
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
тарихы, кәсіпқой суретшілер мен халық шеберлері жайында Қазақтың
мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы Бақтажар
Менішовтың, өнер зерттеушісі Сейсен Мұхтарұлының, журналистер Жарылқап
Бейсенбаев, Төрегелді Байтасовтардың, соымен қатар М.Қожахметова,
Г.Пралиевалардың мақалалары үзбей жарияланды.
Көне архитектуралық құрылыстарды зерттеу саласында техника
ғылымының кандидаты – Марат Құлбаев, Әбілхайыр Спанов, тарихшы
ғалымдар Кемел Ақышев, Сейден Жолдасбаев, Ұ лттық Ғылым Академиясы
тарих және архиология – этнография институтының орта ғасырлық архиология
секторының меңгерушісі тарих ғылымының докторы,профессор
Қ.Байпақовтың мақалалары журнал мен газет беттерінде үзбей жарияланып
тұрды.
Суретшілер шығармашылығы жайында Нұрқасым Қазыбаев.
Мұхамбетжан Әлімбаев, Жанболат Ауыбаев, Қали Сәрсенбаев, Сабыр
Мәмбеевтердың еңбектерін атауға болады. Бұл еңбектер кезінде көркем өнер
саласындағы көркемдік тәрбиеге қажетті хрестоматия міндетін атқаратындай
еңбектер болды.
70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
тілінде еңбектер жарық көрді. Соның бірі- өнер зерттеуші Сейсен
Мұхтарұлының «Пионер» журналына «Муза» атты айдары бойынша
жарияланған «Рембрант»( 375жыл) атты мақаласы Голландияның ұлы
суретшісі Рембранттың өмірі мен шығармашылығына арналды. Мақалада
Рембрандтың өмірі туралы көптеген мәліметтер берілген. «Түскі күзет»,
«Синдиктер» деген өнер тарихында белгілі шығармаларына автор өнертану
тұрғысынан талдаулар жасаған, суретші шығармашылығының сипатын ашып
көрсеткен. Бұл мақала бейнелеу өнерінің қазақ тіліндегі өнер тану ғылымының
сөз қорының дамуы мен жастарға көркемдік білім беруде белгілі дәрежеде үлес
қосты.
Осы кезде «Лениншіл жас» газеті бетінде «Аққу» атты эстетикалық
клубы рубрикасы бойынша өнер тарихы мен өнер эстетикалық клубы
рубрикасы бойынша өнер тарихы мен өнер шеберлері жайында мақалалар
көптеп жариялана бастады. Солдардың бірі журналист Жарылқап
Бейсенбаевтің «Арғымақ шабысты қызыл ат» деген көлемді мақаласында орыс
суретшісі Кузьма Сергеевич Петров-Водкиннің «Қызыл атты шомылдыру»
атты әйгілі картинасын сөз арқауы ете отырып К.С.Петров-Водкиннің 45
шығармашылығына сипаттама береді. Оның шығармасындағы осы өмір
көріністері, кеңістікті, заттар мен құбылыстарды бар болмыс бітімімен терең
байыптауға, сындарлы бейнелеуге бейім қасиеттерден бастау алып
жататындығын көрсетеді. Қысқаша айтқанда бұл еңбектер қазақ тіліндегі өнер
тарихына байланысты, қазақ тіліндегі оқу құралдарының сирек кезіндегі, оқу
материалы ретінде танылатын алғашқы бастамалар ретінде көркемдік тәрбие
беру тарихында ерекше орын алады.
Осы кезеңдегі қазақ өнер зерттеушілерінің арасында өнер тарихын
зерттеумен айналысып жүргендердің ішінде Б.Мекішевтің орны бөлек. Бұған
айғақ оның Италияның ұлы суретшілері Джотто ди Бондоне. Донотелло жайлы
жазған мақалаларында өнер шеберлерінің өмірі мен творчествосы жайындағы
материалдарда өнер тарихының қазақ тіліндегі сөз қорын молайтуға көп
септігін тигізеді.
«Мүсінші Донотелло»(Оңтүстік Қазақстан, 9.1.1979) атты еңбегінде
Б.Мекішев «антикалық мәдениет», «антикалық ескерткіштер» деген атауларды
қазақ тілінде алғаш рет қолданады. Бұл мақаладан автор «эпохп возвраждение»
ұғымын «өркендеу дәуірі» деп қолданады. Ол «бейнелеу өнері», «қыл қалам
шебері», «көркем сурет мектебі», «мүсінші», «суретші» деген терминдермен
қатар «суретші мамандығы» деген терминдердің бірінші рет орынды
қолданғандығын айту орынды. Қорыта айтқанда Бақтажар Мекішовтың бұл
мақалалары өнер тарихынан оқу құралдары жоқ кезде қазақ жастарының
көркемдік білімін игеруге жәрдемін тигізеді.
Республикалық «Жұлдыз» журналының беттерінде қазақ бейнелеу өнері
жайлы көптеген мақалалар мен қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларының
репродукциялары жиі жарияланып тұрады. Сабыр Мәмбаев «Тың шежіресі-
қылқалам тілінде» атты мақаласында («Жұлдыз» 1979.№3.202-205 беттер)
тыңды игеру тақырыбы бойынша жазылған Қазақстан суретшілерінің
шығармалары туралы өнертанымдық талдаулар жасаған. Мақала реферативтік
сипаттама жазылған. Тың игеруші тамаша адамдардың образын жасау, тыңдағы
қаһармандардың ерлік шежіресін жыр етудегі Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева,
Н.Нұрмұхамедов, Н.Гаев, Х.Наурызбаев, К.Телжанов, К.Шаяхметовтардың
шығармашылығын автор құрметпен атаған. Ол «аға толқындармен бірге, қазіргі
өміріміздің жас та тың күштері- кейінгі толқын інілері де атсалысуа»,- деп
қазақ бейнелеу өнерінің дамуындағы жас суретшілердің онын ерекше
көрсеткен. Мұндай мақалалар жетпісінше жылдар көлемінде мектептегі
бейнелеу өнерінің әңгіме сабағында оқу материалы ретінде қолданылып, өзінің
практикада қажеттігін танытты.
Революцияға дейінгі қазақ даласында бейнелеу өнерінің ішінде сәндік
қолданбалы өнері туындыларының басқа түрлері болған жоқ деген пікірді
журналист Т.Байтасовты «Шоқан- суретші» (Оңтүстік Қазақстан, 1977,22
январь) атты мақаласын оқу барысында өзгертуге тура келді. Себебі нақты
материалдарға сүйене отырып, Ш.Уәлихановтың өзі салған графикаларының
көркемдік ерекшеліктерін көрсетумен қатар қандай материалмен
бейнеленгендігі, суреттің аты, салған жылы туралы нақты деректер берді. Ол
мақаласында портрет туындыларының ғылыми-әдеби қоғамдық қызметімен 46
тығыз байланыстылығына баса назар аударды, Шоқанның графикалық
портреттері зерттеу жұмыстарының, қоғамдық қызметінің иллюстрациялық
деректері ретінде қолданған деген тұжырым жасады. Шын мәнінде ол кездерде
фото өнерінің сирек болуына байланысты графикалық суреттердің деректі
материал ретінде қолданылуы қоғамдық қажеттіліктен туғандығына күмән
келтіруге болмайды. Т.Байтасовтың қазақ бейнелеу өнері жайлы бұл
материалдары негізінде сол кездерде мектептерде әңгіме сабақтар өткізіліп,
тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.