- •1. Меншік құқығы және халықаралық жеке құқық
- •2. Субъективтік меншік құқығы
- •1. Меншік құқығы және халықаралық жеке құқық
- •2. Субъективтік меншік құқығы
- •1. Коллизиялар және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
- •2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
- •1. Коллизиялар және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
- •2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
- •1. Мұрагерлік саласындағы заңдылықтың коллизиясы
- •2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының мұрагерлік құқықтары
- •3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы
- •1. Мұрагерлік саласындағы заңдылықтың коллизиясы
- •2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының мұрагерлік құқықтары
- •3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы
2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
Жоғарыда бір зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуының негізгі шарттарына нүсқайтын азаматтық заңнама нормаларына сілтеме жасаған болатынбыз.
Сондай-ақ ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтіру-шінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегеңдігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу -болмауына қарамастан жуктелетін жағдайлар кезделуі мүмкін.
Сонымен, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет (өрекетсіздік); 2) зияннның болуы; 3) тұлғаның іс-әрекеті (өрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы сал-дардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарттар бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық-құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтер болып табылады.
Егер зиян қажетті қорғану жағдайында келтірілсе, субъектілер оны өтеуден босатылытыны сөзсіз (ҚР АК, 919-бап). Қажетті қорғану кезінде қорғанушының заңды іс-әрекеттері орын алады. Бұған қоса мүддесіне зиян келтірілетін субъектінің құқыққа қайшы әрекеті де қатар орын алады. Көріп отырғанымыздай, зиянды өтеу (одан бас тарту) туралы мәселе тағы да құқықтық қатынастың қатысушылары мүдделерінің ара қатысына сүйене отырып шешіледі.
ҚР АК 920-бабының нормасына сөйкес, аса қажеттілік жағдайындағы зиян, зиян келтірушінің өзіне қатер төндіріп тұрған қауіпті жою үшін келтірілген жағдайларда ол мүлік иесіне осы зиянды келтірген тұлғамен өтелуге тиіс.
12-тақырып. Мұрагерлік құқық
1. Мұрагерлік саласындағы заңдылықтың коллизиясы
2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының мұрагерлік құқықтары
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы
Дәріс
1. Мұрагерлік саласындағы заңдылықтың коллизиясы
Қазақстандағы қызмет ететін мұрагерлік құқық нормалары мұрагерлікпен байланысты барлық қатынастарды реттейді. Алайда, мұрагерлік сұрақтарды шешу кезінде кейде шетел құқығын қолданылатын жағдайлар болады. Қазақстанда қолданылатын заңдар - мұрагерлік туралы қатынастардың мұра қалдырушының тұрақты мекен-жайы болған мемлекет заңымен анықталатынын бекітеді. Қазақстанның мұрагерлік құқығы нормасы тек мұраға қалдырушының Қазақстан территориясында тұрған кезінде ғана қолданылады. Егер мұраға қалдырушы шетелде тұратын болса, онда шетел мемлекеттінің құқықтық нормасы қолданылады.
Қазақстанда шетелдік элементтермен мұрагерлік қатынастарды реттейтін нормалар қолданылады. Шетелдік элемент әртүрлі бола алады. Мысалға, мұрагерлік қалдырушы Қазақстанда тұрады және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады; Қазақстанда мұрагерлік мүлік пен оның мұрагері шетелде тұрады делік. Бұл жағдайда шетелдік элемент, яғни мұрагердің шетел мемлекетінде тұратыны еш өзгеріс туғызбайды және оған тек қазақстандық құқық қолданылады. Егер де, мұра қалдырушы шетелде тұрақты мекен етіп, шетел мемлекетінің азаматы болғанда бұл жағдай ерекше қарастырылушы еді. Бұл кезде әр келтірілген шетелдік элемент ерекше орын алады, сондықтан да шетел құқығының нормалары қолданылады.
Қазақстандық заң сілтеме жасайтын мемлекеттің заңнамасында осы жағдайларда қазақстандық құқықты қолдану қажеттілігін көрсететін коллизиялық нормалар бар болатын жағдайлар болады. Мысалы, мұра қалдырушы Қазақстан азаматы болды және Швецияда тұрақты мекен етті. Қазақстандағы Заңнамаға сәйкес, Швеция заңын қолдану керек. Алайда, мұрагерлік шведтік заңнамаға сәйкес мұрагер қалдырушының сол мемлекеттің азаматы болған елдің заңымен реттелетінін бекітеді. Бұл қызмет кері сілтеме деп аталады.
Мұрагерлікпен байланысқан коллизиондық сұрақтар мемлекеттердің ішкі заңнамасы негізінде шешіледі. Мұрагерлік құқық сұрақтары бойынша халықаралық конвенциялар тек кейбір сұрақтарды қарастырады. Халықаралық өсиет формалары 26 қазан 1973 жылда қабылданған «Халықаралық өсиет формасы туралы» көпжақты Конвенцияда, сонымен қатар 5 қазан 1961 жылдың Өсиет қалдыру формаларындағы заңдардың коллизиясы туралы Конвенцияда қарастырылған.
