Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы

суретшілерінің бірі Әбубәкір Ысмайлов көркемдік білім әліппесін суретші

Н.И.Крутильниковтан алған болатын.

Қазақстандағы көркемдік білім беру тарихында алғашқы 20 30 жылдары

ұйымдастырылған көркемсурет көрмесі елеулі орын алады. Өнер зерттеу

материалдарына қарағанда қазақ жеріндегі алғашқы ұйымдастырылған

көркемсурет көрмелеріне Қ.Қожықов, Б.Сәрсенбаев, Т.Ташбаев,

Ә.Ысмайловтар сынды қазақ жастары қатысқандығын көрсетеді.

Еліміздегі көркемдік білімді сөз еткенде қазақтың тұңғыш суретшісі

Әбілхан Қастеевтің есімі құрметпен аталады. Ә.Қастеев алғашқы көркемдік

білім негіздерін суретші Н.Т.Хлудовтан үйреніп, кейін өз бетінше білімін

жетілдірді. Оның алғашқы шығармашылық еңбектері 20 жылдары көркемөнер

көрмелерінен орын ала бастады. Қазақтың алғашқы суретшілерінің бірі Әбунар

Ысмайлов ХХ ғасырдың 20 жылдары Омскінің Көркемсурет училищесінде

бірқатар уақыт білімін жетілдірген.Бұл атақты суретшілер қазақтың ұлттық

бейнелеу өнерінің негізін салумен қатар, жастарды сурет өнеріне үйретуші

ұстаздар болғандығын айту орынды.

Қазақстандағы көркемдік білім беру ісіне кезінде белгілі ықпал еткен

көркемсурет галереясы болды. Қазақтың мемлекеттік көркемсурет галереясы

1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы

Қазақстанның мемлекеттік бейнелеу өнері музейі деп аталып, қайта құрылды.

Қазақстандағы жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру,

орта білімді суретші кадрларын дайындау мәселелерін шешуде 1938 жылы

Алматыдағы ашылған көркемсурет училищесі маңызды роль

атқарды.Учелищедегі оқу реалистік бейнелеуге, сурет салуға жастарды үйрету

суретші педагог Кардовскийдің оқыту жүйесіне негізделді. Бұл училищеде

Қазақстанның халық суретшілері алғашқы кезеңі оқып кәсіптік-көркемдік білім

негіздерін меңгерді. Бұлардың қатарынан Қ.Телжанов, А.Ғалымбаева,

М.Кенбаев, С.Романов, Х.Наурызбаев сынды суретшілердің есімдері орын

алады.

Ұ лы Отан соғысы жылдары Қазақстанда Д.И.Митрохин, И.А.Дайн,

М.Аксельрод, И.М.Чайков, Б.М.Белопольский, Л.М.Худяк, Б.И.Урманче, 41

С.И.Бондар, О.Н.Кудрявцева сияқты Москвадан, Ленинградтан, Украина мен

Белорусиядан келген суретшілер қызмет атқарады. Олардың бірқатары

педагогикалық еңбекпен айналысып Қазақстандағы көркемдік білім беру ісіне

өзіндік үлестерін қосты.

Қазақстандағы көркемдік білім беру саласындағы елеулі құбылыс,

Ресейдің жоғары көркемсурет оқу орындарын 50 жылдардың екінші

жартысында бітірген кескіндеме шеберлері С.Мамбеев, М.Кенбаев,

К.Телжанов, Г.Исмайлова, график суретшілер С.Романов, Ш.Кенжебаев,

мүсінші Х.Наурызбаевтың қазақ көркемөнеріне араласуы мен педагогикалық

қызметі болды. Олардың бірқатары шығармашылық қызметті педагогикалық

қызыметпен ұштастырырды.Сондықтан Қазақстанның алғашқы шыққан

суретшілерінің жас ұрпақтың көркемдік тәрбиесіне қосқан үлесі қомақты деп

айту орынды.

Қазақстандағы көркемдік білім мен көркемдік ойдың қалыптасуы өнер

зерттеу нәтижелеріне байланысты. Бұл жерде әсіресе өнері жайлы алғашқы

жарияланған еңбектерді тану орынды. Солардың қатарына қайраткер

Т.Жүргеновтің «Революция и националность» журналының 1936 жылғы 11

нөмірінде шыққан «Қазақ халқының өнері» атты еңбегін, өнер зерттеуші

В.Чепеловтың «Искусство» журналының 1936 жылғы 4 нөмірінде жарияланған

«Қазақ халқының өнері туралы» мақаласын, сонымен қатар 1949 жылы

«Большевик Казахстана» журналының 7 нөмірінде шыққан И.Омаровтың

«Қазақстан өнерінің болашағы үшін» еңбегі қазақ өнерінің сол кездегі

деңгейіне сипаттама беріп, оның болашағына жол көрсеткен алғашқы өнертану

тұрғысындағы игі қадамдар болды.

Ал қазақ бейнелеу өнерін кәсіпқойлық өнертану тұрғысынан зерттеу 50

жылдардың екінші жартысы мен 60 жылдардың басынан өз дәрежесінде

жүргізіле бастады. Бұл салада Ресейден жоғары өнертанымдық білім

алып,елімізге керген қазақ жастарын айту орынды. Бұлардың қатарынан

алғашқы кәсіби өнертанушылар Н.Нұрмұханбетовтың, Г.Сарықұлованың

есімдерін құрыметпен атау орынды.

Жас ұрпаққа көркемдік білім беру саласында республика көлемідегі

мәдениет орындары елеулі роль атқарды. Мектеп оқушылары бұл мәдениет

орындарындағы көрмелерге барып өнер туындыларымен танысады. Бұл

мәдениет орындарының қатарына Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері музейі,

Қазақтың мемлекеттік тарихи музейі, Мәдениет министрлігінің көркемсурет

қоры, Ұ лттық Ғылым Академиясының халық өнері қазынасы, Алматы

музыкалық құралдар музейі, Алматы және Шымкент көркемсурет колледждері

мен Көркемсурет Аккдесмиясының музейлері, Түркістандағы Ахмет Ясауи

архитектуралық кешенінің музейі, облыстардағы тарихи-өлкетану музейлері,

педагогика институттарындағы көркемсурет факультеттерінің музейлері, жеке

суретшілердің көркемсурет қорлары және халық шебері Дәркебай

Шоқпаровтың жеке меншік этнографиялық музейі және т.б. кіреді. Сондықтан

Қазақстанның көрнекті мәдениет орындарының жастарға көркемдік тәрбие

беруде маңызды орын алады.. 42

Бейнелеу өнерін зерттеу ісі көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие

мәселелерімен тығыз байланысты. Жас ұрпақты өнерге баулу ісінде қазақ өнер

зерттеушілерінің еңбектерінің оқып үйрену маңызды орын алады. Қазақ өнер

зерттеушілерінің көпшілігі 50-80 жылдар аралығында Россияның

орталығындағы (Ленинград, Москва) көркемсурет доғары оқу орындарының

білімін алды. Бұл оқу орындарын 50 жылдары Е.В.Вандаровская, Н.М.Вуд,

М.Г.Ғабитова, Г.А.Сарықұлова, Ғ.А.Рыбаковлар бітіріп шықты. 60 жылдары

Е.П.Гаврилова, С.Б.Құмарова, Е.А.Рассохиналар көркемөнер институттарын

өнертану мамандығы бойынша аяқтады. 70-80 жылдары Өнер зерттеушілер

В.С.Бучинская, Л.И.Дараева-Тушкина, Н.И.Иванина, Р.Т.Көпбосынова, К.В.Ли,

А.Қ.Ниязов,Л.С.Оразбековалар осы оқу орындарын бітіріп келіп, қазақ

бейнелеу өнерін насихаттаумен, зерттеумен айналыса бастады.

Республикада өнертану ғылымы елуінші жылдардың орта шенінен бастап

қалыптаса бастады. Содан бергі уақытта қазақтың ұлттық бейнелеу өнерінің

әртүрлі мәселелерін қатитын баспасөз беттерінде мақалалар жарияланып, түрлі

альбомдар, монографиялар, жарық көре бастады. Солардың бірі өнер зерттеуші

Гүлшара Сарықұлованың «Қазақстан графикасы»(1967) атты еңбегі. Бұл

еңбектегі суреттер мен олардың көркемдік ерекшеліктері, идеялық мазмұны

ғылыми тұрғыдан жан жақты негізделіп, әділетті бағаланды.

Қазақтың өнертану ғылымына қосылған елеулі үлес 1972 жылы жарық

көрген еңбек «Бейнелеу өнері шеберлері» деп аталады. Бұл қазақ

суретшілерінің шығармашылығын жеке зерттеу бағытындағы алғашқы

тәжірбие болды. Бұл еңбекте он төрт суретшінің еңбегін жеке зерттеу нысанасы

етіп алынған. Зерттеушілер әрбір суретшіні өзіндік бағытын ашуға,

шығармашылық стилін нақтылауға, еліміздің бейнелеу өнері тарихындағы

орнын айқындауға бағыт бұрған. Аталған еңбекте берілген Қ.Телжанов,

С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев сынды суретшілердің шығармашылығы

мен өмірі туралы мәліметтер бейнелеу өнері пәнінен әңгіме сабақ өткізу үшін

ең қажетті оқу материалына айналды.

Қазақстан Республикасының мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық бейнелеу

өнерін зерттеуге үлес қосып келе жатқан өнер зерттеушілері көп емес. Бұл

ғалымдардың арасында Г.Сарықұлованы, И.Рыбакованы, М.Ғабитованы,

Р.Көпбосынованы, Н.Нұрмухаммедовті, К.Лиді, Ш.Тоқтабаеваны, А.Ниязовты

құрметпен атауға болады. Аталған бұл өнер зерттеушілерінің еңбектері

жастарға көркемдік білім берудің мазмұнын анықтады, қазақ бейнелеу өнеріне

қатысты теориялық иллюстрациялық материалдарды толықтырды.

Қазақ халқының бейнелеу өнеріне арналған сүбелі еңбектің бірі- 1977

жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақстан бейнелеу өнері

тарихының очерктері». Бұл еңбекте авторлар (Г.Сарықұлова, Ғ.Рыбакова,

М.Ғабитова, Р.Көпбосынова) белгілі қазақ суретшілердің шығармаларына

талдау жасау негізінде республикадағы кескіндеме, графика, мүсін

жанрларының қалыптасуы, даму, ерекшеліктерін, олардың бүкіл әлемдік

өнермен, жалпы мәдениетпен байланысын ашып көрсеткен. Еңбекте қазан

төңкерісінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі бейнелеу өнер тарихына жан жақты

талдау берілген. Өнер зерттеушілері тұңғыш қазақ суретшісі Ә.Қастеевтің 43

шағармашылық жұмыстарына талдау жасалған. Бұл танылған суретшілердің

өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұлттық бейнелеу өнері туралы

өткізілген оқу тәрбие жұмысының мазмұнына айналды. Қазақстан бейнелеу

өнері жайлы 1970-1980 жылдар аралығында алыс және жақын шетел

баспасөздерінде жүзден астам мақалалар жарияланды. Бұлардың ішінде қазақ

бейнелеу өнерін шет елге таныстырған тұңғыш еңбек Г.Сарықұлованың

Берлинде неміс тілінде жарияланған «Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері»

атты мақаласы болды. Осы кезеңде Москвадан «Евгений Сидоркин»

Алматыдан «В.Г.Антошенко- Оленов» деген монографиялар жарық көріп

халыққа тарады. Ленинградтан қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жарық көрген

«Қазақ ССР өнері» альбомы бейнелеу өнерін зерттеу жолындағы елеулі еңбек

нәтижесі. 80 жылдардан соң жеке суретшілер туралы альбом кітаптер шығару

көркемсурет саласында игі дәстүрге айналды. Бұл кітаптар өнерсүйер қауым

мен суретші-педагог қауымы үшін қажетті оқу құралына айналды. Қазақстан

көркем мәдениетінің тарихындағы елеулі құбылыс-республикалық «Өнер»

баспасының құрылуы. «Өнер» баспасы ұлттық қолөнер туындыларының

қайталанбас үлгілерін қалың көпшілікке таныстыруда елеулі еңбек етуде.

Алғашқы кезде баспадан шыққан Ш.Тоқтабаеваның «Қазақтың зергерлік

әшекейлері» (1980) атты альбомы ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын

алатын қазақтың ұлттық қолөнері, оның ішінде зергерлік өнеріне арналған

бірден-бір көлемді еңбек. Альбомдағы суреттерден қазақ әйелдерінің – алқа,

сырға, қапсырма, өңіржиек, білезік, жүзік, тұмаршасияқты көркем

бұйымдарының үлгілері,халықтың зергерлік өнері туралы мол мағлұматтар

берілген.

Жетпісінші жылдардың соңында «Қазақстан» баспасынан шыққан

филология ғылымының кандидаты Ә.Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ»

(1977) атты көркем безендірілген кітапта қазақтың қолөнері жайлы жан жақты

әңгімеленеді. Халықтың қолөнері, киіз үй мен оның жасау –жиһаздары, киіз

басу, ою-өрнек салу, кілем мен ши тоқу, ағаш өңдеу, ер шабу, зергерлік өнер

сырлары ашып көрсетілген бұл еңбекте қазақ еліндегі көркемдік білім беру

ісіне елеулі үлес қосуымен құнды.

Қазақ бейнелеу өнеріне кіретін кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер,

графика, мүсін туралы Г.Сарықұлованың арнайы мақаласы 1984 жылы

Москвадағы «Совет суретшісі» баспасынан жарық көрген тоғыз томдық «СССР

халықтары өнерінің тарихы» басылымының екінші кітабында берілген. Бұл

мақалада қазақ бейнелеу өнерінің бұрынғы одақ халықтары шығармашылығы

арасындағы орны айқындалып, автор ойы қажетті репродукциялармен

толықтырылады. Өнер зерттеуші Г.Сарықұлованың қазақ бейнелеу өнерінің

түрлері, жанрлары туралы зерттеу мақалалары 80 жылдың аяғында Ташкент

қаласында «Орта Азия республикалары мен Қазақстандағы мәдени процесс

тәжірбиесі» аттты монографиясында жарияланады. Бұл кітаптар болашақ

суретші –педргогтарды дайындау, өнер тарихынан лекциялар өту істеріне

қажетті материалдар түрінде қолданыста болды.

Қазақстанның егемендік алуы, қазақтың көркемдік мәдениетін қайта

қарап, өнердегі олқылықтардың орнын толтыруға көне мәдениет үлгілеріне 44

баға беріп, жаңаша талдау жасауға бетбұрыс жасады. Осы тұрғыдан алып

қарағанда, өнер зерттеудің нәтижесі О.Жәнібековтің «Өнер» баспасынан орыс

тілінде жарық көрген «Жаңғырық...алтын домбыра ізіндегі аңыз» («Өнер» 1991)

еңбегі болды. Еңбекте қазақтың көне қару-жарақтары, ұлттық киімдері, құрал-

саймандары, зергерлік бұйымдары, салт-дәстүрі, сәулет өнерінің ескерткіштері,

шаруашылығы және тері өңдеу, киіз, кілем, алаша, ши тоқу, кесте тігу, құрақ

құрау сияқты сол өнердің түрлерінен мол мағлұматтар берілген. Автордың бұл

еңбегі соңғы кезде жастарды әсемдікке, халық дәстүріне тәрбиелеуге қажетті

құралға айналды.