
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
бірінші сыныпқа арналған оқулығы төрт тараудан тұрады. «Сурет салып
үйренейік» деп аталатын бірінші тарауында бейнелеу өнеріне қажетті құрал-
жабдықтармен оқушыларды таныстыру заттар мен бұйымдарды бейнелеуде
қажетті жарық пен көлеңкенің мәнін түсіндіру, қарындашты ұстау үлгілері,
сызық түрлері, заттардың әр түрлі пішіндері, бояу түстері, композиция
элементтері, өрнектермен таныстыру, өрнек түрлері, бейнелеу өнерінің түрлері
мәселелерін қарастырады. Екінші тарауда табиғат құбылыстары ертегі
бойынша сурет салу, натюрморт салу, өрнек құрастыру, құстарды мүсіндеу,
қағаздан әр түрлі бұйымдарды құрастыру, жаңа жыл ойыншықтарын бейнелеу
көзделеді. Ү шінші тарау «Байқайық, талдайық, бейнелейік» деп аталады. Онда
қыс туралы сурет салу, халық өнерімен танысу, үй жануарларын мүсіндеу, адам
келбетін салу жолдарымен танысу, ертегі бойынша сурет салу, натюрморт
суретін салу жолдарымен танысу қарастырылады. Төртінші тарауда «Сезейік,
білейік, бейнелейік» деп аталады. Бұл тарауда оқушылар көктем көріністері,
ғарыш, сәулет өнері туралы түсініктер алып, табиғат аясында сурет салумен
танысады. Жалпы алғанда бірінші сыныпқа арналған «Бейнелеу өнері»
оқулығы бейнелеу өнеріне кіріспе міндетін атқарып, өнердің ерекшеліктерін,
айқындауға көмектеседі. 28
Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Бейнелеу өнерінің» 1998
жылы жарық көрген оқулығы (авторлары Ұ .Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаев,
Б.А.Әлмұханбетов, З.Ш.Айдарова); кіріспеден, төрт тараудан тұрады.Бірінші
тарауда жазғы табиғатты бейнелеу, мультфильм суретшісі болайық, мүсіндеу,
ертегі кейіпкерлерін бейнелеу, дизайн материалдары берілген.
Екінші тарауда күзгі табиғи көріністерін бейнелеу, кітап суретін салу,
акварель бояуымен танысу, көркем жазу,халық шеберлері бұйымдарымен
танысу, жаңа жыл тақырыптары бойынша оқу материалдары берілген.
Ү шінші тарауда қыс көрінісі, жануарлар өрнегі, жабыстыру, натюроморт,
гризайл, монотипия, қыс және суретші, қағаздан силық құрастыру, қоңызды,
көбелекті салу, қағаздан маска құрстыру, наурыз тойы тақырыптары бойынша
оқу материалдары беріліп, соған қатысты суреттер салу әдістері мен тәсілдері
көрсетілген. Төртінші тарауда көктемді қарсы алу, көктем гүлдерін бейнелеу,
аспан әлеміне саяхат, біз бейбітшілікті қалаймыз, икебана өнерімен танысу,
мүсін, рельеф салуға үйрену, әрқашан күн сөнбесін тақырыбына сурет салу
көрме ұйымдастыру тақырыптары беріліп, балалардың бейнелеу ептейліктері
мен дағдыралын онан ары дамыту көзделген.
2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
арналған бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мен бейнелеу өнерінің жұмыс
дәптерлері шығарыла бастады. Аталған оқулықтар, оқыту әдістемесі, жұмыс
дәптерлері, оқушылар мен мұғалімдерге арналған танымдық, әдістемелік көмек
болды. Бұл эәістемелік құралдар Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесінің дамуында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беруде
жетекші орын алды.
ХХІ ғңасырдың соңғы 80-90 жылдары бірқатар авторлардың оқу-
әдістемелік құралдары жарық көре бастады. Бұлардың ішінде Ж.Балкеновтың,
Б.Әлмұхамедовтың, Б.Төлебидің, Т.Мұсалимовтың, К.Ералиннің бейнелеу
өнерін оқытуға байланысты, Қ.Әмірғазиннің
,Д.Кемешовтың,С.Бейсенбаевтың,Ж.Бейсенбековтың, М.Тәңірбергеновтың
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға арналған еңбектері көркемдік білім
мен әсемдік тәрбиесін беруге мұғалімге жәрдемдесетін еңбектер болды.
Ж.Балкенов пен Ж.Әлұхамбетовтың «Сурет сала біл» атты еңбегі
Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша жазылған алғашқы
еңбектердің бірі болды. Еңбекте сурет пен кескіндеме өнеріне оқушыларды
үйретудің негіздері көрсетіледі. Орналастыру, заттың құрылымын салу, жарық
пен көлеңкенің мүмкіндіктері арқылы заттың формасын шығару әдістері
берілген.
Б.Төлебидің «Сурет сала білесің бе?» деп аталатын еңбегінде
студенттерге сурет пен кескіндеме негіздерін, перспектива мен жарық пен
көлеңке мүмкіндіктері арқылы бейнелеуге үйретудің жолдары қарастырылады,
заттардың мен адамдардың, табиғаттың суреттерін салу жолдарын анықтайды.
Т.Мусалимовтың «Сурет сала білу» атты еңбегі мектеп оқушыларына
бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары ашып көрсетіледі. Жарық пен көлеңке,
перспектива, үлестіру, симметрия, ритм, түстану заңдылықтары туралы мәлімет 29
беріледі. Жазықтық бетіне нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу
ерекшеліктеріне назар аударады.
К.Ералин мен Қ.Тастемировтың «Оқушылардың кеңістік түсініктерін
қалыптастыру» атты оқу-әдістемелік құралында, кеңістіктің түрлері,
перспектива заңдылықтары, кеңістікті бейнелеу ерекшеліктері,оқушылардың
кеңістікке байланысты түсініктерін қалыптыстырудың жолдары айқындалады.
Қ.Әміргазиннің «Қазақ қолөнері» атты оқу-әдістемелік құралында
оқушыларға қазақ қолөнерінің түрлері, ерекшеліктері, технологиялары, қолөнер
шеберлері, ою-өрнектері жайлы, ою-өрнектерді салу мен қолөнер бұйымдарын
жасау туралы кең көлемде мәлімет беретін еңбек. Еңбекте қазақ қолөнерін оқу
мен тәрбие істерінде пайдалануға мүмкіндік беретін әдіс тәсілдер молынан
кездеседі. Сонымен қатар мұнда сыныптан тыс оқу-тәрбиелік іс-шаралар
ұйымдастыруға қажетті материалдарды табуға болатын еңбек.
Қ.Ералиннің «Қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық
тәрбие беру» атты еңбегінде қазақ бейнелеу өнерінің даңықты шеберлері
шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында оқушылардың
эстетикалық талғамдарын, эстетикалық қызығушылықтарын қалыптастырудың
әдіс тәсілдері көрсетіледі.
Д.Кемешовтың «Керамика» атты оқу-әдістемелік құралы мектеп
оқушыларына сыныптан тыс уақытта «қыш өңдеу үйірмесін ұйымдастырудың
мазмұнын, ерекшеліктерін, әдіс-тәселдерін айқындауға арналған. Кітапта
қыштың түрлері, құрамы, өңдеу технологиясы, үйірме жұмысы бағдарламасы
мен оқыту әдістемесі берілген.
Осы кезде жарық көрген С.Төленбаевтың «Ою өрнек салып үйрен» атты
әдістемелік құралында балаларға ою-өрнектердің түрлерін таныстыру
көзделеді, қағаздан ою өрнектердің үлгілері жасау жолдары көрсетілді.
Ою-өрнектердің танымдық-тәрбиелік мәнін мектеп оқушыларына
таныстыруда Ұ .Әбдіғапбарованың «Ою-өрнектердің тәрбиелік мүмкіндіктері»
атты оқу-әдістемелік құралы маңызды орын алады. Еңбекте ою-өрнектердің
шығу тарихына, түрлеріне, қолданысына қарай классификация жасалып, ою-
өрнектерді сабақта және тәрбие жұмыстарында қолданудың әдістемесі
берілген. Ою-өрнектердің атауларының түсіндірме сөздігі ұсынылған.
Қ.Ералин мен Ж.Халмуратовтың осы кезде баспадан шыққан «Қазақстан
бейнелеу өнері шеберлері» атты оқу-әдістемелік құралында мектеп
оқушыларын Қазастанның көрнекті суретшілері Ә.Қастеев, Қ.Телжанов,
С.Мәмбаев, М.Кенбаев, Е.Сидоркин, Н.Нурмухамбетов, А.Ғалымбаева,
Г.Исмайлова, С.Романов және Х.Наурызбаевтардың өмірі және
шығармашылықтарымен таныстыруға арналған.Еңбекте қазақ бейнелеу өнері
шеберлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мол мәліметтер берілген.
Сабақта оқушыларды суретші шығармашылығымен таныстырудың әдіс-
тәсілдері ашып көрсетілген.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі саласындағы алғашқы еңбектердің
бірі–Ж.Барымбетовтың «Ою-өрнек салуға үйрен» деп аталатын әдістемелік
құралы болып табылады. Еңбекте ою-өрнектің геометриялық, зооморфтық, 30
өсімдік пен аспан әлемі тектес түрлеріне талдау жасап, жаңа ою-өрнек
композицияларын ойлап шығарудың үлгілері берілген.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы бейнелеу
өнерінің терминдерінің мәселелерімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыда
Е.Каменованың «Кемпірқосақтың түсі қандай» атты кітабының қазақ тіліне
аударылуы (аударған Ә.Кекілбаев) бейнелеу өнерін оқыту әдістемісінің
дамуына игі ықпалын тигізді. Көптеген терминдерге жаңа аудармалық атау
берілді, сөйтіп олар оқу үрдісіндегі қолданысқа түсті.
Бейнелеу өнері пәнінің сәндік сурет салу сабақтарында қолдануға лайық
«Сәндік қолданбалы өнер терминдерінің түсіндірме сөздігінде» берілді. Бұл
мектептің бейнелеу өнері мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің практикалық
іс-әрекетінде қолдануға лайықты әдістемелік құрал болды.
ХХ ғасырдың 90 жылдарын Қазақстан жоғары оқу орындарының жаңа
оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қайта құралып, жаңадан жасалды.
Бейнелеу өнерің мұғалімдерін дайындау жоспары қайта қаралып жаңа арнаулы
курстардың бағдарламалары дайындалды. Бұл оқу жоспарлары мен
бағдарламаларды дайындауда Абай атындағы Қазақ Ұ лттық Педагогикалық
университеті суретші-педагогтары Б.Оспанов, Қ.Болатбаев, Р.Мизабаев,
Н.Власюк, Т.Ордабеков, Б.Байжігітовтер ерекше үлес қосты.
Бұл дайындалған оқу жоспарлары мен бағдарламалары бейнелеу өнері
мұғалімдерін дайындау сапасын арттырып, жаңа оқыту техънологиясымен
дайындалған мұғалімдер, мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің
деңгейін көтерді. Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде
ұлттық өнердің танымдық тәрбиелік мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлді.
Осы кезеңде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мәселелерін ғылыми
теориялық тұрғыда шешуге деген жаңа талпыныс пайда болды. Суретші-
педагогтар Қ.Болатбаев бейнелеу өнері сабақтарында халықтық педагогика
элементтерін пайдалану әдістемесі, Қ.Тастемиров мектепте кескіндемені оқыту
әдістемесі, Д.Кемешов мектепте керамика үйірмесін оқыту әдістемесі,
М.Жақыпбекова мектепте коллаж үйірмесін оқыту үйірмесін оқыту әдістемесі
мәселелерін зерттеу нәтижелері мектептегі бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесінің дамуына игі ықпал етті.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің Қазақстанда даму барысында
мерзімді баспасөз маңызды роль атқарды. Республикалық педагогикалық
әдістемелік басылымдар «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп»
журналдарында бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің түрлі мәселелері
бойынша мақалалар жарияланып тұрды.
2004 жылдан бастап бейнелеу өнерін оқыту мәселелеріне байланысты
мақалаларды шығаратын «Мектепте арнаулы және жоғары оқу орнында
бейнелеу өнерін оқыту» атты арнайы мерзімдік басылым жарық көрді. Бұл
басылымдағы мақалаларда мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың мәселелеріне
журналда қомақты орын берілді. Бұл мерзімдік басылым мектептегі бейнелеу
өнерін оқыту әдістемесінің дамуындағы ерекше бетбұрыс болды. 31
1.5 Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің
қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы көркемдік білім берудің дамуы мен қалыптасуын сөз
еткенде, біздің өткен тарихымызға көз салмай кете алмаймыз. Өнер халықпен
бірге жасап, бірге өмір сүреді. Өнердің дамуы, халықтың тарихымен, қоғамдағы
өзгерістерімен тығыз байланысты. Біз қандай халықтың тарихына үңілсек те,
сол халықтың өнерге баланы ерте жастан баулуға мән беретіндігін көруге
болады. Сол сияқты қазақ халқы да ерте кезден өз ұрпағын өнерге баулып,
баланың көркемдік тәрбиесіне дер кезде назар аударып отырған.
Қазақтың көркемдік білім беру саласында жас ұрпақтарды көркем сурет
өнеріне баулуда халық шеберлерінің еңбегі орасан зор. Олар өзінің меңгерген
шеберлігін, ұрпақтарына үйретіп, мұра ретінде қалдырып отырған. Академик
Ә.Марғұланның зерттеуіне қарағанда ХҮ ІІ ғасырда өмір сүрген халық шебері
Бұлан Баянауыл өңіріндегі қолөнердің бір топ шеберлерін тәрбиелеген.
Олардың ішінде Құлбас, Ыбырай және Әбдірахман сияқты дарынды
шәкірттерінің даңқы кең көлемде белгілі болған. Құлбастың көркемдік-
ағартушылық дәстүрін жалғастырушы ХІХ ғасырдың ағаш шебері Құлмағанбет
Байбақұлы (1/27-1889) болған. Қ.Байбақұлы ер шауып, сәукеле жасаған.
Баянауыл, Қарқаралы, Ертіс жағасындағы Манай және Қадыр Байжанов сияқты
ағаш ою шебері, зергер Әбдікәрім Есалинге өзінің өнерін үйреткен.
Әбдікәрімнің көркемдік дәстүрін Ақбөпе, Жүсіп, Ұ лтарақ, Таутан, Әзмаханбет
сияқты халық шеберлері жалғастырған.
Халық шеберлері арнайы мектеп ашып сабақ өткізбесе де олар өз
шәкірттеріне жеке тәлім-тәрбие беру арқылы, көркемдік білім беру ісі атадан-
балаға, ұстаздан шәкіртке өту дәстүрі жүйелі сақталған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қарқаралы
даласында Қаржаспаев Құлбек деген шебер ағаш ою өнерін жете меңгерген. Ол
өз өнерін Битібаев Толғанбайға, Қарынбаев Захаринге, Қожағұлов Қалиға
үйреткен. Құлбектің замандасы Ханасов Асқар, Құлмаханов Құйқалықтардың
шәкірттері Жұман, Орманбайлар сәндік өнер бұйымдарын жасайтын Ақмола
өңіріне танымал шеберлер атанған. Бұлармен қатар Сарысу өзені бойында
Атакен, Ахмет шеберлердің Дайыр Салықов атты шәкірті, Торғай жеріндегі
Құлмұрат, Есжан, Бимағанбет деген ұсталарда соның шәкірті болған. Осы
өңірде Көгентаев Садуақас деген шебер өмір сүрген. Бұл зергердің бабасы
Қойбас, одан Көгентай туып, шеберлер ұрпағының өнерін жалғастырған.
Батыс Қазақстанда Мұқаш және Елемес деген шеберлер зергерлік іспен
айналысқан. Бұлардың көркемдік дәстүрін шәкірттері мен туыстары Назархан,
Шаншар, Тауасарлар мұра тұтқан. Арал теңізі мен Сырдария бойында білезік,
сырға, алқа, шашбау соғатын Қарамырза шебер өмір сүрген. Жаңақорғанда
Алданазар шебердің шеберханасы болған, оның ісін ұлы Әлімбет
жалғастырған. Сырдария өңірінен шыққан Жолтай шебер өз шеберханасын,
сырға, білезік соғатын құралдарын баласы Налжігіт Берсүгіровке қалдырған.
Қызылорда маңынан шыққан ұста Қабыл Аманжолов (1897ж.т.), шиелілік
шеберлер Исак (ХІХ ғ.) және Жүсіп Тонабаев (1904-1969ж.ж.) атақты
Қарамырза ұстаның шәкірттері болған екен. 32
Жетісу өңірінде ер-тұрман, белдік және теріден тұсқа тұтатын безендіру
үлгілерін жасайтын Шоқпар атты шебер- өнерін баласы Дәркенбай Шоқпаровқа
үйретіп кеткен. Ал қазір республикада Дәркенбай шәкірттері ондап саналады.
Сонымен қазақтың сәндік қолданбалы өнері саласындағы көркемдік
білім, қазан төңкерісіне дейін атадан-балаға үйретілетін өзіндік көркемдік
дәстүрі бар халықтық мектеп болған. Бұл халықтық дәстүрдегі мектеп қазірге
дейін жалғасып келеді. Қазіргі кезде қандай ауыл, қала болмасын халық
шеберлері көптеп саналады. Олардың жұмысының бір бөлігі ұрпақты халықтың
көркемдік дәстүріне үйрету болып табылады. Халықтың ежелгі өнеріндегі
дәстүрі қазіргі кезде де өнер шеберлерімен жалғасу үстінде.
Республикаға белгілі ою-өрнек шебері ғани Иляевтің балалары Сұлтан
мен Марал ата дәстүрін жалғастырып қазірде сурат өнерімен айналысады. С.
Иляев Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақ ою өрнек өнерін зерттеп,
оны жаңа мазмұнда жандандырып, ою өрнектерді мыңдаған үлгілерін келер
ұрпаққа мұра етіп қалдырған даңықты өнер шебері болған.
Сондай-ақ, Отырарлық кілемші Бибайша Романованың шәкірттері
Н.Исмайылова, Р.Жамалова, Н.Төлепбаева, К.Каленова, Д.Тынысбековалар
ұстаз жолын қуып, түкті кілем тоқып, киіз бен текемет басып ел құрметіне
бөленген жандар.
Ою-өрнек шебері, суретші- педагог Сапар Төленбаев, өзбекстандық
академик, суретші Орал Таңсықбаевты ұстаз санайды. Ол өз әңгімесінде:-«Орал
аға мені ою-өрнектермен айналысуыма жол көрсетті, одан мен өнер туралы
ақыл-кеңестер алып отырдым, сондықтан, мен ол кісіні ұстаз санаймын»- деп
отырады.
Баланың көркемдік тәрбиесі тек жеке ұстаздардың шешетін мәселесі
емес, ол қоғамдық жүйе негізінде қаралатын күрделі іс болып табылады. Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдары Қазақстан халық ағарту комиссариаты көптеген
іс-шаралар жасады. Сауатсыздықты жоюдың науқаны кезінде халықтың өнері
арқылы әсемдік тәрбиесін жүргізуге жол ашылды. Еңбекші халық үшін көруге
бұрынғы кезде мүмкіндігі бола бермейтін өнер туындыларын білуге жағдай
жасалды. Республикада өнерге байланысты мәселелермен айналысатын
әлеуметтік тәрбиенің бас басқармасында (Главсоцвос) көркемдік тәрбие бөлімі
ашылды. Ол көркемдік тәрбиенің түрлі мәселелерімен айналыса бастады. Бұл
бөлім өз жұмысын ауылдарда, уездерде, облыстарда жүргізді. Әлеуметтік
тәрбиенің бас басқармасында (ӘТББ) қатысты көркемдік бюро (КБ) негізінен
өнердің әр түрінен сабақтар өткізу үшін мектептер мен бала бақшаларға
материалдар дайындаумен, оны таратумен айналысты. Көркемдік тәрбие
жұмысына арнап педагогтардың білімін көтерумен шұғылданды. Балаладың
көрмелерге қатысуына, өнерді тануына көмекші құралдар дайындады.
ӘТББ-ның көркемдік бюросының өнер секциясында еңбек мектептерінің
оқу бағдарламасына көркемдік тәрбие беретін сурет пәнін қосуды ұсынды.
Сурет мұғалімдерін дайындайтын Орал қаласында 1921 жылы 76 адамға
арналған мемлекеттік көркемсурет шеберханасын ұйымдастырды, онда
бейнелеу өнері материалдары мен заттарын шығаратын зауыт-шеберхана
болған. 33
1917-1918 жылдары Қазақстан мектептерінде оқу- көне оқулықтармен,
оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен жүргізілді. 1918 жылы 16
желтоқсанда халыққа білім беру комиссариаты Сырдария мен Жетісу
облыстарында бір ғана оқу жоспарын қолдану жөнінде нұсқау берді. Бұл
нұсқауда оқу жоспарына сурет пәні де енгізілді. Аталған облыс мектептерінде
1919-1920 оқу жылында сурет аптасына 1 класта 3 сағат, ІІ-ІІІ кластарда 1
сағаттан өткізілді. 1925-1926 оқу жылында сурет пәні Ү -Ү ІІ кластарда аптасына
екі сағат өткізіліп, І-ІҮ кластарда жалпы жоспарланған жоқ. Сурет пәні үшін
1928 жылы І-ІІ кластарға жылына 30 сағат, ІІІ-ІҮ кластарға 40 сағаттан уақыт
беріле бастады. 1937-38 оқу жылынан бастап сурет сабағына І-ІІ кластарға 1
сағат беріліп, ІІІ-ІҮ кластарға сағат жоспарланған жоқ. Ал Ү -Ү І кластарға 1
сағаттан бөлінеді. Мұнан соң 1958-59 оқу жылынан бастап сурет сабағы І-Ү І
кластарда өткізіліп аптасына 1 сағаттан берілді.
Ал пәннің оқыту мақсаты мен міндетінің өзгеруіне байланысты 1969
жылдан бастап сурет пәні «бейнелеу өнері» болып аталады. Бұл кезеңде сурет
пәні басқа пәндермен қатар оқытылса да, ол жөнінде нұсқаулар мен көмекші
құралдар шығарылып жатса да оқыту әдістері мен тәсілдері әлі жеткіліксіз
дәрежеде болды. Кеңес дәуірінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың барысында
қазақ мәдениеті жеткілікті дәрежеде орын ала алған жоқ.Кеңес Одағының
алғашқы жылдарында көркемөнер кадрларының алғашқы буыны шыға бастады.
Оларды дайындауға Ресейден келген мамандар белгілі дәрежеде ықпал етті.