
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
Оқушылардың оқу-тәрбие міндеттерін толығымен шешу сабақтарды
іскерлікпен ұйымдастыру мен өткізуге байланысты. Бейнелеу өнерінің әрбір
сабағы аяқталған, мақсаты бар оқу пәнінің жалпы мақсаттары мен міндеттеріне
байланысты сабақтар жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Орта мектептегі бейнелеу өнерінің сабақтары құрылымы жағынан басқа
пәндердің сабақтарынан айырмашылығы аз. Бұл сабақтарда да: ұйымдастыру
кезеңі, үй жұмысын тексеру, өткенді пысықтау және қорытынды шығару
бөліктері сияқты құрылымдар болады. Сабақтың бұл элементтері барлық
сыныптарда, әр түрлі оқу жылдарында, бір оқу жылының өзінде, сабақтың
белгілі бір немесе басқа кезеңдеріне бөлінген сағат саны әр түрлі болып өзгеріп
отырады.
Сабақтар әр уақытта бірсарынды болмауға тиіс. Бейнелеу өнері сабақтары
түрі, формасы мен мазмұны бойынша әр алуан болғандықтан бұл шартты
орындау қиындыққа соқпайды. Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында балалар
сурет салумен де, кескіндеме жұмыстарымен де айналысады; сәндік сурет салу
сабақтарында олар өрнектер құрастырып, шрифтерді оқып, сәндік
композициялар құрастырады, дизайн элементтерімен таныстырылады; өнер
туралы әңгіме сабақта олар архитектураның, мүсіннің, кескіндеменің,
графикалық, сәндік қолданбалы өнердің тамаша шығармаларымен танысады.107
Нұсқаға қарап сурет салу, сәндік және тақырыптық сурет салу сабағы
болсын, әрбір сабақты ұйымдастыру барысында уақытты ұтымды пайдалануға
көңіл бөлінеді. Әрбір сабақ мынандай бөліктерге жіктеледі:
1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
орнату, сабаққа қатыспағндарды сынып журналына белгілеу, балаларды оқу
жұмысына дайындау іс-әрекеттері кіреді.
Сабақ басталар алдында жұмыс орны дайындалып, нұсқа ретінде
қойылатын заттар мен басқа да материалдар ертерек әкелініп, керекті тәртіппен
орналастырылады. Мұны ұйымдастыру үшін кезекші оқушылар
жұмылдырылады.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінде
оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастырудың мәні ерекше. Бұл үшін мұғалім
балаға сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен белгілі тәртіппен
орналастыруды, жұмыстан соң оларды жинап алып, арнаулы орындарға
сақтауды үйретеді. Кейбір мектептерде бейнелеу өнері кабинетінде
оқушылардың альбомдары мен құрал-жабдықтары сақталатын арнаулы
шкафтар болады. Сабақ алдында кезекші қалам, бояу және дәптерлерді
парталарға таратып, бояумен жұмыс істеу үшін суды кішкене банкаларға құйып
толтырады. Кір суды төгуге арналған шелек бұрышқа қойылады, бұл
оқушының жұмыс барысында суын ауыстырып отыруына мүмкіндік туғызады.
Егер өткен сабақта оқушыларға үй тапсырмасы берілген болса, ол
тексеріліп, сыныпқа ортақ қателіктері көрсетіледі және оны жөндеу жолдары
айтып түсіндіріледі. Ү й жұмысын тексеру барысында оқушылар өз суреттерін
партаға қояды да, педагог аралап жүріп, суреттерді қарайды, ескертпелер
жасайды, жақсы және нашар орындағандарын сыныпқа көрсету үшін таңдап
алады. Аяқталған үй жұмыстарының бағасы сынып журналына толтырылады.
2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
Бұл кезеңде мұғалім жаңа тақырыптың мақсат міндеттерін түсіндіріп,
тапсырманы қалай орындау керектігін көрсетеді, көрнекті құралдар – схемалар,
сызбалар, әдістемелік таблицалар көмегімен түсініктемелер береді.
Оқушылардың материалды қалай түсінгендерін байқау үшін сыныпқа сұрақтар
беріледі.
Бейне құрылымын салу принциптерін ашу барысында мұғалім міндетті
түрде өз түсіндірулерін сынып тақтасына немесе арнаулы планшетке, бір бет
қағазға иллюстрация жасап көрсетеді.
Мұғалім бұл суреттерінде ұсақ түйекке дейін бейнелеп көрсетуі қажет
емес. Оның мақсаты, оқушыларға шешуі қиын болып тұрғандарға жәрдем
көрсетіп, негізгі зат формасын құрудың дұрыс жолын көрсету. Бастауыш
сынып оқушылары мұғалімнің тақтаға көрсеткен суретінің ұсақ бөлшектеріне
қызығушылық танытып, бұл кейде мұғалімнің сынып алдына қойған мақсатына
жетуге көмектеспей оған кедергі жасауы да мүмкін.
Тақтаға сурет салудың бірізділігін көрсету барысында біз схемалық сурет
салудан, заттың көрінісін бөлшектерімен бейнелеуге өтеміз. Сурет салудың
алғашқы кезеңінде сурет құрылысын белгілі схемаға салусыз өте алмайды. Бұл,
мысалы, қайынның жапырағын көпқырлы геометриялық формаға, көбелекті-108
трапеция ішіне, горизонталь және вертикаль ось сызықтарын жүргізу түрінде
көрініс табады. Мұндай зат құрылысын салудың қосымша сызықтарды
пайдалану әдістері бейне көрінісін салуды дұрыс бастап, дұрыс жалғастыруға
жол ашады.
Тақтаға салған суретті оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде
қалдыруға болмайды. Себебі оқушылар тақтадағы дайын суретті көшірумен
айналысып, нұсқаға қарап сурет салудың қажеттігін ұмытады.
Бірінші сыныптың бірінші сабағынан бастап оқушыларға дұрыс отыру,
қалам мен өшіргішті пайдалану ережелерін, сонымен қатар альбом мен қағазға
дұрыс орналастыру ережелері үйретіледі.
Сурет қағазын сурет салу кезінде айналдыруға болмайтындығы
айтылады. Егер формат оқушының алдында жатса, мұғалімнің түсіндіруіне ал
оқушының түзу сызықтық бағыттарын түсінуіне жеңіл болады.
Сурет салу барысында оқушы еркін және түзу отыруы қажет. Педагог
оқушының түзу отыруын, суретті қол созым жерде ұстауын және өз суреті мен
нұсқаны үнемі салыстырып отыруына басшылық жасайды. Алғашқы кезде қол
саусақтары қозғалысының еркін болуына үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Қолдың
бостандық қозғалысының дамуы сурет салу дағдыларының дамуымен қатар
әріптер мен цифрларды жазуына да жеңілдік туғызады.
Сонымен қатар сабақта оқушылар түзу сызық сызу үшін сызғыш, қорап,
панель құралдарын жиі пайдаланатындығы жиі кездеседі. Сондықтан
оқушыларға барлық сызық қолмен, құралдың жәрдемінсіз, көз мөлшерімен
салынатындығы айтып түсіндіріледі.