Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
File0002.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.02 Mб
Скачать

Алғы сөз

«¥лт намысын ту еткен» деп аталып, оқырман назарын ұсынылып отырған бұл библиографиялық көрсеткіп Халық қаһарманы, эрі жазушы Гвардия полковнигі, Кецг Одағының батыры Бауыржан Момьшщлыныі азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге . арналғап Баукеңмен қатар замандастарының, көз қөрген ізбаспі інілерінің, балаларының жүрек жарды сырлары меі мақалалары шынайы фактілер аясында қызғылыкп, баяндалған.

у

¥Лт намысын ту еткен - Бауыржан Момышұлы

Өмірбаяны

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған. Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегІ көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы жэне етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рэзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылыбастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тэжібаев жэне Құрманбек Сығынд^іқов оқиды.

2

1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шаідыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша акша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жүмыс істейді. 1932- 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің

қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі

Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркэсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды. 1936 жылы жаңадан қүрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бүл

кезде рота командирі, полк штабы бастығының

көмекшісІ болады.

1939 жылы экесі Момыш қайтыс болады. ЕКІНШІД ҮНИЕЖҮЗІЛІК

Соғыс жылдары (1941-1945 жылдар аралығы)

1941 жылыҚазақ -эскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. ¥лы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап катысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.

ш

1941 жылдың26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.

1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.

  1. жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.

  2. жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психология" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.[3] Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен жэне ұрыс жүргізудегі эскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесІн жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

1941 ж. ¥лы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының күрамында майданға аттанады, |* батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықгы. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды, Жауынгерлік іс-қимылдарга қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып эскери жарғыға енуі,

тактикада «ошақты» жэне «икемдІ қорғаныс» үғымдарының калыптасуы Бауыржан Момышүлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін эскери мамаң ретіндегІ таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тэжірибесінде алғаш қолданушылардың жэне оны дамытушылардың бірі болды. Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен эскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелдІ. КІтап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы эскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ жэне орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен эңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады, Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бүл атақ Отан соғыеы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тэуелсіздік алғаннан кейін Қазакстан Республикасының тұңғыш Президенті

Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС Москва түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон

8

командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышүлы сарбаздармен қақаған қыста Мэскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық

енгізген.Командир Момышүлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.

1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мэскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс эскері бұл манда 3 күнге іркіліп қалды. Бүл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.

Алайда аласапыран шакта қысылтаяң жағдайга ұшыраган кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенІн білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі - Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан күрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен белек-бол ек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды үйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқүл Слэмқүлов басқарады.

Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің калың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады.

Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің

10 Щ

бірінші батальоны тұрады екен. Бүлар элі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.Әдісқой, тэжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша эдейі резервте ұстап тұр екен, «Б.Момышүлы баскарған батальон тугелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деғен лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра қүшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады.19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мэскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тэулік бойы қайтарып, сәтті үрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нүршайықовтың "Аңыз бен Акиқат" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дэрігерді корқытып, оқты сол жерде шығаруды бүйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышүлы үрыс алаңына қайта оралады.Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы үрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышүлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түстІ. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жібердІ.

БАУЫРЖАННЫҢ СОҒЫС ТАРИХЫВДА БОЛМАҒАН 27 ТАКТИКАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҒЫ

Жас сардар Бауыржан Момышүлы Мэскеу түбінің қалың қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет кол бастап, үрысқа кіріп, 27 рет эскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады.

Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болу мен коса, сұңғыла психолог та еді. Момышүлы өмірбаянының осы ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады. 1941 жылы казанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Капров басқарған 1073-полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қимылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді. Осы күндердегІ арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы түрып, майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шэріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе. Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға үшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға сокты. Сондай жағдайға үшырағандардың бірі - Бауыржан басқарган бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонный алдында жүретін он бес адамнан қүрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқүл Слэмқүлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақгана жүріп отырды. Қалың қарагайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралыгынан шықты.

Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен.

14 Щ

Бұлар элі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тэжірибелі комдив И.В.Панфилов бүл полкті уақытша эдейі резер#те ¥стап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батал^он түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті>? Деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралр^н жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыт?жан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. Иван Васильевич көптең көрмеген бауырын кезде^тіРгендей Бауыржанды қаусыра қүшақтай алып„ бетінен сүйіп: «Жарайсың, сүңқарым!» деп арқас*>шан қақты.

Кеңео әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айлар*>шдағьі үрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауьц?жан Момышүлы басқарған полк жауынгерлері ерекіг*е көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарайг. 500-600 шақырьш алға басып, фашистердің мыңд,^ған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техник касын жойып жіберді.

Бауыржан Момышүлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан небір қасиетті сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-қүлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін керемет білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал эскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышүлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атак берілді. Б.Момышүлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды. 1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған үрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша

кұйымшаклен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай жэне шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады. Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабының Эскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады. 1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарган дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс эскерінің үш бекінісін бүзып өтеді. Дивизия шабуылының нэтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын. Бауыржан Момышүлының қатардагы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттын мінез-қүлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырган. Бауыржан Момышүлы соғыс жылдарында адуынды да қатал эскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындагы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тэрбиешісі де бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан

Момышұлының 1990 жылдың \2 желтоқсанында туғанына в0 жыл толуына орай Кеңес Одагының Батыры деген жоғары атак берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жефді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]