Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы

Ішек иерсиниозы – Yersinia enterocolitica тудыратын жұқпалы ауру, бұл ішек - асқазан жолының зақымдалуымен ғана емес, сонымен қатар басқа да ағзалар мен жүйелердің патологиялық процеске қамтылуымен және жайылымды тенденциямен сипатталады. Қоздырғышты 1939 жылы Д. Шлефстейн мен М. Колеман ашқан.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae.

Туыстастығы: Yersinia.

Түрі: Yersinia enterocolitica .

Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Иерсиниоз қоздырғышы полиморфты: ұшы жұмырланған, сопақ таяқша, биполярлы боялады. Спора түзбейді, кейде капсуласы болады. Перитрих, тек 18-200С-та ғана қозғалады, 370С-та қозғалысын жоғалтады. Кейбір штамдарда пили болуы мүмкін. Грам теріс. Микрокапсула түзеді.

Дақылдандыру. Yersinia enterocolitica - факультативті анаэроб. Қолайлы рН=7,2 - 7,4. 22 - 250С - ең қолайлы температура, бұл осы микроорганизмнің ерекшелігі болып табылады. Қоректік ортаға талғамды емес, қарапайым орталарда өседі.

Ферменттік белсенділігі. Қоздырғыштың биохимиялық белсенділігі анағұрлым жоғары. Кейбір көмірсуларға қатысты бес биохимиялық варианты бар. Идентификациялау үшін қажетті негізгі биохимиялық белгілері:

  • мочевинаны ыдыратуы;

  • сахарозаны ыдыратуы;

  • рамнозаны ыдыратпауы;

  • орнитиндекарбоксилазаны түзуі.

Антигендік қасиеті. Бактериялардың О және Н антигендері бар, кейбірінде К антигені анықталған. О антиген бойынша 60-тан астам серологиялық варианттарға бөледі; науқастарда О3, О5, О8, О9 серологиялық варианттары жиі кездеседі. Сонымен қатар 2 вируленттік антигендерге ие – Y және W.

Патогенділік факторлары. Yersinia enterocolitica - энтеротоксигенді әсер ететін эндотоксинге ие, кейбір штамдары энтеротоксигенді және цитотоксикалық әсер көрсететін экзотоксинге ұқсас заттар түзеді. Ішектік иерсинияларда инвазивті ақуыз анықталған. Адгезивті қасиеті пили және сыртқы мембранасындағы ақуызға байланысты. Капсуласы фагоцитозды тежейді.

Резистенттілігі. Ішек иерсиниозының қоздырғышы жоғары температураға, күн сәулесіне, дезинфекциялық ертінділерге сезімтал, дегенмен, төменгі температураға өте төзімді - 15-200С-та жақсы сақталады, 40С-та көбейеді, 10-15% ас тұзы ерітіндісінде өмір сүре алады

Эпидемиологиясы. Иерсиниоз қоздырғышы көптеген жануарларға патогенді, бірақ оның экспериментальді үлгісі осы уақытқа дейін жоқ.

Иерсиниоздардың алғашқы аурулары өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Франция, Бельгия, Швецияда анықталған. Қазіргі уақытта бұл ауру әлемнің көптеген мемлекеттерінде кездеседі. Yersinia enterocolitica табиғатта кең таралған, ол көптеген жануарлар мен құстардың түрлерінен бөлінген. Иерсинияларды ашық су қоймаларынан табады, олар инфузориямен, балықтармен симбиоз құрайды, осыған байланысты ішек иерсиниозын сапронозды инфекцияға жатқызуға мүмкіндік береді. Адам үшін инфекция көзі көбінесе үй жануарлары (доңыз, сиыр, мысық) болып келеді. Ауру берілу механизмі – фекалды-оралды, негізгі таралу жолдары – тағамдық: ауру тіпті тоңазытқышта сақталған сүт, ет, жеміс-жидек, көкөністі пайдаланғанда туындауы мүмкін. Тұрмыстық қарым-қатынас (ауру малмен адам жанасқан кезінде) және су арқылы таралуы мүмкін. Иерсиниозбен барлық жастағы адамдар ауырады, дегенмен 1-3 жас аралығындағы балалар анағұрлым сезімтал. Ауру жылдың суық кездерінде жиі кездеседі.

Патогенезі. Қоздырғыш ауыз арқылы ағзаға түседі де ащы ішектің төменгі бөлігінің шырышты қабығына бекіп, қабыну процесін тудырады. Кейде бұл процеске аппендикс шалдығуы мүмкін. Әлсіз адамдарда сепсис, мида, бауырда, көкбауырда екіншілік іріңді ошақтың пайда болуымен жүретін септикопиемия дамиды.

Клиникалық көріністері. Кесел ауырлығы мен клиникалық белгілері бойынша әртүрлі. Гастроэнтероколитикалық, аппендикулярлық, септикалық түрін ажыратады. Жасырын кезеңі 1-4 күн. Ауру жедел басталады, дене температурасы 38-390С-қа жоғарылайды, жалпы интоксикация белгілері пайда болады, аурудың түріне тән белгілері дамиды.

Иммунитеті. Иерсиниоз кезінде аз зерттелген.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу материалдары нәжіс, несеп, қан, жұлын сұйықтығы. Диагноз қоюдың негізгі әдісі бактериологиялық, ол қоздырғышты идентификациялауға, антибиотикограмманы анықтауға, түр ішілік идентификацияны (серологиялық, биохимиялық вариантын, фаговарын анықтау) жүргізуге мүмкіндік береді. Қосымша түрде серологиялық зерттеу әдісі қолданылады (ЖГАР және ИФР).

Емдеуі. Антибиотиктер тағайындайды - тетрациклин қатары мен хлорамфеникол.

Алдын алуы. Санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтау, әсіресе ас-тағамдарын сақтау мен дайындау технологиясын бұлжытпай орындау.