Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика

институттары көркемсурет факультеттерінің оқу жоспарына жеке пән болып

енгізілді.Бұл курсты өткізуге қажетті материалдар профессор Қ.Ералиннің

«Қазақстан бейнелеу өнері шеберлері»(1997) атты оқу құралында берілді.

Қазақстандағы көремдік білім беру ісін дамыту ғылым педагог кадрларын

дайындау мәселесімен байланысты. Бұл әсіресе,Қазақстандағы педагогикалық

иниституттарды көркемсурет-графика факультетінің оқытушылар құрамының

білім дәрежесін арттырумен байланысты. Болашақ бейнелеу өнері

мұғалімдерін дайындаумен айналысатын оқытушылардың білімін жетілдіру ХХ

ғасырдың 70 жылдарының екінші жарсында жүзеге аса бастады.Олар алғаш рет

Москвадағы В.И.Ленин атындағы Мемлекеттік педагогика институтының

сурет,кескіндеме,бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі кафедраларына және

КССРО Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие ғылыми зерттеу

институттарында стажировкадан өткізіліп, аспирантураға түсті. 1989 жылдан

бастап бұл оқу орындарында доктарантура ашылып онда, Қазақстанның жас

ғалымдары білім алып, бітіріп шықты.Осының нәтежесінде 1983-1993 жылдар

аралығында Алматының, Москваның жоғарғы оқу орындары мен ғылыми

зерттеу иниституттарында қорғалған алғашқы кандидаттық диссертациялардың

тақырыптарын негізінен төмендегідей бағыттарға бөлуге болады:

Бірінші- бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің жеке оқу мәселелері

бойынша К.Ералин(1985, ММПИ), К.Тастеміров (1992, Жалпы білім беру

институты.) Д.Садығалиев (1990, Көркем тәрбие беруді зерттеу институты.),

І.Сманов (1992, КазПИ), С.Аманжолов (1993,ММПИ)кандидаттық

диссертацияларын қорғады;

Екінші – ұлттық сәндік қолданбалы өнерінің білімдік, тәрбиелік

мүмкіндігін зерттеу бағыты бойынша Ә.Камаков (1983,Көркем тәрбие беруді

зерттеу институты), К.Әмірғазин (1984, ММПИ), Е.Асылханов (1986, ММПИ),

Ж.Балкенов (1987, ММПИ), кандидаттық диссертациялар қоғап шықты:

Ү шінші – болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудағы оқыту

әдістемелерін жетілдіру саласы бойынша А.Жақсыбергенов(1987, ММПИ),

Л.Харламова(1988, ММПИ), Р.Мизанбаев(1987, ММПИ), Ж.Мұсаев(1987),

Ж.Михайлиди(1991 Көркем тәрбие институты), А.Павловский(1991, ММПИ)

кандидаттық зерттеуін аяқтады.

Төртінші- мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнерін оқыту

мәселелері Ұ .Ибрагимов (1986, КССРО Пед. ғыл. акад.), көркемдік білім беру

саласында халықтық педагогика элементтерін қолдану мәселелері

Қ.Болатбаев(1995, Қаз Пу) бойынша өз зерттеулерін аяқтады..

Бесінші- халықтың қолөнер мен көркемдік еңбек саласынан

С.Жолдасбекова, (1994, ҚазПУ) кандидаттық диссертация қорғады.

Қазақстанда көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру ісінің

дамуында ауқымды іргелі зерттеу жұмыстарының жүргізілуі маңызды орын

алады. Осы орайда, қазақ бейнелеу өнерінің мүмкіндігі арқылы көркемдік білім

беруге болашақ мұғалімдерді дайындау теориясы мен практикасын ғылыми 52

негіздеу бағытында 1993 жылы В.И.Ленин атындағы ММПУ-де Қ.Ералин

докторлық дисертация қорғауын айту орынды. Бұл Казақстандағы көркемдік

білім беру мен эстетикалық тәрбие беру тарихына талдау жасалған, қазақ

бейнелеу өнері шығармаларын мектеп пен жоғары оқу орнына енгізу

мәселелерін ғылыми негіздеген, ұлттық тұрғыда көркемдік білім беру мен

эстетикалық тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелерін

ғылыми негіздеген еңбек ретінде танылды.Онымен қатар 2000-2005 жылдар

арасында қорғалған И.Смановтың, Б.Әлмұхамбетовтың, Д.Кемешовтың,

С.Аманжоловтың, Ж.Балкеновтың, Е.Асылхановтың докторлық

диссертациялары Қазақстандағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру

ісіне қосылған қомақты үлес болып табылады.

Қазақстандағы көркемдік білім беру саласында 1980-1995 жылдар

аралығында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде кандидаттық

диссертациялар қорғалды. Бұл ғылыми жұмыстар негізінен бес бағытты

қамтыды.

Бірінші- мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың әдістерін жетілдіру;

Екінші- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың әдіс-

тәсілдерін жетілдіру;

Ү шінші- Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихын зерттеу;

Төртінші- қазақтың ұлттық қолөнері арқылы көркемдік білім беру,

эстетикалық тәрбие беру және болашақ мұғалімдерді дайындау ісін жетілдіру;.

Жалпы қазақ еліндегі көркемдік білім беру ісінің дамуы мен қалыптасуын

зерттеу нәтижесінде мынандай қорытындыға келуге болады. Қазақстандағы

көркем білім беру ісінің дамуы бес кезеңге бөлінеді:

Бірінші- ертеден бастап кеңес үкіметіне дейінгі уақытты қамтып, халық

шеберлерінің баланың көркемдік тәрбиесіндегі белсенді ұстаздық қызметімен

ерекшеленеді.

Екінші кезең- Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары мен Ұ лы Отан

соғысына дейінгі уақыт. Бұл кезең көркемдік білім беру ісін дұрыс жолға қою

мақсатындағы ізденіс, сыныптан тыс тәрбие формаларының пайда болуы,

көркемсурет училищесі мен мәдениет орындарының ашылуы сияқты

жаңалықтармен байланысты.

Ү шінші кезең- ХХ ғасырдың 40-60 жылдар аралығы, көркемдік білім

берудегі білікті маман, суретші педагогтардың жетіспеушілігі, сурет пәнінің

өзге мамандардың жүргізуі сияқты кемшіліктермен байланысты.

Төртінші кезең- ХХ ғасырдың 60-80 жылдары, Қазақстандағы жоғары

білімді суретші- педагог кадрларын дайындауға жол ашылуы, оқу

бағдарламасына ұлттық өнер шығармаларын ендіру, әдістемелік құралдардың

жарыққа шығуы, суретші-педагогтардың санының артуы сияқты игі істердің

Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің дамуына ықпал етуімен

сипатталады.

Бесінші кезең- 1980-1995 жылдар. Көркемдік білім беру мәселесімен

айналысатын ғалымдардың дайындалу ісінің жолға қойылумен зерттеу

жұмыстарының нәтижесін қорғаумен, көлемді дидактикалық материалдардың,

кітаптардың жарық көруімен ерекшелінеді. 53

Осы кезеңде Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен

Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институтының

бастамасымен және де педагогикалық қызметкерлерінің қатысумен 80

жылдардың екінші жартысында жалпы білім беретін мектептерде «Көркемдік

білім берудің тұжырымдамасы» жасалды. Бұл құжатта көркемдік білім берудің

мақсат- міндеттері, бейнелеу өнері пәнін оқытудың мазмұны, көркемдік

білімнің көлемі мен шеңбері айқындалды. Оқыту мен тәрбие мазмұнына ұлттық

көркемдік дәстүр мазмұнының қосылуымен айқындалды. Оқыту мен тәрбие

мазмұнына ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, халық қолөнері шығармашылығының

үлгілерін таныстыру көзделді. Сонымен қатар көркемдік білім беру жүйесіндегі

бала-бақша, мектеп, институт, университет салаларында үзіліссіз сабақтастық

болуына назар аударылды..

Нақты айтқанда, бұл ойлардан шығатын қорытынды жас ұрпаққа

халқымыздың, ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік өнерін

үйрету бағытында алда үлкен міндеттер тұр. Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің

мұғалімдері бұл істе орасан зор үлес атқарады. Бірақ қазіргі кезде бұл пәнді

оқытуда көптеген қиындықтар мен шешуін күткен мәселелер бар. Олар

мыналар:

Біріншіден, бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасы жастарға көркемдік

білім берудің маңызы мемлекеттік құжатты. Қазіргі кезде Қазақстанда

көркемдік білім берудің бірнеше бағдарламалры қатар қолданылуда.

Қазақстанда Оқу министрлігі тарапынан жасалған бейнелеу өнерінің

(А.Камаков), сәндік қолданбалы өнердің және көркем еңбектің (Қ.Әмірғазин),

мектепке дейінгі кезеңді қамтитын(Ұ .Ибрагимов), халықтың дәстүрі мен

бейнелеу өнерін байланыстыра құралған (Д.Садығалиев), қазақ бейнелеу өнері

мен халық өнерінің байланысына құрылған (Қ.Ералин), бағдарламалары бар.

Бұлар өз қызметін атқарып келеді. Енді бұларды өңдеу, жетілдіру, өзгерту

арқылы бейнелеу өнерінің 1-11 кластарға арналған қазіргі егеменді Қазақстан

талаптарына сай бағдарлама жасау қажет. Ол үшін авторлар ұжымын жинақтау

орынды.

Екіншіден- бейнелеу өнерінің жоғарғы оқу орындарына арналған

оқулықтарын дайындау. Оқулықтар жазу үшін тәжірбиелі мұғалімдер, өнер

зерттеушілер, ғалым-педагогтарды біріктіріп авторлар ұжымын айқындау

қажет. Мұнан соң оқыту бағдарламасына сай көркемдік білім мазмұнын ұлттық

көркемсурет шығармалармен толықтырып Егеменді Қазақстанның бейнелеу

өнері тарихы пәнінің оқулығын жазу күн тәртібіне қойылуға тиіс. Оқулықты

жазу үшін бейнелеу өнері терминдерінің әр-түрлігін жойып, ретке келтіру

қажет. Қазірге кезде бейнелеу өнерінен қазақ тілінде жарыққа шыққан

әдебиеттерде терминдердің ретсіз қолдануы жиі кездеседі. Мысалы, живопись

терминінің сұңғат, кескіндеме, сыр шырай, майлы боя деген баламалары

бірдей қолданылатын бағдарламалары тәжірбиеде қолданыста.

Ү шінші- мектептегі бейнелеу өнерінің оқу бағдарламасына сай жоғары

оқу орындарында бейнелеу өнерінің мұғалімдерін дайындаудың оқу жоспарына

Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихи пәні қосылды. «Қазақтың сәндік

қолданбалы өнері», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәндері, арнаулы 54

курстарға арнап оқу құралын дайындау қажет. Курстық, дипломдық

жұмыстардың педагогикалық бағыттылығы арттырылуы керек. Сонымен қатар

жоғары мектеп үшін де қашықтықтан оқуға(дистонционное обучение) арналған

оқу құралдарын жасауды қолға алатын уақыт жеткен сияқты.

Төртіншіден- бейнелеу өнерінің өз дәрежесінде оқытылуы мен

оқушыларға заман талабына сай білім беру үшін көркемдік білім берудің толық

оқыту әдістемелік комплексін дайындау қажет. Бұл комплексте оқу

бағдарламалары, оқулықтар, оқулықтарды толықтыратын көмекші құралдар,

әдістемелік құралдар, техникалық және көрнекті құралдар, оқушыларға қажетті

хрестоматиялар, оқу кітаптары сөздіктер, қағаз, қылқалам, бояулар, т.б. кіреді.

Бесінші- Қазақстандағы көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие

беру ісі педагогика саласындағы ғылымның дамуына байланысты. Бұл іс

негізінен мынадай бағыттарды қамтуға тиіс: мектептегі көркемдік білім беру

ісін дамыту және жетілдіру: оқу мәселелері заман талабына сай дамыту, оқу

жоспарын, оқу бағдарламаларын жетілдіру, бейнелеу өнері мұғалімдеріне

арналған көмекші құралдар дайындау; бейнелеу өнерінің терминдерін ретке

келтіру; ұлттық қолөнерді оқытудың әдіс тәсілдерін арттыру болып табылады.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау ісін жетілдіру және қайта құру:

бұл бағытта оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын жетілдіру арнаулы пәндер

мен курстарды оқытуға арналған оқулықтар жазу, оқытушылардың лекциялық

және практикалық дәрістерді өткізуге қажетті көмекші құралдар дайындау

жүйесін жолға қою. Болашақ ғылым кадрларын дайындау және қайта

дайындықтан өткізу болып табылады..

I-ТАРАУ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК

НЕГІЗДЕРІ