Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар

қажеттігіне тоқталайық. Мұғалім үшін: «Гипс вазаның суретін салу» тақырыбы

бойынша үш гипс ваза, үш нұсқа қоятын стол, фонға арналған үш мата; сурет

салудың әдістемелік бірізділігін көрсететін таблица. Конспектіде сонымен

қатар нұсқаларды сыныпқа орналастыруды көрсететін схеманы көрсетуге

болады. Кескіндеме сабағы бойынша осыған ұқсас, үй қолданысындағы

заттардың үш комплектісі, фонға арналған үш дана жарық түсті мата және

натюрморт салудың бірізділігін көрсететін таблица қажеттілігі көрсетіледі.

«Шеңбер ішіне өрнектер салу» тақырыбы бойынша халық ою-өрнектерінің

үлгілері бейнеленген таблица, сәндік қол өнердің бұйымдары, кептірілген

гүлдер мен жапырақтар жапсырылған планшет, композицияның схема мен бор

орналасқан тақта. Бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақта проекциялық аппарат,

диопозетивтер немесе слайда, экран, указка, видео магнитафон, мультимедия

жүйесі. Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер үлгілері, картиналар,

графикалық шығармалар мен мүсіндер алынады.111

Оқушылар үшін сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: альбом немесе қалың

қағаздар, қалам, өшіргіш, акварель бояулар, су құятын банка, қылқалам,

дәптер, қаламсап қажеттігі көрсетіледі.

5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының

біріне жатады. Біздің жұмысымыздың ерекшеліктеріне байланысты оны

қолдану өзіндік пайдалану әдістері қолданылады. Сондықтан сынып тақтасын

ұтымды пайдалану, дидактикалық материалдарды композициялық жағынан

жазықтық бетіне дұрыс орналастыру жағы ойластырылады.

Тақта кейде репродукциялармен, бейнені салудың әдістемелік

бірізділігін көрсететін таблицалармен, толып қалған жағдайда, тақтаға сурет

салуға тура келеді.Кейбір жағдайда тақтаға ілінгендерді алып қоюға болатын

болса, кейде мұны істеуге болмайды. Бұл жағдайда мұғалімге күні бұрын

тақтаның қайсы жеріне бормен сурет салу үшін орын қалу керектігін, қайсы

жерге таблицалар ілу қажеттігін ойластырған орынды.

Егер мұғалім тақтаға түгелдей сурет салуды жоспарлаған болса, онда

тақта композициясын қай жерге сурет салынатындығын, қайсы жерге қосалқы

суреттер салынатындығын, негізгі суреттің өлшемі қандай болатындығын,

қосалқы суреттің өлшемдері қандай болатындығын, бұлардың бәрі алыстан

қалай көрінетіндігін ойластырған жөн: Перспективадағы шеңбердің бейнесін

салудың заңдылығын түсіндіру, суреттегі форманың конструкциялық бейнесін,

жарық пен көлеңке арқылы зат көлемін бейнелеу ережелерін түсіндіру

барысында тақтаға салатынын түсіндіру суретіне ерекше мән беріледі.

Жас мұғалімдер әдетте суретті тақтаға кіші өлшеммен салып, олар соңғы

партадан қарағанда ажыратуға қиын, зат құрылымын салудағы қосымша

сызықтар көрінбейтін болып, бұл жағдай мұғалімнің түсіндіру сөзінің көрнекі

бейнемен бекітілмеуіне алып келеді.

Бұл іс-әрекетті сабақтың конспектісін жасау барысында ойластырып,

сынып тақтасын үнемді пайдаланудың эскизін күнілгері дайындалуы тиіс.

Шеберлікпен және ұтымды түрде тақтаға салған мұғалімнің суреті,

оқушылардың өнерге деген қызығушылығын тудырып, ынтасын арттырады.

Тақтаға салынатын сурет өлшемі алдын ала нүктелер арқылы белгіленіп,

сабақ уақытында осы белгіленген өлшемдер қатынасы бойынша сурет салу

бейне көрініс беруді жеңілдетеді. Кейде ось сызықтарын жеңіл сызықтармен

белгілеп, кейін түсіндіру кезінде осы сызықтарды бағдарға ұстай отырып

суретті тақтаға тез арада орындауға жәрдемін тигізеді.

Тақтаны дайындау әсіресе сенімді де бейнелі суреттер қажет ететін,

композициялық құрылым схемасын көрсететін, композициялық варианттар

байлығы қажет болатын композициямен байланысты сабақтарда ерекше мұқият

дайындықты қажет етеді.

Жалпы білім беретін мектептерде балалар әлі өз бетінше шығармашылық

жұмысқа дайын емес кезде мұғалімге сабақтың әрбір кезеңін мұқият

ойластыруды қажет етеді, бұл кезде сынып тақтасы мұғалімге қажеттігіне шек

келтіруге болмайды.

6. Сабақтың жоспары мен барысы. Бейнелеу өнері сабақтарын дұрыс

ұйымдастырып және өткізу үшін, конспектіде сабақ мазмұнын ашып 112

көрсетіледі. Мазмұнында сабақта қандай материал көрініс табады, ол қандай

бірізділікпен баяндалады, оқу уақыты қалай бөлінетіндігі туралы мәліметтер

беріледі. Сабақ конспектісінде біз мынадай формада жазу жазуымызға болады:

Сабақ жоспары: 1) Ұ йымдастыру бөлімі 2-3 минут; 2) Жаңа білімді

хабарлау - 8-10 минут; 3) Оқушылардың практикалық жұмысы – 25-30 минут;

4) Ү й тапсырмасын хабарлау; 5) Сабақты аяқтау – 2-3 минут.

Мұнан соң мұғалім сабақты кейбір терминдер мен ұғымдарға түсінік

беріп, оқу материалдарын берудің бірізділігін, көрнекті құралдарды пайдалану

тәсілдерін ашып көрсетеді.

Бұл жерде бейне құрылымын салу әдістерін баяндауда ерекше мұқият

болу керек. Себебі, мұғалім үшін қарапайым болып көрінетін нәрсе, оқушылар

үшін мейлінше күрделі болатындығы жиі кездеседі. Сондықтан сабақ

конспектісінде сыныппен жұмыс әдістері мүмкіндігінше толық ашып

көрсетіледі.

Егер мұғалім белгілі өнер қайраткерінің айтқан сөзін қолдану қажет

болса, конспектіде оны тырнақшаға алып жазып, сөз қай кітаптан

алынғандығы, қай жерден, қандай баспадан қай жылы, қанша бет екендігі

туралы мәліметтер беріледі. Мысалы үшін, гипс вазаның суретін салу

барысында нұсқаға қарап, сурет салудағы ережелерді естеріне қайта түсіру

керек болады делік. Өткен сабақта бұл мәселеге мұғалім тарапынан көп көңіл

аударылды, енді бұл сабақта мұғалім суретші педагог П.П.Чистяковтың сөзін

айтқысы келді. Ондай жағдайда мұғалім конспектіге суретшінің «Әр уақытта

нұсқаны суретпен салыстырып отыр, оның портретпен ұқсастығын тап.

Жұмысқа кірісер бұрын, ең алдымен, қандай міндетті шешу керектігін ойлан.

Бәрінен бұрын фигураны қағаз бетіне орналастырып ал, онан соң құрылысын

салуға кіріс. Зат құрылысын салу деген – фигураны дұрыс қойып,

пропорцияларды дұрыс ала білу» (П.П.Чистяков. Письма. Записные книжки.

Естеліктер. М, Искусство, 1953 г. с. 365) деген сөзін жазып қояды.

Сыныпта мұғалім Чистяковтың сөзі туралы қысқаша айтып, онан соң

сурет салу туралы айтқан пікірі келтіріледі. Сонымен қатар конспектіде

негізгілер мен оқушылардың тарапынан қойылуы мүмкін сұрақтар тізімі

берілуі мүмкін.