
- •2.Даму тарихы және негізгі жетістіктері:
- •3.Микроскоп және оның құрылысы. Микроскоптау.
- •4.7.8.9. Жасуша – тіршіліктің негізгі көзі.
- •5. Жасуша теориясы. Жасушаның түзілу типтері.
- •7.Эукариот жасушаларының молекулалық құрылымы,компоненттері
- •10. Биологиялық макромолекулалар:нәруыздар
- •12.Нәруыздардың 4 реттік құрылмы
- •13.Нәруыздардың құрылысы, қызметі, қасиеттері
- •17.Митохондриялық днқ-ның құрылыс ерекшеліктері
- •18. Генетикалық ақпараттың негізгі берілу жолдары
- •19. Днқ репликациясы.Репликация этаптары
- •20. Репликациялық кешенге сипаттама
- •21. Биологиялық макромолекулалар: рнқ. Рнқ түрлері
- •23.Генетикалық код, ген-қ код туралы түсінік, қасиеті, құрамы
- •24. Генетикалық ақпараттың жазылу жолдары
- •25.29. Нәруыз биосинтезі. Транскрипция.Транскрипция фазалары
- •26.МРнқ-ның постранскрипциялық модификациясы.Процессинг.Сплайсинг
- •27. 28.Нәруыз биосинтезі.Трансляция кезеңдері.
- •25. Нәруыз синтезіндегі рибосоманың қызметі мен құрылысы.
- •30.Фолдинг туралы түсінік.Ақуыз биосинтезі процесіндегі шаперондардың рөлі.
20. Репликациялық кешенге сипаттама
21. Биологиялық макромолекулалар: рнқ. Рнқ түрлері
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер – А,Г,Ц,У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі, оларды рАМФ, рГМФ, рЦМФ,рУМФ деп бейлелейді. Нуклеотидтер 51, 31 – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан. РНҚ-ның полинуклеотид тізбегі, полярлы болып келеді, яғни оның 51 және 31 ұштары болады. РНҚ-ның ДНҚ-дан бірнеше айырмашылықтары бар.
1. Ең негізгі айырмашылығы РНҚ молек-сы қос ширатпалы емес бір ширатпалы;
2. Тиминнің орнына Урацил;
3. РНҚ молек-ғы пентоза дезоксерибоза емес;
РНҚ молек-ң 3 түрі белгілі: а-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ
22. а-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ қызметтері, құрылыс ерекшеліктері
А-РНҚ молекулаларында полипептид тіззбегі туралы ақпарат болады. А-РНҚ жасушадағы РНҚ молек-ң молекулаларының небәрі 5% ғана құрайды.А-РНҚ-лар қаншалықты көп болғанымен бәрінің құрылысы бір-біріне ұқсас, яғни а-РНҚ-ның сызықтық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады:
РНҚ-ның 51 ұшында «қалпақша» не кэп деп аталатын учаске орналасқан, ол 4-5 модификацияланған нуклеотидтерден құралған.
Қалпақшадан кейін 51 – трансляцияланбайтын учаске орналасқан - ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол рибосоманың кіші бөлшегіндегі 18-s-рРНҚ-ның бір бөліміне комплементарлы болады жіне аРНҚ-ның рибосомамен байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.
Инициаторлық кадон – ол барлық аРНҚ-ларда бірдей – АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды.
Инициаторлық кадоннан кейін аРНҚ-ның негізгі бөлімі – мағыналы кодтаушы учаске, яғни полипептид тізбегң туралы ақпарат жазылған учаске орналасқан.
аРНҚ-ның кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатор – мағынасыз 3 кодонның - УАА, УАГ, УГА біреуі орналасқан.
Кодон терминатордан кейін 31 – трансляцияланбайтын учаске орналасқан.
Барлық пісіп жетілген эукариоттар аРНҚ-сының 31 ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын поли-(А)-фрагмент орналасқан. 31 – трансляцияланбайтын учаске және поли-(А)-фрагмент аРНҚ молек-ң тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық. Яғни әрбір аминқышқылына 1-ден 5-6-ға дейін т-РНҚ-лар болады, оларды тРНҚала, тРНҚфен, тРНҚ лей, т.б. деп бейнелейді, ал инициаторлық тРНҚ – тРНҚмет и. Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі – 13-15%. Т-РНҚ барлық РНҚ-ның 10% жуығын құрайды. Ұзындығы 70-100 нуклеотидтерден тұрады. Клетканың цитоплазмасында кездеседі. Атқаратын қызметі рибосомаға аминқышқылын тасымалдау. Т-РНҚ молек-ң бір ұшында аминқ-н байланыстыратын участок, екінші ұшында бос азоттық негіздегі триплет – антикодон орналасқан.
Р-РНҚ – РНҚ-ның 90% құрайды. Ол рибосоманың негізгі құрылыс материалы бола тұрып, трансляция кезінде аРНҚ-мен әрекеттеседі. Р-РНҚ-лар рибосома субъеденицаларынң құрамына кіреді. Оладың 4 түрі белгілі: 5S-рРНҚ, 5,8S-рРНҚ, 18 S-рРНҚ, 28 S-рРНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18 S-рРНҚ-ның бір молек-нан және 30 ақуыз молекулаларынан құрылған, ал үлкен субъеденицасы – 3 түрлі рРНҚ молекулаларынан - 5S-рРНҚ, 5,8S-рРНҚ, 28 S-рРНҚ және 45 ақуз молекулаларынан тұрады. Р-РНҚ молек-ң ерекшелігінің бірі – гуанин және цитозин сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлдеқайда көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның 2-ші реттік құрылымында қос тізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп кездеседі.