Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MB_1_koll.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.66 Кб
Скачать

26.МРнқ-ның постранскрипциялық модификациясы.Процессинг.Сплайсинг

Пре-РНҚ млекуласының пісіп жетілуі процессинг деп аталады.

Пре-тРНҚ және барлық пре-аРНҚ-лардың интрондық бірізділіктері кесіліп алынып тасталынады.Сол сияқты, экзондық бірізділіктер тұтас 1 тізбекке жалғанады,оны сплайсинг деп атайды.Мұның іске асырылуы үшін тек қана эндонуклеазалар емес , лигазалар да қажет.

Пре-РНҚ-ның пісіп жетілуінің маңызды құбылысы олардың құрамында модификацияланған нуклеотидтердің пайда болуы. Пре-РНҚ-лардың модификациялануы көптүрлі болып келеді,мысалы:уридин қалдығы тотықсызданады,басқалары-изомерленеді,3-ші біреулері-метилденеді.Аденозиннің кейбір қалдықтары дезаминденіп инозинге айналады,соңғыларының кейбіреулері тағы да метилденеді.

27. 28.Нәруыз биосинтезі.Трансляция кезеңдері.

ДНҚ молекуласындағы тұқым қуалаушылық ақпараттың экспрессиялануының келесі кезеңі-ақуыз биосинтезі немесе трансляция. А-РНҚ молекуласындағы нуклеотидтер бірізділігінде жазылған ақпараттың коллинеарлы полипептид молекуласының аминқышқылдар ретінде берілуін трансляция деп атаймыз.Ақуыз биосинтезіне рибосоманың 2 бөлшегі,аРНҚ,тРНҚ—лар, 20 аминқышқылдар,аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттері және басқа да қосымша ақуыздық факторлар қатысады.

Трансляция басталуы үшін алғаш инициаторлық кешен түзілуі қажет.Ол үшін ең алдымен аРНҚ-ның 51 трансляцияланбайтын учаскесі рибосоманың кіші бөлшегімен байланысады.Бұл кезде инициаторлық кодон П орталық деңгейінде орналасады. Ары қарай инициаторлық кодонмен инициаторлық аа-т-РНҚ комплиментарлы байланысады. Ал соңғысы үлкен бөлшектің П орталығымен әрекеттесіп рибосоманың 2 бөлшегінің біртұтас органеллаға жинақталуын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар трансляция инициациясы үшін ГТФ және 3 иницияция факторлары – eIF-1,eIF-2,eIF-3 қажет.

Элонгация- пептидтік тізбектің ұзаруы. Ол қайталанып отыратын циклдік сипатқа ие,яғни әрбір кезекті аминқышқылының полипептид тізбегіне қосылуы қайталанып отыратын ұқсас құбылыстардан тұрады.Элонгация циклдары 3 сатыдан тұрады:а)аа-тРНҚ байланысуы б)пептидтік байланыстың түзілуі.в)транслокация

Терминация:рибосоманың А орталығынан 3 мағынасыз кодонның кез келгенінің –УАА,УГА,УАГ орналасуы, трансляцияның аяқталуы туралы сигнал болып табылады.Бұл кодондарды аа-т-РНҚ емес, терминацияның ақуыздық факторы (еРФ) таниды.Мұндай факторлардың екеуі белгілі (еРФ-1, еРФ-2).Олардың бірі –УАА, УАГ-кодондарын таныса, 2-шісі УАА және УГА кодондарын таниды.

25. Нәруыз синтезіндегі рибосоманың қызметі мен құрылысы.

Ақуыз синтезі рибосома бөлшектерінің өзара қосылып, біртұтас органелла пайда етуінен басталады.Рибосома бөлшектерінің қосылуы белгілі бір тәртіппен жүреді және ол рибосоманың белсенді орталықтарының қатысумен жүзеге асады.Риб-ң актив орталықтары оның бөлшектерінің түйісуші беттерінде орналасқан Біртұтас рибосома пішіні жүрекке ұқсас болады,оның оң жақ бөлігін –кіші бөлшек , сол жақ бөлігін-үлкен бөлшегі құрайды. Екі бөлшектер арасында үлкенді-кішілі қуыстар болады.Осы қуыстарда аРНҚ,пептидил тРНҚ және кезекті аминоацил-тРНҚ орналасады.Рибосома бөлшектерінің түйісетін беттерінде аталған компоненттердің байланысу орталықтары және пептидтік байланыстарды қалыптастыратын рибосоманың а-РНҚ бойымен жай жылжып отыруын катализдейтін орталықтары да болады.Сонымен рибосомада 4 белсенді орталықтар кездеседі:

  1. А-РНҚ байланысатын м-орталық.Бұл а-РНҚ-ның 51-трансляцияланбайтын учаскесіндегі 5-9 нуклеотидтерге комплиментарлы 18 s-рРНҚ-ның 1 учаскесі б.т.

  2. Пептидил орталығы (п-орталық).Трансляция басталар алдында осы орталықпен инициаторлық аминоацил тРНҚ, яғни инициаторлық метионин-т-РНҚмети байланысады.Кейінірек П-орталыққа өсіп келе жатқан тізбегіне енді ғана қосылған пептидил тРНҚ орналасады.байланысады.

  3. Пептидил трансферазалық орталық (ПТФ-орталық)-полипептидтің аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстарды пайда етуші және полипептидті 1 аминқышқылына ұзартатын орталық.Рибосоома бөлшектерінде осы 4 орталық түрліше орналасқан:кіші бөлшекте-түгелдей М-орталық, А-орталықтың негізгі бөлігі және П-орталықтың шамалы бөлігі орналасқан;Үлкен бөлшекте-П-орталықтың негізгі бөлімі,А-орталықтың шамалы бөлімі және түгелдей ПТФ орталығы орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]