
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
Әбілованың «Әсемдік сенің серігің» атты кітабы жарық көрді. Ғылым бұл
еңбегінде жастардың рухани бейнесін қалыптастыру үшін сол кезде аса қатты
көңіл бөлініп отырған эстетикалық тәрбие мәселесіне мән береді. Жастарды
көркемөнер арқылы тәрбиелеудің жолдары, мүмкіндіктері әр қырынан алынып
сөз болады. Кітап негізінен қалың оқушы қауымға арналғанымен жастармен
күнделікті қоян-қолтық аралас жүретін мұғалімдер мен педагогтарға жастар
ұйымының жетекшілеріне де жұмыс барысында пайдалы болды. Кітаптың өн
бойында автор адам өзінің эстетикалық талғамын өне бойы дамытып,
жетілдіріп отыру керек.- деген ойды дамытады. Еңбек «Талғам қайнары»,
«Ұ стаздық еткен жалықпас», «Мектеп тәжірбиесінен» деген шағын шағын үш
бөлімнен тұрады. «Мектеп тәжірбиесінен» деген бөлімде автор «Қылқаламмен
сырлассаң», «әсемдік әлемінде» деген сияқты кіші тақырыпшаларға бөліп
мектептегі сурет, ән-күй, музыка сабақтарын өткізудің жай-жапсарын
әңгімелейді. Бұл пәндерді өз дәрежесінде өткізуді көздеп қосымша құралдарды
орынды пайдалануды нұсқайды. Жас жеткіншектерді тәрбилеп жүрген
оқытушылардың жұмыстарынан деректер келтіріледі. Қорыта айтқанда кітап,
бейнелеу өнері мен музыка пәнінің оқытушыларына арнап жазған қазақ
тіліндегі кітаптардың алғашқыларының бірі болды.
Жалын баспасынан 1981 жылы жазушы Ақселеу Сейдімбековтің «Күңгір-
күңгір күмбездер» атты кітабы жарыққа шықты. Жазушы ғалым
А.Сейдімбековтің халықтың ежелгі мұраларын зерттеуге арналған бұл
еңбегінің қазақ халқының ежелгі сәулет өнері туралы жазған тұстары бірден
назар аудартады.
Көлемді –көлемді он тараудан тұратын бұл кітапта бұдан жүздеген,
мыңдаған жылдар бұрынғы көне архитектуралық құрылыстардың тарихы мен
сипатына тоқталады. өкінішке орай бұл кітаптың бір бөлімінде ғана
қарастырылады. Автордың үңгірлер туралы ілімге соғуы, жай бір таныстық
емес, осындай көне дәуір өнерінің бас алған алғашқы көзін табуға ұмтылыс
мақсатынан туындағанын аңғарамыз.
Ү ңгірдегі петроглифтер (жартастағы жазулар мен сурет белгілер)
алғашқы рулық бірлестік кезіндегі көшпенділердің өмірінде болған аса ірі
оқиғалардың нышандары, соның көмескі түрде болсын бізге жеткен сүрлеу-
шежіресі екендігін білдіреді. Ү ңгірлерге байланысты елдің, жердің тарихын
көрсетуге бой ұрады.Бүгінгі жас ұрпақты, өлке танушы болған натуралистерді
«Жердің тілін» үйренуге, зерттеуге қызықтыра еліктіре тартады.Бұлардан басқа
кітаптың мазмұнында көне музыка өнеріне қатысты көптеген материалдар 47
берілген. Мұндай кітаптың мазмұнынан бейнелеу өнері сабақтарына қажетті
материалдар табуға мүмкүндіктер мол.
«Қазақстан әйелдері» журналының «Өрнек» атты эстетикалық тақырыпқа
арналған рубрикасы бойынша көптеген өнерге қатысты мақалалар жарияланып
тұрды. Өнер зерттеушісі Сейсен Мұхтарұлының «Қазақстан әйелдері»
журналының 1982 жылғы 3 нөмірінде жарияланған мақаласы сәндік өнердің бір
түрі – кілемге арналады. Өнер зерттеуші кілемдерді қол кілем және машина
кілем болып екіге бөледі. Орындау технологиясына байланысты кілемдерді
тақыр кілем, түкті кілем деп көрсетеді. Автор пазырақ қорғанынан табылған
кілем үлгісінің негізіне сақтар дәуіріндегі ел, байлық, қорғаныс ұғымдарын
шартты түрде таңба, марал, салтанатты сарбаз образы ретінде алынуын
көрсетеді.
Ежелгі кілемдегі символдар ұғымының меңзері- елдің ел мұрасын сақтау
болса, екінші – кілемдердің шартты түсініктерінің тұспалы кіндік кесті
мекеніңді айла тәсіліңмен қорғай біл. Яғни, ежелгі кілемдер мен бертіндегі
кілемдердің айтары бір, композициясы мен колориті ұқсас. Автор кілемдердің
жергілікі ортаға байланыстылығы, гобелен мен кілемнің ұқсастығы, кілемнің
көркемдік ерекшелігі, халық таланттарының шығармашылығын дамыту жайлы
сөз болады. Қысқаша айтқанда бұл шағын еңбек кезінде көркемдік тәрбие мен
білім беру мақсатында қолдануға қажетті құрал болды.
Сол кездегі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы Б,Мекішевтің «Әсемдік баршаға ортақ» (Лениншіл
жас.1982.23апрель) мақаласы эстетикалық тәрбиенің практикалық жақтарына
арналған еңбек. Жастардың мәдениетін көтеру, әсемдік талғамын арттыру, оқу
мен рухани мәдениетін шыңдау жолына жігерлендіретін еңбек болды. Автор
мақаласы біршама көлемді. Ол айтар ойын нақты жеткізу ушін теңеулерді
өмірден алып қолданады, ұлы адамдар өмірін үлгі тұтып, жастарды солардай
болуға шақырады. Адамның рухани байлығы мен мәдениетін меңгеру, оны
меңгеру үшін талап пен еңбек қажет деген ой түйіндейді. Бұл еңбектің
мазмұнын кезінде көптеген ұстаздар тәрбие ісінде орынды қолдана білді.
Сол кездегі Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің студанті
Мұхтар Қожаевтың «Байырғы қазақ өнері» атты «Білім және еңбек»
журналының 1982 жылы №7 нөмірінде жарияланған мақаласында байырғы
қазақ бейнелеу өнерінің тарихи дамуына ғылыми болжамдар жасайды. Бұл
мақалада ол «...кейбіреулер, қазақ халқы бау, басқұр сияқты болмаса тірі жанды
бейнелеу дегенді білмеген дейді. Мұндай жорамал теріс екенін дәлеледеу және
бейнелеу өнерінің негізгі мазмұнын түсініп алу үшін қолда бар материалдар да
жеткілікті», - деп атап көрсете отырып, Қожа Ахмет Ясауи алып ғимаратының
ою өрнектерінің, Қараман батыр мүсінінің сипаттамасын бере отырып ХІҮ -ХҮ
ғасырлардағы өнер туындыларының ерекшелігін көрсетеді. Сондай-ақ
Қазақстанның Оңтүстігінде орналасқан Сауран қаласының қорған –
қамалдарының (ХҮ Іғасыр) мұнараларындағы садақты батырдың суреті,
тұтқында ұстаған жас жігіттің бейнесі, қыран бүркіт, желмен жарысқан
тұлпардың бейнеленгендігін жазған. Сол кезде бейнелеу өнерінің керамикалық
ыдыстарда оюлар мен құстарды бейнеленгендігі туралы Шек-Нияз (ХҮ -ХҮ ІІ 48
ғасыр), Әйтімбет (ХҮ ІІ ғасыр), Жантай (ХҮ ІІІ-ХІХ), Ақтөбе (ХҮ ІІ-ХҮ ІІІ
ғасыр), Шатпай тәжі (ХІХ ғасыр), белгілі ұстаз шеберлер Қаражүсіповтар
салған Омар (1897жыл) және Айман (1808жыл) мазарларында Амантүр
қожаның тамында суреттер бар екендігін жазады. Сондай-ақ Шатпай мазары,
Тәжі сұлу күмбездеріндегі бейнелеу өнері мазарға жерленген адамдар туралы
мағлұмат беретіндігін көрсетеді. М.Қожаевтің бұл материалы бір қатар өнер
зерттеушілерге кезінде ойтүрткі салдып. өнер тарихы курсын оқыту барысында
орынды қолданылды.
Қорыта айтқанда аталған еңбектер кезінде, мектептің бейнелеу пәнінің
мұғалімдері, сынып жетекшілерінің болашақ мұғалімдердің ұстаздары,
студенттердің оқу тәрбие жұмыстарына қолданылған құралдары қызметін
атқарды, ұлттық оқу мен тәрбие мазмұнын айқындауға игі ықпалы болды.
Қазақстандағы көркемдік білімінің дамуы мен қалыптасуы да әр
түрлі дәрежедегі оқу орындарының, оларды бітірген білікті мамандардың,
ғылыми кадрлардың ролін айту орынды. Қазақстандағы көркемдік тәрбие
беру ісінің дамуына суретші-педагогтар дайындау ісі басқа
республикалармен салыстырғанда әдепкіде кешігіп қалғанымен, соңғы
кезеңде қарқынды дамыды.
Қазақстандағы көркемсурет білімін беру саласындағы ең маңызды мәселе
бейнелеу өнерінің мұғалімдерін дайындау болып табылады.Жиырмасыншы
ғасырдағы 40 жылдар мен 60 жылдардың екінші жартысына дейін сурет
мұғалімдерін дайындап келген Алматы көркем сурет училищесінің ролін
ерекше айту орынды. Бірақ бұл оқу орны кең байтақ республиканың сурет
мұғалімдеріне деген сұранысын өз дәрежесінде қанағаттандыра алмады. Бұл
мәселе 1964 жылы Абай атындағы Қазақстанның педагогика институттарынан
«сурет және сызу » мамандығы ашылып, мұғалімдер дайындала бастаған соң өз
шешімін тапты. Кейін мұндай мамандықтар Семейдің, Шымкенттің,
Жезқазғанның, Арқалықтың, Қарағандының, Көкшетаудың, Жамбылдың,
Оралдың, Ақтөбенің, Қызылорданың педагогикалық институттарында жоғары
білімді бейнелеу өнері, сызу және көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері
дайындалды. Осы мамандық негізінде Қазақстанда көркемсурет және графика
факультеттерінің жүйесі қалыптасты. Аталған оқу орындарының үздік
бітірушілері көркемсурет графика факультеттердің кафедраларына
оқытушылық қызметке қалдырылып, басқалары көркемсурет училищелерінің,
орта арнаулы оқу орындарының, көркемсурет және жалпы білім беретін
мектептерінің мұғалімдер ұжымын толықтыра түсті.
Қазақ еліндегі көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру
тарихындағы елеулі кезең 1970 жылдар болды. Бұл кезеңде көптеген
педагогикалық институттарда бітірген сурет пәнінің жас ұстаздары көркемдік
білім беруге жаңа серпін әкеліп, бұл жүйені жаңа сатыға көтерді. Бұл жаңа оқу
орындарын ашуға қолайлы жағдайлар туғызды. Солардың бірі- 1973 жылы
ашылған Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесі. Мұнда 80
жылдардан бері жүйелі түрде суретшілермен қатар сурет пәнінің мұғалімдері
дайындалып келеді. Бұл училищені бітіруші- жас ұстаздар қазақ елінің көркем
мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосты. 49
Жоғары оқу орындарын бітірген суретші-педагогтардың санының артуы.
Қазақстандағы жас ұрпақтың көркемдік білімін көтеруге ықпал етті.70
жылдардан бастап барлық облыс орталықтарында, кейбір аудан көлемінде
көркемсурет мектептері ашылып, жас өспірімдер көркемдік білім
сауаттылығына үйретіле бастады. Алғашқы көркемсурет мектептері
республикада Алматы, Семей, Қарағанды, Шымкент, Орал қалаларында өз
жұмыстарына кірісті. Жасөспірімдердің республикалық сурет көрмесі жүйелі
ұйымдастырылып, жас талант иелерінің шығармашылық еңбектерімен
шұғылдануына жол ашылды.
Қазақстанда жас ұрпаққа көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие
беру, жастардың талантын ерте бастан дамыту мақсатындағы ерекше
қамқорлық көрініс 80 жылдары суретші педагог Ұ лықбек Ибрагимовтың
басшылығымен Алматы қаласында ашылған балалардың республикалық
көркемсурет мектеп интернаты болды. Бұл мектеп-интернат республика
бойынша суретке бейім жас таланттарын тауып, олардың көркем
шығармашылық негіздеріне 1 кластан бастап үйретті. Мектептің оқу
жоспарларында кескіндеме, сурет, мүсін, сәндік өнер, композиция, өнер тарихы
сияқты арнайы пәндерге көп мөлшерде сағат бөлініп, жалпы білім беретін
пәндермен қатар оқытылады. Мектеп интернатын ұйымдастыру мен оны
қалыптастыру ісінде мектептің алғашқы директоры, бейнелеу өнері саласының
маманы, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Ұ .Ибрагимовтің
педагогикалық қызметін айту орынды. 80 жылдардың аяғында Ұ .Ибрагимовтың
бастауымен осы мектептің базасында Қазақстанда тұңғыш рет көркемсурет
колледжі ұйымдастырылды. Колледждің оқу жүйесі Америка, Англия, Россия
елдерінің көркемдік білім жүйесінің озық үлгілер негізінде және қазақ елінің
ұлттық дәстүрлі өнерінің ерекшеліктері ескеріліп құрылды. Қазіргі кезде
аталған республикалық балалардың көркемсурет мектеп-интернаты мен
көркемсурет колледжі қатар жұмыс істеп бір орталықтан басқарылатын жүйеге
айналды.
Суретші педагог ғалым Ұ .Ибрагимовтың инициативасымен 80
жылдардағы республикалық көркем өнер өміріндегі айтулы жаңалық-
Көркемсурет Академиясы ашылуы болды. Бұл оқу орнында жоғары білікті
кескіндеме, графика, мүсін, дизайн және сәндік қолданбалы өнердің маман
суретшілерін дайындауға кең жол ашылды. Оқу орнында болашақ суретші
мамандарын дайындайтын профессор – оқытушылар құрамында ғылым
кандидаттары, доценттермен қатар Қазақстанның халық суретшілері
Қ.Телжанов, Х.Наурызбаев, А.Ғалымбаева,М.Кенбаевтар профессор қызметін
атқарып жас суретшілер дайындау ісіне кеңінен араласты.
. Сөйтіп балалардың республикалық көркемсурет мектеп-интернаты,
көркемсурет колледжі және қазақтың көркемсурет академиясы тұтастай бір
жүйеге біріктіріліп, оқу процесі бір орталықтан атқарылатын болды.
Академияның алғашқы студенттері болып көркемсурет колледжін үздік
бітіргендер 1994-95 оқу жылдарында қабылданды. Ал көркемсурет
колледжінен республикалық балалардың көркемсурет мектеп интернатының
шәкірттері қабылданды. Көркемсурет академиясы өміріндегі соңғы жаңалық 50