
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
балалар сурет салуға кіріседі. Мұғалім балалардың салған суретін мұқият
бақылайды. Балалардың сурет салу кезінде мұғалім сыныпты аралап,
ескертулер жасап, кейбіреулеріне қосымша түсініктемелер беріп, кейбір
жағдайда балалардың суретіндегі қателерді жөндейді.
Көптеген оқушылар мұғалімнің алдын ала жасаған ескертпелеріне
қарамастан суретті қағаз бетінің өлшеміне сай қылмай кіші етіп бейнелеуге
бейім тұрады. Мұндай жағдайда мұғалім бейнені қағаз бетіне қалай дұрыс
орналастыруға болатындығын балаларға ескертіп, суретті қағаз бетіне дұрыс
орналастыру, қағазды салынатын заттың формасына байланысты ұзындығынан
немесе биіктігінен орналастыру керектігін көрсетеді.
Жіберілген қателіктер дер кезінде көрсетілуі тиіс. Жеке балалармен
жұмыс үлгермеушілікті болдырмау жолындағы ерекше маңызды жұмыс.
Педагог әр уақытта оқушылардың құрамының бәрі бірдей талант емес екендігін
ескеруі тиіс. Олардың ішінде кішкене де болса қабілеттілері де, кішкене де
болса дамығандары болады, кейбір оқушылар не істеу керектігін бірден түсінсе,
кейбіреулері қосымша, жеке түсіндіруді қажет етді. Оқу материалын оқушылар
бірқалыпты түсінуі үшін, үлгермеушілерге көп көңіл бөлуді қажет етеді,
олардың жұмысын барлық уақытта бақылап, олардың сергектік сезімін
туғызып, өздерінің қабілетіне деген сенімділікті арттырады.109
Сонымен қатар мұғалім өз оқушыларының жаман және әлсіз
жұмыстарына жайбарахат қарауға болмайды. Педагог оқушылардан суретті
асықпай салуын, бейненің сапасына нұсқан келтірмеуін талап етеді.
Әдетте, кіші жастағы балалар суретті тез салады. Мұғалім суретті қалай
салу керектігін түсіндіріп болысымен оқушылар салған суреттерін көрсетуге
асығып жатады. Мұндай орындаудағы жылдамдық, балалардың өз әрекеттерін
талдауға әдеттенбегендігін, жұмыс тек қана бірінші көрген әсермен жүйесіз
салынғандығын көрсетеді. Бұл жерде мұғалімнің бейне құрылымын салудың
әдістемелік бірізділігіне мұқият көңіл аударуын қажет етеді. Әдетте балалар
бейнені жеңіл, әзер көрінетін сызықтармен салудың орнына, өшіргішпен өшіріп
жөндеуге қиындық туғызатын, айқын және өте қара сызықтармен белгілейді.
Олар алғашқы кезде қалам мен қағазға әзер дегенде үйреніп, қаламды қағазға
бар күшімен батыра сурет салып, бейнедегі қатені жөндеуге болатын
мүмкіндіктен өзінен-өзі айырылып қалады.
Кейбір оқушылардың бейнелеу іс-әрекетінің нәтижесін күні бұрын көруге
болмайтындықтан жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізуде түрлі
әдістерді, пайдаланып жеке дара ерекшеліктерді ескеріп іс-әрекет етуді талап
етеді.
4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
соңына қарай мұғалім оқушылардың жақсы орындалған және әлсіз шыққан
жұмыстарын таңдап алып, бүкіл сыныпқа көрсетеді, ондағы жетістіктер мен
кемшіліктерге түсініктеме береді. Оқушының жұмысындағы кемшіліктерді
көрсету барысында оқушының жеке тұлғасына сыйластық пен ілтипаттық
көрсетіп, педагогикалық оралым көрсетіледі.
Сабақ соңында мұғалім тексеріп баға қою үшін барлық жұмыстарды
жинап алады. Кезекші суы бар шелекті шығарып, егер акварель бояумен жұмыс
істеген болса, парталар сүртіліп тазаланады.
Сабақты дұрыс ұйымдастырып, өткізу үшін, алдын ала сабақтың жоспар-
конспектісі жасалады. Жоспар-конспектіні жасау үшін белгілі форма мен
құрылым басшылыққа алынады. Жоспар-конспектіде мына мәліметтер көрініс
табу қажет: 1) сабақтың түрі; 2) сабақтың тақырыбы; 3) сабақтың мақсаты; 4)
сабақтың жабдықтары; а) мұғалім үшін, б) оқушылар үшін; 5) сынып тақтасын
қолдану; 6) жоспар және сабақ барысы: а) ұйымдастыру бөлімі, б) жаңа
материалды түсіндіру, в) оқушылардың өзіндік жұмыстары,
г) сабақты аяқтау және үйге тапсырма; 7) қолданылған әдебиеттер тізімі.
Енді осы құрылымды және оны сабақтың жоспар конспектісін жасауда
қолдануын қарастырамыз.
Сабақтың түрі. Ең алдымен конспектте сабақтың бейнелеу өнері қандай іс
әрекетіне байланысты екендігі анықталып, нұсқаға қарап сурет салу, (сурет
немесе кескіндеме), сәндік, тақырыптық сурет салу немесе өнер туралы әңгіме
сабақтарының бірі көрсетіледі. Егер сабақ нұсқаға қарап вазаның суретін салу
болса, ол жағдайда сабақ бірнеше сағатқа жоспарланады, бірақ мектептегі
бейнелеу өнері пәнінің сабақтары шектеулі болғандықтан олар екі сағаттан
артпауға тиіс.110
Сабақтың тақырыбы. Бұл жерде біз оқу жұмысының мазмұнын
көрсетеміз. Мысалы, нұсқаға қарап сурет салу бойынша – «Гипс вазаның
суреті», кескіндеме бойынша – «Тұрмыс заттарынан құралған натюрморт»,
сәндік сурет бойынша «Шеңбер ішіне өрнектер салу», тақырыптық сурет салу
бойынша «Күзгі егін жинау», өнер туралы әңгіме бойынша – «Бейнелеу
өнерінің түрлері мен жанрлары» атты тақырыптар алынады.
Сабақтың мақсаты. Сабақтың түрі мен тақырыбы көрсетілген соң оқу
бағдарламасына сай оның білімдік және тәрбиелік міндеттері ашып
көрсетіледі. Енді жоғарыда көрсетілген мысалдарға сүйене отырып, конспект
жазу туралы жалғастырамыз.
«Гипс вазаның суретін салу», «Тұрмыс заттарынан құралған натюрморт»
тақырыбтары бойынша сабақтардың мақсаты – күрделі формалы затты
бейнелеуді үйрету, форманың конструктивтік құрылым ерекшеліктерін
түсінуге, кеңістік пен образды ойлауын дамытуға, сурет пен кескіндеменің
бейнелеу мүмкіндіктерін қолдануға үйрету болып табылады.
«Шеңбер бойына өрнектер құрастыру» тақырыбы бойынша біз
оқушылардың шығармашылық қабілеті мен көркемдік талғамын дамыту,
халық шығармашылығының үлгілері мен композициясының элементарлық
заңдылықтарымен таныстыру, сәндік қолданбалы өнеріне балаларды баулу,
өнердің адам өміріндегі рөлін көрсету мақсаттары қойылады.
«Күзгі егін жинау» тақырыбы бойынша сабақ мақсаты – қоршаған
ортаның әсемдігін балаларға көре білуге үйрету, туған табиғатқа деген
сүйіспеншілігін тәрбиелеу, шынайы өнердің әдістерінің мүмкіндіктерін
түсінуге, олардың композиция мен түстану саласындағы танымдарын кеңейту
болып табылады.
«Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары» тақырыбы бойынша
сабақтың мақсаты – бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының әр түрлілігі
мен байлығын оқушыларға ашып көрсету, олардың даңықты шығармаларымен
таныстыру, өнерді сүюге және түсінуге үйрету, мектеп оқушыларының
эстетикалық мәдениетін көтеру.