
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
тәрбие жұмысындағы баланың жеке басының дамуына деген көзқарас жаңа
сипат алды. Бұл кезде Халық ағарту министрлігі бірінші рет суреттің
бағдарламасын шығарды. Бағдарламада Кеңес суретшілерінің шығармаларын
таныстырумен қатар, халықтың сәндік қолданбалы өнер туындыларымен
таныстыру көзделінді. Ал 1960-70 жылдардағы суретті оқу бағдарламалары
бұдан бұрынғы бағдарламалардың идеясын жалғастырып шет елдердің, орыс
және кеңес бейнелеу өнерінің классикалық шығармаларымен таныстыру
мәселесі қарастырылды. Бірақ бұл кезде қазақ бейнелеу өнерінің озық үлгілері
оқу материалы ретінде қолдану ісі жылжымай сол қалпында тұрып қалды. Бұл
кемшіліктің бір себебі маман суретші-педагог кадрларының жетіспеушілігі, оқу
кабинеттерінің, оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдары мен нұсқаулардың
кемшілігі болды.
30-60 жылдар арасындағы сурет пәнінің оқу бағдарламалары мен
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасағанда сурет сабақтарының мазмұны
білімдік және тәрбиелік сипат алғанын байқауға болады. Сонымен қатар оқу-
тәрбие міндеттері, оқу тапсырмалары айқындалып, тақырыптары көлемі кеңіп,
бейнелеу нысандары ұлғая түскендігі. Бұл кезеңде сурет сабағының нұсқаға
қарап сурет салу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақ
түрлерін жүргізудің ғылыми негізі жасалды. Оқу бағдарламалары мен көмекші
құралдарда нұсқаға қарап сурет салу, қоршаған ортаны танып білудің басты
мүмкіндігі екендігі көрсетілді.
1943 жылға дейін педагогикалық әдебиеттерді ұлттық бейнелеу өнері мен
халықтық сәндік қолданбалы өнерін тәрбие ісінде қолдану, балалардың 34
бейнелеу қызметі мен еңбек қызметіне байланысты қарау мәселелері көтерілген
жоқ. 1942 жылдан бастап 1951жылғы жалпы білім беретін мектептерде суретті
оқытудың негізгі міндеттеріне көлемді өзгерістер енгізілген жоқ.
Сурет пәнінің 1950-1960 жылдардағы оқу бағдарламасының мазмұнын
талдау нәтижесі, бұл кезеңдегі бағдарламаларда бейнелеу жолдарын үйрету,
қабылдау дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылмағанын байқауға
болады. Бұл бағдарламаларда шығармалар тізімі көрсетіледі, бірақ бұл
шығармаларды таныстыру берілген уақыт өте аз болды, оқушылардың
бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсініктерін қалыптастыруға, олардың
бейнелеу мүмкіндіктерін ойластыруға көңіл бөлінген жоқ. Бағдарламаның
«Өнер туралы әңгіме» бөлімінде бейнелеу өнері шығармаларын таныстыру
көрсетіледі.
1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
институты, В.И.Ленин атындағы Москва педагогика институты, Москваның
сырттан оқитын педагогика институтының ғылыми қызметкерлері бірлесіп
жасаған жаңа бағдарлама жарық көрді. Бұл бағдарлама бойынша «сурет» пәні
«бейнелеу өнері» пәні деп аталды. Бағдарламада нұсқаға қарап сурет салу және
бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарын өткізу міндеттері нақты
қарастырылды.
Еліміздегі ғылым мен техниканың қарқындап өсуі мектептегі білім мен
тәрбиенің мазмұнын қайта қарау қажеттігін туғызды. Осыған байланысты
КССРО Ағарту министрлігі, КССРО Ғылым Академиясының Көркемдік білім
берудің ғылыми зерттеу институты мен шығармашылық одақтарға эстетикалық
циклдағы пәндердің білім мазмұнын анықтау және эстетикалық тәрбие берудің
ортақ жүйесін жасау жөнінде тапсырма берілді. Бағдарлама мазмұнын
жетілдіруге арналған эксперимент жұмыстары 1972-1980 жылдар аралығында
Кеңес Одағының мектептерінде өткізілді. Бұл бағдарламаның мазмұнында оқу
материалдарын, әр түрлі сыныптың мүмкіндіктеріне қарай дұрыс бөлу
принципі негіз болды. Оқу мазмұны негізгі мынадай міндеттердің негізінде
құрылды:
Бірінші- жазықтың бетіне бейнелеудің жалпы мәселелері (нұсқадан сурет
салу, елестету мен еске түсіру арқылы бейнелеу және аппликация);
Екінші- жапсыру мен мүсін;Ү шінші- сәндік қолданбалы өнер (жазықтық
бетінде немесе көлемді бейнелеу); Төртінші- қоршаған орта әсемдігі мен
өнер шығармаларын қабылдауға үйрету мақсаттары қойылды.
Бұл бүкілодақтық эксперимент қорытындысы бойынша одақтас
республикалар ағарту министрлігінің 1981 жылғы қаңтардағы коллегиясында
бекітіліп, барлық мектептерге таратылды. Осыдан кейін 1984жылы республика
мектептерінің ерекшеліктері ескерілген Е.П.Митрофанова мен М.Кенбаевтың
жасаған жаңа бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарламада оқушыларға
Қазақстан суретшілерінің шығармаларын таныстыру ісі қарастырылды. Мұнан
соң Ә.Камаковтың жасаған бағдарламасында Қазақстанда бұрын шыққан
бағдарламадан айырмашылығы жапсыру мен мүсін, қоршаған орта
нысандарының әсемдігін қабылдау сабақтарының міндетті түрде қосылуы,
сәндік сурет салу жұмыстарының құрамына заттарды конструкциялау мен 35
моделдеу істерінің қосылуы болды. Сонымен қатар, бағдарламаға оқыту
мәселелері болып табылатын балалардың түстерді тануы, табиғат нысандарын
танып білу, өндіріс шығарған бұйымдарды көркемдік талдау сияқты жұмыс
түрлері енгізілді. Бұл атқарылған істер белгілі дәрежеде Қазақстандағы
көркемдік білім берудің сапасын арттыруға ықпал етті. Қазақстандағы
көркемдік білім беру ісінің дамуына білім беру министрлігіне қарасты
республикалық оқу методикалық кабинеті мектептің бейнелеу өнері
мұғалімдеріне үнемі көмек көрсетіп келеді. Осы кезге дейін бұл әдістемелік
кабинет көптеген көмекші құралдар, бағдарламаға арнап нұсқаулар шығарды.
Соңғы кезде республика облыстарындағы суретші педогогтардың
мамандық сапасы арта түседі. Олардың ішінде С.Ысқақов (Алматы),
А.П.Белова (Талдықорған), Ш.А.Абдуллаева (Алматы), А.О.Марова, Л.Жүзеева
(Шымкент) сияқты мұғалімдердің тәжірбиелерін атау орынды. Бұлар ұлттық
өнер туындыларын оқушыларға таныстыру, терминдерді орынды пайдалану,
кеңістік көріністері туралы түсініктерді қалыптастыру мәселелерін орынды
шешіп, мұғалімдерге өз іс тәжірбиелерін зерттеуде облыс көлемінде де
көптеген маман – педагогтар игі істердің басында жүрді ,облыстық халыққа
білім беру бөлімдері мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында курстар
ұйымдастырып, озық тәжірбиелерді жинақтап, оларды білім беру салаларына
таратып отырды.
Соңғы кезде республикада арнаулы көркем- сурет мектептерінің,
мектептер мен мектептен тыс мекемелердің материалдық базасын жақсартуға
көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде 30-ға жуық арнаулы көркемсурет мектебі, 15 төрт
кластық көркем сурет мектебі, 1 республикалық көркемсурет мектеп-
интернаты, 3 көркемсурет колледжі, 11 көркемсурет- графика және өнер
факультеті, 1 көркемсурет академиясы жұмыс істейді. Кейінгі жылдары бұл
көркемдік білім беру жүйесіндегі оқу мен тәрбие беру ісіндегі республиканың
егемендік алуына байланысты ұлттық көркемдік тәрбие беру, халықтық
көркемдік дәстүрін қолдану бағытында игі істер атқарылуда. Дегенмен, бұл
салада әлі де болса кемшіліктер мен шешуін күткен мәселелер баршылық.
Қазақстандағы көркемдік білім беруді сөз еткен жалпы білім беретін
мектептердегі бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің оқу
бағдарламаларына тоқталмай кете алмаймыз. Бұл пәндердің бағдарламалары
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінен бастап 80 жылдарға дейін Ресейдің
мектептеріне арналған көркемдік білім беру пәндерінің бағдарламаларының
қазақ тіліндегі аудармасы түрінде болып, сабақ сол бағдарламалар шеңберінде
жүргізілді. Бейнелеу өнері сабағының бағдарламасында қазақ халқының көркем
мәдениеті, бейнелеу өнері, даңқты суретшілері, олардың әлемге танылған
туындылары, еліміздің дәстүрлі сәндік қолданбалы туралы мәліметтер болған
жоқ. Кеңес Одағы халықтарының мызғымас бірлігін сақтау саясаты үстемдік
етіп тұрған кезде ұлттық өнердің озық үлгілерін оқу материалдарына
айналдыруға қандай педагогтың болса да батылы барып, бұл іске кірісе алмады.
Сонымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары 70-ші жылдарға дейін
қазақтың көркемсурет өнері туралы қарапайым мәліметтердің өзін ала алған
жоқ. Олар тек қана Кеңес Одағы бейнелеу өнерінің кейбір озық 36
туындыларымен танысумен ғана шектелді. Бірақ осы кезде Ресейде В.С.Кузин,
Т.Я.Шпикаловалар, Украинада Н.Кериченко, Балтық жағалауында Н.Шепетис,
Азербайжанда С.Алиев, Өзбекстанда Р.Хасанов, Қырғызстанда Э.Муратовлар
ұлттық бейнелеу өнері мен халықтың сәндік қолданбалы өнерін көркемдік білім
беру мен эстетикалық тәрбие беру ісінде қолданудың мазмұнын, формаларын,
әдіс тәсілдерін іздестіру бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
мәселені шешу жолында біраз нәтижелерге жеткен болатын. Зерттеу
қорытындысы бойынша әдістемелік мақалалар, нұсқаулар, мұғалімге көмекші
құралдар шығарылып, В.С.Кузин, Т.Я.Шпикалова, С.Алиев, Р.Хасанов,
Э.Муратовалар ұлттық бейнелеу өнері саласынан кандидаттық дессертациялар
қорғағады, бірақ өкінішке орай бұл кезде де қазақ бейнелеу өнерінің білімдік,
тәрбиелік, мүмкіндігін ашу қолға алынбай қалды. Мұның басты себебі
Қазақстанда жастарға көркемдік білім беріп, әсемдікке тәрбилеу ісі мен
айналысатын суретші- педагог кадрларының басқа республикалармен
салыстырған да кеш дайындалуы болды.
Қазақстанда жас жеткіншектерге көркемдік білім беру саласындағы
ұлттық өнер дәстүрін үйрету, қазақ бейнелеу өнер шығармаларымен, өнер
шеберлерімен оқушыларды таныстыру, қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы
өнерінің білімдік, тәрбиелік мәнін зерттеп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
табуға деген бетбұрыс 70 жылдардың екінші жартысынан бастап байқала түсті.
Осы бағыттағы кейбір ізденістер нәтижелері бойынша Қазақстанның
педагогикалық институттарының оқытушылары Ж.Балкеновтің (КазПи),
Ә.Қалмақовтың (Жамбыл Пи), К.Әмірғазиннің (Семей Пи), Қ.Ералиннің
(Шымкент Пи) мақалалары «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп», «Білім
және еңбек», «Мәдениет және тұрмыс» журалдарында жарияланып ұлттық
бейнелеу өнері жүйесіндегі лайықты материалдарды оқу бағдарламаларына
кіргізу туралы батыл ойлар айтылды. Ұ лттық өнердің көркемдік білім беру мен
тәбие процесіндегі ролі, оны оқытудың тәсілдері жайлы педагогтар
Е.Асылхановтың, Ұ .Ибрагимовтың, Д.Садығалиевтің, Қ.Тастеміровтің,
С.Төленбаевтің әдістемелік зерттеу нәтижелері педагогтық басылымдарда
жарияланып, жасөспірімдерге көркемдік білім беру саласын дамытуға қомақты
үлес қосты.