Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар

эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі,

ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі

әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады.

Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік

қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.

Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете

ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы

негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына

ықпал етеді.

Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі,

талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті

істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-

эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра

отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып,

оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.

Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани

байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол

қандай мамандық иесі болмасын ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі

тиіс.

Мектеп оқушысын белсенді өмірге дайындау жан -жақты білім және

тәрбиемен қатар оның жеке қабілеттерін дамыту әсемдік заңдылықтары арқылы

өмір сүріп, жаңаны жасауға үйренуін көздейді.

Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері

пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сүлулыққа аударып, оларды

байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік 57

талғам адамның туғанан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны

мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі.

Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан

алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш

жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде

балалар табиғатқа, олардағы бөяулар мен формалардың алуан түрлігіне онан

сайын қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре

білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.

З.Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған

өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды

дүрыс көре білуге үйрету.

Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі

формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен,

танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық

болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу процесі оқушыға

бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет

салу кезінде оқушы заттың формасын, қүрылымын, пропорцияларын, түстер

мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды

ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.

Мектептегі сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре

білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынсты екі міндетті

шешуге ықпал етеді; Олар: оқупылардың көру арқылы қабылдауын дамыту

және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.

Баланың байқағыштығын дамыту – күрделі іс -әрекет сонымен бірге ол,

оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту

жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда

маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты

орын алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің

көру арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды

екендігін білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды мектеп жасынан, жас шақтан

бастап қолға алу қажет.

Ғалымдар бақылауды әлі де дүрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес

екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма қүрылысындағы

ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе анғара

бермейді. Мұғалімнің міндеті баларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу

өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына

нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс

қорытынды жасап. оларды жалпы сипатқа біріктіру окушылардың ойлауын

дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады. Саналы көру зейініні ретке

келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді.

Сонымен мектептегі бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие

міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы

туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады,

түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.58