Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін

ризамын, менің болашағыма сурет сала білу көп көмек берді. Инженер -

конструктор қандайда бір машинаны ойластырысады «ол өз ойменен өзінің

санасындағыны карандашпен қағазға түсіреді.Бұл сурет болашақ машина

формаларын көз алдымызға әкеліп көрсетеді» деген

Бейнелеу өнері сабағында мұғалім оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жүмыс әдісін

тандап алуы тиіс. Көптеген мүғалімдер өздерін қинамай -ақ өз оқушыларының

шығармашылық қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір оқушы өзінің

шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше

орындауға талпынады. Сондықтан мектеп оқушының шығармашылық

жұмыстарын басшылық жасауға болатын, бағыттауға болатын іс-әрекет деп

тану қажет.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім

балардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл

күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді.

Сондықтан бейнелеу өнері мұғалімі оқушылардың елестетулерін жинақтау

процесін реалдық өмір шындығынан бастап, қиялмен шығармашылықпен

өмірмен байланысты жаңа елестетулерге дейін бағыттауға болады.

Жаңа ашылымдар, шығармалар жасау үшін қажетті маңызы бар

балалардың таң қалу, ырзалық сезім қабілеттеріне қолдау көрсету және сақтау

бейнелеу өнерін оқыту мақсатына кіреді.

Таң қалу ғылым мен өнерде жаңа ашылымдарға қозғау салатындығына

ғылымдар мен суретшілер аса көп мән берген. Эйнштейн ересек адамдардың

таң қалу қабілеттерінің жойылуына өкініш білдірген. Ол егер бұл қабілет адам 60

өмірінің соңына дейін сақталғанда, ұлы ашылымдардың саны мұнанда көп

болар еді, -деп есептеген.

7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды

өнердің даңықты шығармаларымен таныстыру. Мұғалім өнер туралы әңгіме

кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы өнердің түрлері

туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме оқушыларды адамзат

мәдениетінің даму тарихымен, өнердің даңықты шығармалармен, ұлы

суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, белгілі кезеңнің стилімен,

бұрынғы және қазіргі даңықты өнер адамдарымен таныстырады.

Мұғалім міндеті өнердің мәнін қарапайым, түсінікті, лайықты формада

бала санасына дейін жеткізу болып табылады. Ол үшін бейнелеу өнерінің

түрлерінің ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың жанрларына түсінік беру

қажет. Өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктерін талдап, оқушылардың

қөзқарасы мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру аса маңызды міндет болып

табылады. Әңгіме кезінде мүғалім оқушыға өнер шығармасының көркемдік

ерекшеліктері мен онан алған әсері туралы ойларын айтуға мүмкіндік

туғызады. Шығармаға оң баға берген оқушыны мадақтап, ал егер ол суретші

шығармасындағы басты және бағалыларын түсінбеген жағдайда лайықты

түзету жасап, түсініктемелер береді.

Бейнелеу өнерімен таныстыру өмірдегі және өнердегі әсемдікті

түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады.Әңгіме барысында мұғалім

балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау

техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді.

Атап өтілген оқу –тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге

өнерді таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, оқушылармен жүмыс

жүргізудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет. Әрбір оқу сабақтары өзінің

лайықты әдіс мен іс-әрекетке деген ерекше қатынасты қажет етеді. Бұл

қызметте әсіресе дәрістерді өткізуге деген тапқырлық пен педагогтық шеберлік

маңызы орын алады.

Мұғалім оқушыларға өнерді таныстыруда үлгерімге жеткізу үшін

оқушылардың меңгеретін білімі мен дағдыларының көлемін біліп

оқушылармен қандай жұмыс әдістерін таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл

міндеттер бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында қарастырылған. Бірақ

оқу бағдарламысы мұғалім қызметінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Ең бастысы

бағдарлама туралы білім формалды емес, ойластырылған, теориялық білімдерге

сүйенген білім болуы тиіс.

Мектеп бағдарламасын талдау сурет сабақтарының мазмұнына кіретін

нақты мәселелерді ашып көрсетуді қажет етеді.