
- •1. Меншік құқығы және халықаралық жеке құқық
- •2. Субъективтік меншік құқығы
- •1. Меншік құқығы және халықаралық жеке құқық
- •2. Субъективтік меншік құқығы
- •1. Коллизиялар және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
- •2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
- •1. Коллизиялар және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
- •2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
- •1. Мұрагерлік саласындағы заңдылықтың коллизиясы
- •2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының мұрагерлік құқықтары
- •3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы
- •1. Мұрагерлік саласындағы заңдылықтың коллизиясы
- •2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының мұрагерлік құқықтары
- •3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы
5-тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқығы.
1. Меншік құқығы және халықаралық жеке құқық
2. Субъективтік меншік құқығы
Дәріс
1. Меншік құқығы және халықаралық жеке құқық
Меншік құқығы субъектінің өзіне тиесілі мүлкін калауынша иемденуі, пайдаланүы және билік етуі мойындалатын және заңмен корғалатын құқық түрінде анықталады. Меншік құқығының осындай анықтамасы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188- бабының 1- тармағында келтірілген. Басқаша айтсақ, заң шығарушы меншік құқығын меншік иесінің басты үш құқығының жиынтығы аркылы анықтайды. Көрсетілген бапта одан ары олардың мазмұны ашылады: иемдену құқығы мүлікке іс жүзінде иеленуді заңды түрде камтамасыз ету мүмкіндігі түрінде ашылады. Пайдалану құқығы мүліктен оның пайдалы табиғи қасиетін, сондай-ақ, одан пайда алуды заңды түрде камтамасыз ету мүмкіндігі түрінде болады (пайда табыс, өсім, түсім қосымша түсім және басқа түрде болуы мүмкін, билік ету құқығы мүліктің заңды тағдырын заңды түрде қамтамасыз ету түрінде болады (ҚР АК 188 бабының 2 тармағын қара).
Меншік құқығының шынайы түсінігі қоғамдағы меншіктің заңды қатынастарын толығымен ашып көрсетпейді деп ойлаймыз. Заң шығарушының пікірінше, меншік құқығы түсінігін жасайтын жеке заңды уәкілеттіктерді жай ғана тізіп өту адамда ол туралы айқын да нақты ұғым тудырмайды. Оған мына сәттерді атауға болады: 1) мүлік иесінің барлық заңдылығын, заңды мүмкіндіктерін тізу мүмкін емес. Заңда мүмкіндіктерге мысалы, аталып өткендерден бөлек, заттарды өзгерту, пайдалану және жою, үшінші тұлғаны шығарып тастау, затқа, баска тұлғаға қатысы бар құқықты алу және беру т.б. туралы заңдылықтарды жатқызуға болады. Басқаша айтканда, заңда меншік иесінің тек үш құқығын көрсету, сөйтіп олардың көмегімен меншіктің күллі құқығын сипаттау тұтастай алғанда жеткіліксіз (тараудын келесі параграфында толығырак карастырамыз); 2) егер меншік құқығын дербес және тұтас емес, тек меншік иесінін заңда керсетілген құқығынын жиыны деп есептесек, онда заң шығарушының берген мағынасы бойынша, ол өз бетінше заң болудан калады. Мысалы, меншік иесі мүлкін жалға берсін. Сонда затқа ие болу құқығы күші жоғалады. Бірақ осыған карамастан меншік иесінде жалға берген затқа меншік құқығы қалады да, ал осы шартпен мүлікті жалға алушыға құқық берілмейді. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олардың ішінде тіпті үш құқықты, мысалы шаруашылық басқару құқығын (ҚР АК 196 бабы) беру жағдайлары да ұшырасады. Осы жағдайда мүлікке билік ету құқығы мақсатты, шектелген сипатқа ие. Яғни меншік құқығы берілмейді, сөз осы негізде басқа заттық құқықтың пайдаланулуы туралы болады.
Меншік құқығының жоғарыда келтірілген анықтамасы тағы бір белгіні — меншік иесі үшінші тұлғаның затқа заңды ықпалын мұндай құқық, заңда не басқа тұлғаның (тұлғалардың) құқығымен карастырылмаса, онда болдырмауға құқын білдіретін меншік құқығының түбегейлігін ажыратады. Жоба авторлары анықтамадағы сілтеме құқықтың түбегейлі белгісін жоққа шығармайтының атап өтеді. Керісінше, ол үйлесімді толықтырып, меншік құқығын түбегейлігін тұтастай тағы бір тұжырымдайды, өйткені құқықтың еркіндікті шектейтін шара болып табылады, демек, шектеу туралы ұғым құқық түсінігінің өзінде жатыр: меншік құқығы түрі, демек онда шектеу сипаты білінуі тиіс.
Меншік құқығын "мүлікке толық үстемдік" ретінде қарастыру жоба авторларының пікірінше меншік құқығы мәнін құрайды. Бұл орайда меншік иесінің үстемдігі жай ғана емес, заң түрінде екені ерекшеленеді. Осымен меншік иесі мүлікті өз иелігінде жай ғана иемденуден және ұстаудан ерекшеленеді, өйткені жай иегер карапайым мүмкіндікке ие больш, ол мүлікке тек қалауы бойынша билік етсе, меншік иесі оған заңды негізде билік жасай алады. Осы жағдайда меншік иесінің заңды үстемдігі толық әрі түбегейлі тұрғыда болады. Толық — оңды жайт, яғни меншік иесі мүлікке-өз-калауы бойынша билік етеді; түбегейлік — теріс жайт, ягни меншік иесі кез келген бөгде тұлғаға меншігіндегі затка әрекет жасауды болдырмайды. Меншік иесінің қалауы зат табиғатын және заңмен белгіленген шекте болады. ''16 бапта вотчиндік (яғни заттық — СС) сипаты жоқ құқык қабілеті, шарттың заңды күшімен осындай жағдайда меншік иесіне емес, меншік құкығына гана шектеу қойылады әрі ол бұған қатысты болмайды.