
- •82. Ұйқы. Гигиеналық және физиологиялық мағынасы.
- •84. Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
- •85. Ойыншықтарды гигиеналық бағалау әдістемесі
- •68. Балаларды емшектен тамақтандыру.
- •90. Балаларға емдік-профилактикалық көмек көрсетудің негізгі қағидалары
- •77. Спорт залдардың құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •89. Жасөспірімдерге кәсіптік бағдар мен дәрігерлік кәсіптік кеңес беру. Кәсіптік бағдар берудің медициналық аспектілері.
- •73. Иммунопрофилактика. Егу түрлері. Қазақстан Республикасындағы профилактикалық егу күнтізбесі.
- •78. Жасөспірімдердің еңбегі жөніндегі қр заңнамаасы
- •87. Физикалық дамудағы акселерация және ретардация
- •79. Мектепке дейінгі мекемелердегі топтық изоляция
- •72. Мектепке дейінгі мекемелердегі эпидемияға қарсы тәртіптің сақталу ерекшеліктері
- •67. Балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелердің тағам блоктарындағы қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау
- •74. Балалардағы жұқпалы аурулар профилактикасының негізі
90. Балаларға емдік-профилактикалық көмек көрсетудің негізгі қағидалары
77. Спорт залдардың құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар.
Күреске арналған залда жарақаттануды болдырмау үшін кемінде 2 м қабырғадан ашық жері бар орналастырылатын жұмсақ кілем болуы тиіс. Қабырғаның осындай ашық жерін ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде 1,5 м биіктікте қапталған төсеніш болуы тиіс. Кілемнің үстіне беті керілген және төзімді және жұмсақ материалдан жасалған жапқышы бекітілген жапқышпен жабылуы тиіс. Спорттық төсеніштерді, жаттығуға арналған қаптарды жазықтық бойынша бірдей толтырады, тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы материалдардан жасайды. Былғары төсеніштерден басқа төсеніштерде матадан тігілген алмалы-салмалы тысы болуы тиіс. Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен жабдықталады.
89. Жасөспірімдерге кәсіптік бағдар мен дәрігерлік кәсіптік кеңес беру. Кәсіптік бағдар берудің медициналық аспектілері.
мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:
Психофизиологиялық аспект - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;
Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.
Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:
Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.
Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.
Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.
Мамандыққа маңызды немесе "кілттік" функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
Қимыл-қозғалыс - бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;
Сенсорлық - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық;
Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері - оның күші, жылдамдылығы, біркелкілігі;
Аттенциондық-мнемикалық - көңіл аудару, есте сақтау.
кәсіптік кеңес беру — оқушыларға кәсіптік қызметті таңдауда көмек көрсету және кәсіптік қызметте ықтимал бағыттарды ұсыну. Психологиялық, психофизиологиялық және медициналық диагностиканың қортындысының негізінде, ең қолайлы психологиялық, психофизиологиялық және медициналық ерекшеліктеріне сай болуы. әрігерлік кәсіптік кеңес жұмысының 2 түрі бар:
Ақпараттық қамтамасыз ету –жасөспірімдердің олардың ата-анасы мен оқытушылардың кәсіпті таңдауда медициналық аспектілермен, негізігі кәсіптік-өңдірістік факторларымен танысу, әсіресе денсаулық жағдайының нашарлануы, созылмалы аурулары мен функционалдық бұзылыстары бар оқушыларда.
Жеке дәрігерлік кәсіптік кеңес, дәрігердің негізгі міндеті болып, кеңес алушы жасөспірімнің денсаулық жағдайында күшейген ауытқулар мен қауіпті дәрежесін анықтау және мамандық пен кәсіпті таңдау бойынша нақты ұсыныстарды, оқыту түрін зерттеу және тиімді жұмысқа орналастыру.
Психофизиологиялық кәсіптік бағдар –жасөспірімдердің жеке және психологиялық ерекшеліктерінің есебімен мамандықты таңдауға көмек көрсету.
Кәсіптік бейімделу –Кәсіпорында жасөспірімдердің жұмыс тәртібіне еңгізілген, біртіндеп бейімделуіне, кәсіптік бағдар бойынша шаралар жүйесіндегі аяқталған бөлім.
КБ (кәсіптік бағдар) өзектілігі мен қажеттілігі қазіргі уақытта мыналар бойынша өседі:
елде тұрғындардың еңбекке жарамдылық санының тез төмендеуі және туып көбеюшіліктің және теріс демографиялық үрдістері;
қазіргі уақыттағы жасөспірімдердің денсаулық жағдайының жағымсыз үрдістері;
нарықтық қатынастардың құрылуымен және еңбектің сапасы мен қарқындылығына талаптардың үлкеюі, еңбектік қызмет процессінде организмге жүктеменің көбеюін шақырады және денсаулық жағдайына талаптарды жоғарлатады;
кәсіптік-өңдірістік факторлардың жұмыскерлеріне жағымсыз әсерінің төмендемеуі, ол өнеркәсіптердің саласында кәсіптік және жалпы сырқаттанушылықтың өсуіне әкеледі;
жалпы және кәсіптік білімдерінің аяқталуы бойынша мектеп бітірушілердің өзіндік жұмысқа орналасу қажеттілігі;
еңбек туралы Кодексына сәйкес жасөспірімдерді жұмысқа қабылдау жасының төмендеуі. ДКК жүргізуне шартты келесі этаптары бөлінеді:
алғашқы этап – кәсіптік өзін-өзі құқығының құру процессінде 4-8 сынып оқушыларының жеке кеңесі;
толық емес (9 сынып) және толық орта білімді (10-11 сынып) аяқтау кезінде кәсіпті таңдау кезеңі;
кәсіптік оқытудың деңгейлері.
Әрбір кезеңде балалар дәрігері баланың жасы мен кәсіптік деңгейіне қарай әр түрлі мәселелерді шешеді.
Уақыт тәртібін қадағалаушы қосымша дәрігерлік алдын алу тексерісі 11-12 жастағы балалардың дәрігерлік кәсіптік тексерісін маңызды санайды. Аурулардың асқыну жағдайына байланысты немесе кәсіпке байланысты құлшыныстың дамуы, немесе нақты мамандықты таңдау қосымша кәсіптік консультацияны 9-11 сыныптарда қажет етеді.
Алдын алу шаралары кезінде балаларды кәсіби тексерістен өткізу кезінде он және он екі жас аралығындағы балалардың бастапқы кезеңдегі күйлерін зерттегендегі балалар дәрігерлерінің басты
Психоәлеуметтік кемелділіктін құрылуын еске алғанда, оның ішінде жасөспірімдермен кәсіпті таңдауында, балалар дәрігерінің оқытушымен және психологтармен тығыз байланыстары ескеріледі.
Дәрігерлік-кәсіптік кеңес мектептік және кәсіптік оқу мерзімінің барлық бойында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыздандырудың қажетті элементі болып табылады.
ДКК жүргізуне шартты келесі этаптары бөлінеді:
алғашқы этап – кәсіптік өзін-өзі құқығының құру процессінде 4-8 сынып оқушыларының жеке кеңесі;
толық емес (9 сынып) және толық орта білімді (10-11 сынып) аяқтау кезінде кәсіпті таңдау кезеңі;
кәсіптік оқытудың деңгейлері.
Әрбір кезеңде балалар дәрігері баланың жасы мен кәсіптік деңгейіне қарай әр түрлі мәселелерді шешеді.
Уақыт тәртібін қадағалаушы қосымша дәрігерлік алдын алу тексерісі 11-12 жастағы балалардың дәрігерлік кәсіптік тексерісін маңызды санайды. Аурулардың асқыну жағдайына байланысты немесе кәсіпке байланысты құлшыныстың дамуы, немесе нақты мамандықты таңдау қосымша кәсіптік консультацияны 9-11 сыныптарда қажет етеді.
Алдын алу шаралары кезінде балаларды кәсіби тексерістен өткізу кезінде он және он екі жас аралығындағы балалардың бастапқы кезеңдегі күйлерін зерттегендегі балалар дәрігерлерінің басты мақсаты, оларда кездесетін патологиялық аурулардың пайда болуын, олардың алдын алу шараларын өткізу болып табылады.
Жасөспірімнің кәсіптік таңдауы дамымаған кезде, оның медициналық картасында таңдалған мамандығы бойынша шектеулер мен кәсіптік өндірістік қарсылық дәлелдері ұсынылады.
Еңбек білімі бойынша ұсыныстар медициналық картаға «Профилактикалық қадағалаулардың нәтижесінің қорытындысымен» (№ 026/у-2000 формасымен) енгізіледі.
Мектеп дәрігерлері баланың дәрігерлік кәсіптік тексерістен өткен қорытындыларымен қатар, барлық медициналық ақпаратты тұрақты мекен жайы бойынша дәрігер педиатрға тапсыруы тиіс.
Толық немесе жалпы білім беру мекемелерін тамамдағаннан кейін және кәсіптік мектепке түсер алдында немесе жұмысқа тұрарды әрбір түлекке мекен жайлық балалар емханасында педиатр дәрігер, хирург, невролог, окулист, отоларинголог қорытындыларын жазып беруге міндетті. Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік кеңес қорытындысымен 086 үлгісіндегі) беріледі. Бұл құжатқа таңдалған мамандық бойынша жарамдылығы ұсынылады.