
- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
Қуандық ЕРАЛИН, Омер Займоғлұы, Ғазиза Ералина
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқу әдістемелік құрал
«Түркістан Тұран»
20112
ББК 74. 200 . 25.
Е 78
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Оқу әдістемелік кеңесінің (№8 29 cәуір 2010
жылғы) мәжілісінде бекітіліп баспаға ұсынылған.
Пікір жазғандар:
С.А.Аманжолов профессор, педагогика ғылымдарының докторы
Д.А.Кемешов профессор, педагогика ғылымдарының докторы
Ералин Қ., Займоғлұы Ө., Ералина Ғ., Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.
Оқу әдістемелік құрал.Түркістан.Тұран 2011.-231бет
Оқу құралында бейнелеу онерін оқытудың тарихы, қазақ еліндегі
көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің кезеңдері, бейнелеу өнерін
оқытудың дидактикалық мәселелері қарастырылған. Бейнелеу өнері
сабақтарында оқушыларға бейнелеу өнерін құрайтын терминдерді, ұғымдарды,
заңдылықтарды оқытудың бейнелеу іскерліктері мен дағдыларын менгертудің
мазмұны, формалары мен әдіс тәсілдері берілген. Сабақта және сабақтан тыс
кезеңде бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдары
анықталған.
ISBN 9965-435-96-0
©Ералин Қ., 2011 ж.
©Займоғлұы Ө., 2011 ж.
©Ералина Ғ., 2011 ж.
.
Кіріспе
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі деп аталатын бұл еңбек бейнелеу өнері
пәнін оқыту мәселелерін ғылыми зерттеудің және осы курсты мектептерде
оқытудың көп жылғы тәрбиесін қорытудың негізінде жинақталған.
Мұнда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, курстың
тәрбиелік маңызы мен міндеттері, мазмұны, бейнелеудің білімдері мен
бейнелеу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастылады.
Егеменді еліміздегі мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын
оқыту, оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастардың өз
отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Өйткені бейнелеу өнері курсы
бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, симметрия,
өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп ғана қоймайды,
сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға терең және
жан-жақты таныстыруды міндет етеді.
Бейнелеу өнерін мектепте оқыту оқушылардың көркем мәдениетке деген
оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін
тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Оқушылар бейнелеу өнері арқылы табиғат
пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен
жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.
Кітап төрт тараудан түрады. Бірінші тарауда бейнелеу өнерін оқыту
тарихы, екінші тарауда оның мазмүны мен құрылымы және білімділік
тәрбиелік маңызы мен міндеттері баяндалады. Ү шінші тарау бейнелеу өнері
сабақтарына арналады. Мұнда бейнелеу өнері сабақтарына қойылатын
талаптар, оның түрлері, типтері және мұғалімнің бүкіл курсқа, жеке сабақтарға
даярлану мәселелері сөз болады. Төртінші тарау сыныптан тыс тәрбиелік іс-
шараларын өткізудің білімдері, дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру
мәселесіне арналады.
Еңбекті жазуда педагогика ғылымының, әсіресе дидактиканың соңғы
жетістіктері ескерілген. Сондықтан да сабақтардың, оқыту әдіс-тәсілдерінің ең
тиімді түрлерін көрсетуге көңіл бөлінген.
Кітапта негізінен бейнелеу өнері пәнін орта мектепте оқыту әдістемесі
баяндалады. Бірақ мүнда келтірілген бір қатар әдіс-тәсілдерді 1-4 сыныптарға
да қолдануға болады. Осыны ескеріп, бірқатар әдістерді бастауыш сыныптарға
қолдану туралы да мысалдар келтірілді.
Бұл кітап негізінен мектепте бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін
мұғалімдерге арналған. Сонымен қатар ол жоғарғы оқу орындарының,
бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі және керкемсурет
факультеттернің студенттеріне, жалпы бейнелеу өнерін оқыту мәселелерімен
шұғылданатын оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға,
аспиранттарға және т.б. пайдалы болмақ.
Оқу құралы мектептерде бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі
мәселелерін қамтиды. Мұғалімдермен әдіскерлердің ұзақ жылғы бай
тәжірибесіне сүйеніп көркемдік білім мазмұнын игерудің дәстүрлі әдіс-4
тәсілдері мен қазіргі заманғы оқыту технологиясы тұтас бірлікте
қарастырылады.
Көркемдік білім беру мазмұнының заман талабына сай күрделі
өзгерістерге түсуі оны оқытудың әдіс-тәсілдерін де жаңартуды қажет етеді. Осы
мақсатқа сәйкес оқу құралының бөлімдерін, тақырыптарын жаңа мазмұнмен
байытуда педагогика мен психология ғылымдарындағы концептуалдық жаңа
бағыттар, идеялар басшылыққа алынды. Бұл жағдай оқу құралына теориялық
сипат береді.
Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған бейнелеу өнерін оқытудың
әдістемесі пәні бойынша қазақ тіліндегі окулық осы кезге дейін жасала қойған
жоқ. Оқу процесінде пәнді жетік игері үшін дайындалған осы оқулық аталған
оқу әдістемелік кешеннің алғашқы теориялық бөлігі ғана. Автор осы оқу
қүралы жоғарғы оқу орындарында білікті суретші педагогтарды дайындауға
көмек көрсетеді деп үміт артады.5
-ТАРАУ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХЫ
1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол
адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған.
Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен
жетістіктерге жеткендігін куәландырады.
Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит
дәуіріндегі еңбектің жер өңдеу мен қол еңбегі – өндірістік сипаты адамның
өнерге деген қатынас сипатын өзгертті. Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол
еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу өнерінде
көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола бастады.
Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай алмады. Ол
үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны жалғастырғаны, көмекшілікке
жарағаны болды. Ұ стаз шәкіртіне қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын,
өрнектермен безендіруді бірнеше рет қайталап көрсетуіне тура келді.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-тәсілдері шыға
бастады. Бірақ, бұл кезде қалыптасқан оқыту принциптері болған жоқ. Нағыз
өнерге оқыту, мектептерді ұйымдастыру тек қана цивилизация дәуірінде пайда
болды.
Сурет салудың әдіс-тәсілдері туралы сөз сөз болғанда, жоғары дамыған
Ежелгі Еипет мәдениетін қарастыру орынды. Тарихи мәліметтерге қарағанда
Ежелге Египетте мектепте суретті сызумен бірге оқытқан. Мектепті бітірген
жасөспірім дала алаңын сызып өлшеуге, үй ішінің планын салып, каналдың
сызбасы мен суретін бейнелеуге тиіс болған. Мұнан сурет салудың жалпы білім
беретін мектептерде пән ретінде оқытылу үлгісін Ежелгі Египеттіктерден
көруімізге болады.
Балаларды сурет сауаттылығына оқыту барысында олар әр түрлі заттарды
иероглиф жазуы сипатында бейнелеуге аса көп мән берген. Олардың оқыту мен
тәрбие жүйесі қатаң тәртіпке негізделді. Қабылданған ережеден сәл ғана
ауытқуына байланысты оқушыға шара қолданып, оған жаза қолдануға дейін
барған.
Ежелгі Египетте сурет салуға оқыту қоршаған ортаны танып білуге емес,
схемалар мен белгілі канондарды көшіруге құрылды. Суретті оқыту барысында
суретші педагогтар оқушыны табиғатты оқып үйрену мен бақылауға үйретуге
емес, заттар формасын бейнелеудің белгілі шаблондық ережелерін жаттап алуға
негізделді.
Ежелгі Грек суретшілері шәкірттерін өмір шындығын оқып үйренуге,
ондағы әсемдікті таба білуге үйретті. Өмірдегі ең сұлу құбылыс–адам деп
таныды. Олар өмір қатал заңдылықтарға бағынған, сұлулықтың мәні
симметрия, жеке бөліктердің, тұтас форманың гармониясына, дұрыс
математикалық қатынастарға біріктірілетіндігін көрсетті.
Біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырда Грецияда сурет салудың Сикион,
Эфесс және Фиван мектептері болған. Соның ішінде Сикион мектебінің даңқы 6
ерекше шықты. Бұл мектеп, оқушыларды табиғатқы жақындатуға, оның
заңдылықтарын ашып көрсетуге ұмтылып, табиғатты оқып-үйренуге деген
сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көңіл бөлді.
Сикион мектебін Панфил басқарды. Панфил сурет салуға, жалпы білім
беретін пән ретінде мән беріп, оны барлық Грек мектептеріне кіргізуге көп күш
салды. Панфилді суреттің оқыту курсы 12 жылға созылды. Гректің суретіші-
педагогтары өз оқушыларын табиғатты бірізділікпен оқып үйренуге, сұлулықты
бақылауға, сұлулықтың мәнін түсінуге шақырды. Грек суретші педагогтары
бірінші рет нұсқаға қарап, сурет салуға негізделген, сурет салуға оқыту әдісінің
негізін қалады. Грек суретші педагогтары суретті оқытудың тәрбиелік мәніне
көп көңіл аудару қажеттігін көрсетті.
Орта ғасыр дәуірінде реалистік өнердің жетістіктері теріске шығарылды.
Орта ғасыр суретшілері гректер жасаған бейнені жазықтың бетіне құрастыру
принципін білген жоқ. Шіркеулердің мракобестері гректердің ұлы
шеберлерінің теориялық еңбектері мен бейнелеу өнері шығармаларын талан-
таражға салып, құртып жіберді.
Орта ғасырдағы өнердің көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік сипатын
атап көрсететін көптеген кітаптар жазылған. Бұларды талдау, бейнелеу өнерінің
негізін, суретті меңгерудегі кемшіліктер болғандығын, сонымен бірге суретті
оқыту мәселесінің дамуының тоқтап қалғандығын көрсетеді. Бұл кезеңде
бейнелеу өнерінің теориялық талдаулары мен нақты оқыту әдістемесінің
болмағандығын айқындайды. Бұл істі қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бастап,
оны алға алып барды.
Қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің даму тарихы мен суретті оқыту
әдістемесі саласында жаңа дәуірді ашты. Бұл кез сурет салу оқу пәні ретінде
мектеп курсына ендірілмесе де, сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына
белігілі дәрежеде үлес қосты. Сурет салу мен оны оқыту мәселелерімен
бейнелеу өнерінің белгілі шеберлері Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да
Винчи, Дьюрер және басқалар айналысты.
Суретті оқыту саласында қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бағалы
пікірлер айтты. Олар суретті салуға үйретудің негізі – нұсқаға қарап сурет салу
екендігін көрсетті. Ченнини Ченнино мұғалімге әдістемелік басшылық
көрсетуге үлкен мән берді. Ол «Кескіндеме туралы трактат» еңбегінде «егер
сен кітапты күн-түн оқығаныңмен, практика алуға мұғалімге бармасаң,
шеберлер қатарына қосыла алмайсың» - деп көрсеткен.
Альберти оқыту әдістерін ғылыми негіздей отырып, сурет салу
механикалық жаттығу емес, ол ойдың жаттығуы екендігіне мән берген. Бұл
ойды кейіннен Микеланджело да дамыта отырып, «Суретті жай салмай, ой
арқылы салу керек» деген пікір айтқан. Альберти өзінің «Сәулет туралы 10
кітап» еңбегінде суретті оқытудағы өзіндік жүйені ұсынады. Ол ең алғаш
шәкірттерге нүкте мен түзу сызықтарды көрсетіп, онан соң әр түрлі
бұрыштармен, ең соңында көлемді заттармен таныстыруды қарастырады.
Бірізділікті сақтай отырып ол, оқушыларды сызықтық және ауа
перспективаларымен таныстыруды, көру сызықтарының қасиетін түсіндіруді
ұсынды. 7
Альберти мұғалімнің жеке көрсетуіне үлкен мән берді. Сонымен қатар,
оның көзқарасында уақыт жағдайына байланысты кейбір кемшіліктері де
болды. Ол Альбертидің нұсқаға қарап сурет салуға қарсы суретті жазықтық
бетіне механикалық проектілеу идеясы. Бұл әдіс бойынша нұсқа мен суретші
арасына мөлдір калька керілген жазықтық орнатылып, нұсқаны сол арқылы
көріп салу әдісі қолданылды. Басқа жағдайда мөлдір калька орнына тор
керілген жазықтық орнатылды. Бірақ бұл әдіс баланы перспективаны
бейнелеуге үйреткенімен, сурет салуды механикалық көшіріп салуға алып
келетіндіктен өз мәнін жойды.
Сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына бірден бір үлес қосқан, осы
кездегі еңбектің бірі Леонардо до Винчидің «Кескіндеме туралы еңбек»атты
кітабы болды. Бұл кітапта суретші сурет теориясын ғылыми негіздеуге көп
уақыт бөлген. Ол анатомиялық зерттеулерге мән беріп, адам фигурасының
пропорциялық қатынастарының заңдылықтарын табумен, бейнелеу өнерінің
басқа да проблемаларымен айналысты.
Қайта өрлеу дәуіріндегі немістің ұлы суретшісі Альбрехт Дюрер оқыту
әдістемесі саласы мен өнер мәселелері бойынша үлкен құндылығы бар
теориялық еңбектер қалдырды. Өнерді ол сезім мен көру ретінде түсінбеу
керек, өнерді түсінуде нақты ғылыми білімге сүйенудің қажеттігін көрсетті.
Ғылыми білім деп көрсетеді Дюрер жұмыста кездейсоқ үлгерім орнына, берік
және нақтылы үлгерімді қамтамасыз ететіндігін айтқан.
Суретті оқыту әдістемесі саласында Дюрер ұсынған форманы жалпылау
әдісі маңызды орын алады. Оның бұл әдісін кейіннен А.П.Чистяков,
Д.Н.Кардовскийлер жалғастырған. Нұсқадағы күрделі форманы майда
геометриялық жазықтықтарға бөлу жас суретші міндетін шешуге жәрдемдеседі.
Бұл әдіс тәжірибелі суретшіге де жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Дюрер
адамның басын бейнелеудің алғашқы сатысында оны бірнеше майда
жазықтықтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Сурет салушы үлкен
форманың бейнесін шығару үшін, мүсінші ағаштан бас формасын жасау үшін,
ағашты жазықтықтарға бөліп, бет бейнесіне ұқсатып шабуы сияқты етіп,
бейнелеуді ұсынды. Дюрердің адам басының көлемді – конструктивтік
құрылымын талдау үлгісі бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Ғылымның көмегімен Қайта өрлеу дәуірінің өнері бұрын соңды болмаған
биіктікке жетті. Олар бізге суретті оқыту әдістемесін дамытуда шексіз
көркемдік құндылық болып табылады.
Қайта өрлеу шеберлері суретші-педагогтарға да қажетті жоғары үлгілерді
қалдырды. Олар өнердің көкейкесті проблемаларын негіздеп қана қойған жоқ,
сонымен қатар оның қажеттігін практикада дәлелдеді.Қайта өрлеу суретшілері
болашақ ұрпаққа суреттің оқу пәні ретінде қалыптасуы мен дамуының дұрыс
жолын көрсетті.
Он жетінші ғасыр суретті оқыту әдістерінің даму тарихында жаңа
педагогикалық жүйенің–академиялық жүйенің қалыптасу кезеңі болып
табылады. Жаңа жүйе оқушылармен қатар, педагогтарға да нақты талаптар
қойды. Бұл кезең арнаулы оқу орындарының көркемсурет академиясының және
көркемсурет мектептерінің ашылуымен сипатталады.8
Академия сурет, кескіндеме, композицияларды оқыту саласында көп
істерді атқарды. Академия оқытушылары оқыту әдістерін жетілдіріп, оқу
материалдарын тез меңгеру мәселелерімен шұғылданды. Олар «Суретшінің
жетістігі–ғылыми таным мен үлкен еңбектің нәтижесі» деп көрсетіп оқыту мен
тәрбие ғылыми негіздерге сүйеніп құрылуы тиіс екендігін көрсетті.
Академиялық жүйенің оқыту жүйесінің ұтымдылығы, оқытудағы ғылыми
ағартушылықтың болуы мен жоғары идеяларға тәрбиелеуінің қатар жүргізілуі
арқылы ерекшеленді. Бірақ суретшілерді оқыту мен тәрбиелеудің академиялық
жүйесі қалыптаспай жатып-ақ оларды сынаушылар көбейді.
Көркемдік білім берудің нақтылы ұйымдастырылған жүйесі жалпы білім
беретін оқу орындарындағы сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына белгілі
ықпал етті.
Суреттің жалпы білім беретін пән ретінде ролін көрсеткен Чехтың ұлы
педагогы Ян Амос Коменский болды. Ян Амос Коменскийдің ойлары ішіндегі
бағалысы – оның оқыту әдістемесін болашақ суретші ұстазға оқып-үйрену
туралы идеясы болды. Ол сурет салуды мектепке міндетті түрде оқытылатын
пән ретінде қосуды талап етті.
Суреттің жалпы білім беретін пән ретінде қарау туралы нақтылы ой
айтқан француздың ойшылы Жан Жак Руссо болды. Ол өзінің «Эмиль» атты
еңбегінде «балаға табиғаттан артық ұстаз жоқ, заттардың өзінен артық
үйренетін үлгі жоқ деп көрсеткен. Ол нұсқаға қарап сурет салуға үлкен мән
берген. Руссо сурет сабағын табиғат арасында өткізу, оларға перспектива
құбылысын көрнекті түрде көруіне жағдай туғызатынын, оның заңдылықтарын
түсінуге мүмкіндік беретінін айтқан. Мұнымен қатар, ол табиғатты бақылау
оқушының көркемдік талғамын арттырып, табиғатты сүюге, оның сұлулығын
түсінуге тәрбиелейтіндігін білдірген.
Суретті оқыту әдістемесі туралы бағалы ойлар айтқан Иоганн Вольфганг
Гете болды. Гетенің өнер, сурет және оны оқыту әдістемесіне қатысты айтқан
ойлары жалпы білім беретін мектептер үшін демаңызды орын алады.
Кейде реалистік өнердің заңдары мен ережелерін оқытудың қажеті жоқ,
көркемдік білім беру мектептегі балалардың шығармашылығына кедергі
жасайды деп ойлайтындар болған. Бұл кері пікірге қарсы, кезінде Гете:
көркемдік білімі жоқ, балаларды табиғатқа итермелеудің қажеті жоқ, бұл оны
табиғаттан да өнерде де алшақтандырады деп жазған. Сонымен қатар ол
табиғатта түсті бақылау, суретшіге оны түсінуге мүмкіндік береді, затты дұрыс,
айқын бейнелеу үшін оны зерттеу керек, бұл әсіресе адамды бейнелеуде өте
қажет, деп көрсеткен. Гете «Сурет өнерін меңгеру үшін» тек қана білім, білім
және білім қажет деп ескерткен. Білімсіз ешқандай техника, ешқандай манера
суретшіге жәрдем бере алмайтындығын айтқан.
Гете суретке жалпы білім беретін пән ретінде мән берген. Оның ойынша
сурет салу әсіресе ақынға өте қажет, сурет дүниені терең де кең тануға оның
әсемдігін тануға мүмкіндік береді. Гете әрбір педагог сурет сала білуі тиіс, ол
сонда ғана өз пәнін жақсы ашып көрсете алады деп айтқан.
Коменскийдің, Локтың, Руссоның, Гетенің педагогикалық идеялары сурет
салуға оқытудың теориясы мен практикасын байыта түсті. Бүгін олардың 9
еңбектері өнер теориясын педагогика теориясымен қосуға, өнер принциптерін,
дидактика принциптерімен толықтырып, суретті оқыту әдістемесін, арнаулы
көркемсурет мектептеріндегі пәндерді оқыту әдістемелерін байыта түседі.
Бірақ суреттің ролі туралы қаншама беделді пікірлердің болғанымен ХҮ ІІ
ғасырда да, ХҮ ІІІ ғасырда да сурет мектептегі жалпы білім беретін пәндердің
қатарына қосылған жоқ. Ол тек қана ХІХ ғасырда барып мектеп сабақтарының
шеңберінен орын ала бастаған. Суретті жалпы білім беретін мектепке енгізудің
бастамашысы щвейцар педагогы Иоганн Генрих Пестолоций болды.
Пестолоцийдан соң сурет жалпы білім беретін мектептен берік орын алды.
Сондықтан да сурет мұғалімдері оны мектеп әдістемесінің әкесі деп атауы
кездейсоқтық емес.
Пестолоций алғашқы суретті тақтаға салуға кеңес берген, оқушы осыдан
бейнелеу дағдыларын меңгерген соң оған қағаз бен қалам беріп нұсқаға қарап
сурет салуға көшуді ұсынған. Сурет салу жазуға ұласуы тиіс, сурет салу
әріптерді сызуға жәрдемдесетінін, және оны меңгеру де жеңілдей түсетіндігін
айтқан. Ол жазуды жақсы меңгеру үшін, баланы екі-үш жыл бойы сурет салуға
үйретіп, онан соң жазуды бала тез меңгеретінін көрсеткен.
Пестолоцийдің еңбегі ең бірінші ғылымды мектептегі өнерді оқытумен
байланыстырып, суреттің салудың әрбір түрі үшін жеке әдістемелік
талдаулардың қажеттігі туралы мәселе көтеруінде болып табылады.
Пестолоций көру қабілетін дамыту үшін бір әдіс, форманы түсіндіру үшін
екінші әдіс, техниканы меңгеру үшін – үшінші әдіс, қажет деп ойлайды. Бұл
жұмысты оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды.
Пестолоцийдің идеясын кейінен жалғастырған оның шәкірті – Иосиф
Шмид болды. Ол «Пестолоцийдің идеясы бойынша сурет салу элементтері»
деген еңбегінде, сурет салуға оқытудағы жаттығулардың орнына аса көп мән
береді. Ол қолды дамыту мен оны сурет салуға дайындау, әсем форманы табуға
және оны жасауға арналған жаттығу, қиялды дамытуға арналған жаттығу,
заттарды геометриялық әдіспен салу жаттығуы, перспективаны үйретуге
арналған жаттығуларды ұсынады.
Оқушының бейнелеу жұмысын жеңілдету үшін, Иоган Шмид нұсқа
ретінде қосылатын заттың арғы жағына клеткаға бөлінген бір бет картон
қойған. Картон бетіндегі сызылған клеткалар нұсқадағы сызықтардың
бағыттырын айқындауға балаға жәрдемдесетіндігін айтқан. Оқушы берілген
моделдің суретін салу барысында осы құралдың көмегімен нұсқадағы
горизонталь, вертикаль және қиғаш сызықтардың сипаттарын оңай анықтаған.
Мектептегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына белгілі үлес қосқан
Берлиннің сурет мұғалімі Петр Шмид болды. П.Шмид геометриялық
моделдерді қолдануға көп көңіл бөлген. Ол «геометриялық әдіс» деп аталатын
әдістің негізін салды. Петр Шмидтің пікірінше сурет салу, тек қана қолдың
механикалық жаттығуы емес, ол ойдың гимнастикасы, байқампаздықты
арттыру, форманы сезуге дағдылану, қиялды арттыру болып табылады. П
Шмид суретке оқытудың өзіндік бірізділігін ұсынды: оның бағдары бойынша
ең бірінші – қарапайым формаларды – паралелипед, онан соң қисық сызықты
формаларды соңына қарай, бала гипстен жасалған басты және кеуде мүсіннің 10
суретін салуға үйретілуі тиіс болған. Бұл жатттығуларды орындауда, әрбір
тапсырма оның алдындағы тапсырмадағы міндеттерді шешумен байланысты
болып, ол тапсырманы орындау оның да алдында өткен тапсырманы
орындаумен байланыстылығына құрылғандығымен ерекшеленіп отырды.
Шмид картиналарды көшіріп салу оқушыға ешқандай пайда әкелмейді, ол
тіпті зиян әкеледі деп есептеген. Ол көшірме тек қана механикалық дағды
жинауға жәрдемдесіп, баланың ой дамуына ықпалы болмайды деп көрсеткен.
П.Шмидттің әдісіне қарсы шыққан Франбург семинариясының мұғалімі
К.Солден болды. Ол Петр Шмидтің геометриялық әдісі тек қана талантты
балаларға лайық, геометриялық фигуралар «Абстрактілі бос нәрсе» балалардың
назарын аудармайды, өмірдегі формалармен ешқандай ұқсастығы жоқ.
Балаларды өмір әсемдігінен алшақтататын геометриялық формаларды
салдырмай, онан да артығы үлгілерді көшірумен айналысу қажет деп есептеді.
Суретті оқыту әдістемесінің даму барысында ағайынды Дюпюлердің
орны ерекше. 1835 жылы Парижде Александр және Фердинанд Дюпюи
қолөнершілер мен оқушылар үшін тегін оқытатын сурет мектебінің негізін
қалады. Бұл мектепте ағайынды ұстаздар арнаулы модельдер бойынша
оқытудың негізін салды. Фердинанд Дюпюи бастауышты оқыту әдістемесімен
айналысса, Александр адам басы мен фигурасын салуға үйретуге арналған
модельдерді жасаумен шұғылданды.
Фердинанд Дюпюидің модельдері бес категорияға бөлінді. Біріншісіне
сым темірден жасалған сызықтардың, бұрыштардың, шектелген фигуралардың,
геометриялық денелердің каркастары, модельдері болды. Бұл модельдер
жуандығы 5 мм, ақпен боялған, қосымшалары қызылмен боялған болды. Екінші
топтағылар ақ бояумен боялған қиылған ағаштан жасалды.
Ү шінші топтағы модельдер–ақ түсті тақтайшалардан құралды: олар үшін
тақтайдан құралған бұрыш, майысқан жазықтық түрлерін көрсетуге арналды.
Төртінші топ – куб, шар, призмадан тұратын геометриялық денелер болды.
Бесінші топта–арка, колонна, лесница, қарапайым мебель модельдерін
біріктірді.
Дюпюи мектебінің оқушылары қарамен лактеліп, керілген кенептің
бетіне бормен салған. Сонымен қатар, Ф.Дюпюи перспектива құбылысын, зат
формасын талдауға арналған, бейненің құрылымын салудың әдістемелік
бірізділігін көрсететін модельдер жасаған.
А.Дюпюи бейнені жеке бөліктерінен бастап салуды емес, үлкен
формаларынан бастауды ұсынған. Ол міндеттерді шешу үшін ол арнаулы
модельдер тобын ұсынған. Модельдер құрамына бас, адам фигурасының дене
бөлшектері кірді. Әрбір топ бейнені құрастырудың әдістемелік бірізділігін
көрсететін төрт модельден құрылды. Мысалы бастың бейне құрылымын салу
үшін мынандай модельдер қолданылды: біріншісі бас формасының ұсақ
бөлшектерінсіз жалпы көрінісін елестететін модель; екінші–кесінді
жазықтықтар түріндегі форма; үшінші–азғана детальдары білінетін модель;
соңғысы–форманың детальдарын жасауға арналған модельдер болды. Осы
сияқты аяқтың, қолдың саусақтарының талдаулары жасалынды. Оқушылармен 11
жұмыс жасаудың мұндай әдістері сол кездің өзінде жалпы білім беретін
мектептермен қатар арнаулы оқу орындарында кең көлемде қолданылды.
Арнаулы модельдердің көмегімен, нұсқаға қарап сурет салуға оқытуға
арналған әдістердің әрі қарай дамуына Гальярдың еңбектері үлес қосты.