пен қабылдау адамға дұрыс мағлұмат бермесе, адамның ойы
дұрыс болып шықпауы мүмкін. Сол сияқты ес пен елестерден жеткілікті
мағлұмат берілмесе де ойлауға керекті материалдар жеткіліксіз болар еді.
Ойдың барлығы білімнің байлығымен байланысты. Өнертанушы
педагогтың ойы өнерді кеңірек, толығырақ, тереңірек тану үшін, өнерндің өсіп -
өну заңдарын білуі үшін керек. Өнертанушы педагогтың ойы көбінесе сөз
арқылы әрекет етеді. Сөз арқылы оның ойы көрерменге жеткізіліп отырады.
Өнертанушы педагогтың ойы мен сөзі екі басқа процес, екеуінің арасында
айырмашылықтары бар, бірақ олар үнемі бірлікте болып келеді.
Өнертанушы педагогтың ойы бір жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей –
бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет етіп отырады. Өнертанушы педагогтың
ой – тәсілдеріне анализ, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау, жүйелеу,
топтастыру т.б. еніп отырады.
Анализ деп бүтін нәрсені бүтін нәрсені жеке бөлшектерге ажыратуды
айтамыз. Мысалы: картинаның композициясы, картинаның орындалу
техникасы, картинаның идеялық мазмұны деп жеке көркемдік сапаларға
ажыратылады. Мұнымен қатар картинаның осы аталған көркемдік сапалары
картинаның көркемдік ерекшеліктерінен біріктіріледі. Синтез деп картинаның
түрлі көркемдік сапаларын біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады. Сол
сияқты бірнеше картинаның көркемдік сапаларын біріктіріп белгілі бір өнер
бағытына біріктіруді көрсетеді.
Анализ бен синтез тұтас нәрсенің қарама – қарсы екі жағы болып
табылады. Өнерде шартты түрде тұтас нәрсе деп белгілі картинаны немесе
сәндік қол өнер бұйымын, мүсінді бейнелеу өнерінің жеке саласын, өнер
шеберінің тұтас шығармашылығын алуға болады. Анализсіз – синтез, синтезсіз
– анализ болмайды, сондықтан ой тәсілінің осы екі түрін қатарынан қарастыру
керек. 147
Өнертанушы педагогтың ойлау формасының ең қарапайым түрі – ұғым.
Бұл заттар мен құбылыстардың елеулі мәнді белгілері туралы ой. Өнертанушы
педагог ұғым арқылы өнер шығармалары мен өнердегі құбылыстардың өзіне
тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын мида сәулелендіреді. Ұ ғым
арқылы өнертанушы педагог жеке шығармалардың айрықша белгілерін
елестетумен тынбайды, ол сол шығарманың мазмұнын ашып, ішкі
ерекшеліктерін байланыстарын танып, біліп атырады. Ұ ғым елестетуге
қарағанда мағыналы терең және ықшам болап келеді. Ұ ғым әр уақытта
жалпылау элементі, өйткені, әрбір ұғым өнер туындылары жалпылап отырады.
Мысалы: “графика”, “кескіндеме”, “сәндік өнер”, “мүсін” деген ұғымдар өнер
шығармаларының жалпы белгілерін сәулелендіреді.
Өнертанушы педагог ойлауының бір формасы – талқылау. Әрбір
ұғымның маңызы талқылау арқылы белгіленіп отырады. Талқылау арқылы ғана
өнертанушы шығармалардың бір – бірімен байланыстарын, қатынастарын,
айырмашылықтарын ашады. Ол талқылау арқылы ғана бір ұғымға келеді.
Талқылау әр уақытта белсенді ой әрекет болып табылады. Талқылаудан
мақұлдау, мақұлдамау, дұрыстау немесе бұрысқа шығару пайда болады. Ұ ғым
біткеннің барлығы бірдей бола бермейді, объективті дүниені дұрыс
сәулелендіргенде ғана дұрыс талқылау шығады.
Өнертанушының ой қорытындылары индукция және дедукция болып
екіге бөлінеді. Индукция деп жалқыдан жалпыға қарай жасалатын ой
қорытындысын айтады. Индукция өнертанушының нақты тәжірибесінен,
практикаоық әрекуеттерімен байланысты. Ол өнердегі және факторларды
талдап, қорытып, одан жалпы тұжырымдарға келеді.
Индукцияға қарам – қарсы ой процесін дедукция деп атайды. Дедукция
деп өнертанушының жалпы пікірден жеке пікірлер туғызудан айтады.
Индукция мен дедукция да ойымызда қатарлысы жүріп отырады, бірінсіз – бірі
болмайды.
Өнертанушы педагогқа қажеттіліктің бірі – қабілет. Қабілет – іс
әрекеттің белгілі бір түрін ойдағдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның
жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе – күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Өнерт
анушының қабілеті белгілі бір өнердегі көкейтесті мәселені уақытылы
көтеріліп, оның нәтижелі орындауы, өнер туындысын халыққа дер кезінде
таныстыру, оған көркемдік баға беру әрекетін айтуға болады.
Өнертанушы педагог қабілеті дамып, қалыптасып әртүрлі деңгейде
көрініп отырады. Оның алғашқы қабілетін репродуктивтік, яғни өнертанушы
педагогтардың бәріне тен іс - әрекетте шеңберін меңгерумен өлшенсе,
кейінгісін шығармашылық қабілет жаңа – жек дара бағыттар бойынша өнер
зерттеулерін жүргізу мүмкіндігінен байқалады.
Өнертанушы педагог қабілетінің дамуындағы ең басты фактор – еңбек.
Ол неғұрлым көп ізденсе оның қабілеті соғұрлым дами түседі.
Өнертанушы педагог іс - әрекетінің бір көрінісі – бейімділік болып
табылады. Өнертанушының өнерді зерттеуге , тануға, бағалауға қызығып, оған
көңіл аударумен және жүзегеасырудағы икемділігінен көрінеді.148
Өнертанушы педагог қабілетіне жақын тұрған қабілет бейімділік болып
табылады. Қабілетті өнертанушы педагогтың ерекшелігі сол іске
бейімділігінен ертерек көзге түсуі, өзіне - өзі сенуі, өз қабілетін бағдарлай білуі.
Жеке тұлғаның өнертанушы педагогтың іс -әрекетіне деген бейімділігі,
оның өнерді тануға деген бетбұрысы, оған ерекше көңіл аударуы, оның оянып
келе жатқан қабілетінің алғышқы белгісі болып табылады.
Қорытындылай айтқанда өнертанушы педагогтың тұлғасының
қалыптасуында өнертанымдық ой мен шығармашылық қабілет шешуші рөл
атқарады.
Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік
ерекшеліктерін тану бағыттары
Қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан
бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы
олардың шығармаларынан құралады. Қазақ суретшілері график, кескіндеме
шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші және
дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.
Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери,
анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме
шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.
Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар:
«Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұ лттық ойындар», «Айтыс өнері»,
«Ұ лттық киім», «Ү й жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұ лы
Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек,
өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды
мазмұнды қамтиды.
Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары республикалық шет
елдер мен халықаралық көрмелерге қатынасқан. Көптеген шығармалар Ә.
Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемсурет музейінде, Қазақстан Суретшілер
одағының, Қазақстан дизайнерлер одағының, Қазақстан Мәдениет
Министрлігінің қорларында, суретшілердің жеке қорларында сақтаулы.
Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы туралы жеке
кітаптар, монографиялар шығып, кезеңдік басылымдарда бірнеше жүздеген
мақалалар жарияланған.
Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлт өнері сияқты графика, кескіндеме, сәндік
қолданбалы өнер, мүсін түрлері кіретін жеке ұлттық өнер. Қазақ бейнелеу
өнерінің қайсы саласы болса да мейлінше кең дамыған. Оқушыларды бұл
өнердің графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері,
тұрмыстық, тарихи, анималистік, портрет, пейзаж жанрларымен сабақта және
сабақтан тыс таныстыруға мүмкіндік мол.
Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған көптеген суретшілеріне
республикадағы сіңірген еңбегіне қарай «Қазақстан Республикасының Халық
суретшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атақтары берілген.
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған, көптеген өнер
шеберлері,Ә.Қастеевке (1944), Қ.Телжановқа (1963), Х.Наурызбаевқа (1969), 149
Н.Нұрмұхаммедовке (1975), С.Мамбеевке (1979), Е.Сидоркинге (1980),
Н.Гаевке (1980), С.Романовке (1981), М.Кенбаевке (1985), Ә. Ысмайловқа
(1985) «Қазақстанның халық суретшісі» құрметті атағы берілді.
Бейнелеу өнері саласында «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер
қайраткері» құрметті атақтары мына суретшілерге берілген: Ә.Қастеев (1942),
Н.В.Цивчинский (1951), А.Ненешов (1954), Х.Наурызбаев (1960), Ә.
Ысмайлов (1960), А.Галымбаева (1961), П.Зальцман (1962), Н.Гаев, М.Кенбаев,
С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов (1963), В.Онтоншенко-Оленов, Е.Сидоркин,
К.Шаяхметов, Г.Исмайлова (1965), Е.Говорова, К.Қожықов, М.Лизочуб (1966),
В.Крылов (1970), К.Баранов, А.Бортников (1971), С.Қожықов (1972),
Ә.Хайдаров (1974), С.Романов, А.Степанов, Б.Толеков (1976), Т.Досмағанбетов
(1980), А.Дячкин, Е.Мергенов, Ш.Ниязбеков, У.Рахманов, Ж.Шарденов,
А.Школьный, У.Әжиев, А.Дроздов (1985), С.Айтбаев, А.Гурьев, Қ.Закіров,
И.Исабаев, Б.Табиев (1988), М.Қалымов, Б.Пак, Т.Тоғысбаев (1989).
Қазақстан суретшілерінің ішінде көптеген өнер шеберлеріне Қазақстанның
мемлекеттік сыйлықтары берілген. Суретші Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде»
атты акварельдер сериясы үшін 1966 жылы К.Телжановка «Еңбек адамдары»
суреттер сериясы үшін 1967 жылы, Х.Наурызбаевқа «Ш.Уәлиханов ескерткіші»
үшін, Е.Сидоркинге «Ақсақалдар» графикалық сериясы үшін 1970 жылы,
А.Галымбаеваға «Біз дәуірімізді мақтан етеміз», «Қуанышты күн», «Студент
қыздар», «Қостанай пирамидалары» атты суреттер тобы үшін 1972 жылы,
Т.Досмағанбетовке «Ә.Жангелдин» ескерткіші үшін 1976 жылы,
Н.Нұрмұхаммедовке «Еңбек даңқының адамдары» кескіндеме шығармалар
сериясы мен өнертанудағы еңбектер циклдары үшін 1978 жылы, У.Әжиевке
«Тың игерушілер», «Тың түлектері» акварельдер сериясы үшін, Б.Зауырбекова,
Қ.Тыныбеков, Е.Николаева, И.Яремаларға «Қазақстан» үшін 1980 жылы,
Е.Сергебаевқа «М.Әуезов мүсіні» үшін 1982 жылы мемлекеттік сыйлықтың
иегері атанды. Мұнымен қатар суретші К.Моллашев «Қазақстан» сериялық
суреттері үшін бүкілодақтық сыйлыққа 1981 жылы ие болды.
Көптеген жас суретшілеркезінде Қазақстан жастар сыйлықтарын алды:
1964 жылы П.Усачевке «Мұхтардың жастық шағы» және «Студент қыз» мүсіні
үшін, 1965 жылы С.Айтбаевқа «Менің Отаным» атты бір топ бейнелеу
жұмыстары үшін, 1972 жылы М.Қисамединовке графикалық жұмыстар сериясы
мен кітаптарға жасаған иллюсиряциясы үшін 1978 жылы Ж.Дөненовке
мультификациялық фильмдері үшін, 1980 жылы Б.Әбішевке «Т.Бокин»
ескерткіші үшін, К.Молдағалиевке «Ұ лы Отан соғысында қаза тапқан
Қарағандылық жауынгерлерге» арналған мемориалдық комплекс үшін берілді.
1982 жылы бір топ қолданбалы өнер туындылары үшін Д.Шоқпаровқа,
«Туған өлкенің бейбіт тынысы» атта суреттер тобы үшін Ә.Нақысбековке,
монументалдық туындылары үшін М.Ізбасқановқа, 1984 жылы «Асыққан
жастық шақ», «Жастық-1», «Жастық-2», «Маңғыстаудың күнделікті тіршілігі»
секілді жастарға арналған суреттері үшін, Е.Төлепбаев, Б.Тулкеевтер 1986
жылы фольклорды көркемдеген иллюстрациялар үшін М.Әлинге Қазақстан
жастарының сыйлығы берілді.150
Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында суретшілер шығармашылығына
байланыста мынадай кезеңдерді көруге болады. Бірінші кезең өнерін
оқушыларға таныстыру барысында – қазақ топырағындағы алғашқы бейнелерді
қамтиды. Бұл қазан төңкерісіне дейінгі Шоқан Уәлиханов пен Мақы Уәлиханов
шығармашылығына қатысты. Сонымен қатар бұл кезең өнері туралы сөз
қозғағанда Т.Шевченко, В.Залецкий, В.Верешегин шығармашылығы айтылады.
Екінші кезең өнерін оқушыларға таныстырғанда – Қазан төңкерісінен Ұ лы
Отан соғысынан кейінгі жылдар арасы. Бұл кезеңнің өнеріне байланысты
Н.Хлудов, Ә.Қастеев, К.Баранов, А.Бортников, Н.Крутильников, М.Лизочуб,
А.Черкасский, А.Исмайлов, К.Ходжиков сияқты алғашқы суретшілердің
шығармашылық еңбектері қамтылады.
Ү шінші кезеңге өнерін оқушыларға таныстыру барысында – 1950
жылдардан басталатын қазіргі халық халық суретшілері А.Ғалымбаева,
Г.Исмайлова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов,
С.Романов, Х.Наурызбаев, К.Шаяхметов, Е.Сидоркин, В.Крылов, Н.Гаев,
У.Әжиев, Г.Иляев, А.Хайдаров, А.Степановтардың шығармашылығы
талданады.
Төртінші кезеңдегі қазақ өнерін оқушыларға таныстыруда – 60 жылдардан
басталатын Қазақстан мен Ресейде көркемдік білім алған суретшілер
С.Айтбаев, О.Нұржұмаев, Т.Тоғысбаев, А.Сыдыханов, Ж.Шарденов,
М.Кисамадинов, А.Молдашев, Д.Шоқпаров, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов,
Б.Төлеков, Т.Абуов, А.Исаев, Ю.Мингазитдинов шығармашылығындағы өмір
құбылыстары, ел өмірі сөз болады.
Бесінші кезең – 70 жылдардан бері көркемдік ортада таныла бастаған
Қ.Тыныбеков, М.Аманжолов, А.Ақанаев, К.Дүйсенбеков, Г.Жалмұханов,
С.Бөлтірікова, Б.Зауырбекова, М.Қалқабаев шығармашылығы туралы әңгіме
қозғалады.
Алтыншы кезең туралы әңгіме барысында мұғалім – 80 жылдардан
басталатын жас суретшілер А.Нақысбеков, Б.Тулкеев, Е.Төленбаев,
Т.Ордабеков, Н.Нұрмұханбетов, В.Халатов, А.Тұрсынов, Б.Талқанбаев,
М.Әлімбаев, С.Иляев, З.Қожамқұлов, Н.Шилібаев, А.Оспанов,
Б.Байменовтердің шығармашылық жұмыстары туралы талдаулар жасап
көрсетеді.
Графика саласында Н.Гаев, Б.Табиев, Е.Говорова, А.Исмайлов,
Е.Сидоркин, К.Хожықов, Н.Исабеков, П.Зальцман, А.Хайдаров, А.Дячкин,
Б.Чекалин, А.Бортников, И.Андреев, А,Гурьев, Б.Пак, К.Баранов,
М.Кисамединов, Ю.Мингазидинов, Т.Ордабеков. А.Оспанов, Б.Байменов,
Н.Нұрмаханбетов өнімді шығармашылық еңбек етіп келе жатқандығы
айтылады. Бұған М.Қисамединовтың «Махамбет», И.Исабаевтың «Мұхтар
Әуезов», Е.Сидоркиннің «Абай», Ә.Қастеевтің «Турксиб», Б.Пактің «Бақыт»,
Е.Сидоркиннің «Абай жолы», «Қазақ эпосы», П.Зальцманның «О.Сулейменов
өлеңдерін оқығанда», С.Романовтың «Даладағы жәрмеңке», К.Барановтың
«Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», А.Гурьевтің «Еске алу: Қазақ
жауынгерлерінің әні», Ш.Кенжебаевтың «Жолдағы әңгіме», С.Рахмановтың 151
«Бұғаудан босану», А.Нақысбековтың «Менің жастығымның теректері»,
Т.Ордабековтың «Бұхар жырау» шығармалары мысал бола алады.
Қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме саласында халық суретшілері
Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, А.Ғалымбаевтың, Г.Исмайлованың,
М.Кенбаевтың, С.Мамбеевтің, Н.Нұрмұхаммедовтың, С.Романовтың есімі
оқушыларға таныстырылады. Ә.Қастеевтің «Түркісиб», Қ.Телжановтың
«Жамал», «Көкпар», А.Ғалымбаевтың «Дастархан», Г.Исмайлованың «Қымыз»,
М.Кенбаевтың «Қашағанды қуу», «Шопан әні», «Сары арқа», С.Мәмбеевтің
«Жайлауда», Н.Нұрмұхаммедовтың «Папам келе жатыр», С.Романовтың «Жер
туралы декрет», С.Айтбаевтың «Бақыт», Т.Тоғысбаевтың «Дала туралы
балада», Ә.Жусиповтың «Менің Отанымның әйелдеру», А.Степановтың «Жер
планетасынан келген адам», А.Молдашевтің «Жер, космос, Қазақстан»,
О.Нұржұмаевтың «Әке қабыры басында», Е.Толепбаевтың «Көкпар»,
Б.Тулкевтің «Әке портреті», «41 жыл», А.Нақысбековтың «Р.Қошқарбаевтың
портреті» мазмұнымен де көркемдік деңгейінен де жоғары, көпке танымал
шығармалар екендігі көрсетіңлді.
Қазақ бейнелеу өнерінің мүсін саласында даңқты мүсіншілер
Х.Наурызбаев, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Б.Толеков, Е.Сергебаев,
Р.Ахметов есімдері құрметпен аталады. Мүсінші Х.Наурызбаевтың жасаған
Абай ескерткіші, Т.Досмағанбетовтың Ә.Жангелдин ескерткіші, З.Сергебаевтің
құйған М.Әуезов ескерткіші, Б.Толеновтың, Ж. Қуанышбаев портреті,
Е.Мергеновтың «Әке портреті», Р.Ахметовтың «Ашаршылық» шығармаларын
өнер сүйер қауымға кеңінен танымалы, шығрмалары екендігі әңгіме сабақтың
арқауы болаы.
Бейнелеу өнері сабақтарында сәндік қолдандалы өнер саласында
суретшілер Г.Иляев, Қ.Тыныбеков, М.Қалқабаев, Д.Шоқпаров, Б.Зауырбекова,
С.Бөлтірікова, С.Иляев, Г.Жалмұханов, М.Әлімбаев, С.Төленбаев,
Ж.Барымбетов шығармашылығысы Қазақстан өнері тарихынан құрметті орын
алатындығы айтылады.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі соңғы кезеңдегі жаңа бағыт абстракция бағыты.
Бұл бағыттағы суретшілер шығармаларының мазмұнының кеңдігі, бір ғана
туынды шеңберінде терең мағыналы ойды білдіретін, ауқымды тақырыптарға
құрылған сюжетті картиналар мен графикалық туындылар беруде. Бұлардың
қатарында кескіндеме шеберлері А.Ниязбеков, М.Қасымбеков, А.Губашев
А.Мыңлыбаева, Р.Абдулов, Р.Аспандиярова, С.Сулейменова, А.Есдаулетовтар
бар. Бұлардың ішінде М.Қасымбековтың «Көкпар», А.Губашевтың «Арал
қасіреті», Р.Абдуловтың кескіндеме туындыларын ерекше атауға болады.
Қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық салт, дәстүрді, тұрмыс тірлігін жан-жақты
бейнелеген шығармалар көптеп саналады. Бұл бағытта Ш.Уалиханов,
Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, М.Қисамединов, Қ.Телжанов, Е.Төлепбаев,
Е.Кенжебаев, В.Флорова, А.Галымбаев, Қ.Тыныбеков, М.Кенбаев сияқты
суретшілер шығармашылық еңбектер жазғандығы туралы сабақта мәліметтер
беру орынды.
Бейнелеу өнерінде ұлттың салт-дәстүрді, ұлттық ойындарын бейнелейтін
Р.Ахметовтың «Қалындық», «Қонақ жайлық», «Жастық шақ», Ә.Қастеевтің 152
«Сатылған қалындық», Е.Сидоркиннің «Жамбыл мен Досмамбет айтысы»,
В.Фролованың «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы», А.Черкасскийдің «Жамбыл
мен Дина», Ш.Уалихановтың «Боранбай», «Тезек төре» шығармалары бар.
Сонымен қатар Е.Сидоркиннің «Ақсақалдар, К.Телжановтың «Әжесі мен
немересі», С.Кенжебаевтың «Жолдағы әңгіме», С.Романовтың «Ас беру»,
О.Нұржұмаевтың «Әке қабірі басында», М.Кенбаевтың «Сары арқа»,
Қ.Тыныбековтың «Дала балладасы», «Тау мен дала аңызы», «Байқоңыр»,
М.Кисамединовтың «Махамбет» шығармаларында үлкенді қадірлеу, халық
дәстүрлері, қазақ даласының тарихы, ерлік үлгілері шығармалардың арқауы
болған.
Ұ лттық ойындар, аңшылық дәстүр, батырлық үлгісі, ат үйрету өнері,
суретшілер В. Верешагиннің «Аңшы қырғыз», Қ. Телжановтың «Көкпар», А.
Гурьевтің «Батырдың жебесі», М. Кенбаевтің «Асауды ұстау», С. Романовтың
«Құсбегі», Е. Сидоркиннің «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақ эпосы»
туындыларында көрініс тапқан.
Қазақтың ұлттық дәстүрін бейнелеуге ерекше ден қойған суретші – Айша
Галымбаева. А. Галымбаеваның «Ү ш ғасыр», «Дастархан», «Бір кесе қымыз»
атты натюрморттары, «Дала қызы» картинасы және «Ұ лттық киімдердің»
эскиздері қазақ бейнелеу өнерінен ерекше орын алады.
Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлттардың өнері сияқты өзіндік ерекшелігі бар.
Өнердің бір түрі Қазақ бейнелеу өнері өзінің озық туындылары арқылы бүкіл
әлемдік өнердің қатарынан орын алады, оның дәлелі суретшілер Әбілхан
Қастеев, Қанапия Телжанов, Сабыр Мәмбетов, Нағымбек
Нурмаханбетов,Хәкімжан Наурызбаев сияқты суретшілердің еңбектерінен
көруге болады. Қазақстан бейнелеу өнері өзіндік тарихы қазақ елінің даму
тарихымен тығыз байланысты.
Қазақ елінде қоғамдық құрылыстар дамуы Қазақстан бейнелеу өнеріне
ықпал етеді. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы қазақ өмірінің салт-дәстүрі мен
тұрмысы, әдет ғұрпы мен шаруашылықғына байланысты. Қазақстан бейнелеу
өнері тарихынан ертедегі жартастағы бейнелер ерекше орын алады. Қазақ
халқы бұрыннан мал шаруашылығымен айналысқан. Халық шеберлері сәндік
өнерге қажетті жүн, тері, шикізаттарды мал өнімдерінен алып отырған.
Сондықтан қазақ халқының өнері оған қажетті материалдар, халықтың
тұрмысы мен шаруалығына тығыз байланысты. Ертедегі қазақ халқының
өмірін қазақ жерінде болған орыс және басқа шетел суретшілердің
картиналарынан көруге болады. Қазақ халқының өнері ертедегі Қазақстан
территориясын мекендеген сақ, үйсін, ғұн тайпаларының өнерімен тығыз
байланысты. Олар мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүрген.
«Ат адамның қанаты» демекші көшпелілер өмірінде ат қасиеті ерекше
бағаланады. Тұлпардың тұяғы жартасқа бейнеленген сурет қазірге дейін
Маңғыстау мен Қаратауда кездеседі. Бұл суретте қазақтар «Тұлпар тас» деп
атаған. Қазақта жылқы малына байланысты көптеген мақал-мәтелдері бар.
Мысалы: Жақсы ат, ердің қанаты, қасқыр малдың жауы болса, жүйрік оны
қорғаушысы болып көрінеді. Осыған байланысты ат спорт ойынын «Көкбөрі»
деп атаған. Кейін ол «Көкпар» болып аталған. Осы сияқты қазақта, қыз бөрі, 153
қыз қуу сияқты әртүрлі ойындар болған. Ежелгі түрік қағанатының туында – ат
бейнеленген. Мұндай суреттер қазірге дейін жартастарда сақталған. Түрік
тектес халықтар ертеде бұғы, аққу, өгіз тектес жануарларды, құстарды қасиет
тұтқан. Өгіз күш пен бейнеттің символдық белгісі ретінде қабылданған. Бұғы
бағыт пен жол көрсетеді деген ниетте болған. Сондықтан ертедегі шеберлер
жасаған бұйымдарда бұғы бейнесі жиі кездеседі. Бұғы мен қошқар мүйіз ою -
өрнектегі негізгі халық өнеріндегі мотивтің бірі болып табылады. Қазақстан
териториясынан сақ дәуірде табылған ескерткіштер аң стиліне жатады. Сақ
дәуірі алғашқы кезеңінде аңдар образы реалдық шындыққа жақын берілсе
соңғы кездерде стильдеу, ықшамдау басым болды. Аңдар бейнесі біртіндеп ою
- өрнек мотивіне айналды.
Тау ешкісі арқарды, бұғыны, жыртқыш аңдарды қозғалыссыз қалпында
бейнелеу сақ өнерінің архаикалық кезеңіне тән құблыс. Бұлар Қарқаралы
ауданының Мырза Шоқы қорғанының, Қайранкөл көлінің маңынан табылған
минатюралық разеткеден көруге болады. Аңдорновтың стилінің жарқын
ескерткіштерінің бірі Алматы түбіндегі Ыссық қорғанынан табылған алтын
киімді адам. Бұл адамның бас киімінен бастап барлық киімі түгелдей алтыннан
жасалған. Бас киімі, жаға кеуде, белбеу киімдерінің бөлшектерінде құс қанаты
жолбарыс, қанатты тұлпар бейнесі бейнеленген. Бұл Ыссық ескерткіші б.э.д.
IX- ғасырға жатады. Ыссықтан табылған өнердің ерекше бір түрі төртбұрышты
жиегі 34 см биіктігі 36 см төрт аяқты оюлармен көмкерілген стол. Мұндай
заттар қазақ жерінен көптеп табылған. Жолбарыстар мен түйелердің ұрыс
көріністері бейнеленген қапсырмалар, Атырау, Орталық Қазақстан, Ақтөбе
облыстарының жерлерінде көп кездескен. Аңдар бейнесі салынған кілемді,
қазақ кілемдері ішінде болғаны жайлы зерттеуші С.М. Дубин өз еңбектерінде
атап көрсетеді. Аң стилінде, негізгі образдар қой, жылқы, қасқыр, бүркіт
көріністері, көп фигуралы композиция түрінде немесе осы жануарлар мен
аңдардың бас көрінісі түрінде беріледі.
Аң стилі кезеңінің соңында бұл көріністері ою-өрнектері түріне
ауыстырылады. Осыған байланысты ат құлақ, бөрі бас, қошқар мүйіз ою-
өрнектері пайда болды. Ертедегі өзіндік ерекшелігі бар қазақ өнерінің бір түрі,
тастан ойып жасалған қойдың бейнесі. Бұлар Маңғыстау, Орталық Қазақстан
және Тарбағатай тауларында кездеседі. Қойдың бейнесі ертеде байлықтың,
сәтті істің символы ретінде қабылданған.
Түрік қағанаты кезінде тастан өрнекті қашау, ою-өнері дамудың жоғарғы
дәрежесіне көтерілген. Мұндай тас ою-өнері екі түрге бөлінеді. Бірінші – тас
бетіне сызық түрінде ою арқылы бейнелер салынса, екіншісі – көлемді мүсін
түрінде кездеседі. Мысалы Орталық Қазақстанда егіз қайтөс маңындағы
құдарғы жерінен табылған тас бетіне балалы әйел және үш адам бейнеленген.
Бұл суреттің сюжеті ата қабіріне тағзым ету деген мағынаны білдіреді. Осы
кезеңдегі бейнелі ескерткіштердің бір түрі ердің алдыңғы жақтарға салынған
сурет, бұл суретте аң аулау көрінісі мен жануарлар бейнеленген.
Түрік қағанаты ұрпақтарының мәдени дәстүрін қыпшақ қаңлы
тайпаларының ұрпақтары жалғастырды (VII – XV ғ), бұлардың мәдениеті
әсіресе X – XII ғ. жоғары дәрежеге көтерілді. Қыпшақ пен қарлықтардың осы 154
кезде ерекше көлемді ескерткіші табылады. Бұлар тастан жасалған адам
мүсіндері. Бұл мүсіндер қыпшақтардың сол кездегі мекені болған Орталық
Қазақстанда және қарлықтар өмір сүрген Жетісу өңірінде сақталған. Аталған
мүсіндер осы дәуірдің (VIII – XIV ғ) алғашқы кезеңінде жазықтық түрінде
болып келсе соңғы кезеңінде мүсінге жақындай түседі. Бұл мүсіннен әскери
адамдар, малшылар, ел басшылар, әйелдер бейнелерін көруге болады. Мүсіндер
бойында киімдердің бөлшектері, қару жарақтар, бас киім, белдік, әйелдердің
безендіру (сырға, білезік т.б.) сондай-ақ музыка аспаптары айқын сомдалған.
Кейбір тас мүсіндерде ою-өрнектер салынып құстар мен адамдардың
бейнесі бір қырынан бейнеленген. Тас мүсіндерден басқа Ұ лытау тауларында
сары немесе қызғыш түсті қолдан жасалған саукеле ұқсас бас киімі бар
статуеткалар табылған. Бұл статуеткалар Жезқазған қаласының тарихи өлке
тану музейінде сақталған. Қорыта айтқанда Қазақстанның жерінде дамыған
Қыпшақ, Қарлық, Огуз тайпаларының өнері, қазақ халқының көркем
мәдениетінің бастауы болып табылатындығы туралы мәліметтер бейнелеу өнері
сабақтарында берілетін білім мазмұнының бір саласы болып табылады.
Қазақ бейнелеу өнерінде Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы ерекше
орын алады. Ш.Уалиханов қазақ халқының тұңғыш ғылымы ағартушысы
болумен қатар сурет өнерімен де айналысқан. Бейнелеу өнерінен білімді Шоқан
кадет корпусында оқыған кезде сурет пәнінің мұғалімі И. Пономоревтан алған.
Ш. Уәлихановтың бейнелеу шығармашылығы өзінің ғылыми зерттеу
жұмыстарымен шығыс еліне жасаған саяхаттарымен тығыз байланысты. Ол
өзінің саяхат жасаған жерлерде адамдарды, жан-жануарларды реалистік
тұрғыдан бейнелеген. Шоқан еңбектері бейнелеу, пейзаж, портрет және
аналистік жануарларды қамтиды. Шоқанның суреттерін негізінен мынадай
кезеңдерге бөлуге болады:
1. Шоқанның жас кезінде Құсмұрында салған суреттері;
2. Кадет корпусында салған суреттері; 3. Жоңғар Алатауына саяхат кезіндегі
суреттері; 4. Қытайға барған сапарындағы суреттері.
Шоқанның бейнелеу өнеріне аса көңіл бөлген тақырыптары пейзаж бен
портрет. Олар «Боранбай», «Қашқар қызы», «Тезек төре», «Қытай
делегациясын қабылдау», «Автопортрет» шығармалары. Шоқанның салған
суреттерінің пейзаж жанрына кіретіндерә «Ақ шамшы», «Жатақ», «Құранды»,
«Таспа тауының көрінісі», «Құс мұрын», «Сырымбет», «Жоңғар алатауы» деген
шығармалары. Шоқан бұлардан басқа «Еліктің лағы», «Жайрандар» деген
аналистік шығармалар жазып, «Омбыдағы генерал губернатордың үйі»,
«Айғаным усадьбасы», «Торанғыл түбіндегі үй» суреттерін салып, сонымен
қатар архитектуралық құрылыстар бейнелерін жасаған. Шоқан Уәлиханов сурет
салумен қатар өзінің саяхат жасаған жерлердің географиялық картасын
түсірумен айналысқан. Шоқанның 19 ғасырдың 2-ші жартысында салған суреті
сол кездегі Россияда шығатын «Воскресный досуг» және «Нива» журналында
жарық көрген.
Қазақ бейнелеу өнерінен суретші В.Верешегин мен Т.Шевченко
шығармалары ерекше орын алады. XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың
белгілі суретшісі Верешагин Орта Азия мен Қазақстан жеріне саяхат жасай 155
халық пен ел тұрмысын мәдени-дәстүрін зерттеумен айналысқан. Ол өзінің
шығармаларында кейіпкердің көркем образын шығарумен қатар, халықтың
антропологиялық ерекшелігіне аса назар салып отырған. В.Верешагиннің қазақ
жерінде болған сапарында Шу өзенінің жағасындағы «Қазақтың киіз үйі»,
«Лепсі даласын қоршаған тау», «Алатауда», «Аңшы қазақ», «Райым молда мен
Кәрім молда қонақта», «Мешіт есігінің алдында», «Соғыстың қасіретті ізі»,
сияқты картиналарын жазған. Суретші «Аңшы қазақ», «Райым молда мен Кәрім
молда қонақта», «Мешіт есігінің алдында» картинасында адамдардың ұлттық
киімі үлгісімен оның ою-өрнектерін, қоршаған ортаның ұлттық сипатын айқын
бейнелеуге көңіл бөлген. Суретші В.Верешагин Шу өзені жағасындағы
қазақтың «Киіз үйі», «Лепсі даласын қоршаған тау», «Алатауда» деп аталатын
картиналарында қазақтың тұрмысын, жерінің табиғи сұлулығын, өзіндік
көркемдік бейнеленген бұл картиналары қазіргі кезде Москвадағы Третьяков
галериясында, Санк-Петербургтегі Эрмитажда, Ташкент, Алматы және Бішкек
қалаларындағы өнер музейінде сақтаулы.