
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
құралдардың көмегімен бастапқы сурет салудың толық курсы»еңбегін жарыққа
шығарды. Галрдың сурет курсы екі бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімде – әр түрлі
жағдайдағы сызықтарды перспективадағы шеңбер мен квадратты заттарды
нұсқасына қарап, көз өлшемімен салу мәселелері қарастырылса, екінші
бөліміде – жазық геометриялық денелерден құралған материалдар туралы
сипаттама беріледі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мектептің оқыту әдістемесі
тереңірек талданып, жаңа әдіс-тәсілдермен толыға түсті. Бірақ бір әдістің
екіншісіне қарағанда ұтымдылығы туралы әдіскерлер арасында әртүрлі пікірлер
көптеген таластар болды. Бұл оқыту әдістемесімен кең түрде қызығушылардың
көбейе түскендігін көрсетеді. Осы кезде суретті оқыту әдістемесінің теориялық
мәселелерін талдауға суретшілермен қатар, өнертанушылар психологтар,
дәрігерлер араласа бастады.
ХІХ ғасырдың соңында мектептегі сурет салуды оқыту саласындағы
мамандар ек лагерьге бөлінді: бір топтағылар геометриялық әдісті
жақтаушылар болса, екіншісі–натуралдық әдісті жақтаушылар болды.
Геометриялық әдіс бойынша суретке оқыту әдісі–геометрияға негізделді. Бұл
әдісті жақтаушылар геометрия суреттегі нақтылық пен дәлдікке жеткізгендігін
және бейнені өлшеп тексеруге мүмкіндік береді деген пікірде болған. Бұл
әдіске сәйкес қоршаған ортадағы барлық заттарды бейнелеуде геометриялық
көзқарас тұрғысынан қарайды: қандай зат формасы негізінен олар,
геометриялық фигураны немесе геометриялық денені тауып отырады. Мысалы
алманы салу барысында, оқушы ең алдымен шардың суретін жобалап алып,
онан соң шелектің суретін салу барысында, оқушы алдымен қиық конусты
жобалап, онан соң оны нұсқадағы форма бойынша ұқсата түседі.
1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
мектептерге кіргізілді. Бұл әдістің басқаларына қарағанда бірқатар жетістіктері
болды. Геометриялық әдіс – оқушыларды саналы түрде сурет салуға, олар
затты бақылап қана қоймай, оның формасын талдауға үйретті. Бірақ көптеген
мұғалімдер оқыту үрдісін дұрыс түсінбей, сабаққа формалды түрде қарады,
орындалған суреттің кіршіксіз таза болуын, геометриялық денелерді дұрыс
және нақты сызылуын қатаң талап етті.
Әрі қарай геометриялық әдіс бойынша оқыту онан әрі теріс өзгерістерге
ұшырай бастады. Тіпті бейнені алдын ала белгіленген нүктелер арқылы
құрастыру бойынша суретті салу кең тарала түсті. Мұның бәрі сурет
мұғалімдерінің көпшілігінің натуралдық әдісті жақтаушылардың тәжірибесіне
жүгінуге әкеліп соқты.
Оқытудың натуралдық әдісі бойынша оқушы заттарды ешқандай
қысқартусыз, оны қалай көріп тұрса осындай етіп салуды талап ететін болған.
Бұл әдісті жақтаушылар, геометриялық әдіске қарағанда, натуралдық әдіс, 12
оқушыларды өмірге, табиғатқа жақындата түсетіндігін дәлдеді. Олар
геометриялық әдіс тек қана кәсіптік оқыту үшін жарамды, балалардың жас
ерекшеліктері мен қызығушылықтары есепке алынатын болғандықтан ол
жалпы білім беретін мектеп үшін жарамсыз деп есептеді.
Натуралдық әдісті жақтаушылардың пікірінше абстрактілік геометриялық
формалар, қоршаған ортадан алған өз әсерін графикалық мүмкіндіктер арқылы
беруге сәйкес келмейді деп ойлады. Бірақ геометриялық әдісті теріске шығара
отырып олар бұл әдістің бағалы жақтарын көре алмады.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында оқытудың натуралдық
әдісінің өкілдері–Кульман, Пранг, Эльснер, Баумгарт, Аусберг, Брауншвиг,
Тэдд суретті оқыту әдістемесі бойынша кең көлемді әдебиеттерді бастырып
шығарды. Бұл авторлардың әдебиеттері негізінен сурет салу ережелерін
қағидаларын, сонымен қатар көрсетілген әдістемелік тұғырды теріске шығарды.
Олардағы кейбір авторлар (Браумгарт, Брауншвиг) оқытудың қатаң
бірізділігінің болуын айтса, басқалары көбірек шұғылдануды, еркіндікті,
қызықты болуы принципін насихаттап, оқытудың қатаң жүйелі болуынан бас
тартты (Кульман). Сөйтіп оқытудың натуралдық әдісінде ортақ көзқарас болған
жоқ.
Сөйтіп оқыту әдістемесіне әр уақытта бейнелеу өнерінің эстетикасы өз
әсерін тигізіп отырды. Мысалға алғанда кейде буржуазиялық формалистік өнер,
кері әсерін берді. Сурет негізіне салғырт қарау, реалдық өмірден ауытқу,
мектепті теріске шығару, жалпы білім беретін мектептегі суретті оқыту
әдістемесінің дамуына елеулі нұқсан келтірді. Формалистік өнердің ең бір
зиянды ұстанымы–бұл мектепті теріске шығару болатын. И.Е.Репин жас
суретшілердің 1893 жылғы көрмесін аралап шыққан соң былай деп жазған: Бұл
кескіндемедегі анархистердің дарынсыздығының патшалық құруы ... Бұл
легионның оқу–керегі жоқ; анатомия–түкке тұрғысыз нәрсе; сурет–көнерген
каллиграфия; бір жетістікке ұмтылу, соңына дейін бір нәрсені аяқтау–өзін-өзі
құрту; қағаз бетіне дұрыс орналастыру–ескі үйінді деген сияқты боямалары
жүрекке ерекше тиді».
Көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие берудің орнын түсінбеген
жалпы білім беретін мектептердегі кейбір әдіскерлер формалдық тәсілдерді
дамытумен әуестене түсті. Сонымен 1898 жылы Америкада Люберти Тэдд
қолдың ептілігімен дамытуға күш салатын «көркемдік тәрбиенің жаңа жолын»
ұсынды. Оның жүйесі бойынша оқушылар тақтаға бірде оң қолымен, бірде сол
қолымен сурет салуы тиіс, соңынан ол екі қолымен симметриялық форманы
салуға үйретілді.
Бұл кезде сурет салу жалпы білім беретін пән ретінде өз мәнін жоя
бастады.Балалардың суретіне деген қызығушылық, балалардың
шығармашылығын зерттеумен шектелді. Өнертанушылар оқушылардың осы
шығармашылығын мадақтап, суретшілер балалар суретіне еліктеп сурет салуға
ұмтылыс байқалды. Балаларды өмірді онсыз қабылдауын сақтау қажеттігі
айтылып, балаларды оқыту оның дамуына кері әсер ететіндігі туралы әңгімелер
жүре бастады.13
Ф.Кульман «Суретті оқытудың жаңа жолдары» атты кітабында: «Мінсіз
дұрыс орындалған суретке қарағанда, баланың қате салған суретінде көркемдік
дүниенің ақиқаты көп берілуі мүмкін» деген жаңсақ пікір айцтылған. Кейбір
мұғалімдер бұл көзқарасқа мүсе тұтты. Бұл көзқарас бойынша мұғалімнің
балаларды бейнелеу сауаттылығына оқытудың қажеті жоқ болды, сабаққа
дайындалудың керегі жоқ болды. Балалар өздерімен өздері ғана қалды.
Осы кезеңде балалардың шығармашылығына арналған бірқатар
өнертанымдық жұмыстар пайда болды. Италияда К.Риччи, Германияда
Лампрехт, Ресейде К.Лепилов, Л.Оршанский, А.Бакушинский және басқалар
балалар шығармашылығына өздерінің теориялық еңбектерін арнады.
Осымен қатар биогенетиктердің теориясы кең көлемде таралды. Сол
жылдардағы ғалымдардың түрлі теориялық қағидаларына қарамастан, олардың
кейбіреулері мектепті түгелдей жоққа шығаруға, балалар шығармашылығының
еркіндігін мойындауға, мұғалімнің басшылығын терістеу бағытына біріге
бастады.