
- •Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар
- •Ms Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Блокпен жұмыс, кестені редакторлеу және форматтау.
- •Ұяшық. Ұяшық адресі
- •Ұяшыққа мәндерді енгізу және редакторлеу
- •Кесте 1. Выравнивание содержимого ячеек
- •Кесте 2. Подготовка листа для расчета выручки от продажи медицинского товара
- •Кесте 3. Таблица с результатами вычислений
ҚММУ Ф 4/3-06/02
2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: «MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Блокпен жұмыс, кестені редакторлеу және форматтау.»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
5B310200 «Стоматология»
Курс: I
Құрастырушы: Никамбаева Н.Н., Жумакаева К.Н.
Қарағанды 2014
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
№ ___ хаттамасы ___.___. 201__ж.
Кафедра меңгерушісі ___________Б.К.Койчубеков
ТАҚЫРЫБЫ: MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Блокпен жұмыс, кестені редакторлеу және форматтау.
Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel 2010 қолданбалы программасымен жұмыс істеуді үйрету. Парақтармен, ұяшықтармен жұмыс істеуді, кесте шаблонын құруды меңгерту.
Студент білуі керек:
Excel программасының тағайындалуын
Excel программасының мүмкіндіктерін
Студент істеуі керек:
Excel программасын қосу
кесте шаблонын құру
бастапқы мәліметтерді енгізу
бастапқы мәліметтер кестелерін құрастыру
жаңа жұмыс кітабын құру
парақтармен жұмыс істеу
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар
Excel программасын қосу.
Жаңа жұмыс кітабын құру.
Excel пайдаланушылық интерфейсі.
Мәліметтерді енгізу тәсілдері.
Автотолтыру командасымен жұмыс істеу.
Автосуммалау.
Парақтармен жұмыс істеу технологиясы.
Кестелерді форматтау тәсілдері.
ӨТКІЗУ ТҮРІ: Дискуссия.
Тақырып бойынша ақпараттарды талдау.
Бақылау жұмыстарын өз беттерімен орындау. (Қосымша 2)
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Камардинов О. Информатика: Оқу құралы /- Алматы: Карасай, 2008. - 360 с.
Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.
Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.
Изтлеуов М. К, Беккужина А.И., Емжарова Г.У. Информатика: Учебник для медвузов/ - Актобе, 2005. - 386 с.
Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.
Бақылау
І. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
MS Excel кестелік процессорының тағайындалуы?
MS Excel программасын қалай қосады?
Программа терезесі қандай элементтерден тұрады?
MS Excel-де лентаның тағайындалуы?
Лента нысандарының негізгі түрлері?
Формула жолының тағайындалуы?
Қалып күй жолының тағайындалуы және онда қандай ақпарат көрсетіледі?
Жұмыс кітабы деген не?
Жаңа жұмыс кітабын қалай құрады?
Жұмыс кітабын қалай сақтайды?
Пернелер арқылы лентаның командарын қалай орындауға болады?
Жұмыс кітабында қанша жол болуы мүмкін?
Жұмыс кітабында қанша баған болуы мүмкін?
Ұяшық адресі неден тұрады?
Ұяшықтар блогы деген не, ұяшықтар блогы қалай адрестеледі?
Бағандарды, жолдарды, ұяшықтар диапазонын белгілеу тәсілдерін ата.
Қиылыспайтын ұяшықтарды белгілеу тәсілдерін ата.
Ұяшықта мәліметтердің қандай типтері орналаса алады?
Автотолтыру не үшін қолданылады?
Автотолтыру қандай тәсілдермен орындалады?
Парақтармен қалай жұмыс істейді?
Excel-ге мәліметтерді қалай көшіреді?
Формула деген не? Формула енгізу қандай таңбадан басталады?
Формулаларды қалай дұрыс енгізеді?
Автосуммалау деген не?
Абсолют, салыстырмалы және аралас ұяшық адрестерін түсіндіріңіз.
Абсолют, салыстырмалы және аралас ұяшық адрестерін орнатудың тәсілдерін атаңыз.
Excel-дегі негізгі қателерді атаңыз?
Excel электрондық кестесінің файлының кеңейтілуі қандай?
ІІ. Бақылау тапсырмаларды орындау және тексеру.
IІІ. Ауызша материал бойынша тест – бақылау.
Қосымша 1
ақпараттық-дидактикалық мағлұмат