Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары

Вируленттік факторлары

Биологиялық әсері

Эндотоксин

Клиникалық белгілерінің негізі

Пили (пилин ақуызы)

Менингококтардың мұрынжұтқыншақ эпителиіне, ми қабықшасына жабысуын қамтамасыз етеді.

Капсула

Фагоцитозға қарсы тұруға белсенділік туғызады

Ig A протеаза

Біріккен (шарнир) аймақтағы Ig A молекуласын ыдыратады, бұл бактерияларды антидене әсерінен қорғайды.

Резистенттілігі. Менингококтар қоршаған ортада тұрақсыз, кептіру мен суыққа сезімтал болып келеді. 50әС-тан жоғары және 22әС–тан төмен температурада бірнеше минутта жойылып кетеді; ристомицинге және сульфанидамидтерге тұрақты; 1% фенол, 0,2% хлорлы әкке, 1% хлорамин ерітінділеріне, ауыр металдарға, карбол қышқылының ерітіндісіне, этанолға сезімтал; пенициллинге, тетрациклинге, эритромицинге сезімтал болып келеді. Бірақ кейінгі жылдары антибиотиктерге тұрақты штамдары көбейіп келеді.

Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық белгілері. Адам – менингококтардың жалғыз табиғи иесі. Инфекция көзі – науқас адам және тасымалдаушылар. Инфекция көзін үш топқа бөледі: ауруы генерализациялық түрде дамыған науқас адам (жалпы жұқтырылғандардың 1%), назофарингитпен ауыратын науқастар (жалпы жұқтырылғандардың 10-20%); сау тасымалдаушылар (жалпы жұқтырылғандардың 80-90%). Тасымалдаушылық орташа есеппен 2 – 3 аптаға созылады, мұрын - жұтқыншақтың созылмалы қабынулары болған жағдайда 6 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Таралу механизмі – аэрогенді, таралу жолы – ауалы-тамшылы. Басқа респираторлы инфекциялардан айырмашылығы жұқтыру ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде дамиды. Ауру мезгілдік сипат алады, күз-қыс айларында жиілейді. Инфекцияның ену қақпасы мұрын жұтқыншақ болып табылады. Осы жерде бактериялар қабынуды туғызбай, көп уақыт мекендейді (тасымалдаушы), пилилерінің көмегімен эпителидің кірпікшесіз жасушаларына жабысып, бекініп, биоүлбір түзеді. Бұл процесс колонизация деп аталады да адамдарға байқалмай 1 апта намасе 1 айға созылып, организмнің қорғаныс күшімен қарсы тұрудың салдарынан аяқталады. Бұндай симптомсыз ағымды инфекциялық процесс «сау бактериятасымалдаушылық» деп аталады. Қоздырғыш жұққан адамдардың 1/6 – де колонизацияланудың бірінші күнінде менингококтардың біраз бөлігі субэпителиалды қабатқа өтіп, жергілікті қабыну процесін туғызады – назофарингит. Фагоцитоздық жасушалармен жұтылған менингококтар липополисахаридтің көмегімен цитокиндерді бөле отырып шырышты қабықты зақымдайды және иммунды жауап туғызады. Менингококтар жасушада 4 – 6 күн болып, сосын эпителидің тереңіне енеді, кейбіреулері эпителий жасушаларының араларымен өтеді. 7-8 күннен кейін назофарингитпен науқастанған адам жазылады. Бірақ спецификалық иммунды қорғанысы жоқ адамдардың организміндегі менингококк күшіне еніп, капсуласын қалпына келтіріп, шырышты қабық астындағы капиллярлар арқылы қанға еніп, генерализацияланған менингококты инфекция тудырады (септицемия, менингит). Бұл өте сирек кездеседі. Қанға енген менингококтар (бактериемия) фагоциттермен жұтылады, организмге таратылады. Бұл сатыда менингококтың капсуласы ғана емес пилилері де қалпына келген. Пилилерімен ми тамырларының эндотелилеріне жабысып, тереңіне өтеді. Жұлында, фагоциттік жасушаларда жақсы көбейіп, мидың қатпарларына тарайды, токсин бөледі. Ми қабығында іріңді қабыну процесі дамиды (лейкоциттердің көп мөлшерін қамтитын менингит). Антибиотиктермен емдеудің нәтижесінде менингококтардың көп мөлшері қырылып, нәтижесінде эндотоксин қанға бөлінеді. Липополисахаридтің организмге шексіз түсуі эндотоксиндік шокқа әкелуі мүмкін. Кейде бактериемияның салдарынан менингококтық артрит, перикардит, перитониттер дамиды.

Эпидемиялық жұлын менингиті 5 – 7 күнгі жасырын кезеңінен кейін бірден басталады. Науқастың басының қатты ауыруы, құсу, жоғары қызба, сосын менингиальды симптомдар басталады.

Иммунитеті. Аурудың жайылған түрінде инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты, қарқынды. Дегенмен, иммунитет гуморалды топспецификалық болып келеді. Нәрестелер табиғи пассивті трансплацентарлық иммунитетке ие, ол 2 – 6 ай сақталады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін экспресс, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады.

Жеделдетілген әдіс: менингококтық эритроцитарлы диагностикумның көмегімен сарысуды ИФТ, РИТ және иммундыэлектрофорез, коагглютинация, ПТР реакцияларымен зерттеу. Менингококтық инфекциямен науқастанған адамнан аурудың бірінші аптасында қан сарысуында антиденелер (бактериоцидтер, агглютининдер, гемагглютининдер) анықталады, олардың мөлшері (титры) 2-3 аптадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді, содан кейін төмендей бастайды.

Зерттеу материалдары ретінде қан, жұлын сұйықтығы, мұрын қуысының кілегейі алынады. Жұлын миы сұйықтығының центрифугаланған тұнбасын және көмейден алынған жағындыны микроскопта зерттегенде нейтрофилдың ішінде немесе жасушадан тыс нейссериялар көрінеді. Материалды алғаннан кейін бірден қанды агарға (шоколад тәрізді агар), құрамында ристомицині бар агарға (немесе линкомицин), құрамында антибиотиктер бар (ВКН – ванкомицин, колистин, нистатин) Мартен ортасына себеді. Инкубацияны - құрамында 5% көмірқышқыл газы бар атмосферада өткізеді.

Бөлінген дақылды идентификациялау келесі қасиеттерге негізделген:

Оксидаза оң колониялардың болуы Neisseria туыстығына жатқызуға мүмкіндік береді. Дақылдың құрамында Neisseria meningitidis-тің болуын глюкоза және мальтоза ыдырауы нәтижесінде сірке қышқылдың пайда болуы дәлелдейді (лактозадан, сахарозадан, фруктозалардан басқасы). Серологиялық топтарын агглютинациялық реакция арқылы анықтайды. Бөлінген дақылды менингит тудыратын басқа бактериялардан ажыратады. Бактериялық менингит қоздырғыштарының негізгі қасиеттері 24 сағаттан кейін анықталады.

Емдеуі. Этиотропты - пенициллин, левомицетин, рифампицин антибиотиктері қолданылады. Симптоматикалық емді микробқа қарсы препараттармен, сонымен бірге седативті заттар мен глюкокортикостероидтармен үйлестіре отырып жүргізеді, емдеу барысында су – тұз және қышқылды - сілтілік балансты сақтауды ескерген жөн.

Алдын алуы. Инфекция көзін жоюға бағытталған шаралар қарастырылады: науқастарды жылдам тауып, оқшаулап, дереу емдеу керек; тасымалдаушыларды анықтау және антибиотиктермен емдеу.

Ошақтарда күнделікті дезинфекция, желдету, ультра күлгін сәулемен өңдеу және т.б. шаралар жүргізіледі (бала бақшаларда, жатақханаларда, колледждерде, оқу орындарында). Инфекциялық ошақтарда спецификалық активті және пассивті алдын алу шаралары жүргізіледі. Пассивті иммунитет қалыптастыру үшін мектепке дейінгі балаларға бір реттік иммунды глобулин (1,5 – 3,0 мл) науқастанушылар табылғаннан кейін 7 күннің ішінде егілуі керек. Иммундыглобулиннің күші бірнеше айға дейін сақталады. Белсенді иммунизация үшін эпидемиялық көрсеткіштері бойынша А, В, С серологиялық топтарынан (штамдарының айналуына байланысты) тұратын менингококты химиялық полисахаридті вакцина қолданылады.