Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426.08 Кб
Скачать

1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап

«Кемпірқосақтың түсі қандай?» деген атпен Е.Каменованың кітабы қазақ

тілінде жарық көрді. Кітаптан күнделікті естіп жүрген акварель, анималист,

барелеф, витраж, гравюра, декорация, интерьер, колорит, композиция,

миннатюра, мозайка, натюрморт, палитра, ракурс, силуэт, тағы басқа сөздердің

түпкі мән мағынасы туралы жан жақты мағлұмат алуға болады.

Кітап қысқа сөздік түрінде жазылғандықтан бейнелеу өнеріне

байланысты аты әлемге әйгілі суретшілер Жан-Батист, Симион, Винсент Ван-

Гог, Рембрант, Харменс Ван Рейн, Врубель, В.А.Серов, В.И.Суриков,

И.Е.Репин, И.Крамский, И.Л.Левитан, В.Д.Поленов, тағы басқалардың

картиналары қара және түрлі-түстермен кітапқа енгізілген. Кітапты оқумен

бірге, ондағы суреттерді қарап отырып, әйгілі суретшілердің өз шығармаларына

қаншалықты көп еңбек сіңіргенін оқушылардың жете түсінуіне болады.

Бұл кітап оқушылардың бейнелеу өнері сабағында толық қолдануына

болатын еңбек. Еңбектен бейнелеу өнерінің көптеген терминдерін табуға

болады. Мұндай ұғымдарды меңгеру көркемдік білім беру саласында

оқушыларға өте қажет.

70-80 жылдары көркемдік білім беру саласында бірқатар еңбектер

мерзімді баспасөзде жарияланды. Бұл еңбектерде көркемдік білім беруге

қажетті нұсқаулар беріліп отырды. Мысалы: Ж.Аянованың «Құстар мен

жануарлардың суретін салу» (Бастауыш мектеп. 1980.№6,31-32беттер) атты

мақаласында бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағына құстар мен

жануралардың суретін салудың жолдарына талдау жасайды. Салудың

әдістемелік бірізділігі көрсетілген.

Сол кездегі Абай атындағы Казақтың педагогикалық институтының

көркем сурет факультетінің аға оқытушысы Жүрсін Балкенов бастауыш

кластардағы бейнелеу өнері сабақтарында бейнелеудің іскерлік пен дағдысын

қалыптастыру мәселелерін қарастырған. Автордың «Графикалық дағдының

алғашқы элементтері» деген мақаласының негізгі мазмұны (Бастауыш мектеп.

1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары

берілген. Бұл әдіскердің «Бейнелеу өнерінің эстетикалық тәрбие берудегі

маңызы» (Қазақстан мектебі, 1979, №9, 78-81беттер) атты мақаласында сәндік 39

қолданбалы өнердің көркемдік тәрбие берудегі мүмкіндіктерін көрсетеді. Сабақ

жоспары мен өткізу әдістерін жан-жақты талдап көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданындағы мектептің мұғалімі

Д.Дүйсенов суретті тіл дамыту, шығарма жаздыру мүмкіндіктерін қарастырады.

Суреттерді оқушыларға таныстырып онан соң сұрақ-жауап әдісі арқылы

пысықтап, жоспар құрып, шығарма жазуды үйретеді. Суретке қарап отырып

әңгіме құрастыруға оқушыларды машықтандыру мақсатын

көздейді.(А.Дүйсенов, Сурет тіл дамыту құралы, «Бастауыш мектеп» 1978,

№3,37бет).

Бесінші, алтыншы кластарда бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет

салу тақырыбы туралы көптеген мақалалар жарық көрген. Бұл жөнінде

С.Төленбаев А.Қамақов, Ж.Балкенов, Б.Өмірбековтердің еңбектерін атау

орынды. С., Төленбаевтың «Ою-өрнек салып үйрен» (Бастауыш мектеп,

1981, №5,38-41 беттер) атты мақаласында І-ІІІ сыныптарда сәндік сурет салу

сабақтарында мүйіз тектес ою-өрнектерді салу жолдарын қарастырады.

1-кластарға «Мүйіз элементтерінен ою-өрнек жасау», ІІ-класта «Өркеш

мүйіз» өрнегін, ІІІ- класта «құс қанаты» элементтерінен ою-өрнектер жасау

сабақтарының жоспары мен сабақты өткізу жолдарын, кезеңдерін көрсетеді.

Бұл материалдар кезінде бастауыш мектеп мұғалімдеріне әдістемелік жол

көрсеткен еңбектер болды.

1978 жылы «Білім және еңбек» журналының 4 номерінде

жарияланған сол кездегі ҚазПИ-дің доценті, Байтұрсын Өмірбековтың «Сәндік

қолөнер» деп аталатын мақаласында қазақ сәндік қолөнеріне және қолданбалы

өнердің түрлеріне жан жақты сипаттама беріп, спецификациялық

ерекшеліктерін көрсетеді. Сәндік өнердің өмірдегі қажеттігін көрсетіп, қазіргі

көркемдік конструкциялау әдісімен байланысына мән береді. Б.Өмірбековтің

сәндік өнер жайлы бұл мақаласы сәндік сурет сабағын өткізуде көптеген жас

мұғалімдерге әдістемелік көмегін тигізеді.

Қазақстанның көркемдік білім беруінің дамуы мен қалыптасуы

болашақ бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне «Бейнелеу өнеріне оқыту

әдістемесі» атты пәнінің лекцияларына қажетті материалдар болумен қатар

«Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы» курсына қазіргі кезде қосылатын танымдық

маңызы маңызы бар материалдар ретінде қажет болғандығы даусыз.

Сондықтан тарихи орны бар, жеке мәдениет орындары, жеке педагогтар

қызметі, Қазақстанның көркемдік білім беру ісінің дамуы мен қалыптасуына

игі ықпал еткендігін айту орынды.

Қазақстандағы Кеңес өкіметі кезеңіндегі көркемдік білім беру

тарихын сөз еткенде қазақ халқының ағартушысы, педагог Ыбырай

Алтынсариннің тәрбиелік қызметі ерекше көзге түседі. Ы.Алтынсарин 1883

жылы 15 қарашада Торғай қаласында қолөнер мектебін ашқан. Бұл қазақ

даласындағы балаларға көркемдік білім беруге арналған тұңғыш оқу орны

болды. Бұл қолөнер мектебі жақсы жабдықталған шеберханамен, іскер

жетекшілермен қамтамасыз етілген. Мектепте ағаш өңдеу, темірден түйін

түйетін ұсталық жұмыстар жүргізілген. Мектепте жалпы білім беретін

пәндерден сызу, орыс тілі, арифметика сабақтары бастауыш мектеп көлемінде 40

өткізілген. Бұл мектепте алғашқы кезде 10 бала қабылданған. (Ыбырай

Алтынсарин тағылымы. Әдеби- сын мақалалар мен зерттеулер. Құрастырған

М.Жалмұхабетов. Алматы, Жазушы, 1991жыл, 384бет). Қорыта келгенде бұл

мәлімет қазақ халқының көркемдік білімнің дамуы мен қалыптасуында

Ы.Алтынсариннің өзі үлесін қосқандығын көрсетеді.

Қазақстандағы көркемдік білім беру ісін қарастырғанда суретші

Н.Хлудовты айту орынды. Ол 1920 жылы Верный қаласында А.Пономарев,

В.Анонов сияқты суретшілердің басын құрап, біріккен суретшілер

шеберхенесын ұйымдастырған. Бұл шеберхана жалпы сауатсыздықты жою

науқынындағы көрнекті үгіт жұмыстарымен айналысты.

Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы мен жас суретшілерді тәрбиелеу,

шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру ісіне белсенді үлес қосқан суретші

Н.И.Крутильниковта болды. Ол Қазақстанда көркемөнер студиясын алғаш рет