
- •Іі бөлім. Жалпы микробиология
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Мicrococcacеae тұқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Staphylocоccus туыстастығы)
- •Стафилококтардың медициналық маңызы бар негізгі дифференциациялық белгілері
- •Staphylocоccus aureus-тің вируленттік факторлары
- •14.1.1.2. Streptococcaceae тұқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Enterococcus)
- •Энтерококтардың негізгі медициналық маңызы бар түрлерінің дифференциациялық белгілері
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар
- •14.1.2.1 Нейссериялар
- •Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •Гонококтық инфекциялардың орналасуы және түрлері
- •14.1.3. Анаэробты коктар
- •14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар
- •14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Veillonella туыстастығы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар
- •14.2.1. Энтеробактериялар (Enterobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздырғыштары
- •Enterobacteriaceae тұқымдастығының Escherichia, Shigella, Salmonella туыстастықтарының биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klebsіella туыстастығы)
- •Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Salmonella туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздырғыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)
- •Proteus туыстастығының биохимиялық белсенділігі.
- •14.2.1.4.Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vibrionaceae тұқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздырғышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vibrio туыстастығы)
- •14.2.2.3. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Helicobacter туыстастығы)
- •Helicobacter pylori-дің вирулентті факторлары
- •14.2.3. Pasteurellaceae тұқымдастығы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Haemophilus influenzae (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •Haemophilus туыстастығына жататын бактериялардың өсу факторларына қажеттілігі бойынша сипаттамасы
- •14.2.3.2. Пастереллалар
- •14.3.Бордетеллалар
- •14.3.1.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.
- •Бордетелла түрлерінің дифференциациясы
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •Райт реакциясы үшін бруцеллездік антигенді сұйылту
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздырғышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Pseudomonas туыстастығы)
- •14.3.6. Буркхольдериялар (Burkholderia туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар
- •14.4.1.Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •Бактериоидтардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.4.2.Күйдіргі бациллалары (Bacillus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Clostridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары. Газды гангрена.
- •Адамға патогенді клостридиялардың негізгі дифференциалдық белгілері
- •C.Perfringens тудыратын аурулар
- •14.4.3.1.2.Сіреспе клостридиясы (Clostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Clostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5.Листериялар (Listeria туыстастығы)
- •Listeria monocytogenes-тің вируленттік факторлары
- •14.6. Коринебактериялар (Corynebacterium)
- •14.6.1.Дифтерия қоздырғышы (Corynebacterium diphtheriae)
- •Адам патологиясында клиникалық маңызы бар коринебактериялар
- •C. Diphtheriae-ның биологиялық варианттарының дифференциалдық белгілері
- •14.6.2. Микобактериялар (Mycobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.6.2.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •14.6.3.Актиномицеттер (Actynomyces туыстастығы)
- •Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nocardia туыстастығы)
- •Нокардиялардың негізгі дифференциалдық айырмашылықтары
- •14.6.3.1. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.6.3.2. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7. Риккетсиялар
- •14.7.1. Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздырғышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Treponema pallidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою.
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар.
- •Медициналық маңызы бар Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.
- •Адамға патогенді микоплазмалардың негізгі биохимиялық қасиеттері
- •Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасы
- •15 Тарау. Клиникалық микробиология
- •15.1. Клиникалық микробиология және оның медицина үшін маңызы.
- •15.1.1. Клиникалық микробиологияның аңықтамасы, мақсаты және іріңді қабыну аурулары қоздырғыштарының сипаттамасы.
- •15.1.2. Іріңді - қабыну ауруларына микробиологиылық диагноз қою.
- •15.1.2.1.Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері.
- •Көрсетілген аурулардың қоздырғыштары.
- •Әртүрлі патологиялық материалдардан бөліп алатын микрофлора.
- •15.1.3. Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •Бактериурия дәрежесі
- •15.2 Дисбактериоз
- •Қалыпты микрофлораның пайдалы функциясы
- •15.2.1 Адам организмінің қалыпты микрофлорасы
- •Жуан ішек микрофлорасы.(жалпы микробтар саны 1011-1012)
- •Балалар аіж микрофлорасының ерекшеліктері
- •Кесте 15.9. Дені сау балалар нәжісінің микрофлорасы.
- •Тері микрофлорасы
- •Тыныс алу жолдары шырышты қабатының микрофлорасы
- •Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша дені сау ересектер мен балалар ішегіндегі микробиоценоз өкілдерінің саны
- •15.2.2. Адам организмінің дисбактериоздары, жэне оның даму дәрежелері.
- •Дисбиоздық микрофлораның зиянды жақтары
- •Кесте 15.14. Candida cаңырауқұлақтары - иммунды депрессия маркері
- •Балаларда болатын дисбактериоздың клиникалық көріністері және дәрежелері
- •15.3. Ауруханаішілік инфекциялардың манызы жэне анықтамасы
- •15.3.3.Ауруханалық ортаның сипаттамасы.
- •15.3.5. Инфекциялық бақылау бағдарламасының міндеттері.
- •16.1.Эволюциялық дамудағы рөлі, жіктелуі (класификациясы)
- •16.1.1. Вирустардың ашылуы
- •16.1.2. Вирусологияның даму кезеңдері
- •16.1.3. Вирустардың табиғаты
- •16.2. Вирусты инфекциялардың патогенезі
- •16.2.1. Вирустың таралу жолдары
- •16.2.2. Вирустық инфекциялардың түрлері
- •16.2.3. Жасушаларда трансформациялық процестер дамуындағы вирустардың рөлі
- •16.2.4. Вирустық инфекциялар патогенезінің ерекшеліктері
- •17 Тарау. Жеке вирусология
- •17.1.1. Пикорнавирустар
- •17.1.1.1. Сал (полиомиелит) вирусы
- •Полиомиелит вирусының типтері
- •17.1.1.2. Коксаки вирустары
- •17.1.1.3. Есно – вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-hav)
- •17.1.1.5. Риновирустар
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (hcv)
- •17.1.3.6. G – гепатит вирусы (hgv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ttv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.5.3. Орбивирустар
- •17.1.5.4. Колтивирустар
- •17.1.6. Ортомиксовирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық – синцитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Құтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (hdv )
- •17.1.11.Филовирустар
- •17.1.11.1. Марбург ауруы
- •17.1.11.2. Эбола қызбасы
- •17.1.12 . Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым- Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ).
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.1. Парвовирустар
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. Ұшық вирустары –Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қарапайым ұшық вирустары (құв)
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
- •17.2.4.3. Бетта-герпесвирустар(5-типі). Цитомегаловирус (цмв).
- •17.2.4.4. Эпштейн-Барр вирусы (эбв). Ұшық вирусының 4-типі.
- •17.2.5. Гепатит в вирусы (hbv)
- •17.2.6. Паповавирустар
- •17.2.6.1. Папилломавирустар
- •17.2.6.2. Полиомавирустар
- •Полиомавирустық геномның реттеуші учаскелері
- •17.2.7. Онкогенді вирустар
- •Адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздыратын вирустар
- •17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар
- •17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары
- •17.2.8. Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)
- •Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары
- •18 Тарау. Жиі кездесетін микоздардың сипаттамасы
- •18.1. Беткейлік микоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.Кератомикоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.2. Ақ пьедра қоздырғышы – Trichosporon beigelli.
- •18.1.1.3. Қара теміреткі (Exophiala wernekii) және қара пьедра (Piedraia hortae) қоздырғыштары.
- •18.1.2. Дерматомикоздардың қоздырғыштары.
- •Адамдарға патогенді дерматофиттер.
- •18.1.2.1. Микроспория қоздырғыштары.
- •18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.
- •18.1.2.3. Эпидермофития қоздырғышы
- •18.2. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары.
- •18.2.1. Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii
- •18.2.2. Хромобластомикоз қоздырғышы.
- •18.2.3. Мицетома қоздырғыштары
- •18.2.4. Феогифомикоз қоздырғышы
- •18.3.Терең жүйелік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.3.1. Гистаплазмоз қоздырғышы.
- •3.2. Криптококкоз қоздырғышы.
- •18.3.3. Кокцидиоидоз қоздырғышы
- •18. 3.4. Бластомикоз қоздырғышы
- •18.4. Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.4.1. Кандидоз қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың микроморфологиялық ерекшеліктері
- •Candida саңырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау
- •18.4.2. Аспергиллез қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Aspergillus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері
- •Aspergillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы
- •18.4.3. Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары
- •18.4.3.1. Пенициллиоз қоздырғыштары
- •18.4.3.2. Фузариоз қоздырғыштары
- •18.4.3.3. Зигомикоз (фигомикоз) қоздырғыштары
- •18.5. Микоздарға микробиологиялық диагноз қоюдың принциптері
- •18.5.1. Зерттеу үшін алынатын заттар
- •18.5.2. Зерттеу әдістері
- •18.5.2.1. Микроскопиялық әдіс
- •18.5.2.2. Дақылдық әдіс
- •18.5.2.3. Микоздарға диагноз қоюдың басқа әдістері
- •18.5.2.4. Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері
- •Антимикотикалық дәрмектер
- •Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының клиникалық-микологиялық классификациясы.
- •Қарапайымдылар (Protozoa)
- •19.1. Саркодылар (Sarcodina )
- •19.1.1. Амебиаз қоздырғышы.
- •19.2. Талшықтылар (Flagelleta).
- •19.2.1. Лейшманиоз қоздырғыштары.
- •19.2.2. Трипаносомоздардың қоздырғыштары
- •19.2.3. Трихомониаз қоздырғыштары.
- •19.3. Споралылар (Sporozoa)
- •19.3.1. Токсоплазмоз қоздырғышы
- •19.3.2. Безгек қоздырғыштары.
- •19.4. Кірпікшелілер (Ciliata).
- •19.4.1. Балантидиаз қоздырғышы
- •20.1. Ауыз қуысының микрофлорасы
- •20.1.1. Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы
- •Ауыз қуысының бактериялық микрофлорасы
- •20.1.1.1. Ауыз қуысындағы қалыпты микрофлораның қызметі
- •20.1.2. Ауыз қуысының микробтарын дақылдандыру ерекшеліктері және оның физиологиялық маңызы
- •20.1.3. Ауыз қуысындағы микрофлораның адам жасына байланысты ерекшеліктері
- •20.1.4 Ауыз қуысы - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы
- •Ауыз қуысының антимикробты қорғаныстық факторлары
- •20.2. Стоматологиялық аурулардың микробиологиясы
- •20.2.1. Халитозис
- •20.2.2 Микробтар туғызатын аурулар
- •Тіс ауруларын қоздыратын негізгі микроорганизмдер
- •20.2.2.1 Микробтық тіс дақтарының пайда болуы
- •20.2.2.2. Кариес
- •20.2.2.3 Пульпит
- •20.2.3 Микробтармен қоздырылатын пародонт аурулары
- •20.2.3.1 Гингивит
- •20.2.3.2 Пародонтит
- •20.2.4 Микробтармен қоздырылатын ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары
- •20.3. Одонтогендік инфекция
- •20.3.1 Периодонтит
- •20.3.2 Жақ периоститі
- •20.3.3 Жақ остеомиелиті
- •20.3.4 Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары
- •20.4. Жұқпалы аурулар кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1 Бактериялық зақымдалуы
- •20.4.1.1. Стафилококтық және стрептококтық іріңдік зақымдалу
- •20. 4.1.2 Бет-жақ актиномикозы
- •20.4.1.3 Жаралы-шірік Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз)
- •20.4.1.4 Гонококтық стоматит
- •20.4.1.5 Туберкулез кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1.6. Алапес кезіндегі зақымданулар.
- •20.4.1.7. Мерез кезіндегі зақымданулар
- •20.4.2 Ауыз қуысының вирустық зақымданулары
- •20.4.2.1. Герпесвирустық инфекциялар.
- •20.4.2.2. Коксаки а вирустық инфекция
- •20.4.2.3 Аив инфекциясы
- •20.4.2.4 Папилломавирустар
- •20.4.2.5 Приондық аурулар
- •20.4.3 Саңырауқұлақтық зақымдалу
- •20.5. Стоматологиялық емдік- профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялар
- •20.5.1. Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
- •20.5.2. Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы
- •Стоматологиялық мекемелерде жұғу мүмкіндігі бар инфекциялық аурулар
- •20.5.3.Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары
- •20.5.4. Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар
- •20.5.5. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы
- •20.6. Клиникалық материалды микробиологиялық зерттеу
- •20.6.1 Ауыз қуысынан материалды зерттеуге алу, сақтау және зертханаға жеткізу
- •20.7. Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар
- •20.7.1 Дезинфекция және стерилизация
- •20.7.2. Антисептиктер
- •20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
- •20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
- •20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
- •1.Бактериялық жасуша құрылымына жатады:
- •17.Қарапайым қоректік орталар:
- •18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:
- •19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:
- •20.Штамм дегеніміз не?
- •21.Бөлініп алынған микроб дақылын идентификациялау келесі қасиеттерін анықтаумен атқарылады:
- •22.Сероварлар (анықтамасы, мысалы):
- •Тест сұрақтарына жауаптар
- •Қосымшалар
- •Кейбір аурулардың қазақша атауларының орысша баламасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Listeria monocytogenes-тің вируленттік факторлары
Вируленттік факторлары |
Биологиялық әсері |
Интерналин |
Бактериялардың фагоциттермен және эндотелий жасушаларымен жұтылуына қатысады. |
Гемолизин (листериолизин О) |
Эритроциттерді гемолиздейді, фагосома мембранасын бұзады. |
Фосфолипаза С |
Жасуша мембранасын бұзады. |
Резистенттілігі. Листериоз қодырғышы жабайы және үй жануарларының, құстардың, балықтар мен жәндіктердің 90-нан астам түрлерінен табылған. Олар қоршаған орта объектілерінде кеңінен тараған: топырақта, суда, қида, жануарлар төсеніштерінде, сүрлемде және т.б. Листериялар айтарлықтай тұрақты: төменгі температурада, кептіргенде жақсы сақталады, қайнатқанда 3-5 минут ішінде жойылады. Төменгі температура жағдайында суда, дәндерде, сабанда бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін. Сүт пен етте 40С –та жойылмайды, және де көбейе алады.
Эпидемиологиясы. Листериоз сапронозды инфекцияларға жатады, сыртқы қоршаған орта негізгі тіршілік ететін орыны. Листериялар көптеген табиғи нысандарда табылған, ең алдымен сүр шөпте және басқа малазықтық өсімдіктерде анықталған.
Листериоздың негізгі таралу жолдары – алиментарлық (ет, сүт, сыр, көкөністі қолданғанда). Сонымен қатар, су, қарым-қатынас (ауру жануарларды күткенде жұқтырады) арқылы таралуы мүмкін. Ауа-шаң арқылы жұғуы – жануарлардың жүнін, терісін өңдеген кезде болады.
Адамдарға инфекция көзі кеміргіштер, ауылшаруашылық жанурлары болып табылады. Жұқтырылған адам инфекция көзі болып перинатальды немесе неонатальды патологиялар туындайтын жағдайдар да болуы мүмкін. Қазіргі кезде адамдарға тағамдық азық-түліктерден дайын немесе жартылай дайын ас (ірімшіктер, сүт тағамдары, еттен, тауықтан және балықтан дайындаған жартылай дайын астар, көкөністер) дайындаған кезде листериялармен ластану мүмкіншілігін төндіреді.
Көп жағдайда инфекция бірен-саран кездесіп отырады. Листериоз жүкті әйелдерге өте қауіпті, себебі олардың иммунды статусы төмен. Жалпы листериозбен ауырғандардың 20-30 пайызын жүктілер құрайды. Инфекция анасынан трансплацентарлық жолмен ұрыққа беріледі, соның нәтижесінде мерзімнен бұрын немесе ұрық өлі туады, туған соң ақаулар дамуынан қайтыс болады (80% жағдайда ұрық өлімге ұшырайды). Тасымалдаушылық болуы мүмкін, ұзақтығы анықталмаған.
Патогенезі. Листериоз көбінесе әлсіреген иммундық статус негізінде дамиды. Жүктілер, ЖИТС-пен ауыратын немесе АИВ-жұқтырылғандар арасында және де басқа да иммундық патологиясы бар науқастарда жиі кездеседі. Эпителиялық және эндотелиялық жасушалардың зақымдануы салдарынан бактериемия, бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндерінің, жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады. Ішкі ағзаларда зақымдалған жасушаларда түйіншектер – листериомалар түзіліп, келесі кезеңінде листериомалардың некрозы мен ағзалардың дистрофиясы дамиды. Бұл - созылмалы түрлердің дамуына әкеліп соқтырады.
Инфекцияның ену қақпасы – көбіне ас қорыту, тыныс алу жолдарының шырышты қабығы, жарақатталған тері болады. Листериялар ыдырағанда ағзада интоксикация туғызатын эндотоксин бөледі. Фагоциттердің зақымдалуы нәтижесінде иммундытапшылық жағдайы асқынады.
Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі 3 аптадан 70 күнге дейін созылады. Науқастар арасында көп жағдайларда ОЖЖ зақымдалуы басымдылық көрсетуі мүмкін (менингиттер, энцефалиттер, мидың абсцесі, психоздар), кей кездерде баспа, сепсис, сүзек түрінде өтеді. Ағымы бойынша листериоздың жедел, жедел асты және созылмалы түрлері бар. Сепсис түріндегі листериоз жаңа туылған нәрестелерде анағұрлым ауыр өтіп жоғары өлімге әкеледі (50%-дан жоғары).
Иммунитеті. Ауырғаннан кейін негізінде жасушалық сипаттағы, тұрақсыз иммунитет қалыптасады.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу әдістері – бактериологиялық, серологиялық, аллергиялық, ПТР. Жеделдетілген әдіс: ИФР, Калина модификациясы бойынша грамша бояу. Листериоздық инфекцияның ең ақырғы диагнозын қою үшін L. monocytogenes-тің таза дақылын бөліп алып, стандартты микробиологиялық әдістермен идентификациясын жүргізу қажет.
Бактериологиялық әдіс. Зерттеу заты ретінде – қан, жұлын сұйықтығы, көмей шайындысы, ұрық айналасындағы су алынады. Алынған заттарда микрофлора өте аз болады, сондықтан оны алдымен байытып алады. Зерттеу затын – глюкозалы-сарысулы сорпаға, глюкозалы-қанды агарға сеуіп, таза дақылын бөліп алып, грамша бояу, ферменттік қасиеттерін, АР, антибиотикке сезімталдығын анықтайды. Листерияларды бөліп алуда кеңінен таралған селективті орталарға Оксфорд-агар және ПАЛКАМ-агар жатады. Оксфорд-агарда 24 сағаттан кейін ұсақ (диаметрі 1мм), қара қоршауы бар, сұрлау колониялар өсіп шығады. 48 сағаттан кейін колониялар қарая түсіп, диаметрі 2мм-ге ұлғаяды. ПАЛКАМ-агарда 24 сағаттан кейін ұсақ, диаметрі 1мм, жасыл-сұр немесе зәйтүнді-жасыл түсті, ортасы қара колониялар өсіп шығады. Колонияларды қызыл түсті агар үстінде қара аумақтар қоршап жатады. 48 сағаттан кейін колониялар көлемі 1,5-2мм-ге жетіп, ортасы ішіне қарай түсіп, жасыл түсі мен қара қоршауын сақтап қалады.
Селективті орталарға себінді жасау тікелей клиникалық заттан да, байыту ортасында өсірілген дақылдан да жүргізіледі. Себінділерді 48 сағат, 300С-та инкубациялайды. Листериялар өсу барысында эскулинді пайдалануы және агардың қараюы көрініс береді. Келесі кезеңде патогенді листерияға күдік туғызатын, шеттері қарайған, ұсақ, сәл бұлыңғырланған колонияларды листерияларды идентификациялауға ұсынылған селективті орталарға себеді.
Селективті-дифференциалды диагностикалық орталарда өсіп шыққан, листерия деп болжап отырған колонияларды ары қарай идентификациялау үшін 1% глюкоза немесе ЛФГА қосылған ЕПА-ға, ашытқы экстракты бар триптонды-соялы агарға себінді жасайды. Себінділерді 24 сағатқа (300С) термостатта қалдырады. Ашытқы экстракты бар триптонды-соялы агарда диаметрі 1-2мм, томпайған, түссіз, бұлыңғыр, беті шықталған, тұзды ерітіндіге ауыстырған кезде агар бетінен оңай алынатын, гомогенді суспензия түзетін колониялар өседі. 1% глюкоза немесе ЛФГА қосылған ЕПА-да листериялар ұсақ, сұрлау түсті, жартылай бұлыңғыр, шықталған колониялар түзеді.
Сонымен, L. monocytogenes-ке зерттеулер жүргізу барысында зерттеу затынан грамша оң боялатын таяқшалар табылса, каталаза-оң, 18-200С–та қозғалмалы, 360С–та қозғалмайтын, эскулинді пайдаланатын, рамнозаны қышқыл түзе отырып ыдырататын, маннит пен ксилозаны ыдыратпайтын, қанды агарда β-гемолиз аймағын түзетін қоздырғыштар табылса, таза дақылын бөліп алдық деп санауға болады.
Серологиялық әдістер. КБР, қос сарысумен қойылатын жанама гемагглютинациялық реакция, ИФТ және листериозды диагностикуммен қойылатын АР (динамикалық түрде) жүргізіледі. Молекулалық-генетикалық әдіс: ПТР.
Емдеуі. Антибиотиктер тағайындайды. 2-6 апта бойында ампицилин мен гентамицинді клиникалық көріністеріне қарап тағайындайды.
Алдын алуы. Арнайы профилактикасы жоқ. Бейспецификалық сақтандыру жүргізіледі. Инфекция ошағындағы жануарлардың еті мен сүтін тек жоғары температурамен өңдеуден кейін ғана пайдаланады. Жүкті әйелдерді жануарлармен қатынаста болмайтын жұмысқа ауыстыру қажет.